2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін
11
Жаңа стандарттар, интерпретациялау және қолданыстағы стандарттар мен интерпретацияларға
түзетулер (жалғасы)
Әрбір/жаңа/стандарттың/түзетудің сипаттамасы мен әсері төменде сипатталған:
БЕХС 32 «Қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді өзара есепке алу»
Осы түзетулер «қазіргі уақытта мойындалған сомаларды есепке алуды жүзеге асыру құқының қамтамасыз
етілген заңдық қорғауы бар» деген сөз орамының мағынасын және бір мезгілдік емес есептеулер тетіктерінің
есептік палаталарын қолдану үшін өзара есепке алу өлшемдерін түсіндіреді және ретроспективті түрде
қолданылады. Осы түзетулер Компанияның қаржылық есептемесіне әсерін тигізген жоқ, өйткені
Компанияның бірде бір ұйымының өзара есепке алу туралы келісімдері жоқ.
БЕХС 39 «Туынды аспаптарды жақсарту және хеджирлеуді есепке алуды жалғастыру»
Осы түзету егер туынды аспапты жақсарту хеджирлеу аспабы ретінде белгіленген болған жағдайда
хеджирлеуді есепке алуды тоқтатудан босатуды көздейді, белгілі бір өлшемдерді қанағаттандырады және
ретроспективті түрде қолданылуы тиіс. Осы түзетулер Компанияның қаржылық есептемесіне әсерін тигізген
жоқ, өйткені Компания есептілік немесе өткен кезеңдерде өздерінің туынды аспаптарын жақсартуды жүзеге
асырған жоқ.
«Міндетті төлемдер» КРМФО 21 түсіндіру
КРМФО (IFRIC) 21 түсіндіру ұйым қызметті жүзеге асыру сәтінде міндетті төлемді төлеу жөніндегі
міндеттемені мойындайтынын нақтылайды, соның салдарынан заңнамаға сай төлеу міндеттемесі туындайды.
Түсіндіру сондай-ақ егер міндетті төлемді төлеу жөніндегі міндеттілік кейбір ең төменгі бастапқы мәніне қол
жеткізу салдарынан туындаса, осындай ең төменгі бастапқы мәнге қол жеткізгенге дейінгі тиісті міндеттеме
мойындалмайтынын нақтылайды. КРМФО (IFRIC) 21 түсіндіру ретроспективті түрде қолданылады.Осы
түсіндіру Компанияның қаржылық есептемесіне әсерін тигізген жоқ, өйткені ол өткен кезеңдерде КРМФО
(IFRIC) 21 түсіндіру талаптарына сәйкес «Резервтер, шартты міндеттемелер мен шартты активтер» ХҚЕС
(IAS) 37 сай мойындау қағидаттарын қолданды.
«Инвестициялық ұйымдар» (IFRS) 10, ХҚЕС (IFRS) 12 және ХҚЕС (IAS) 27 түзетулері
Осы түзетулер «Жеке қаржылық есептеме» (IFRS) 10 сай инвестициялық ұйымды белгілеуді
қанағаттандыратын ұйымдар үшін шоғырландыру туралы талаптарға қатысты алып тастауды көздейді және
стандартты пайдалануға көшуге қатысты белгілі бір босатуларымен бірге ретроспективті түрде қолданылуы
тиіс. Инвестициялық ұйымдарды шоғырландыруға қатысты алып тастауларға сай пайда немесе залал арқылы
әділ құн бойынша өздерінің еншілес ұйымдарын ескеруі тиіс. Осы түсіндіру Компанияның қаржылық
есептемесіне әсерін тигізген жоқ, өйткені Компанияның бас ұйымы ХҚЕС (IFRS) 10 сай инвестициялық ұйым
ретінде жіктеу өлшемдерін қанағаттандырмайды.
«Активтердің құнсыздануы» - «Қаржылық емес активтер үшін орны толтырылатын құн туралы
ақпаратты ашып көрсету» ХҚЕС (IAS) 36 түзетулері
Аталған түзетулер ХҚЕС (IFRS) 13 күшіне енуіне байланысты ХҚЕС (IAS) 36 сай ақпаратты ашу үшін
қолайсыз салдарларды жояды. Бұдан басқа, аталған түзетулер активтердің орны толтырылатын құны немесе
ПГДП туралы ақпаратты ашып көрсетуді талап етеді, солар бойынша есепті кезең ішінде құнсызданудан
болған шығын мойындалады немесе қалпына келтіріледі. Аталған түзетулер 2014 жылдың 1 қаңтарынан
басталатын немесе осы датадан кейін жылдық есептік кезеңдерге қатысты ретроспективті түрде қолданылады,
бұл ретте ХҚЕС (IFRS) 13 қолдану талаптары болған жағдайда мерзімінен бұрын қолдануға жол беріледі.
Аталған түзетулерге сәйкес Топ 7-ескертпеде қаржылық емес активтер үшін төленетін құн туралы қосымша
ақпаратты ашып көрсетуді ұсынады.
«Электр Желілерін басқару жөніндегі
Қазақстан компаниясы» АҚ
Жеке қаржылық есептеме
ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы)
2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін
12
3.
ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
(жалғасы)
Жаңа стандарттар, интерпретациялау және қолданыстағы стандарттар мен интерпретацияларға
түзетулер (жалғасы)
«ХҚЕС жыл сайынғы жетілдіру, 2010-2012 жылдар кезеңі»
2010-2012 жылдардағы кезең үшін ХҚЕС жыл сайынғы жетілдіру шеңберінде ХҚЕС жөніндегі кеңес ХҚЕС
(IFRS) 13 «Әділ құнның бағасы» түзетулерін қоса алғанда, алты стандартқа жеті түзету шығарды. ХҚЕС
(IFRS) 13 түзету дереу күшіне енеді, 2014 жылдың 1 қаңтарынан басталатын кезеңдерге қатысты
қолданылады және егер дисконттау тиімділігі айтарлықтай болып табылмаса, пайызсыз қысқа мерзімді
дебиторлық және кредиторлық берешек ақы төлеуге немесе алуға сомалар бойынша бағалануы мүмкін деген
қорытынды шығару үшін Негіз мәтінінде түсіндіреді. ХҚЕС (IFRS) 13 осы түзету Компанияның қаржылық
есептемесіне әсерін тигізе қойған жоқ.
«ХҚЕС жыл сайынғы жетілдіру, 2011-2013 жылдар кезеңі»
2011-2013 жылдардағы кезең үшін ХҚЕС жыл сайынғы жетілдіру шеңберінде ХҚЕС жөніндегі кеңес ХҚЕС
(IFRS) 13 «Халықаралық қаржылық есептеменің стандарттарын бастапқы қолдану» түзетулерін қоса алғанда,
төрт стандартқа жеті түзету шығарды. ХҚЕС (IFRS) 13 түзету дереу күшіне енеді, 2014 жылдың 1 қаңтарынан
басталатын кезеңдерге қатысты қолданылады және егер ұйым қолданыстағы стандарты, немесе жаңа
стандарты ол міндетті болып табылғанша қорытынды шығару үшін Негіз мәтінінде түсіндіреді, ХҚЕС
бойынша ұйымның бастапқы қаржылық есептемесінде ұсынылған кезеңдерде осындай стандарт жүйелі түрде
қолданылған жағдайда ертерек пайдалануға жол бермейді. ХҚЕС (IFRS) 1 компанияның қаржылық
есептемесіне әсерін тигізген жоқ, өйткені Компания ХҚЕС бойынша өзінің қаржылық есептемесін қазірдің
өзінде дайындады.
Шығарылған стандарттар, бірақ әлі күшіне енген жоқ
Төменде шығарылған, бірақ Компанияның қаржылық есептемесін шығарған күнге күшіне енбеген стандарттар
мен интерпретациялар келтірілген. Компания осы стандарттарды олар күшіне енген күннен бастап қолдануға
ниетті.
ХҚЕС 9 «Қаржылық құралдар»
2014 жылғы маусым айында ХҚЕС бойынша Кеңес ХҚЕС 9 «Қаржылық құралдар» соңғы нұсқасын
жариялады, онда қаржылық құралдар бойынша жобаның барлық кезеңдерін көрсетеді және МСБУ 39
«Қаржылық құралдар: мойындау және бағалау» және ХҚЕС 9 бұрынғы барлық нұсқаларын ауыстырады.
Стандарт топтастыру және бағалау, құнсыздану және хеджирлеуді есепке алудың жаңа талаптарын енгізеді.
ХҚЕС 9 2018 жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе осы датадан кейін жылдық есептік кезеңдерге қатысты
күшіне енеді, бұл ретте мерзімінен бұрын қолдануға жол беріледі. Ретроспективті қолдану талап етіледі, ал
салыстыру ақпараты міндетті болып табылмайды. Егер бастапқы қолдану 2015 жылдың 1 ақпанына дейінгі
кезеңге тура келген жағдайда ХҚЕС 9 (2009, 2010 және 2013 жылдар) бұрынғы нұсқаларын қолдануға рұқсат
етілді. ХҚЕС 9 Компанияның қаржылық активтерін жіктеуге және бағалауға әсерін тигізеді, бірақ
Компанияның қаржылық міндеттемелерін топтастыруға және бағалауға әсерін тигізбейді.
ХҚЕС 15 «Клиенттермен жасалған шарттар бойынша түсімдер»
ХҚЕС (IFRS) 15 2014 жылғы мамыр айында шығарылды және жаңа бес сатылы моделді белгілейді,
клиенттермен жасалған келісім-шарттар бойынша туындаған түсімге қолданылатын болады. ХҚЕС (IFRS) 15
сәйкес түсім ұйым тауарларды беруге айырбастаудан немесе клиент қызметінен алуы күтілетін сома
бойынша мойындалады. ХҚЕС (IFRS) 15 қағидаттары түсімдерді мойындауға және бағалауға неғұрлым
құрылымдық тәсілді білдіреді. Түсімдерді қолдану туралы жаңа стандарт барлық ұйымдарға қолданылады
және түсімдерді мойындау жөніндегі барлық қолданыстағы талаптарды ауыстырады. Немесе толық немесе
түрлендірілген ретроспективті қолдану 2017 жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе осы датадан кейінгі
жылдық кезеңдер үшін талап етіледі, мерзімінен бұрын қолдануға жол беріледі. Қазіргі уақытта Компанияның
ХҚЕС (IFRS) 15 әсерін бағалауда және көзделген күшіне енетін күнге жаңа стандарт қабылдауды
жоспарлауда.
«Электр Желілерін басқару жөніндегі
Қазақстан компаниясы» АҚ
Жеке қаржылық есептеме
ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы)
2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін
13
3.
ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
(жалғасы)
Шығарылған стандарттар, бірақ әлі күшіне енбеген (жалғасы)
ХҚЕС (IFRS) 14 «Кейінге қалдырылған тарифтік түзетулер шоты»
ХҚЕС (IFRS) 14 міндетті стандарт болып табылмайды, қызметі тарифтік реттеуге жататын ұйымға ХҚЕС
бастапқы қолданудан кейін кейінге қалдырылған тарифтік айырмашылықтар шоттары бойынша қалдықтарға
қатысты қолданыстағы есепке алу саясатының басым көпшілігін қолдануды жалғастыратын ұйымдарға рұқсат
береді. ХҚЕС (IFRS) 14 қабылдаған ұйымдар кейінге қалдырылған түзетулер шотын қаржылық жағдай туралы
есептемеде жеке ұстаным ретінде көрсетуі және осындай қалдықтар бойынша қозғалысты - пайдалар мен
залалдар және басқа жиынтық кіріс туралы есептемеде жеке ұстаным ретінде көрсетуі тиіс. Стандарт
ұйымның тарифтерді реттеуіне байланысты сипаты мен тәуекелдері және тарифтерді реттеудің оның
қаржылық есептемесіне тигізетін ықпалы бойынша ашып көрсетуді талап етеді. ХҚЕС (IFRS) 14 2016 жылдың
1 қаңтарынан басталатын немесе осы датадан кейін жылдық есептік кезеңдер үшін күшіне енеді. Сондықтан
Компания ХҚЕС сәйкес өз есептемесін дайындайды, бұл стандарт қаржылық есептемеге қолданылмайды.
МСБУ (IAS) 19 түзетулер «Белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспарлары: қызметкерлердің
жарналары»
МСБУ (IAS) 19 ұйымдардан белгіленген жарналармен зейнетақы жоспарларын есепке алу кезінде
қызметкерлердің немесе үшінші тараптардың жарналарын қарауды талап етеді. Жарналар жұмысқа
байланысты болған жағдайда олар теріс жеңілдік ретінде жұмыс өтіліне жатқызылуы тиіс. Бұл түзетулер егер
жарналар сомасы еңбек өтілі жылдарының санына тәуелсіз болса, ұйымдардың қызмет ету кезеңдері бойынша
жарналарды бөлу орнына қызметтер көрсетілген кезеңдегі зейнетақы жоспары бойынша орташа шығыстарға
кеміту ретінде осындай жарналарды мойындауға рұқсат берілгенін түсіндіреді. Аталған түзетулер 2014
жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе осы датадан кейін жылдық есептік кезеңдерге қатысты күшіне енеді.
Бұл түзетулердің Компанияға қатынасы болады деп күтілмейді, өйткені Компаниядағы ұйымдардың бірде
біреуінің қызметкерлерден немесе үшінші тараптардан белгіленген жарнама төлемдері бар зейнетақы жоспары
жоқ.
ХҚЕС (IFRS) 11 «Бірлескен қызмет» - «Бірлескен операцияларда үлестерді сатып алуды есепке алу»
түзетулері
ХҚЕС (IFRS) 11 бірлескен қызмет операторы бірлескен операцияда үлестерді сатып алуды есепке алу кезінде
бірлескен операциялар қызметін кәсіпорынның өзі білдіретін болса, кәсіпорындарды біріктіру үшін ХҚЕС
(IFRS) 3 тиісті қағидаттардың қолданылуын талап етеді. Түзетулер сондай-ақ бірлескен операциядағы
бұрынғы қатысу үлестері сол бірлескен операцияда қосымша үлестерді сатып алу кезінде қайта
бағаланбайтынын нақтылайды, әзірге бірлескен бақылау жасау сақталады. Бұған қоса, ХҚЕС (IFRS) 11
пайдалану саласынан ерекшеліктер енгізілді, соған сай осы түзетулер егер бірлескен бақылау бір және басқа
соңғы бақылаушы тараптың жалпы бақылауында болса қолданылмайды. 2016 жылдың 1 қаңтарынан
басталатын немесе осы датадан кейінгі жылдық кезеңдер үшін перспективалық түрде күшіне енеді, бұл ретте
мерзімінен бұрын қолдануға жол беріледі, осы түзетулердің Компанияның қаржылық есептемесіне әсерін
тигізбейді.
Түзетулер бірлескен қызметте, сондай-ақ сол бірлескен қызметте бастапқы сатып алу үлестерін сатып алуға
қатысты қолданылады және 2016 жылғы 1 қаңтардан басталатын жылдық кезеңдерге қатысты
перспективалық негізде немесе осы датадан кейін қолданылады, бұл ретте мерзімінен бұрын қолдануға рұқсат
беріледі. Түзетулер Компанияның қаржылық есептемесіне әсерін тигізбейді деп күтіледі.
МСБУ 16 және МСБУ 38 «Амортизациялаудың ыңғайлы әдістерін түсіндіру» түзетулері
Түзетулер МСБУ (IAS) 16 мен МСБУ (IAS) 38 қамтылған қағидаттар түсімнің операциялық қызметтен алынған
(оның бір бөлігі актив болып табылады) экономикалық пайда моделін көрсететінін, активті пайдаланудан
түскен экономикалық пайда еместігін нақтылайды. Соның нәтижесінде түсім негізінде тозуды негізгі
құралдарға есептеу үшін пайдаланылмайды және тек қана материалдық емес активтерді амортизациялау үшін
шектеулі жағдайларда пайдаланылады. Аталған түзетулер 2016 жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе осы
датадан кейін жылдық есептік кезеңдерге қатысты перспективалық түрде күшіне енеді, бұл ретте мерзімінен
«Электр Желілерін басқару жөніндегі
Қазақстан компаниясы» АҚ
Жеке қаржылық есептеме
ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы)
2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін
14
бұрын қолдануға рұқсат етіледі. Бұл түзетулер Компанияның қаржылық есептемесіне әсерін тигізбейді, өйткені
тКомпания өздерінің айналымдағы активтерден тыс амортизациялауы үшін түсімге негізделген әдісті
қолданған жоқ.
ХҚЕС (IAS) 16 және ХҚЕС (IAS) 41 «Ауыл шаруашылығы: жеміс беретін өсімдіктер»
Түзетулер анықтамаға сәйкес келетін жеміс беретін өсімдіктердің анықтамасына сәйкес келетін биологиялық
активтерді есепке алуға қойылатын талаптарға өзгеістер енгізіледі. Жеміс беретін өсімдіктердің анықтамасына
сәйкес келетін биологиялық активтердің түзетулеріне сай ХҚЕС (IAS) 41 саласын қолдануға жатпайды. Соның
орнына оған ХҚЕС (IAS) 16 қолданылады. Бастапқы мойындаудан кейін жеміс беретін өсімдік ХҚЕС (IAS) 16
сай жинақталған шығындар бойынша және нақты шығындарды есепке алу моделін немесе қайта бағаланған
құн бойынша (піскеннен кейін) есепке алу моделін пайдалана отырып бағаланады. Түзетулер сондай-ақ
жеміс беретін өсімдіктердің бұрынғысынша ХҚЕС (IAS) 41 қолдану саласында қалатынын растайды және сату
шығындарын шегеріп тастағанда, әділ құн бойынша бағалануы тиіс. Жеміс беретін өсімдіктерге жататын
мемлекеттік субсидилерге қатысты ХҚЕС (IAS) 20 «Мемлекеттік субсидилерді есепке алу және мемлекеттік
көмек туралы ақпаратты ашу» қолданылады. Түзетулер 2016 жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе осы
датадан кейінгі жылдық кезеңдер үшін ретроспективті түрде қолданылады, мерзімінен бұрын қолдануға жол
беріледі. Бұл түзетулер Компанияның қаржылық есептемесіне әсерін тигізбейді деп күтілуде, өйткені
Компанияда жеміс беретін өсімдіктер жоқ.
ХҚЕС (IAS) 27 «Жеке қаржылық есептемеге үлестік қатысу әдісі»
Түзетулер ұйымдарға еншілес ұйымдарда, бірлескен кәсіпорын мен бағынысты ұйымдарда жеке қаржылық
есептемеде инвестицияларды есепке алу үшін үлестік қатысу әдісін пайдалануға рұқсат етіледі. ХҚЕС
қазірдің өзінде қолданатын ұйымдар өздерінің жеке қаржылық есептемесінде үлестік қатысу үдесіне көшу
туралы шешім қабылдайды, бұл өзгеріс ретроспективті түрде қолданылуы тиіс. ХҚЕС алғашқы қолданған
және өздерінің қаржылық есептемесінде үлестік қатысу әдісін пайдалану туралы шешім қабылдайтын ұйым
ХҚЕС көшетін күннен бастап осы әдісті қолдануға міндетті. Түзетулер 2016 жылдың 1 қаңтарынан басталатын
немесе осы датадан кейінгі жылдық кезеңдер үшін күшіне енеді, бұл ретте мерзімінен бұрын қолдануға жол
беріледі. Түзетулер Компанияның қаржылық есептемесіне әсерін тигізбейді.
«ХҚЕС жыл сайынғы жетілдіру, 2010-2012 жылдар кезеңі»
Осы түзетулер 2014 жылдың 1 шілдесінен күшіне енеді және алдын ала болжам бойынша Компанияның
қаржылық есептемесіне әсерін тигізбейді. Құжатқа мынадай түзетулер енгізіледі:
ХҚЕС (IFRS) 2 «Акцияларға негізделген төлемдер»
Бұл жетілдіру перспективті түрде қолданылады және қызметтің нәтижелерін анықтауға және құқықтарды бөлу
талаптары болып табылатын жұмыс шарттарына жататын әртүрлі мәселелерді түсіндіреді, төмендегілерді қоса
алғанда:
Белгілі бір көрсеткіштерге қол жеткізу шарттары жұмыс талаптарында қамтылуы тиіс;
Контрагент қызмет көрсеткенде алға қойылған міндетке қол жеткізілуі тиіс;
Алға қойылған міндет ұйымның операцияларына немесе осы топтың құрамындағы басқа ұйымның
қызметіне жатқызылуы мүмкін;
Белгілі бір көрсеткішке қол жеткізу талаптары нарықтық немесе нарықтық емес талаптар болуы мүмкін;
Егер контрагент, себептерге қарамастан кезең ішінде қызмет көрсетуді тоқтатса, құқықтарды бөлу,
жұмыс талаптары орындалмады деп есептеледі.
ХҚЕС (IFRS) 3 «Бизнесті біріктіру»
Түзету перспективалы түрде қолданылады және бизнесті біріктіру нәтижесінде туындаған міндеттемелер
(немесе активтер) түрінде топталған ықтимал өтемақылар туралы барлық келісімдер ең соңында ХҚЕС (IFRS)
«Электр Желілерін басқару жөніндегі
Қазақстан компаниясы» АҚ
Жеке қаржылық есептеме
ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы)
2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін
15
9 (немесе МСБУ (IAS) 39, жағдайларға орайлас) қолдану саласына тура келеме немесе келмей ме, оған
қарамастан пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша бағалануы тиіс.
«ХҚЕС жыл сайынғы жетілдіру, 2011-2013 жылдар кезеңі»
3. ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
(жалғасы)
Шығарылған стандарттар, бірақ әлі күшіне енбеген (жалғасы)
2010-2012 жылдардағы жыл сайынғы жетілдіру (жалғасы)
ХҚЕС (IFRS) 8 «Операциялық сегменттер»
Түзетулер ретроспективті түрде қолданылады және нақтыланады, бұл:
Ұйым біріктірілген операциялық сегменттердің қысқаша сипаттамасы мен операциялық сегменттер
«ұқсас» болып табылатынын қорытындыны жасау кезінде бағаланатынн экономикалық сипаттамаларды
(мәселен, сатудан түскен пайда мен жалпы пайда) қоса алғанда, 12 ХҚЕС (IFRS) 8 параграфында
біріктірілген өлшемдерді қолдану кезінде басшылар жасаған пайымдауларды ашып көрсетуі тиіс;
Сегменттің активтері мен жиынтық активтердісалыстыру туралы ақпаратты ашып көрсету егер сегмент
міндеттемелері ашып көрсетілетін ақпаратқа ұқсас операциялық шешім қабылдайтын басшыға
салыстыру ұсынылған жағдайда ғана ашып көрсетіледі.
МСБУ (IAS) 16 «Негізгі құралдар» және МСБУ (IAS) 38 «Материалдық емес активтер»
Түзету ретроспективті түрде қолданылады және МСБУ (IAS) 16 және МСБУ (IAS) 38 шеңберінде түсіндіреді,
бұл акті жалпы немесе таза баланстық құн бойынша қадағаланатын деректерге негізделе отырып, қайта
бағалануы мүмкін. Бұдан басқа, жинақталған тозу немесе амортизация жалпы және активтің баланстық құны
арасындағы айыма болып табылады.
МСБУ (IAS) 24 «Байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету»
Түзету ретроспективті түрде қолданылады және басқарушы ұйым (негізгі басқарушылық персонал қызмет
көрсететін ұйым) байланысты тараптар туралы ақпаратты ашып көрсету қолданылатын байланысты тарап
болып табылатынын нақтылайды. Бұдан басқа, басқарушы компания қызметін пайдаланатын ұйым
басқарушылық қызметтер бойынша жұмсалған шығыстар туралы ақпаратты ашып көрсетуге міндетті.
(ХҚЕС жыл сайынғы жетілдіру, 2011-2013 жылдар кезеңі)
Бұл жетілдіру 2014 жылғы 1 шілдеден күшіне енеді, оның Компанияның қаржылық есептемесіне айтарлықтай
әсер етуі күтілмейді. Оған мыналар кіреді:
ХҚЕС (IFRS) 3 «Бизнесті біріктіру»
Түзету перспективалы түрде қолданылады және ХҚЕС (IFRS) 3 шеңберінде ерекшеліктер көлемін анықтайды:
Бірлескен кәсіпкерлік қызмет, жай қарапайым бірлескен кәсіпорын емес, ХҚЕС (IFRS) 3 қолдану
саласына кірмейді;
бұл ерекшеліктер көлемі бірлескен қызметтің өзінің қаржылық есептемесіндегі есепке алуға ғана
қолданылады.
ХҚЕС (IFRS) 13 «Әділ құн бойынша бағалау»
Түзету перспективалы түрде қолданылады және нақтыланады, бұл ХҚЕС (IFRS) 13 портфелі ерекшелігі
қаржылық активтерге және қаржылық міндеттемелерге ғана емес, ХҚЕС (IFRS) 9 (немесе МСБУ (IAS) 39,
жағдайларға орайлас) әрекет ету саласындағы басқа келісім-шарттарға да қолданылады, егер қолдну қажет
болса).
«Электр Желілерін басқару жөніндегі
Қазақстан компаниясы» АҚ
Жеке қаржылық есептеме
Достарыңызбен бөлісу: |