«Электр Желілерін Басқару жөніндегі Қазақстан Компаниясы»


  ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата03.03.2017
өлшемі1,17 Mb.
#6384
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

3. 

ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ   

                        (жалғасы)  



Еншілес компанияға инвестициялар 

Осы жеке қаржылық есептемеде  еншілес ұйымға инвестиция  құнсыздануды шегеріп тастағанда,  бастапқы құн 

бойынша есептеледі.    

Әрбір  есепті  кезеңге    Компания    еншілес  ұйымға  инвестиция  салуда    болуы  мүмкін  қандай  да  болмасын  

белгілерді  бағалайды.    Егер  ондай  белгілер  бар  болатын  болса,  Компания    орны  толтырылатын  инвестиция 

сомаларына  баға  береді.  Орны  толтырылатын  инвестициялар  құны    оны  іске  асыруға  жұмсалатын  шығындар 

мен  оны пайдалану құнының шығыстарын шегеріп тастағанда, ең көп әділдік құны болып  табылады және  ол 

әрбір жеке инвестиция үшін  анықталады.  

Инвестицияның құны  орны толтырылатын құннан асып түсетін жағдайларда,  инвестиция  құнсызданған деп 

есептеледі және  орны толтырылғанға дейін  есептен шығарылады. Пайдалану құндылығына баға беру кезінде  

болашақтағы ақша ағындары  салық салынғанға дейін  диконтталады,  ол  ақша қаражаттары мен инвестицияға 

тән  тәуекелдердің    уақытша  құнына    ағымдағы  нарықтық  бағаны  көрсетеді.Іске  асыру  шығындарын  шегеріп 

тастағанда,  әділ құнды анықтау кезінде  әртүрлі бағалау әдістері қолданылады.  Бұл есептер егер қолданылатын 

болса,    еншілес  компаниялардың  акциялар  нарығында  еркін  айналыстағы    бағалау  коэффициенттерімен,  баға 

белгілеулермен немесе  әділ құнның қол жетімді  басқа көрсеткіштерімен расталады.     

Құнсызданудан болған залал  құнсыздану болған сол кезеңдегі  шығыс ретінде мойындалады.   



Қауымдасқан компанияға инвестициялар 

Қауымдасқан  компанияларға  инвестиция    құнсыздануды  шегеріп  тастағанда,  бастапқы  құн  бойынша  жеке 

қаржылық есептемеде  есептеледі.    

 

Қаржылық құралдар − бастапқы мойындау және кейінгі бағалау 



Қаржылық  активтер 

«Электр Желілерін басқару жөніндегі 

Қазақстан компаниясы»  АҚ 

Жеке қаржылық есептеме 



ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы) 

2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін 

 

 



22

 

Бастапқы мойындау мен бағалау 

Компанияның қаржылық активтеріне ақша қаражаты, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді  депозиттер, саудалық 

және басқа да дебиторлық берешек,  белгіленген және белгіленбеген қаржы құралдары кіреді.  

МСФО 19  қолданыс  аясындағы  қаржылық  активтер  пайда  немесе  залал  арқылы    әділ  құн  бойынша    қайта 

бағаланатын қаржылық активтерді,   қоспағанда барлық қаржылық актив тиісінше пайда немесе залал; займдар 

және дебиторлық берешек; жабылуға дейін ұсталатын инвестициялар; сату үшін қолда бар қаржылық активтер, 

тиімді  хеджерлеу  кезіндегі  хеджерлеу  құралдары  ретінде  анықталған  туынды  құралдар  арқылы  әділетті  құн 

бойынша  қайта  бағаланған  қаржылық  активтер  ретінде  сыныпталады.  Қаржылық  активтер  бастапқыда 

солармен  мәміле  бойынша  тікелей  байланысқан  пайда  немесе  залал  арқылы  әділ  құн  бойынша  қайта 

бағаланбаған инвестициялар жағдайында ұлғайтылған әділ құн бойынша мойындалады.    

Заңнама  тағайындаған  немесе  белгілі  бір  нарықта  қабылданған  («стандарттық  талаптардағы»  сауда-саттық) 

ережелермен  белгіленген  мерзімде    активтердің  жеткізілуін  қажет  ететін  қаржылық    активтерді  сатып  алу 

немесе  сату  жөніндегі  барлық  мәмілелер  мәміле  жасалатын  күнге,  яғни  Компания  өзіне  активті  сатып  алу 

немесе сату міндеттемесін алатын күнге мойындалады. 

|Кейінгі бағалау 

Қаржылық активтерді кейін келесідегідей бағалау олардың жіктелуіне тәуелді:  



Займдар мен дебиторлық берешек 

Займдар мен дебиторлық берешек өздері белсенді нарықта белгіленбейтін тағайындалған немесе айқындалған 

төлемақылармен  бірге  туынды  емес  қаржылық    активтерді  көрсетеді.  Бастапқы  мойындаудан  соң  осы  тектес 

қаржылық активтер тиімді пайыздық әдісті пайдалана отырып айқындалған, құнсызданудан залалдарды шегере 

отырып амортизацияланған құн бойынша бағаланады. Амортизацияланған құн дисконттар немесе сатып алған 

кездегі  сыйлықақылар,  сондай-ақ  комиссиялық  немесе  шығындар  есепке  алына  отырып  есептелінеді,  олар 

тиімді пайыздық мөлшерлеменің ажырамас бөлігі болып табылады. Тиімді пайыздық мөлшерлеменің негізінде 

амортизациялау    жиынтық  кіріс  туралы    есептемеде    пайыздық  кірістер  құрамына  енгізіледі.  Құнсызданудан 

болған  шығыстар  жиынтық  кіріс  туралы  есепте  қаржылық  шығыстар  құрамында  қарыз  қаражаттары  мен   

дебиторлық берешектер болған жағдайда  операциялық шығыстар құрамында мойындалады. 



Өтелгенге дейінгі ұсталатын инвестициялар  

Тіркелген немесе төлемдермен анықталған және тіркелген өтеу мерзімі бар  туынды емес қаржылық активтерді  

Топ  өтеу  мерзіміне  дейін  сенімді  түрде  және    ұстап  тұруға    қабілетті  болғанда,    өтелгенге  дейін  ұсталатын  

инвестициялар  ретінде  жіктейді.    Бастапқы  бағалаудан  кейін    өтеуге  дейін  ұсталатын  инвестициялар 

құнсыздану  залалдарын  шегеріп  тастағанда,    тиімді  пайыздық  мөлшерлеме    әдісін  қолдана  отырып 

анықталатын  амортизацияланған  құн бойынша бағаланады.   

Амортизацияланған құн дисконттар немесе сатып алған кездегі сыйлықақылар, сондай-ақ комиссиялық немесе 

шығындар  есепке  алына  отырып  есептелінеді,  олар  тиімді  пайыздық  мөлшерлеменің  ажырамас  бөлігі  болып 

табылады.  Тиімді  пайыздық  мөлшерлеменің  негізінде  амортизациялау    жиынтық  кіріс  туралы    есептемеде  

пайыздық  кірістер  құрамына  енгізіледі.  Құнсызданудан  болған  шығыстар  жиынтық  кіріс  туралы  есепте 

қаржылық шығыстар құрамында. 

Сату үшін қолда бар қаржылық  инвестициялар  

Сату  үшін  қолда  бар  қаржылық  инвестицияларға  үлестік  және  борыштық  бағалы  қағаздар  кіреді.  Сату  үшін 

қолда  бар  ретінде  жіктелген  үлестік  инвестициялар  –  олар  сауда  үшін  арналғандар  ретінде  де,  пайда  немесе 

залал арқылы әділ құн бойынша қайта бағаланатындар ретінде де жіктелмеген  инвестициялар. Осы санаттағы 

борыштық  бағалы  қағаздар  –  бұл  компанияның  белгісіз  уақыт  мезгілі  ішінде  ұстап  тұруды  көздейтін  және 

өтімділікті  қамтамасыз  ету  мақсаттары  үшін  немесе  нарықтық  талаптардың  өзгеруіне  жауап  ретінде  сатылуы 

мүмкін бағалы қағаздар. 

 

3.   ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ  (жалғасы)  

                       



«Электр Желілерін басқару жөніндегі 

Қазақстан компаниясы»  АҚ 

Жеке қаржылық есептеме 



ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы) 

2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін 

 

 



23

 

Қаржылық құралдар − бастапқы мойындау және бұдан кейінгібағалау (жалғасы)  



Қаржылық  активтер (жалғасы) 

Бастапқы  бағалаудан  соң  сату  үшін  қолда  бар  қаржылық  инвестициялар  әділ  құн  бойынша  бағаланады,  ал 

сатып  өткізілмеген  кірістер  немесе  солар  бойынша  шығыстар  резервтер  құрамындағы  басқа  жиынтық  кіріс 

ретінде  инвестицияларды  мойындау  тоқталған  тұсқа  дейін  мойындалады,  оған  жинақталған  кірістер  немесе 

шығыстар  басқа  операциялық  кіріс  құрамында  яки  инвестиция  құнсызданды  деп  саналатын  тұсқа  дейін 

мойындалады, онда жинақталған шығыстар  резервтерден пайда немесе залал құрамына қайта жіктеледі және 

қаржыландыру  жөніндегі  шығындар  ретінде  мойындалады.  Сату  үшін  қолда  бар  қаржылық  инвестицияларды 

ұстап тұру мезгілінде алынған пайыздар тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі бойынша пайыздық кірістер әдісі 

бойынша көрсетіледі. 

Компания  сату  үшін  қолда  бар  өз  қаржылық  инвестицияларын  оларды  жақын  арада  сату  мүмкіндігі  және 

ниетінің болуы туралы ұйғарым әділдігінің тақырыбына бағалайды. Егер де сирек жағдайларда Компания солар 

үшін  белсенді  нарығының  жоқтығынан  және  басшылықтың  оларды  сату  қақындағы  ниеттері  жақын  арада 

өзгергендігінен  осы  активтерді  саудалауды  жүзеге  асыра  алмаса,  Компания  осындай  қаржылық  активтерді 

қайта жіктеу туралы шешім қабылдай алады.  

Займдар  мен  дебиторлық  берешек  санатына  қайта  жіктеу  егер  де  қаржылық  актив  займдар  мен  дебиторлық 

берешек айқындамасын қанағаттандырған және бұл ретте  Компания мүмкінідігі болып осы активтерді алдағы 

болашақта немесе жабуға дейін ұстап тұруды көздеген жағдайда рұқсат етіледі. Алдағы болашақта және жабуға 

дейін  ұстап  тұратын  құралдар  санатына  қайта  жіктеу  тек  егер  де  Компания  мүмкіндігі  болып  осы  активтерді 

жабуға дейін ұстап тұруды көздеген жағдайда ғана рұқсат етіледі. 

«Сату  үшін қолда бар» санаты құрамынан қайта жіктелген қаржылық активтер жағдайында қайта жіктеу күніне 

арналған  әділ  құн  жаңадан  өтелген  құн  атанады,  ал  солармен  байланысқан,  бұрын    капитал  құрамында 

мойындалған  кірістер  немесе  шығыстар  тиімді  пайыздық  мөлшерлемені  қолданумен  қалған  инвестициялар 

мерзіміне  пайда  немесе  залал  құрамында  өтелінеді.  Өтелінген  құнды  жаңадан  бағалау  мен  күтілетін  ақшалай 

ағындар арасындағы айырма  да  тиімді пайыздық мөлшерлемені қолданумен  қалған инвестициялар мерзіміне 

өтелінеді. Егер де бұдан былай активтің құнсызданғаны анықталса, капиталда көрсетілген сома  пайдалар мен 

залалдарда қайта жіктеледі.  

 

Мойындаудың тоқтатылуы 

 Қаржылық    активтің  (немесе  қайда  қолданылатындай  –  қаржылық  активтің  бөлігі  немесе  осыған  ұқсас 

қаржылық  активтер тобының бөлігі) баланста мойындалуы тоқтатылады, егер де: 

 



активтен ақшалай ағындарды алу құқығының қолданыс мерзімі өтіп кетсе; 

 



Компания  активтен    ақшалай  ағындарды  алуға  өз  құқысын  берсе  немесе  үшінші  тарапқа  алынатын 

ақшалай ағындарын толық көлемде  «транзиттік келісім»  бойынша айтулы кідіріссіз төлеу жөнінде өзіне 

міндеттеме  алса;  және  немесе  (a)  Компания  іс  жүзінде    активтен  барлық  тәуекелдер  мен  пайдаларды 

берсе, яки (б) Компания бермесе, бірақ та  іс жүзінде  активтен барлық тәуекелдер мен пайдаларды өзіне 

сақтап қалса, алайда осы активке бақылауын тапсырса. 


«Электр Желілерін басқару жөніндегі 

Қазақстан компаниясы»  АҚ 

Жеке қаржылық есептеме 



ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы) 

2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін 

 

 



24

 

Егер  де  Компания  активтен  ақшалай  ағындарды  алуға  өз  құқықтарын  тапсырса  немесе  транзиттік  келісім 



жасаса, ол өзінің меншік құқығымен байланысты тәуекелдері мен пайдаларына сақтағандығын, сақтаса қандай 

көлемде екендігін бағалайды. Егер де Компания бермесе, бірақ та  іс жүзінде  активтен барлық тәуекелдер мен 

пайдаларды өзіне сақтап қалса, сондай-ақ активке бақылауын тапсырмаса, жаңа  актив Компания тапсырылған  

активтегі өз қатысын жалғастыратын дәрежеде мойындалады. Мұндай жағдайда Компания  иісті міндеттемені 

мойындайды.    Берілген  актив  және    тиісті  міндеттеме  Компания  сақтаған  құқықтары  мен  міндеттемелерін 

көрсететін негізде бағаланады. 

Тапсырылған  актив  бойынша  кепілдеме  нысанын  қабылдайтын  жалғасқан  қатысу  мынадай  шамалардан  ең 

төмен  бойынша  мойындалады:  активтің  бастапқы  баланстық  құны  немесе  төлеуі  Компаниядан  талап  етілетін 

барынша жоғары сома. 

 

3.   ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ  (жалғасы)  

                       

Қаржылық құралдар − бастапқы мойындау және ары қарайғы бағалау (жалғасы)  

Қаржылық  активтер (жалғасы) 

Қаржылық активтердің құнсыздануы 

Әрбір  есептік  күнге  Компания  қаржылық  активтің  немесе  қаржылық  активтер  тобының  шынайы  құнсыздану 

белгілерінің  болуын  бағалайды.  Қаржылық  актив  немесе  қаржылық  активтер  тобы    активті  бастапқы 

мойындаудан соң болған бір немесе  одан көп оқиғалар нәтижесіндегі  құнсызданудың шынайы  айғағы  болған 

кезде  ғана  («залал  тарту  жағадайының»  болуы)  құнсызданды  деп  саналады,  олар  қаржылық  актив  немесе 

қаржылық  активтер  тобы  бойынша  күтілген  алдағы  ақшалай  ағындарға  сенімді  бағалауға  жататын  әсерін 

көрсетеді.  Құнсыздану  айғақтары  өздеріне  борышкердің  немесе  борышкерлер  тобының  айтулы  қаржылық 

қиындықтарды бастан кешіргеніне, өз берешегін қызметтей аламайтындығына немесе берешектің пайыздарын 

немесе  негізгі  сомасын  төлеуді  бұрыс  жүзеге  асырғанына,  сондай-ақ  олар  банкроттық  өзге  тектес  қаржылық 

қайта  ұйымдастыру  рәсімін  жүргізу  ықтималдығына  нұсқауларды  кіргізеді.  Бұдан  басқа,  мұндай  айғақтарға 

қаржылық  құрал  бойынша  күтілетін  алдағы  ақшалай  ағындарды  бағалауға  жататын  төмендетудің  болуын 

көрсететін  байқау  деректері,  атап  айтқанда,  борыштарды  төлеу  бойынша  міндеттемелерді  орындаудан  бас 

тартулармен  бірге  белгілі  бір  өзара  байланыстағы  кешіктірілген  берешек  көлемдерінің  немесе  экономикалық 

талаптардың өзгерісі ретіндегілер жатқызылады. 



Амортизацияланатын құн бойынша қаржылық активтер  

Амортизацияланатын құн бойынша  есепке алынатын қаржылық активтерге қатысты.  Амортизацияланған құн 

бойынша  есепке  алынатын  қаржылық  активтерге  қатысты  Компания  алдымен  жеке-дара  елеулі  қаржылық 

активтердің  шынайы  құнсыздану  айғақтарының  болуына  немесе  жеке-дара  елеулі  болып  табылмайтын 

қаржылық  активтер  бойынша  жиынтықтай  бағалау  жүргізеді.  Егер  де  Компания  жеке-дара  қаржылық 

активтердің  оның  елеулілігіне  тәуелсіз  жеке-дара  бағаланатын  қаржылық  активтің  шынайы  құнсыздану 

айғақтары  жоқтығын  анықтаса,  ол  осы  активті  несиелік  тәуекелдің  осыған  ұқсас  сипаттамаларымен  бірге 

қаржылық  активтер  тобына  кіргізеді,  содан  соң  осы    активтерді  жиынтық  негізде  құнсыздану  тақырыбына 

қарастырады.  Құнсыздану  тақырыбына  бөлек  бағаланатын,  солар  бойынша  құнсызданудан  залалдың 

мойындалатын  немесе  мойындалуы  жалғастырылатын  активтер  құнсыздану  тақырыбына  арналған  жиынтық 

бағалауға кіргізілмейді. 

Құнсызданудан залал кешудің шынайы айғағы бар кезінде залал сомасы активтің теңгерімдік құны мен алдағы 

күтілетін ақшалай ағындардың келтірілген құны арасындағы айырма ретінде бағаланады  (әлі тартпаған алдағы 

күтілген несиелік залалдар ескерілмей).  

Есептесулік  алдағы  ақшалай  ағындардың  келтірілген  құны  қаржылық  актив  жөніндегі  бастапқы  тиімді 

пайыздық  мөлшерлеме  бойынша  дисконттеледі.  Егер  де  займ  бойынша  пайыздық  мөлшеремесі  айнымалы 

болып  табылса,  құнсызданудан  залалды  бағалау  үшін  дисконттау  мөлшерлемесі  ағымдағы  тиімді  пайыздық 

мөлшерлемені көрсетеді. 



«Электр Желілерін басқару жөніндегі 

Қазақстан компаниясы»  АҚ 

Жеке қаржылық есептеме 



ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы) 

2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін 

 

 



25

 

Активтің  баланстық  құны  резерв  шотын  пайдалану  арқылы    төмендетіледі,  ал  залал  сомасы    жиынтық  кіріс 



туралы  есепте    мойындалады.  Төмендетілген    баланстық  құн  бойынша    пайыздық  кірісті  есептеу  

құнсызданудан  болатын  залалды    бағалау  мақсатында    болашақтағы  ақша  ағындарын    дисконттау  үшін 

пайдаланылатын    пайыздық  мөлшерлемеге  негізделе  отырып  жалғастырылады  Пайыздық  мөлшерлемелер  

жиынтық  кіріс  туралы    есептемедегі  қаржыландырудан  кірістер  құрамында  көрсетіледі.    Займдар    тиісті 

резервтермен  бірге    баланстан  есептен  шығарылады,    егер    оларды  болашақта  қайтарылмайтын  болса,  ал 

барлық  қол  жетімді    қамтамасыз  ету    Топқа  сатылса  немесе  тапсырылса.    Егер  келесі  жылдың  ішінде  

құнсызданудан  болатын    есептік  залалдың  сомасы    құнсыздану  мойындалғаннан  кейін    болған  қандай  да 

болмасын оқиға түрінде  көбейеді немесе азайады,  құнсызданудан бұрын  мойындалған залал  сомасы  резерв 

шотына  түзету  енгізу  арқылы    көбейтіледі  немесе  азайтылады.  Егер  қаржылық  құралдың  құнын  бұның 

алдындағы  есептен  шығару  нәтижесінде  қалпына  келтіріледі,    қалпына  келтіру  сомасы    жиынтықты  кіріс 

туралы  есептемеде  қаржыландыру шығындарының кему ретінде мойындалады.  

Сату үшін қолда бар қаржылық  инвестициялар 

Сату үшін қолда бар қаржылық инвестицияларға қатысты Компания әрбір есептік күнге  инвестицияның немесе 

инвестициялар тобының құнсыздануға ұшыраған шынайы айғақтарының болуын бағалайды. 

Сату  үшін  қолда  бар  ретінде  сыныпталған  үлестік  құралдарға  инвестициялар  болған  жағдайда  шынайы 

айғақтар  инвестициялар  әділ  құнының  олардың  бастапқы  құнынан  едәуір  немесе  ұзақ  кемітуін  кіргізеді. 

«Едәуір» инвестициялардың бастапқы  құнымен салыстырғанда,  ал  «ұзақтық»  -  әділ құн бастапқы  құннан  кем 

болған мезгілмен салыстырғанда бағаланады. Құнсыздану айғақтары бар кезде сатып алу құны мен ағымдағы 

әділ  құн  арасындағы  айырма  ретінде  бағаланған,  пайдалар  мен  залалдар  туралы  есепте  бұрын  танылған  осы 

инвестициялар  бойынша  құнсызданудан  залалды  шегергендегі  жиынтық  залалдың  сомасы  басқа  жиынтық 

кірістен алынып тасталады және пайдалар мен залалдар туралы есепте мойындалады. Инвестициялар бойынша 

құнсызданудан үлестік құралдарға залаладар пайда немесе залал арқылы қалпына келтірілмейді; құнсызданудан 

соңғы олардың әділ құнының ұлғаюы тікелей басқа жиынтық кіріс құрамында мойындалады. 

Сату үшін қолда бар ретінде сыныпталған борыштық құралдар жағдайында құнсыздану өтелімдік құн бойынша 

есепке  алынатын  қаржылық  активтерге  қатысты  қолданылатын  сол  өлшемдер  негізінде  бағаланады.  Алайда 

құнсызданудан  көрсетілген  залал  сомасы  өтелімдік  құн  мен  ағымдағы  әділ  құн  арасында  бағаланған, 

жиынтықты  кіріс  туралы  есептеме  бұрын  мойындалған  осы  инвестициялар  бойынша  құнсызданудан  залалды 

шегере отырып, жинақталған залалды көрсетеді. 

Активтің  кемітілген  баланстық  құнына  қатысты  пайыздарды  есептеу  құнсызданудан  залалды  бағалау 

мақсатында  алдағы  ақшалай  ағындарды    дисконттау  үшін  пайдаланылатын  пайыздық  мөлшерлеме  бойынша 

жалғасын  табады.  Пайыздық  кірістер  жиынтықты  кіріс  туралы  есепте  көрсетіледі.  Егер  де  келесі  жыл  ішінде 

борыштық  құралдың  әділ  құны  өссе  және  осы  өсімді  жиынтық  кіріс  туралы  есепте  құнсызданудан  залалды 

мойындаудан  соң  болған  оқиғамен  шынайы  байланыстыру  мүмкін  болса,  құнсызданудан  залал  пайдалар  мен 

залалдар арқылы  қалпына келтіріледі. 

 

3.   ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ  (жалғасы)  



Қаржылық міндеттемелер 

Бастапқы мойындау мен бағалау 

Қаржылық  міндеттемелер  тиісінше  пайда  немесе  залал,  кредиттер  мен  қарыздану  немесе  тиімді  хеджирлеу 

кезіндегі  хеджирлеу  құралдары  ретінде  анықталған  туынды  құралдар  арқылы  әділ  құн  бойынша  қайта 

бағаланатын қаржылық міндеттемелер ретінде сыныпталады.  

Қаржылық  міндеттемелер  бастапқыда  займдар  мен  кредиттердің  мәміле  жөніндегі  солармен  тікелей 

байланысқан шығындар болған жағдайларды қоспағанда, әділ құн бойынша мойындалады.  

Компанияның  қаржылық  міндеттемелері  саудалық  және  басқа  да  кредиторлық  берешекті,    кредиттер  мен 

займдарды кіргізеді.  



 

 

 

«Электр Желілерін басқару жөніндегі 

Қазақстан компаниясы»  АҚ 

Жеке қаржылық есептеме 



ЖЕКЕ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТЕМЕГЕ ЕСКЕРТПЕЛЕР (жалғасы) 

2014 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жыл үшін 

 

 



26

 

3.   ЕСЕПКЕ АЛУ САЯСАТЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ  (жалғасы)  



Қаржылық міндеттемелер (жалғасы)  

Бұдан кейінгі бағалау 

Қаржылық міндеттемелерді бұдан кейін бағалау олардың сыныптамасынан былайша тәуелді болады: 



Кредиттер мен займдар 

Бастапқы  мойындаудан  соң  пайыздық  кредиттер  мен  займдар  тиімді  пайыздық  мөлшерлеме  әдісін  пайдалана 

отырып  өтелімдік  құн  бойынша  бағаланады.  Осындай  қаржылық  міндеттемелер  бойынша  кірістер  мен 

шығыстар  жиынтық  кіріс  туралы  есепте  оларды  мойындау  тоқтатылған  кезде,  сондай-ақ  тиімді  пайыздық 

мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып өтелімді есептеу бойынша мойындалады. 

Өтелімдік құн сатып алу кезіндегі дисконттар немесе сыйлықақылар, сондай-ақ комиссиялық немесе шығындар 

есепке  алына  отырып  есептелінеді,  олар  тиімді  пайыздық  мөлшерлеменің  ажырамас  бөлігі  болып  табылады. 

Тиімді пайыздық мөлшерлеменің өтелімі жиынтықты кіріс туралы есепте қаржыландыру жөніндегі шығындар 

құрамына кіргізіледі. 

Саудалық және басқа да  дебиторлық берешек 

Саудалық және басқа да кредиторлық берешек бастапқыда әділ құн бойынша көрсетіледі және ары қарай тиімді 

пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып өтелімдік құн бойынша бағаланады. 

Мойындауды тоқтату 

Қаржылық міндеттемені мойындау егер де міндеттеме  жабылса, жойылса немесе оның қолданыс мерзімі өтіп 

кетсе тоқтатылады.  

Егер  де  қолда  бар  қаржылық  міндеттеме  сол  кредиторлардың  алдындағы  басқа  міндеттемемен  елеулі 

ерекшеленген  талаптарда  алмастырылса  немесе  егер  де  қолда  бар  міндеттеменің  шарттары  едәуір  өзгертілсе, 

мұндай  алмасу  немесе  өзгерістер  бастапқы  міндеттеменің  мойындалуын    тоқтату  және  жаңа  міндеттемені 

мойындаудың басталуы ретінде ескеріледі, ал олардың теңгерімдік құнының айырмасы жиынтықты кіріс туралы 

есепте мойындалады. 



Қаржылық құралдардың өзара есепке алынуы 

Қаржылық  активтер  мен  қаржылық  міндеттемелер  өзара  есепке  алуға,  ал  нетто  сомасы  мойындалған 

сомалардың өзара есепке алынуына жүзеге асырылатын осы заңды құқық тұсында және есеп айрысуды  нетто 

негізде  жүргізу  немесе  активтерді  өткізу  және  бір  мезгілде  міндеттемелерді  жабу  ниеті  болған  кезде  ғана 

қаржылық ахуал туралы аралық шоғырландырылған есептемеде ұсынуға жатады. 

Қорлар 

Қорлар ФИФО әдісі бойынша  ескеріледі. 

Қорлар ең төменгі  екі шама бойынша:  сатып алу құны және  таза сату құны бойынша бағаланады. 

Сатудың  таза  құны    өндірісті  аяқтауға  және    сатуға  бағалау  шығындарына  арналған    болжамды  шығыстарды  

шегеріп тастағанда,  әдеттегідей қызмет барысында  жорамалданған сату бағасы ретінде  анықталады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет