Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет15/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60
әрбір сөзін мойындай отырып, ол, әсем де 
сұлу шындықтың куәгері болды.  
 Киелі      Жазуды      бізге      Құдіретті 
Құдайым      Өзі      берген,      ендеше      оны 
оқып   түсінуге    жәрдемін   де   Ол   Өзі  
береді. Құдай Сөзі Оған бағынатын адамға 
ешқашанда  түсініксіз  болып  қалмайды. 
Цвингли  өзінің  өмірімен  Алланың  сөзінің 
шындық екенін дәлелдеді.   «Әуелде,   яғни 
Киелі   Жазбаны   зерттей   бастаған   кез-
де,      адамның     бойына      сіңіп      қалатын 
философия  мен  схоластика  ақиқатқа 
қарсы  шығады,  бірақ  сен  бар  ниетіңді 
Құдайдың  шындығын  ұғуға  бағыттасаң, 
Киелі Кітап өзін өзі түсіндіріп береді». «Мен 
Жүрегімнің 
Құдайдың 
шуағымен 
нұрланғанын тіледім, содан бастап Жазба-
ны түсіну мен үшін қиынға соққан жоқ» — 
дейді  Цвингли.  
Цвингли Лютердің ілімін қайталап тұрған 
жоқ.  «Егер  Лютер  адамдарға  Исаны 
уағыздаса,  менің  де  істеп  жүргенім  сол. 
О н ы ң  
Қ ұ д ай  
ж о л ы н а  
т ү с і р г е н 
адамдарының  саны  менікінен  көбірек, 
бірақ бұл маңызды емес. Өз басым Исаның 
есімінен 
басқа 
есімді 
алып 
жүргім 
келмейді.    Мен  Исаның  жауынгерімін,  ал 
Ол  менің  Жетекшім!    Лютермен  екеуміз 
ешқашан 
сөйлескен 
емеспіз, 
ал 
уағыздарымыз  ұқсас.  Осы  арада  Құдай 
Рухының  тұтастығы  айқындалып  тұр,  біз 
жеке-жеке 
тұлғалармыз, 
бірақ 
еш 
келіссөзсіз  Құдай  Сөзін  бірдей  етіп 
уағыздаймыз, 
себебі 
екеуміздің 
де 
ұстазымыз  —  Иса  Мәсіх»  —  дейді 
швейцариялық реформатор. 
1516-шы жылы Цвингли Эйнзидельн мо-
настырына 
дін 
әкесі 
қызметіне 
шақырылды.    Осы  жерде  ол  Римнің 
заңсыздықтарымен  бетпе-бет  кездесіп,  
атағы  туған  Альпасының  шекарасынан 
асып    әрі  қарай    тараған  реформаторға 
айналды.  Эйнзидельн  әулиелерінің ішінде 
керемет  күштің  иесі  ретінде  Мариям 
қыздың  бейнесі  құнды  болып  саналатын. 
Ал  монастырдың  қақпаларының  жоғарғы 
жағында 
«Бұл 
жерде 
адам 
барлық 
күнәларына  кешу  алады»  —  деген  жазу 
жазылып тұрды.   Жыл сайын қажылыққа 
баратын халық күнәларына кешу алу үшін 
осында  шұбырады.    Мұнда    адамдар    тек 
Швейцарияның  жер  жерінен  ғана  емес, 
сол  сияқты  Германия  мен  Франциядан  да 
жиналатын  еді.    Мазасы  кетіп  шұбырған 
жандардың ерсілі — қарсылы қаңғырысын 
тоқтату  үшін  Цвинглиге  көп  еңбектенуге 
тура келді.  «Істеген қателіктеріңе  кешірім 
алу  үшін  осында  келудің  қажеті  жоқ.  
Мағынасыз 
істерің, 
жасап 
жатқан 
құрбандықтарың,  пұттарға  сиынуларың,  
қажылықтарың, 
 
Мариям 
қыздың 
бейнесіне табынуларың керек емес.  Шаш 
кесу, ұзын киім кию, аяқ киімдеріңді  ал-
тынмен  әшекейлеу  —  осының  біреуі  де 
сендерге  жеңілдік  әкелмейді,    күнәларың 
сол қалпында қалады.  Иса  барлық адам-
зат  баласы  үшін  қанын  төгіп  құрбан 
болған.    Егер  сендер  Оның  құрбандығын 
қабылдасаңдар,  Құдайдың  алдында  шын 
ниетпен  жалбарынсаңдар    тілектерің  қай 
жерде жүрсеңдер де қабыл болады.  Аллаға   
керегі  адамның тап — таза   жүрегі ғана» 
— деп ұғындырумен  болды.    
Бірақ 
Цвинглидің 
сөзі 
көпшілікке 
ұнамады.    Себебі    қажылықтарының 
мағынасыз  болып  шыққаны  олардың 
көкіректерін удай  ашытты.    Олар  үшін  өз 
жүректерін  тазартуға  ұмтылғаннан  гөрі  

77 
 
бұл  істі  папаға  тапсыру  анағұрлым  оңай 
көрінді.   
   Десе 
де 
айтулы 
хабарды, 
яғни 
кешірімнің  Иса  Мәсіх  арқылы  ғана 
келетінін  қуанышпен  қарсы  алғандар  да 
жеткілікті  болды.    Себебі  олар    қанша 
құрбандық 
жасап, 
 
неше 
түрлі  
рәсімдерден  өткендерімен  жүректеріне 
тыныштық  орнай  алмай,  мазасыз  күй 
кешкен    жандар  болатын.    Енді  олар 
елдеріне 
оралғаннан 
кейін 
естіген 
қуанышты хабарын басқа адамдарға тара-
та  бастады.    Осылайша  Ізгі  хабар  елден 
елге,  қаладан    қалаға  тарады.    Ал 
қажылыққа  шығатындарың,  құрбандық 
жасайтындардың    сандары  әлбетте  азай-
ды.    Ендеше  шіркеуге  түсетін  табыс  та,  
сонымен  қоса    Цвинглидің  өз  табысы  да  
күрт  азайды.    Бірақ    реформатор    бұған 
күйзелген  жоқ,    керісінше  қуанды.  
Өйткені    фанатизм    мен  ырым  — 
жырымдарға жақсы соққы тиген болатын.    
   Шіркеу  басшылары  Цвинглидің  ісін 
байқамай  қойған  жоқ.    Десе    де  оған 
әзірше соқтықпауды жөн көрді.  Керісінше 
оны  алдап–сулап,  ақыры    өз  жағымызға 
шығарамыз  деген  ниетте  болған.  Ал  
ақиқат  болса  халықтың  жүрегінен  орын 
теуіп, кең  етек жая бастады.   
   Эйнзидельнде    өткізген  ұш  жылдан 
кейін Цвингли Цюрихтың кафедралық со-
борына 
дін 
уағыздаушы 
ретінде 
ш а қ ы р ы л д ы .  
Б ұ л  
Ш в е й ц а р и я 
Конференциясындағы  белгілі  қалалардың 
бірі 
 
болатын. 
 
Бірақ 
Цвинглиді 
ш а қ ы р ғ а н д а р  
о н ы ң  
е н г і з е т і н 
ж а ң а л ы қ т а р ы н а н  
қ о р қ ы п ,   
реформатордың 
тікелей 
атқаратын 
міндетін белгілеп берді.  
   «Шіркеуге 
пайда 
түсетін 
істерге 
немқұрайды  қарамайсың,    мінбеден  сөз 
сөйлеген 
кезде, 
шіркеуге 
деген  
сүйіспеншіліктеріңді 
дәлелдеу 
үшін, 
міндетті түрде бітірлерің мен  зекеттеріңді 
осында  әдептілікпен  әкеліп    отыруларың 
керек деп халыққа мойындатасың, шіркеу 
рәсімдерінен түсетін қаражатты неғұрлым 
көбірек  түсіруге  тырысасың.    Сонымен 
қоса шіркеуге жақындату, уағыздау, папа-
ны қамқорға алу да, дін әкесінің міндетіне 
енеді.  Бірақ кейбір міндеттеріңді,  әсіресе 
уағыздауды басқа біреуге тапсыруға бола-
ды,  ал  шіркеуге  жақындату  рәсімін  өзің 
орындауың  керек.  Жақындату  рәсіміне 
т е к  
 
ат ақт ы  
ад амд ард ы  
ғана 
қатыстырасың 
және 
де 
тек 
өздері 
шақырса  ғана.  Бұл  рәсімге  кім  көрінгенді 
қатыстыра  беруге болмайды» —  деп  наси-
хатталды  оған.    Цвингли  олардың  өсиетін 
мұқият  тыңдап  алып,  алғысын  білдіріп, 
соңынан  оларға  өз  көзқарасын  баяндады. 
Иса  Мәсіхтің  өмірі  жұртшылықтың  наза-
рынан  көп  уақыт  бойы  тыс  қалып  келді. 
Ендігі  жерде  мен  адамдарға  елші  Матай 
жазы п 
қ алдыр ған 
Ізгі  
х аб ард ы  
уағыздаймын.    Әуелі  Құдайға  сүйене оты-
рып, сонан соң Киелі Кітапты басшылыққа 
ала  отырып  баршаға    Құдай  Сөзін    терең 
ұғындыруға  тырысамын.    Адамдарды 
мәңгілік  өлімнен  құтқарып  қалу  үшін, 
Құдай  жолында  жалықпай  қызмет  етемін 
—  деді.        Кейбір      дін      әкелеріне   
Цвинглидің      алған      бағыты      мүлдем   
ұнамады. 
 
 
Олар 
Цвинглиге 
өз 
көзқарастарының    дұрыстығын  дәлелдеп, 
оны  алған  бетінен  қайтарамыз  деп 
үміттенді.    Бірақ  Цвингли  өзінің  таңдап 
алған  бағытының  дұрыстығына  сенімді 
болды,    сондықтанда    оның    жолына 
қандайда  бір  кедергілер  қойып,    оны 
тоқтату мүмкін емес еді.   
   Күннен  күнге    Цвинглидің  іліміне 
қызыққандардың    саны  көбейе  түсті,  
сондықтан да реформатордың уағыздарын 
тыңдаушылар аз болған жоқ,  тіпті бұрын 
келмей кеткендердің өздері  енді келе бас-
тады. 
 
Осы 
жерде 
де 
Цвингли 
Эйнзидельндегідей  Құдай  сөзінің  ақиқат 
екендігін  жұртшылыққа  дәлелдеп,    адам-
зат  баласына  құтқарылудың  жалғыз  ғана 
жолы  барын    уағыздады.  Бұл  адамзат 
баласының кінәсін түгел Өз мойынына ар-
тып,  солар үшін құрбан болған Иса Мәсіх 
жайлы  жағымды хабар  болатын.      Рефор-
маторды  тыңдауға  көп  адамдар  жинала-
тын  болды.  Олардың  іштерінде  мемлекет 
қайраткерлері  мен  оқымыстылардан  бас-
тап  қарапайым  кәсіпкерлерге  дейін  бар 
еді және олар Цвинглиді қызығушылықпен 
тыңдады. 
 
Реформатор 
оларға 
тек 
ақиқатты  ғана уағыздап қойған жоқ,  со-
нымен  қоса  қоғамда болып жатқан    неше 
түрлі азғындықтар туралы да ашық айтты.  
Көпшілік    соборды  тастап,    Құдайды 
мадақтауға 
кірісті. 
«Мынау 
адам 
шындықты  айтудан  қорықпайды  екен,  

78 
 
ендеше  кезіндегі Мұса пайғамбары секілді 
халықты  түнектен  алып  шығатын  біздің 
діни  басшымыз  болар»  —  деп  үміттенді 
сенетіндер.  
Десе  де,  Цвинглидің  құлшынысына  қол 
салып,     оны    тоқтатқысы    келгендер 
де    аз    емес    еді.     Монахтар    оның 
ісін 
тоқтатпаққа 
шешім 
қабылдады.  
Біреулері  оны  қорқытса,  біреулері  мазақ 
қылды,  ал  енді  біреулері  оны  балағаттап 
қорлады.    Бірақ  реформатор  мойымады. 
«Егерде  біз  күнәкарлардың  бетін  Құдайға 
бұрғымыз келсе, неге болса да шыдаймыз» 
— деді ол.  
 Дәл  осы  кезде  реформация  ісі  кенеттен 
қолдау  тапты.  Лукиан  атты  бір  адам  Цю-
рихке  Лютердің  біраз  кітаптарын  алып 
келді.    Осында  Лукиан  Базельден  рефор-
мация  ісіне  жаны  ашитын  адам  арқылы 
арнайы  жіберілген  болатын.    Цвинглиге 
жазған  хатында  ол:  «Егер  менің  жіберген 
адамымды  саналы  деп  санасаң,  ол 
швейцарлықтарға    барып,  үйден  үйге 
жүріп  отырып,  мына  кітаптарды  тарат-
сын,  жұртшылыққа  дұғаның  мағынасын 
ұғындырсын.  Оны  неғұрлым  көп  адам  
түсінсе,  солғұрлым кітаптарда көбірек са-
тылады»  —  деді.    Осылайша  Құдайдың 
жарығының шұғыласы  бұл елге де шашы-
рады.   
   Алла  надандықтың  кісенін  ағытқалы 
тұрғанда,  албасты сол жерге дереу жетіп,  
елді  түнектен  шығармай,  күнәнің  шылбы-
рын мықтап тарта түседі.   
 Исаның қаны арқылы адам кешірім ала-
ды деген хабар тараған сайын,  Рим абыр-
жып, барлық мәсіхшілер әлемін нарықтық 
қатынасқа  енгізіп,  кешірімді  ақшаға  сата 
бастады.   
   Әрбір 
күнәнің 
белгілі 
бағасы 
тағайындалды. 
 
Адамдарға 
қылмыс 
жасауға бостандық берілді, ал дін әкелерін 
бұл  жағдай  толғандырған  жоқ,  керісінше 
о л а р  
ш і р к е у  
қ а з ы н а с ы н 
толықтандырғандарына  дән  риза  болды. 
Осылайша екі түрлі қозғалыс пайда болды. 
Бірі  Исаның  қаны арқылы кешірім алуды 
ұсынса,  екіншісі  кешірімді  ақшаға  сатып 
алуды  ұсынды.  Рим  күнәға  жол  ашып 
беріп  байыған  үстіне баи  түсті.  Ал  рефор-
маторлар болса, бұл адасушылықты қатты 
айыптап, халықты Құдай жолына түсіруге 
тырысты.  
   Германияда 
индульгенцияны 
сату 
қарабет  Тецель  басқарған  доминикандық 
орденге  тапсырылды,  ал  Швейцарияда 
итальяндық  монах  Самсон  басқарған 
францискандық 
орденге 
тапсырылды. 
Самсон 
Германиямен 
Швейцарияда 
папаның  шіркеуіне  қызмет  етіп,  оның 
қазынасын толықтыруға көп себін тигізді. 
Ол  Швейцарияда  емін  еркін  жүріп,  тауа-
рын  сатып  кедейлердің  барын  тонап, 
байлардың  байлығын  алып,  көпшілікті 
өзіне  қаратты.  Цвингли  Эйнзидельнде 
жүргенде,  Самсон  өз  тауарымен  көрші 
қалаға келді. Бұл хабарды естісімен Цвинг-
ли дереу іске кірісті. Олар бір бірімен бет-
пе-бет 
кездеспегенімен 
реформатор 
С а м с о н н ы ң  
з ұ л ы м д ы ғ ы н  
қ а т а ң 
әшкереледі,  мұны  естіген  Самсон  бірден 
сол арадан тайып тұруды жөн көрді. 
     Ц ю р и х т е ,  
Ц в и н г л и , 
индульгенциялардың  сатылуына  қарсы 
уағыздар  жүргізіп  жатқан  кезде,  Самсон 
осында  тақап  қалған  болатын.  Самсон 
қанша айла жасағанымен, қала халқы оны 
мұнда  кіргізбей  қойды.  Арсыз  монах 
қалаға  кіріп  бір  индульгенция  да  сатуға 
мүмкіндігі  болмай,  кері  қайтуға  мәжбүр 
болды.  Біраз  уақыт  өткен  соң  ол  Швейца-
риядан мүлдем кетті. 
     1519-шы жылы Швейцария  түп-түгел 
«қара  өлім»  деп  аталатын  оба  ауруына 
шалдығып  жатқанда, дәл осы кезеңде  ай-
тулы    жерде  реформация  кең  етегін 
жайған  болатын.  Халық  өлімменен  бетпе-
бет кездескен   кезде    «күнәсі   босатыл-
ды»   —   деп   қаншама   ақшаға   саты-
лып 
алынған 
бір 
парақ 
қағаздың 
ешқандай  құны  жоқ  екенін  сонда  ғана 
ұқты.  Оларға  сенімдері  нық  тұра  алатын-
дай  негіздеме  қажет  болды.  Әрине  бұл 
нәлет  Цвинглиді  айналып  өткен  жоқ. 
Оның сол кездегі жағдайы өте нашар бол-
ды,  барлығы реформаторды өледі деп са-
нады.  Осындай,    басына  қайғы  бұлты 
төніп  тұрған  кездің  өзінде,  бұл  Құдайдың 
қызметшісінің  ерлігі  жасып,  үміті  сөнген 
жоқ,  керісінше  Исаның  ерлігі  есіне  түсіп 
шабыттанды, 
Құдайдың 
құдіретіне 
мүлтіксіз  сенді.  Осыдан  кейін,  ажалдың 
құшағынан  жұлынып  шыққан  реформа-

79 
 
тор, Құдай жолындағы қызметін әрі қарай 
жалғастырды.  Ал  халық  болса,  көрдің 
шетіне барып  қайтқан  сүйікті  ұстаздарын 
қошеметтеп  қарсы  алды.  Осындай  ажал-
мен  алпарысып  жүрген  сәттерінде  халық 
Ізгі  хабардың  құнын  бұрынғысынан  бетер 
бағалай түсті. 
   Киелі  Кітапты  зерттеп,  оның  түпкі  сы-
рына  ой  жүгірткен  сайын,  Цвингли 
ақиқаттың сырын, оның күшін бақылады. 
Адам  —  ата  арқылы  біз  күнәға  батып, 
мәңгілік  өлімге  душар  болсақ,  Мәсіх  
арқылы  ақталып  мәңгілік  өмірге  жолдама 
аламыз. Адамзат баласы үшін бұдан артық 
қуанышты хабар бар ма екен?  Иса  ажал 
оғына кеудесімен тосқауыл жасап, айқыш 
ағашқа керіліп, жаны күйзеліп азап шегіп, 
бізді өлімнен арашалап алып қалды. Адам 
күнәсі  үшін  Құдайдың  алдында  жауап 
беруі  керек,  бірақ  Исаның  құрбандығын 
қабылдап,  Оған  сенгендер,  сотқа  тартыл-
майды, өйткені Иса Мәсіх олардың күнәсін 
Өз  мойнына  алды.  Халыққа  сөйлеген 
сөзінде Цвингли: «Құдайға деген сенім бар 
жерде, Құдайдың Өзі де бар, ал Құдай бар 
жерде 
адам 
күнә 
жасамайды, 
тек 
жақсылық 
қана 
жасайды, 
өйткені 
Алланың  шарапаты  адамға  күнә  жасауға 
тыйым салады» — деді. 
   Цвингли Киелі Кітапты халыққа баппен 
біртін-біртін ұғындырды. Әсіресе халықты 
толғандыратын ырым — жырымдар  тура-
лы  сұрақтарды  қозғамауға  тырысты. 
Цвинглидің негізгі мақсаты адамның бетін 
Иса 
Мәсіхке 
бұру 
және 
оларға 
сүйіспеншілікпен  Құдайдың  жоспарын 
ұғындыру  болатын.  Жұрт  Ізгі  хабарды 
қабылдап,  оның  мағынасын  түсінген  кез-
де, өзінен өзі ырым-жырым деген жайына 
қалды.  
   Осылайша  ақырын-ақырын  реформа-
ция  Цюрихке  де  келіп  жетті.  Осыдан  бір 
жыл  ғана  бұрын    Вормсте  виттенберлік 
монах император мен папаға «жоқ» — деп 
жауап  берсе,  енді  Цюрихтіктер  түп-түгел 
папаның талаптарына  «жоқ» — деп жауап 
беруге    дайын  тұрды.  Бірақ    папалықтар 
Цвинглиге 
соқтыққандарын 
қоймады. 
Уақыт  өткен  сайын  олар  Ізгі  хабардың 
шәкірттерін  отқа  тастап  өртеп  жіберіп 
отырды.  Сонымен  шектеліп  қана  қоймай 
олар 
ақиқаттың 
қарлығаштарының 
ұстазының  да  үнін  мәңгілікке  өшірмекке 
дайындалды. 
Констанцтық 
епископ 
Цвинглиді  кінәлап,  бұл  сұрақты  шешу 
үшін,  өзінің үш өкілін Цюрихтың кеңесіне 
жіберді. 
«Егерде 
Цвингли 
өз 
ілімін 
жалғастырып  халық  арасына  тарата 
беретін болса, қауым тыныштықтан айры-
лады,  егер  ол  тыныштықтан  айрылса, 
шіркеу  абыройдан  жұрдай  болады.  Ақыр 
соңында  барлық  жерде  анархия орнайды» 
—  деп  хабарлады.  Цвингли:  «Мен  Ізгі  ха-
барды 
Цюрихте 
төрт 
жыл 
бойы 
уағыздадым,  байқаған  боларсыздар  бұл 
қала  бүкіл  конференция  бойынша  ең  ты-
ныш, ең қауіпсіз қала, ал бұл дегеніміз Ізгі 
хабар  барлық  жерге  тек  қана  бейбітшілік 
әкеледі  деген  сөз»  —  деп  жауап  қайырды 
оларға. 
   Епископтың 
өкілдері: 
«Шіркеусіз 
сақтану, құтқарылып қалу мүмкін емес» — 
деп, 
өз 
сөздерінің 
әділдігіне 
жиын 
мүшелерінің  көздерін  жеткізбекші  болды. 
Сіздер 
ондай 
мағынасыз 
жаладан 
қорықпаңыздар 
— 
деді 
Цвингли. 
Шіркеудің  негізі,  оның  іргетасы  —  Иса 
Мәсіх.  Құдайды  дұрыс  уағыздағаны  үшін 
Ол  Шимұнға Петір деп ат қойған болатын.
(Петір  тастай  деген  мағынаны  білдіреді) 
Қай  халықта  болмасын  Исаға  шын 
ниетімен сенетіндерді  Құдай қабылдайды. 
Шіркеу дегеніміз осы. Осы әңгімеден кейін 
епископтың  өкілдерінің  бірі  бұл  ақиқатты 
мойындап,  реформаторлық  ілімді  қабыл 
алды.   Кеңес Цвинглиге қандай да бір ша-
ралар  қолданудан  бас  тартты,  сондықтан 
Рим 
келесі 
шабуылға 
дайындалды. 
Олардың пиғылы жайлы хабарлас   болған   
Цвингли:   «Жартас   өзіне келіп   соғылып,   
кері   қайтатын   толқыннан   қаншалықты   
қорықса,   мен де   олардан   соншалықты   
ғана қорқамын» — деп шабыттана сөйледі. 
Папалықтардың  бар  ынталарын  салып 
істеген  істері  өздеріне  түк  пайда  түсірген 
жоқ, керісінше реформация ісін әрі қарай 
дамытуға    көмектесті.  Лютердің  із-түссіз 
жоғалып 
кеткеніне 
қамығып 
жүрген 
Г е р м а н и я д а ғ ы  
р е ф о р м а ц и я н ы ң 
ж а қ т а у ш ы л а р ы  
Ш в е й ц а р и я д а 
реформацияның 
кең 
түрде 
таралып 
жатқанын естіп, бір серпіліп қалды. 
   Реформациямен 
бірге 
Цюрихте 
айтарлықтай  бейбітшілік  орнады.  Халық 
екі 
жүзділігін, 
іштарлығын, 
ұрыс-

80 
 
керістерін  қойды.  Мұндай  бірлік  біздің 
іліміміз  арқылы  Құдайдан  келмегенде, 
қайдан  келіп  жатыр?  Оны  Жаратқанның 
ісі емес деп кім айта алады? — деп жазды 
Цвингли. 
  Реформация ісінің жоғарыға өрлеп бара 
жатқанына  ашынған  папалықтар,  оған 
бұрынғысынан  да  бетер  өшпенділікпен 
қырсық жасауға кірісті. 
Лютерді 
қуғындағаннан 
тапқан 
пайдаларының  шамалы  екенін  білетін 
олар, ендігі жерде басқаша амал жасауды 
ойлады.  Жоспарларын  алдын  ала  өлшеп-
пішіп 
алып, 
Цвинглиді 
диспутқа 
шақырды.  Ондағы  ойлары  реформаторды 
қақпанға  түсіріп,  көзін  біржола  жою  еді. 
Ұстаздарының  үнін  өшірсек  бұл  қозғалыс 
дағдарысқа  ұшырап,  өздерінен  өздері 
құритын  болады  деген  ойда  болды.  Бірақ 
п а п а л ы қ т а р  
н и е т т е р і н  
е ш к і м г е 
білдіртпеуге тырысты. 
   Диспут  Баденде  өтілетін  болды.  Бірақ 
Цвингли  бұл  жиынға  бармай  қалды. 
Олардың  Ізгі  хабарды  таратушыларды 
үнемі  отқа  салып,  өртеп  жіберетінін 
білетін      Цюрихтың      кеңесі      Цвинглиді 
Баденге  жібермеді.  Реформатор  Цюрихте 
Римнің  өкілдерінің  қайсысымен  болса  да 
кездесуге  дайын  екенін,  бірақ  Баденге 
бармайтынын оларға хабарлады. Реформа-
ция  ісінің  жақтаушылары  Эколампадиус 
пен  Халлер    болды,  ал  Рим  жағынан  сөз 
сөйлеуші 
прелаттар 
мен 
бір 
топ 
ғалымдарды ерітіп шыққан  белгілі доктор  
Эккен болатын.  
   Цвингли  пікірсайысқа  бармағанымен, 
сол жерде  қаралып жатқан  іске  қатыспай 
қалған  жоқ.  Папалықтар  хатшыларын 
ө з д е р і  
т аға йы нд ад ы , 
а л 
б ас қ а 
қатысушы ларды  
өлім 
жазасымен 
қорқытып,  қандайда  бір  сөз  жазып  алуға 
тыйым  салды.  Соған  қарамастан  Цвингли 
күн сайын қаралып жатқан іске байланы-
сты дәлме-дәл баяндама алып отырды. Бір 
студент  күн  ұзын  болған  оқиғаны  мұқият 
бақылап  отырып,  кешке  қарай  оны  қағаз 
бетіне  түсіріп,  ал  басқа  екі  студент  болса 
бұл  баяндаманы    Эколампадиустың  хаты-
мен Цюрихке жеткізетін болды. Ал рефор-
м ат о р  
о қ иғ а ғ а  
б а й л ан ы с т ы  
ө з 
көзқарастары  мен  кеңестері  жазылған 
жауап хатты түнде әзірлеп, сол екі студент 
арқылы  таңертең    Баденге  жіберіп 
отырған. 
Екі  жігіт  қала  қақпасының  қасында 
тұрған  күзеттің  көзіне  түсіп  қалмау  үшін 
төбелеріне үй құстары салынған себеттерді 
қойып  алып,  қалаға  еш  кедергісіз  кіріп 
жүрді. 
    Цвингли  өзінің  жауларымен  сырттай 
шайқасты.  Олармен  бетпе-бет  кездескен-
нен  гөрі  осылай  істегені  жөн  болатын, 
өйткені жауап берер алдында оның бір түн 
бойы  ойланып  шығатын  уақыты  бар  бол-
ды. Баденге хат жолдар алдында көп ойла-
нып, көрер таңды көзбен атыратын — деп 
жазды  Мукониус,    реформатор  жаулары-
мен  ауызекі  кездескеннен  артық  іс  тын-
дырды. 
   Ал  папалықтар  болса  өз жеңістерін  ал-
дын ала тойлап, үстеріне бағалы киім киіп, 
өздерін  алтын  бұйымдармен  әшекейлеп, 
құнды  тамақ,  қымбат  шарап  ішіп, 
міндеттерін ләззат алумен жеңілдетіп жат-
ты.  Керісінше  реформаторлардың  сол 
кездегі  күйлері  қайыршының  аз  ақ  алды 
болды.  Ішіп  жейтіндері  қарапайым  тамақ 
болатын,  соның  өзіне  олар  көп  уақыт 
кетірмейтін. Эколампадиус тоқтаған үйдің 
иесі оның бөлмесіне кірген сайын, не кітап 
оқып,  не  дұға  оқып  отыратынын  байқап: 
«Мына  «есерсоқ»  дегендері  өте  мейірімді 
адам»  —  деп,  оның  инабатты  жан  екенін 
еріксіз мойындады. 
   Пікірсайыс  басталған  кезде  Эккен 
көкірегі  мақтаныштан  жарыла  жаздап, 
әшекейленген кафедраға  шықты.  Эколам-
падиус болса оған қарсы тұрған ұсқынсыз 
жонылған  ағаш  самиянға  отырды.  Зор 
дауысы  мен  өзіне  деген  сенімі  Эккенге 
күш  берді,  ал  алтын  мен  атақ  оны 
жігерлендірді.  «Сенімді  қорғаушы  сыйсыз 
қала ма?» — деп ол көкірегін кере түсті. Ал 
сөз  шеберлігі  таусылған  кезде,  әуелі 
балағаттауға, сосын қарғыс атуға кірісті. 
    Эколампадиус 
жанжалдан 
аулақ 
болуға  тырысты  және  өз  сөзін  бүкпесіз: 
«Мен  үшін  Құдай  сөзінен  артық  өлшеуіш 
жоқ»  —  деп  ашық  жариялады.  Рим 
діндарлары  салтқа  жүгінсе,  реформатор 
Құдай  сөзіне жүгінді.  «Швейцарияда  салт-
дәстүрлердің күші жоқ және олар атазаңда 
бекітілмеген,  ал  сенім  жайлы  айтатын 

81 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет