Электродинамика және арнаулы салыстырмалық теориясы «Физика», «Физика және информатика»



бет10/27
Дата21.09.2023
өлшемі1,19 Mb.
#109455
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Сағаттар синхронизациясы.
Салыстырмалы теориясында уақыттың барлық нүктеде-гі синхронизациясының маңызы жоғары. Синхронизация де-геніміз әр жерде орналасқан сағаттар көрсеткіштерін бір-біріне сәйкестендірілуі. Классикалық механикада уақыт синхронизациясы оңай жүргізіледі. Координат басында тұратын сағаттан сигнал беріліп, сол уақытқа лайықталып басқа сағаттар қойылады. Сигнал шексіз үлкен жылдамдық-пен тараса бұл әдіс дұрыс болар еді. Бірақ арнаулы салыстыр-малық теориясында сигнал шекті жылдамдықпен таралады. Бұл жағдайда бір уақытта болатын құбылыстарды анықтау қиын.
Мысалы: поездың екі шетіне найзағай түсті дейік. Поездың центріндегі сағат үшін бұл құбылыс бір уақытта болады делік. Бірақ найзағай түскен нүктелерде бұл екі құбылыс бір уақытта болмайды, өйткені 2-жақтағы сигнал біраз уақытқа кешігіп келеді. Ал біруақытта болуы үшін сигналдың таралу жылдамдығы шексіз үлкен болуы керек. Бұл шарт тек классикалық физикада қабылданған. Демек, сигналдың таралу жылдамдығын шекті деп қабылдасақ, әртүрлі сағаттар үшін біруақыттылық бірдей болмайды. Ол сағатты синхронизациялау әдісіне байланысты. Арнаулы салыстырмалық теориясында біруақыттылық ұғымы жоқ.
Эйнштейн ұсынған әдіс бойынша сағаттарды синхронизациялау әдісі:
О координата басындағы сағат бойынша басқа сағаттар синхронизацияланады.
О нүктесінде сағат t уақыт көрсетсе
Х1 нүктесінде ----------- t+x1/c уақыт көрсетеді
Х2 нүктесінде -------------- t+x2/c уақыт көрсетеді
………………………………………
Егер Х1 және Х2 нүктеде оқиғалар болып, сағаттардың көрсетуі бірдей болса, бұндай құбылысты біруақытты құбылыс деп атауға болады. Біруақыттылық сағаттарды син-хрондау әдісіне байланысты, барлық жүйеде бірдей емес. K және K′ екі ИСЖ – де оқиға болды дейік. Оның уақыты дәл сол нүктедегі K′ жүйесінің сағаты – t′ уақытты, дәл сол нүктедегі К жүйесінің сағаты t уақытты көрсетеді. Ал екі жүйедегі сағат t=0 уақыт моментінде О және O′ нүкте дәл келсе ғана синхронизацияланған болып есептеледі.
«АСТ-ның негізгі түсініктері» тақырыбы бойынша өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1)АСТ-дағы санақ жүйесі ұғымына не кіреді? Классикалық механикадағы сәйкес ұғымнан айырмасы не?
2) Оқиға дегеніміз не? Сигнал дегеніміз не?
3) Қандай жылдамдық релятивистік, ал қандайы реля-тивистік емес?
4) ИСЖ–де сағаттар синхрондалуы қалай орындалады?
5) Меншікті және координаталық уақыт дегеніміз не?
6)Сызғыштар салыстырмалы козғалыс бағытына пер-пендикуляр орналасқанда ұзындықтары өзгере ме?
7)Ал параллель орналасса ұзындықтары өзгере ме?
8) Уақыттың салыстырмалығы ұғымы нені білдіреді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет