Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет14/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60
менменшілдік, 
ашушаңдық 
байқалмады,  ал оның өміріне қауіп төніп 
т ұ р ғ а ны н а  
қ ар ам а с т ан  
ж ү з і нд е 
қорқыныштың  елесі    де    болған  жоқ.  
Себебі  оның  арқа  сүйері    барлық  жан 
иелерін  жаратқан,  бүкіл  ғаламның  Иесі  —  
Иса 
Мәсіх 
еді. 
Айтулы 
жиында  
қарапайым  адамның  тілімен  Құдайдың 
Өзі сөйледі. Алланың сөзінің күші ешкімді 
н е м қ ұ р а й д ы  
қ а л д ы р а  
а л м а д ы . 
Ханзадалардың  біразы  Лютердің  сөзінің 
шындық  екенін  мойындады.  Олардың  бір 
бөлігі  бастапқыда  реформатордың  сөзіне 
иланғанымен,  кейін  одан  бас  тартты,    ал 
енді  бір  бөлігі    ақиқатқа  берілгендіктері 
соншалық, 
кейін 
реформация 
ісінің 
қажырлы қайраткерлеріне айналды.   
 Лютердің  сөзін  ұйып  тұрып  тыңдаған 
Курфюрст Фридрих  қатты қобалжулы бол-
ды.      Өз      иелігіндегі        азаматтың    
ерлігіне қызығып,    әрі    қуанған    Фрид-
рих 
оны 
қорғауға 
бел 
байлады. 
Қарсыласушы        жақтардың          күштерін 
салыстыра    келе,   ол,   папаның    және 
оның    сыбайластарының    ақылдарының 
Құдайдың  даналығымен  салыстырғанда 
жай     ғана     топырақ     екенін     айқын 
көрді.    Папа  жеңіліске  ұшырады    және 
оның жеңілісі осы жерде ғана тамамдалып 

71 
 
қоймай,  барлық  келесі  ғасырларға  тарай-
тыны анық байқалды.   
  Лютердің  сөзінің  қайратын  және  оның 
көпшілікке 
қалайша 
әсер 
еткенін 
бақылаған  легат,  Римнің  билігінің  берік 
болатынына  күмән  келтірді.  Сөйтіп  ол,  
барлық 
сөз 
шеберлігін 
пайдаланып, 
қайдағы  қайыршы  монах  үшін  ұлы  Рим-
мен достығын жойып алса, қандай қауіпке  
душар болатынын жас императорға сурет-
теп берді.  Легаттың сөзі императорға әсер 
етпей  қойған  жоқ.  Келесі  күні  Карл  като-
ликтер  шіркеуін  қолдап,  оны  қорғайтыны 
жайлы  уәде  етілген  шешім  қабылдады.  
Лютер  дегенінен  бас  тартпағаны  үшін  
оның  өзі  де  және  оның  ізбасарлары  да 
қатты жазаға тартылатын болды.  Өйткені 
ол  таза  мәсіхшілер  дініне  қарсы  шыққан  
есалаң, 
ойына 
масаттанып 
жүрген 
нақұрыс  деп  жарияланды.  «Мен  бұл 
бұзақылардың көзін жою үшін өз билігімді, 
байлығымды,  достарымды  керек  десе 
өмірімді  құрбан  етемін.  Жексұрын  монах 
көзіме  көрінбей  жоқ  болсын.  Оны  және 
оның  ізбасарларын  типыл  қылу  үшін  бар 
күшімді  саламын.    Десе  де  тағдыры 
түбегейлі  шешіліп  болғанша,  Лютер  үйіне 
аман-есен  оралуы  үшін,  қорғау  қағазы  өз 
күшін жоймайтын болады» — деді импера-
тор.   
   Сейм 
қарама-қайшы 
екі 
лагерге 
бөлінді. 
Папаның 
елшілері 
сеймнен 
«Лютерден қорғау қағазы алынуы керек» —  
деп талап етті, жүз жыл бұрын Ян Густың 
күлін  қабылдағандай,  Рейн  оның  да  күлін 
қабылдасын.  Ал  Германияның  ханзадала-
ры  болса,  өздері  папаның  жағы  Лютердің 
дұшпандары  бола  тұра:  «Атымызға  кір 
келтіретін  мұндай  заңсыздыққа  жол  бере 
алмаймыз. Ян Гуспен болған оқиғаның ар-
ты  ұрысқа  айналып,  халық  қаншама 
қасірет  шеккен  болатын.    Біз  өйтіп 
Г е р м а н и я ны ң  
ж ә не  
о н ы ң  
ж а с 
императорының  басына  сор  тілеп  алатын 
жайымыз жоқ» — деп,  бұл шешімге үзілді-
кесілді  қарсы  болды.  Лютердің  жаулары 
и м п е р а т о р д ы  
ө з  
а й т қ а н д а р ы н а 
қаншалықты  көндіреміз  дегенімен  импе-
ратор:  «Сигизмунд    секілді    уәдемнен  бас 
тартып  абыройымды  айрандай  төге  ал-
маймын»  —  деп,  олардың  дегеніне  көнбей 
қойды.   
   Карл католиктер шіркеуінің заңсыздық 
ә р е к е т т е р і н е ,  
з ұ л ы м д ы қ т а р ы н а 
қарамастан    ақиқаттан    бас  тартып,  ата-
бабаларының  жүрген  жолымен  жүріп, 
солардың  ұстанымдарын  жақтап  қалуға 
бел байлады.   
 Қазіргі  заманымыздың  өзінде  де    анық 
тұрған  шындыққа  мойын  ұсынбай,  ата-
бабаларымыз  солай  істеген,  бізде  солай 
жасаймыз деп қателесіп жүрген жандар аз 
емес.  Десе  де  біздер  ата-бабаларымызға 
қарағанда  басқаша  жағдайда  тұрмыз, 
өйткені  біздердің  міндеттеріміз  де,  пары-
зымыз  да  өзгеше.  Егер  біз  ақиқатты  өз 
бетімізбен  зерттеуге мүмкіндіктеріміз бола 
тұра,  соған  байланысты  міндеттеріміз  бен 
жауапкершілігімізді  анықтағанның  орны-
на  ата-бабалар  салтына  алаңдай  беретін 
болсақ,  әлбетте  сол  үшін  Құдай  алдында 
жауап  береміз.  Біздің  жауапкершілігіміз 
олардың 
жауапкершілігінен 
артық, 
өйткені 
біздің 
жанымызды 
олармен 
қалдырылған  ілім  және  Киелі  Жазба 
беттерінен  алынған  ілім  нұрландырып 
тұрады.  
  Иманы  шала  яхудейлер  жайлы    Иса 
Мәсіх  былай  дейді:  «Мен  сенімі  жоқ  яху-
дейлерге  келіп  шындықты  айтпаған  бол-
сам, олар күнәсіз болып қала берер еді, ал 
ендігі жерде  олар  өз жасаған күнәларына 
жауапты  болмақ»  (Жоһан  15:22).  Дәл  сол 
Ұлы  Күш  германиялық  сеймге  Лютердің 
аузымен  сөз  сөйледі.  Сол  жерде  ақиқат 
жарығы 
жиналғандарға 
өз 
сәулесін 
шашқан  кезде,  Құдайдың  Рухы  соңғы  рет 
олардың 
көпшілігінің 
Құдайға 
бой 
ұсынуын  өтінді.    «Мәсіхші  қылуға  көзімді 
аз-ақ  жеткізе  алмай  тұрсың»  —  деген 
менменшіл  Ақұрпа  секілді,  «Ал  қазір  бара 
бер,  уақытым  болған  кезде  шақырып  ала-
мын»  —  деп  үрейленген  Фалиһас  секілді 
(Елшілердің  істері  24:25,  26,  28),  осы 
д ү н ие ні ң  
б и л і г і  
ү ші н  
Ә л е м н і ң 
Құтқарушысының 
алдында 
жүрегінің 
есігін  мықтап  жауып  алған  Пилат  секілді 
Карл  V  де  жер  бетінің  билігін  қимай, 
Алланың 
жіберіп 
тұрған 
жарығын 
қабылдамады. 
   Лютерге төніп тұрған қауіп жайлы сы-
быс 
бар 
қаланың 
тұрғы ндарын 
қобалжытты.  Реформатордың  достары 
о ны  
қ ұ тқ ар ы п 
қ алуд ы ң 
жо лы н 

72 
 
қ а р а с т ы р д ы .  
К ө п ш і л і к  
қ а у ы м 
императордың  шығарған  шешімін  Римге 
ж ағ ы н ғ анд ы ғ ы  
д е п  
ж а р и я л ад ы . 
Ғимараттардың қабырғаларында, үйлердің 
қақпаларында  неше  түрлі  жазулар  пайда 
болды. Олардың бірі Лютерді балағаттауға 
арналса , енді бірі керісінше оны мақтауға 
арналды. Кей жерлерде қарапайым да көп 
мағыналы  дана  патша  Сүлейменнің:  «Уа 
елім! Патшаң бозбаладай тәжірибесіз болса 
қасіретке  қалғаның!»  (Сүлеймен  10:16)  — 
деген  жазулары  да  болды.    Лютердің 
жанашырларының, бүкіл Германияны бау-
рап        алған,        бұл        қобалжулары    
сеймнің        де,      императордың      да 
байқаусыз    әрекеттен      сақ      болуына    
мезгеп тұрды.  
  Саксондық  Фридрих    реформаторды 
іштей  жақтайтынын  ешкімге  білдіртпей, 
оны сырттай қорғап жүрді және Лютердің 
де, оның жауларының да соңынан аса бір 
сақтықпен  бақылап  отырды.  Лютерге 
дұрыс  көзқараспен  қарайтындарын  жа-
сырмайтындар    да      көптеп      табылып 
жатты.   Оған   графтар,   барондар,   хан-
задалар   сонымен   қоса   шіркеуден   де 
адамдар      жиі      келіп      тұрды.      «Кейде   
жиналғандардың      сандарының      көп   
болатындығы      соншалықты,      олардың, 
реформатордың  аядай  бөлмесіне  симай 
қалатын кездері де болатын» — деп жазды 
Спалатин.  Халық  оған  адамнан  жоғары 
жан  иесі  секілді  қарады.  Оның  ілімін 
қабылдамайтындардың  өздері  Лютерге 
деген  керемет  бір  қарым-қатынастарын 
жасыра алмады. 
  Лютерді  Риммен  келісімге  келтірмекке 
мәжбүрлеген  адамдар  көп  болды.  Вельмо-
жалар:  «Қасарысқаннан  шығатын  ештеңе 
жоқ,  өз  басыңа  пәле  тілегеннен  басқа  түк 
таппайсың»  —  деп  Лютерді  Риммен 
келісімге келу қажеттігіне иландыруға ты-
рысты.    
«Ізгі хабар шайқассыз жариялана алмай-
ды.  Неге  қорқақтық,  ақиқат  болып  табы-
латын  Құдай  сөзінен  мені  ажыратуы  ке-
рек?  Ешқашан  олай  болмайды».  «Мен 
ақиқат  үшін  өлуге  де  дайынмын»  —  деп 
жауап  берді  оларға  Лютер.      Реформатор-
дан  тағы  да  императорға  бағыну  талап 
етілді.  «Менің  кітаптарымды  император-
дан  бастап  қарапайым  христиандарға 
дейін  оқып  шығып,  сарапқа  салуына 
қарсы  емеспін,  бірақ  олар  бұл  еңбектерді 
Киелі 
Кітаппен 
салыстырып 
отырып 
оқулары  керек.  Себебі  Құдай  сөзіне 
бағынбау  мүмкін  емес.  Мен  өзім  Құдай 
сөзіне  түп-түгел  бағынамын.  Сіздерге  ай-
тарым,  менің  арымды,  дегендеріңізге 
лайықты етем деу пайдасыз әрекет». Тағы 
да  бір  кездесу  кезінде:  «Мен  қорғау 
қағазынан  да  бас  тартамын,  өз  өмірімді 
императордың қолына тапсырамын, бірақ 
Құдай  сөзінен  ешқашан  бас  тартпаймын» 
—  деді  Лютер.  Онан  соң  реформатор 
сеймнің  шешіміне,  ол  Киелі  Жазумен 
қ а р а м а - қ а й ш ы  
к е л м е с е  
ғ а н а , 
бағынатынын  айтты.  «Ал  Киелі  Кітапқа 
келетін болсақ, оны  оқуға және ол  туралы 
өз  көзқарасын  айтуға  папа  және  оның 
сансыз  соборлары  секілді  кез  келген 
мәсіхшінің  құқығы  бар»  —    деп,  ол,  өз 
сөзін  тамамдады.  Осыдан  кейін  Лютердің 
жаулары да, достары да оны Риммен тату-
ластыру  мүмкін  емес  екендігін  жақсы 
ұқты.   
   Егер  де  Лютер  өз  еңбектерінің  ең 
болмағанда 
бір 
тармағы 
бойынша 
папалықтармен  келіскенде,  сайтан  өз 
жеңісін  тойлаған  болар  еді.    Бірақ  Лютер 
осы  жерде  табандылық  танытты  және 
оның  табандылығы  жаңа  дәуірге  жол  аш-
ты.   
   Бұл адамның дін  саласында ойланып, 
белгілі  бір  әрекеттер  жасап  енгізген 
жаңалықтары шіркеуге де,  барлық әлемге 
де  ықпалын  тигізбей  қойған  жоқ.    Соны-
мен  қоса  бұл  әсер    белгілі  уақыт 
аралығымен  шектеліп  қалмады,  келер 
ұрпақтарға  кеңінен  тарады.    Оның 
табандылығы,  Құдайға  деген    мүлтіксіз 
сенімі    дәл  осындай  жағдайларға  тап 
болған  адамдарға  көмектеседі,  күш  жігер 
береді. 
Құдайдың 
күші 
мен 
Оның 
қабылдайтын шешімі адамның шешімінен 
және 
албастының 
күшінен 
әлбетте 
жоғары.  
   Лютер  императордың  қаулысы  бойын-
ша  еліне  қайтарылды,  бірақ  ол,  өзіне 
шығарылған  үкімнің  оның  соңынан  бірге 
еріп  жүретінін  жақсы  білді.    Төбесінен 
төніп  тұрған  қасірет  бұлтына  қарамастан 
реформатор  Вормстен  қуанышқа  толы 
жүрекпен аттанды.   

73 
 
   Папаның  қамалын  сайтан  қорғап 
тұрған  болатын,  бірақ  Иса    қамалға 
қабырғаны  тесіп  кірді,  осылайша  сайтан 
Оның билігін мойындауға мәжбүр болды.  
   Лютер 
к етер 
алды нда, 
оның 
табандылығын  қасарысқандық  деп  ұқпау 
үшін, императорға хат жазып кетті: «Адам 
баласының 
жүрегін 
көріп 
тұратын 
Жаратқан    Жалғыз  Иеміз  —  менің 
куәгерім.    Мен  сіздің  өзіңізге,  билігіңізге 
ешқандай  қарсылығым  жоқ,    бағынамын. 
Бірақ адам өмірінің жалғыз ғана өлшеуіші 
болып саналатын Құдай Сөзіне қарсы тұра 
алмаймын.    Мәңгілік  жайлы  сөз  болған 
кезде, бір адамның екіншісіне бағынғанын 
Құдай  қаламайды.    Өйткені  Алланың  ал-
дына барғанда әркім өзі үшін ғана жауап 
береді. 
Мұндай 
бағынушылық 
сол 
адамның  алдында  бас  июмен  бірдей.  Ал 
адам тек  Құдайдың алдында ғана бас июі 
керек». 
  Вормстен  қайтар  жолда  жұртшылық 
Лютерді жылы қарсы алды. Императордың 
сотына  түскен  адамды  үкімет  басшылары 
да,  дін  иелері  де  қуанышпен  қабылдады 
және одан Құдай Сөзін уағыздауды өтінді. 
Лютер  императордың  тыйым  салғанына 
қарамастан мінбеге көтерілді. 
  Папалықтар,  Лютер  Вормстен  аттанып 
кетсімен,  императордың  оған  қарсы  үкім 
шығаруын  талап  етті.  Бұл  декретте: 
«Лютер, 
монах 
киімін 
киген, 
адам 
бейнесіндегі  шайтан»  —  деп  жарияланды. 
Қорғау  қағазының  мерзімі  өтсімен  оған 
қатаң 
шаралар 
қолданылу 
қажеттігі 
бекітілді.  Шығарылған  үкімде:  кім  кімге 
болса 
да 
жүрген 
жерінде 
Лютерге 
қонақжайлық  жасауға,  ас-сумен  бөлісуге, 
қол  көмегін,  сөз  көмегін  жасауға  тыйым 
салынды.  Кез  келген  жерде  оны  ұстап, 
қамауға  алуға  болады  деген  бұйрық 
берілді.  Ал  оған  көмек  көрсеткендер 
мүліктерінен  айрылатын  болды.  Лютердің 
жазған  еңбектері  жойылуы  керек  деп  жа-
рияланды, ал    оны    оқитындар    ауыр 
жазаға  тартылады  делінді.  Лютер  кеткен 
соң көп    ұзамай    онымен жылы қарым-
қатынаста 
болған 
ханзадалар 
мен 
Саксондық курфюрст  те Вормстен аттан-
ды.  Олар  кетсімен  сейм  императордың 
қаулысын 
дереу 
бекітті. 
Бұл 
жолы 
папаның 
көсемдері: 
«реформацияның 
тағдыры біржола  шешілетін болды»  — деп 
есептеді.  
  Бірақ  Құдайдың  жоспары  басқаша  бо-
латын.  Реформаторды  өлімнен  құтқарып 
қалу  үшін  құпия  жерге  тығып  тастау 
қажет  болды.  Сөйтіп  Құдай  Саксондық 
Фридрихке    даналық  беріп,  ол  Лютерді 
құтқарып  қалудың  жоспарын  ойлап  тап-
ты.  Сенімді  адамдарының  арқасында 
курфюрсттың  ойлағаны  жүзеге  асты.  
Үйіне  қайтып  келе  жатқан  Лютерді  орта 
жолда біреулер  ұстап алып, жолбасшыла-
рынан  айырып,  орман  ішіндегі  жолмен 
таулы жерде жалғыз орналасқан Вартбург 
қамалына әкеліп тығып тастады. Бұл, іске 
асқан 
жоспардың 
құпия 
болғаны 
соншалықты,  тіпті  Фридрихтің  өзі  де  көп 
уақытқа  дейін  Лютердің  қайда  екенін 
білген  жоқ.  Білмейтін  адамға    құпия 
сақтау оңай, сол себептен оған ештеңе ай-
тылмады,  тек  реформатордың  амандығы 
жайлы ғана хабар жеткізіліп тұрды. 
  Көктем, жаз, күз өтіп қыс келді. Ал Лю-
тер  әлі  де  болса  сол  қамалдың  тұтқыны 
болып 
жатты. 
Алеандр 
және 
оның 
маңайындағылардың  қуанышында  шек 
болмады.  Өйткені  олар  Ізгі  хабар  біржола 
өшіп,  жоқ  болады  деп  есептеді.  Десе  де 
жағдай олардың күткеніндей емес, мүлдем 
басқаша болатын. Реформатор өзінің май-
шамы н 
ақ иқат ты ң 
қ аз ынасы нан 
толықтырып  жатты,  себебі  жарық  одан 
бетер жарқырай түсуге тиісті болды.  
Лютер  біраз  уақытқа  созылған  қатаң 
шайқастан соң қауіпсіз жерде — Вартбург 
қамалында  дем  алды.  Бірақ  бұл  демалыс 
ұзаққа  созылған  жоқ.  Себебі  уақыт  өткен 
сайын  оның  іші  пыса  бастады.  «Алланың 
адамзат  баласына  қаһары  төніп  тұрған 
осы  ауыр  кезеңде,  Ысрайылды  қорғайтын 
бір пенде табылмады ғой» — деп ол іштей 
қатты  қынжылды,  тіпті  өзін  шайқас 
алаңын 
тастап 
тығылып 
жатқан 
қорқақтай сезінді. Дегенмен, ол күн сайын 
адамның 
бір 
күнде 
істеп 
бітіруге 
мүмкіндігі келмейтіндей орасан еңбек жа-
сап  жатты.  Оның  қаламы  бір  сәт  те  дем 
алмады. Лютердің үні бір жола өшті-ау деп 
есептеген 
оның 
жаулары 
кенеттен 
қобалжи 
бастады. 
Реформатордың 
қаламынан  шыққан  жазбалар  барлық 
Германияға  таралды.  Оның  отандастары-

74 
 
на  сіңірген  еңбегі  өте  зор  болды,  өйткені 
Жаңа  Өсиетті  неміс  тіліне  аударған  Мар-
тин Лютер болатын. Жыл бойы өзінің тас-
ты 
Патмос 
аралынан 
Ізгі 
хабарды 
уағыздап 
жатқан 
Құдайдың 
адал 
куәгерінің дауысы жан жаққа таралды.  
  Құдай  оны  бұл  өмірдің  сахнасынан 
алып  кетіп,  оңаша  жерге  бекер  тыққан 
жоқ. 
Біріншіден 
ажалдан 
арашалап 
қалды,  екіншіден  маңызды  жұмыс  тап-
сырды. Ең бастысы жетістіктер мен табы-
стан 
соң 
кеудесін 
көтеріп 
кететін 
менменшілдіктен,  басты  шыр  айналдыра-
тын атақтан қорғады. 
  Адамзат  ақиқат  сыйлаған  бостандыққа 
қол  жеткізгенде,  сол  ақиқатты  берген 
Құдайды  емес,  оны  уағыздаған  пендені 
дәріптеп  кетеді.  Себебі  албасты  адамның 
ойы  мен  сезімін  Алладан  бұрып  әкетіп, 
Құдайды    емес,  Оның    қолындағы 
қаруының  атағын  жаңғыртады.  Ал  адам 
баласы  болса  атаққа  тұншығып,  кейде 
пендешілік  жасайды,  сөйтіп  халықты 
Құдай Сөзіне емес, өз сөзіне иландырғысы 
келеді.  Шіркеуде  реформаосындай  рухпен 
қаруланған  пенделердің  қырсығынан  жиі 
тоқтап  қалып  жатады.  Құдай  Реформа-
цияны  осындай  қателіктерден  қорғап 
қалуды көздеді.  Бұл еңбек адамның емес, 
Алланың  мөрімен  бекітілуге    тиісті  болды, 
сондықтанда Құдай, адамдардың назарын 
мәңгілік  шындықтың  Авторына    аудару 
үшін  Лютерді  ешкімге  көрсетпей,  тасалап 

75 
 

 Цвингли және Швейцариядағы  
Реформация  
Р е ф о р м а ц и я  
і с і н  
ә р і  
қ а р а й 
жалғастырушыларды 
таңдау 
кезінде 
Құдай    шіркеудің    негізі  қаланған 
уақыттардағыдай 
жоспар 
бойынша 
жұмыс  жасады.  Біздің  көктегі  Ұстазымыз  
дәріптелуге,  дәс  көтерілуге,  мақтауға 
үйреніп қалған байлар мен атақтылардың,  
бір 
сөзбен 
айтқанда 
осы 
өмірдің 
ұлыларының  қасынан өте шықты.  Себебі 
олар 
қарапайым 
халықтың 
мүддесін 
ешқашан  ұққан  емес    және  Назареттен 
шыққан момын Азаматтың әріптесі болуға 
жарамайтын  еді.    Сондықтан  да  Ол: 
«Менің  соңымнан  еріңдер,  Мен  сендерді 
адам  аулаушы  қыламын»  —  деп  Өзінің 
с о ң ы н а н  
қ а р а п а й ы м  
г а л и л е й  
балықшыларын  ерткен  болатын  (Матай 
4:19).    Бұлар  жаңалыққа  құмар,    зерделі, 
қарапайым  жандар  еді.    Сол  заманның 
жалған 
 
ілімдерінен 
аулақ  жүретін 
болғандықтан,  Мәсіх,  бұл  адамдарды  Өз 
қызметіне  жарамды    әріптестер  ретінде 
таңдап  алды.  Реформация  кезінде  де  дәл 
осылай  болды.    Оның  белсенді  мүшелері 
өркөкіректіктен, 
мақтаншақтықтан,  
әзәзілдіктен  аулақ    фанатизмнің  жұғыны 
жұқпаған 
таза 
адамдар 
болған. 
Сондықтанда барлық ғасырларда ұлы іске 
Құдай  қарапайымдарды  тағайындаған.  
Солай істеген жағдайда ғана  атақ адамға 
емес, Аллаға тән болмақ,  өйткені кез кел-
ген 
жақсы  
іске 
дайы н 
тұруға 
қалаушылықты адамға Құдай береді.   
   Саксондық кеншінің жанұясында  Лю-
тер дүниеге келіп жатқан кезде,  бір неше 
аптадан кейін Альпа тауларының  арасын-
да орналасқан бақташының үйінде Ульрих 
Цвингли    туды.    Оның      алған  тәрбиесі   
мен  қоршаған  ортасы    болашақтағы 
атқаратын  ісіне  көп  ықпалын  тигізді.  
Сұлу  табиғат  аясында  ойнақтаған  бала, 
жеті жасынан бастап ата-анасынан Құдай 
туралы  әңгімелерді  көп  естіп,    Оның 
Ұлылығын бойына сіңіріп өсті.  Бір кездері  
т ау лы  
айм ақт ард а 
өмі р  
сүр ге н 
азаматтардың  жасаған  ерлік  әрекеттері 
жас баланың санасында лаулап жатты.  Ол 
анасынан  Киелі  Кітапта  жазылған  тарихи  
оқиғалар   —  бабалар   мен пайғамбарлар,  
періштенің  хабарын  естіген  палестина 
бақташылары,      Вифлеемде  туған  нәресте 
және  Голгофа Азаматы жайлы  естіп өсті.   
Мартин 
Лютердің 
әкесі 
секілді 
Цвинглидің  де  әкесі  баласының  оқып, 
білім  алғанын  жақсы  көрді.    Цвингли  он 
үш жасқа толған кезде әкесі оны  Бернге,   
Швейцариядағы 
ең 
жақсы 
деген 
мектептердің  біріне  оқуға  жіберді.    Бірақ 
бұл  жерде  жас  балаға  оның    өмірін    түп 
орнымен  өзгертетін  қауіп  төніп  тұрды.  
Монахтар    баланы    монастырға  түсіру 
үшін 
бар 
күшін 
салды. 
Берннің  
доминикандық    және  францискандық  
монахтық 
бірлестігі 
дарынды 
жас 
студентті өз жақтарына шығарса,  абырой  
атаққа  ие  болып,    ақша    оларға  судай   
құйылатынын    жақсы  ұқты.    Жас 
студенттің  күш  —  жігері,  тіл  байлығы, 
әдебиетке,  музыкаға  деген  құштарлығы  
және  ақындық  дарыны  монахтардың 
ордендарының  атағын  шығарып,    түсімін 
көбейтетінін  олар  білді.    Сондықтан 
Цвинглиді өз монастырларына түсіру үшін 
олар бар айла тәсілдерін жұмсады.  Лютер 
студент 
кезінде 
өзін 
монастырдың 
кельесінде  көмген  болатын,  егер  де  Құдай 
оның  өміріне  араласпағанда,  ол  сонда 
мәңгі  қалатын  еді.  Цвинглиге  мұндай 
қауіпті  жолға  түсуге  болмайтын  болды. 
Оның әкесіне монахтардың арамза ойлары 
белгілі  болып,  ол  баласын  дереу  үйіне 
шақыртып алды. Цвингли әкесінің дегенін 
екі  етпей  туған  еліне  қайтып  оралды. 
Бірақ  үйінде  көп  болған  жоқ,  шамалы 
уақыттан соң Базельге аттанды. Сол жерде 
жүріп ол Құдай туралы игі хабарды естіді. 

76 
 
Грек  және  еврей  тілінің  оқытушысы  Вит-
тембах  Киелі  Кітаппен  де  танысып,  сол 
арқылы Ізгі хабар студент жастар арасына 
т а р а д ы .  
О л  
д і н  
ә к е л е р і  
м е н 
философтардың  ілімінен  жоғары  тұратын 
ақиқат жайлы ілімді жастардың санасына 
жеткізе білді. Бұл тарихи шындық — Мәсіх  
Исаның  адамзат  баласы  үшін  құрбан 
болғаны  жайлы  хабар  еді.  Айтулы  хабар 
Цвинглидің 
өміріне 
жарық 
түсірген 
алғашқы шұғыла болатын.  
 Көп  ұзамай  ол  Базельді  тастап,  жаңа 
өмірге  жолдама  алды.  Оның  алғашқы 
тоқтаған  жері  Альпадағы  шіркеу  болды. 
Дін  әкесі  атағын  алғаннан  соң,  Цвингли, 
Киелі  Кітапты  зерттеуге  кірісті.  Өйткені 
Алланың 
сеніп 
тапсырған 
халқын 
жетелейтін  басшы  көп  нәрсені  білуге 
тиісті. Ол Килі Кітапты тереңірек зерттеген 
сайын  шынайы  шындық  пен  Римнің 
ілімінің 
арасындағы 
орасан 
зор 
айырмашылықты  айқын  көре  бастады. 
Цвингли  өзін  Құдай  Сөзіне  бағындырды, 
одан  қарама-қайшылықтар  іздеген  жоқ, 
керісінше  бар  ниетін  салып  ақиқатты 
іздеді. 
Игі 
тілекпен 
Киелі 
Рухтың 
басшылығына  сүйеніп  Алланың  айтқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет