Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет13/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60
Римнің  сотына  шығарып  беруге  дайын 
болғанымен,  іштей  Германияның  халқына 
зиянын 
тигізіп 
тұрған 
шіркеу 
мен 

66 
 
қаныпезер 
дін 
әкелерінің 
азғындық 
әрекеттерін  тоқтатуды  да  армандады.  Ле-
гат  папаны  тек  жақсы  жағынан    ғана 
суреттеді. Дәл осы сәтте өтірікке әрең шы-
дап отырған  сейімнің бір мүшесі орнынан 
тұрып  Римде  болып  жатқан  барлық 
тәртіпсіздіктерді  айқын  әшкерелеп  айтып 
берді.  Бұл  адам  Саксондық    герцог  Георг 
болатын.  Сөзін  аяқтай  келе  ол:  «Папа 
билігін  пайдаланып  білгенін  істеп  келеді, 
ал дін әкелері болса ұяттарын қалталарына 
салып қойған, олардың басты мақсаттары  
ақша    табу,  халыққа  ақиқатты  айтып 
жеткізгеннің  орнына,  оларды  керісінше 
өтірікке үйретеді, ал жұрт оларды тыңдап 
қана  қоймай    сол  үшін  оларға  ақша 
төлейді.  Олар өтірікті не ғұрлым көп айт-
са, сол ғұрлым ақшаны көп табады. Папа-
ны 
уланған 
бұлақтың 
көзі 
десек 
қателеспейміз.  Олардың  жүрген  ортасын-
да  дүниеқұмарлық  пен  азғындық  қатар 
адымдап келеді.   Дін   әкелері   халықты 
бақытсыздыққа      ұшыратып,        мәңгілік 
өлімге    итермелеуде.    Дәл    осы   кезде 
біз  үшін  реформа  өте  қажет-ақ»  —  деген 
еді. 
Герцог 
реформацияның 
дұшпаны 
болғандықтан  тыңдаушыларын  өз  сөзіне 
сендірмей  қоймады,  тіпті  Лютердің  өзі  де 
халықты  осылай  аузына  қарата  алмайтын 
еді.  Жиналғандардың  көздері  рухани 
а ш ы л ғ а н  
ж а ғ д а й д а ,  
о л а р 
маңайларындағы,  ақиқатты  қабылдату 
үшін 
адамдардың 
саналарын 
мен 
жүректерін  ашып  жатқан  періштелерді 
көрген  болар  еді.    Мартин  Лютер  айтулы 
жиынға  қатыспағанымен,  ол  жерде  ре-
форматордан үлкен  Біреудің  үні   естілмей 
қалған  жоқ.  Дәл  осы  сеймде  комитет  сай-
ланып,  папа  айыпты  —  деп  табылып, 
оның мойнына 101 тармақтан тұратын әр 
түрлі  кінә  тағылып,  императордан  оның 
қаралуы  және  реформа  енгізіліп,  оның 
жүргізілуі талап етілді. Сонымен қоса олар 
сеймге  реформатордың  міндетті  түрде 
қатысуын талап етті. Алеандрдың қысымы 
мен қарсы болғанына қарамастан енді им-
ператор 
Лютерді 
сеймге 
шақыртуға 
мәжбүр болды. Шабарман арқылы шақыру 
қағазымен  бірге  оған  қорғау  қағазы  да 
жіберілді  және  айтулы  шабарман  Лютер-
мен  Вормске  дейін  қоса  жүріп  отыруға 
тиісті болды.  
 Бірақ  Лютердің достарына бұл шақырту 
мүлдем  ұнамады.  Олар  ешбір  қағаздың 
Лютерді қорғауға құдіреті жетпейтінін ай-
тып, оның ешқайда аттанбауын өтінді. Ал 
Лютер болса олармен келіспеді. Рим менің 
келгенімді  емес,  өлгенімді  қалайды.  Сен-
дер  менің  тілегімді  тілей  беріңдер,  егер 
олар 
менің 
көзімді 
жойса, 
онда 
қорыққаны,  ал  қорыққаны  —  жеңілгені. 
Бұрын    мен  папаны  Исаның  орынбасары 
деп  санасам,  енді  Алланың  дұшпаны, 
Ібілістің пайғамбары деп атаймын.  
 Бұл  қауіпті  жолға  Лютер  жалғыз 
аттанған жоқ, императордың шабарманы-
мен  қоса  оған  үш  досы  еріп  шықты. 
Лютердің досына айналып, оған бауыр ба-
сып  қалған  Меланхтон  да  онымен  бірге 
еріп барғысы келді. Бірақ Лютер оның осы 
жерде қалуын жөн көрді, себебі Лютермен 
бірдеңе  бола  қалған  жағдайда,  оның  ісін 
әрі  қарай  жалғастыратын  шәкірті  болуы 
керек.  Лютерді  шығарып  салуға  келген 
студенттер 
мен 
қала 
халқы 
қатты 
қобалжулы  болды.  Ізгі  хабар  жүректеріне 
әсер  еткен  кейбір  адамдар  оны  жылап 
тұрып шығарып салды. Осылайша рефор-
матор  Виттенбергтен  аттанып  жолға 
шықты.  
 Жол жөнекей кездескен мекендерде Лю-
тер адамдардың көңіл күйлерінің мәз емес 
екендігін  байқады.  Барлық  жерлерде 
императордың  шабармандары  Лютердің 
халық 
арасына 
тараған 
еңбектерін  
жергілікті үкімет билеушілеріне тапсыруды 
олардан талап етіп  жатты. Лютермен бірге 
еріп  келе  жатқан  шабарман,  мүмкін  ол 
кері қайтқанды жөн санар, деп те ойлады. 
Бірақ  Лютер:  «Күллі  қалаларда  да  менің 
шіркеуден  шеттетілгенім  туралы  айтылып 
жатса 
да, 
мен 
алған 
бетімнен 
қайтпаймын»  —  деп  жауап  берді  оған.  
Және болып жатқан  сапырылыс  Лютердің 
жолын әрі қарай жалғастыруына бөгет бо-
ла алмады.  
   Лютер  Эрфуртке  жеткенде  халық  оны 
қошеметпен  қарсы  алды.  Ол  бір  кездері 
қайыршының  қалтасын  асынып  алып, 
садақа  сұрап  аралаған  көшелерін  көрді. 
Сол кездердегі өзінің  монахтық   кельесіне  
бас  сұғып  қарап,  азап  шеккен  күндерін 
есіне  алды.  Сол  сынақтар  арқылы  ендігі 
жерде  күллі  Германияға  тарап  жатқан 

67 
 
жарық  оның  жүрегін  нұрландырған  бола-
тын.  Ал жергілікті халық болса, оның  на-
сихат  айтуын  өтінді.  Осы  жағдайда  оның 
насихат  айтуға  құқығы  болмағанымен,  
онымен  бірге  еріп  келе  жатқан  шабарман 
ережені  бұзып,    бұл  мүмкіндікті  туғызды. 
Осылайша  бұл  жерлерде  кезінде  ең  қара, 
ең лас  жұмысты істеген қарапайым монах  
енді мінбеге көтерілді.  
Лютер  Алланың  атымен  барша  халыққа 
сәлем  жолдап,    айтпақшы  болған  сөзін 
бастап  кетті.  «Философтар,  дін ұстаздары, 
жазушылар  қалай  адамға  мәңгілікке  қол 
жеткізуге  болатынын  ұғындырып  бере  ал-
майды. Айтарым мынау: «Құдай Тағала бір 
Азаматты,  яғни  Иса  Мәсіхты  өлімнен 
қайта  тірілтіп,  сол  арқылы  күнәні  жойып, 
дозақтың  есігін  жауып,  жұмақтың  есігін 
ашты».  Бұл  құтқарылу  жұмысы...  Мәсіх 
өлімді  жеңді.  Мұны  есту  біз  үшін  бақыт. 
Біз  өз  еңбегімізбен  емес,  Оның  біз  үшін 
жасаған ерлігі арқылы құтқарыламыз».  
 Лютер  халыққа  Иса  Мәсіхтың  кім 
екенін,  жер  бетіне  не  үшін  келгенін, 
Алланың 
адамзат 
баласын 
құтқарып 
қалуға  арналған  жоспарын  айтып,  Оның 
кісілерге қоятын талабы жайлы баяндады. 
Бай  болсаң  байлығыңмен  жақыныңа 
жәрдемдес, 
кедей 
болсаң 
оларға 
еңбегіңмен  қызмет  ет,  дүниенің  жалғыз 
ғана тірегі бір Алла екенін мойындап, Оған 
деген 
сеніміңді 
шыңдай 
түс. 
Қара 
басының 
ғана 
қамын 
ойлайтындар 
Алланың  көңілінен  шыға  алмайды.  Халық 
Лютерді  есі  кетіп  тыңдады.  Ашыққан 
адамдар  рухани  азық  алды.Реформатор 
халықтың 
көз 
алдында 
Мәсіхтың 
мәртебесін  көтерді  және  адамдар  Оның 
папалардан,  легаттардан,  императорлар-
дан  және  патшалардан  жоғары  екенін 
түсінді. Ол өзінің қиын жағдайда тұрғаны 
жайлы ешкімге тіс жармады, тек бір Алла 
жайлы  ғана  айтып,  баршаның  ниетін 
Шексіз Құдайға бұрды.  
  Осыдан  кейін  Лютер  қайта  жол  жүріп 
кетті.  Жол-жөнекей  кездескендер  оған 
алау  дайындалып  жатқаны  жайлы  хабар 
берді,  бірақ  Лютер  Алла  үшін  алау  түгілі, 
айдаһардың ауызына түсуге де дайын еді. 
Достары  оны  қауіптен  аман  алып  қалу 
үшін 
ешқ айда 
бармау ға 
қ анша 
үгіттегендерімен,  Лютер  алған  бетінен 
қайтпады.  Достары  оның  өмірі  үшін 
қорықса,  жаулары  жеңіліп,  масқара  бола-
мыз  ба  деп  қорықты.  Папалықтар  пайда 
болған  қиындықтар  шешілгенше оның бір 
рыцарьдың  сарайында  жасырына  тұруын 
сұрады,  ал  достары  алдында  қауіп  барын 
айтып  сақтандырды.  Дегенмен  екі  жақта 
бекерге  әуре  болды.  «Вормсте  жындар 
үйлердің  шатырларындағы  иректерінен 
көп болса да, мен оған кірмей қоймаймын» 
—  деп  үзілді-кесілді  жауап  берді  оларға 
Лютер.  
 Вормске  келгенде  қала  қақпаларының 
алдына  жиналған  көп  халық  Лютерді 
қуанышты  қарсы  алды.  Императордың 
өзіне  сонша  халық  жиналып  көрген  жоқ. 
Адамдар  өте  қобалжулы  болды.  Бір  кезде 
топтың  арасынан  Лютерге  төнген  қауіп 
барын білдірмек болған  біреудің зарлаған 
дауысы  шықты.  Күймеден  шығып  келе 
жатқан Лютер: «Құдай менің қорғаным» — 
деп жауап берді оларға.  
 Папалықтар  Лютердің  Вормске  келгенін 
көргенде, бойларын бейне бір аяз шарпып 
өткендей 
болды. 
Император 
дереу 
кеңесшілерін  жинап,  істі  әрі  қарай 
жалғастырудың жоспарын құрды.  «Бұл өзі 
бір ұзаққа созылып кеткен әрекет болды — 
деп  арыз  тастады  епископтардың  бірі. 
Одан  біржола  құтылуға  сіздің  шамаңыз 
әбден  келеді  —  деп  ол  тағы  да 
императорға қарады. Сигизмунд Ян Густы 
өртеу  жазасына  ұсынған  жоқ  па  еді.  Біз 
«есерсоққа» 
берілген 
қорғау 
қағазын 
сыйлауға  міндетті  емеспіз».  Дегенмен  им-
ператор  оны  қоштамады.  «Біз  өз  сөзімізді 
аяқ  асты  қылмай,    қайткен  күнде  де  ре-
форматорды  тыңдауымыз  керек»  —  деген 
шешім шығарды ол. 
   Барлық  қала  халқы  Лютерді  көруге 
құштар  болды.  Әрі  сырқаттан  енді 
айыққан, әрі екі апталық жолдан қажыған 
Лютерге  тыныштық  әбден  керек  еді.  Десе 
де  бірнеше  сағат  демалыстан  соң  Лютер 
оны  көруге  асық  болған    рыцарьлар,  дво-
ряндар,  дін  әкелері  және  қала  халқымен 
сұхбаттасуға  шықты.  Соншалықты  өжет 
монахты  көруге  тек  достары  ғана  емес, 
жаулары да асықты. Оның жүдеу түрі мен 
әбден  қажыған  көздері  мейірімділік  пен 
қуанышқа  толы  болды  және  жүрегіндегі 
жылуын барша халыққа  жеткізе білді. Со-

68 
 
нымен  қоса  ол  қойылған  сұрақтарға 
асықпай салмақты түрде жауап берді. Бұл 
сәтте  Лютерге  қарсы  сөз  айтуға  оның 
дұшпандарының  да    дәті  бармады. 
Біреулер  реформаторды  Алланың  қасиетті 
күшімен  шабыттанған  деп  есептесе,  енді 
біреулері  оны  шайтанның  құлы  деп  сана-
ды. 
Лютер 
қазылар 
алқасының 
алдына 
шықпас  бұрын,  көп  шайқастардан  өткен 
кәрі генерал оған жылы көзбен қарап бы-
лай  деді:  «Байғұс  монах,  мен  көп 
шайқастараға  қатысқан  адаммын  және 
сенің  де  сондай  қатыгез  шайқастың  ал-
дында  тұрғаныңды  білемін.  Егер  шындық 
сенің  жағыңда  болса  және  өзің  соған 
сенімді  болсаң,  Құдай  үшін  алға  бас, 
е шт е ңеде н 
қ ор ы қ па. 
А лла 
се ні 
қалдырмайды».  
 Ертеңінде  Лютер  сеймге  шақырылды. 
Мұндай  үлкен  жиынға  бұрын  соңды 
қарапайым адам қатысып көрген емес еді. 
Папа  Лютерді  шіркеуден  шеттетіп,  халық 
арасынан  масқаралап  қуғындағанымен, 
енді  оны  соншалықты  ұлы  жиынға 
шақырып  тыңдауға  мәжбүр  болды.  Дін 
әкесі  Лютердің  үнін  қанша  өшіргісі 
келгенімен,  ол  әлемнің  әрбір  бұрышынан 
жиналған  мыңдаған  халықтың  алдына 
шығып сөз сөйледі. Қарапайым монахтың 
үні  ұлы  Римнің  абыройын  әшкерелеп, 
шаңырағын  шайқалтты.  Ал  бұл  дегеніміз 
нағыз көтерілістің өзі болатын. 
  Б ас ы нд а 
р е ф о р м ато р  
ә ле м ні ң 
ақсүйектерінің  алдына  шыққанда  аздап 
қобалжыды.  Бірақ  Шексіз  Құдай  Өзінің 
қызметкерін  жалғыз  қалдырған  жоқ,  оған 
д е р е у  
к өм е к к е  
к е лд і . 
О т ы р ған 
х анз ад аларды ң 
бірі : 
« Еште ңед е н 
қорықпаңыз, 
тәніңізді 
өлтіргенмен, 
жаныңызды  ешкім өлтіре  алмайды»  — де-
се,  енді  бірі:  «Әлемнің  билеушілері  мен 
патшалардың  алдына  шыққанда  не  айта-
мын  деп  қысылмаңыз,  аузыңызға  сөзді 
Алла  Өзі  салады»  (Матай  10:18-20)  —  деп, 
оның көңілін көтеруге тырысты.  
  Лютерге  императордың  тағының  алды-
на  шығуға  ұсыныс  жасалды,  сарай  ішін 
үнсіздік  басты.  Оған  екі  сұрақ  қойылды, 
біріншісі:  мынау  сіздің  еңбектеріңіз  бе? 
Солай болған жағдайда олардан бас тарта-
сыз ба? 
Бірінші сұраққа Лютер бірден «Иә» — деп 
жауап  қайтарды.    Ал  екінші  сұраққа 
дұрыс жауап қайтару үшін, ол император-
дан  аздаған  уақыт    беруін    өтінді.  «Құдай 
Сөзі  көкте  де  жер  бетінде  де  ұлы  қазына 
болып  табылады.  Сондықтан  ол  сұраққа 
ойланбай  жауап  беру  дұрыс  болмас,  олай 
істеген 
жағдайда 
ақиқатты 
толық 
жеткізбеуім  немесе  артық  сөйлеуім  әбден 
мүмкін. Ал Иса былай дейді: «Адамдардың 
алдында  Менен  біреу  бас  тартса,  көктегі 
Әкемнің  алдында  Мен  де  одан  бас  тарта-
мын»  (Матай  10:33).  Сонда  бұл  мәтін 
тікелей  маған  қатысты  болғаны  ғой. 
Қымбатты  император!    Құдай  Сөзін 
ғайбаттамас үшін және соған тұрарлықтай 
жауап  беру  үшін  маған  ойлануға  уақыт 
беруіңізді  сұраймын».  Реформатордың  бұл 
өтініші  оның  даналығын  байқатты  және 
оның  солай  істегені  дұрыс  болды.  Күллі 
жиын  оның  ісінде  селқостық  және 
аңғырттық 
жоғының 
куәсі 
болды. 
Ымыраға  келмейтін  және  өжет  адамның 
бойынан  табылған  сабырлық  пен  жігерлік 
оның  сөзіне  сенімділік  берді  және  кейінгі 
жауабында 
ол 
өркөкіректігі 
мен 
м е н м е н ш і л д і г і  
ә ш к е р е л е н г е н 
қарсыластарын  таң  қалдырып,  барлық  
қойылған  сұрақтарға  салмақтылықпен, 
өжеттілікпен және данышпандықпен жау-
ап қайырды.      Келесі шешуші күн бола-
тын.  Кенеттен    Лютердің  бойын  беймәлім 
бір  қорқыныш  билеп  кетті.  Ол  өзін  сенімі 
шайқалып  кеткендей  сезінді,  ал  жаулары 
болса  оның  жеңілісін  тойлауға  дайын 
тұрғандай болып көрінді. Түнек оны орап, 
Алламен  байланысы  үзіліп  қалғандай 
сезілді.    Осындай  жанталасқан  сәтте  Лю-
тер  Алланың  алдына  құлап,  басын  иіп, 
Оған  жалбарынды.  Көкірегінен  үзіліп 
шығып  жатқан  сөздер  тек  Құдайға  ғана 
мәлім болатын.  
  «Жаратқан Жалғыз Ием! Бұл не қылған 
қатыгез әлем? Ол өзінің аузын айдаһардай 
ашып, мені жұтып жіберуге дайын тұр. Ал 
менің Саған деген сенімім өте нашар. Егер 
де  мен  осы  әлемнің  мықтыларына  ғана 
сенсем,  онда  мәңгілікке  құрығаным.  Мен 
оларға  ешқандай  жамандық  тілемеймін, 
десе  де  олардың  көздерін  шындыққа 
жеткізу  үшін маған  Сенің  даналығың  мен 
күшің  қажет.  Бұл  әділетті  және  ұлы 
шайқас.  Осы  шайқас  үшін  Сен  мені 
таңдап 
алдың. 
Өтінемін 
Сенен, 

69 
 
көмектесші 
маған. 
Сенерім 
Жалғыз 
Өзіңсің.  Мен  үшін  жанын  пида  қылған  
Иса  Мәсіхтың  атынан  сұраймын,  өйткені 
менің  Қорғаным  да,  Қалқаным  да,  
қамалым 
да 
жалғыз 
Иса» 
— 
деп 
Жаратқанға  жалынды.  Бұл  оның  сенімін 
сынақтан 
өткізуге 
арналған 
кезең, 
шыңдалатын сәті еді. Лютер өз өмірі үшін 
қорыққан 
жоқ, 
ақиқатты 
қорғауға 
даналығым 
жетпей 
қала 
ма 
деп 
қауіптенді. 
Жаны 
қатты 
күйзеліске 
ұшыраған  осы  сәттерде,  ол,  бір  кездері 
жалғыз  жылғаның  жанында  жаны  азапқа 
түскен  Ысрайыл  секілді  қиналды.  Бірақ 
Ысрайыл  жеңді,  дәл  сол  секілді  Лютер  де 
өзінің жеңіске жететінін сезді. Құдай оның 
жалғыз  емес  екенін  білдіртті.  Осыдан 
кейін  оның  жаны  жай  тауып,  бойын 
әлдебір  қуаныш  биледі.  Енді  ол  атақты 
адамдардың  алдына  шығып  ақиқатты 
уағыздап, сөз сөйлейтініне өте риза болды. 
Болар  істі  Алланың  қолына  тапсырып,  ол 
алдағы  болатын  шайқасқа  дайындалды. 
Лютер 
өзінің 
қолжазбаларын 
қарап 
шығып, 
Киелі 
Кітаптан 
сөздерінің 
растығын дәлелдейтін жерлерін жазып ал-
ды.  Онан  соң  сол  қолын  Киелі  Кітапқа 
қойып, оң қолын көкке көтеріп: «Ақиқатты 
ашық  түрде  қорғаймын,  егерде  оны 
қаныммен 
дәлелдеу 
қажет 
болса, 
дәлелдеймін»  —  деп  Құдай  алдында  серт 
берді. 
    Сеймге  қайра  келгенде  оның  жүзінде 
қорқыныштың  ізі  де  болған  жоқ.  Осы 
әлемнің  ұлыларының  алдында  Құдайдың 
ержүрек 
куәгері 
жалғыз 
тұрды. 
Императордың сановнигі: «өз іліміңнен бас 
тартасың  ба?  Жоқ  па?»  —  деп,  Лютердің 
оған бірден жауап беруін талап етті. Лютер 
саспады, 
оның 
байсалдылығы 
мен 
қуанышты  жүзіне  көңіл  аударған  жиын 
қайран қалды. 
  «Қымбатты  император,  қадірменді хан-
задалар,  мейірімді  қауым  —  деп  бастады 
Лютер өз сөзін. Мен сіздердің алдарыңызға 
кешегі қойылған сұраққа жауап беру үшін 
шығып  тұрмын  және  де  мені  дұрыс 
түсінулеріңізді  өтінемін.  Егерде  бір  себеп-
термен  әдепті  бұзсам,  алдын  ала  кешірім 
сұраймын,  өйткені  мен  патша  сарайында 
емес  монастырда  тәрбиелендім.  Менің 
қолжазбаларым  мағынасы  жағынан  әр 
қилы. Олардың кейбіреулері тек сенім мен 
Құдайдың  беретін  берекесіне  арналған. 
Олардың  ешкімге  келтіретін  зияны  жоқ, 
керісінше тек қана пайдасы барын  доста-
рым  түгілі  жауларым  да  мойындайды. 
Олардан  бас  тарту  ақиқатты  жоққа 
шығарумен  бірдей.  Қолжазбалардың  бір 
бөлігі  папаның  бұзақылық  әрекеттерін 
әшкерелейді,  олардан  бас  тарту  Римнің 
қатыгездігін  қолдап,  заңсыздыққа  жол 
ашып  беру  деген  сөз.  Ал  қолжазбалардың 
енді  бір  бөлігі  осы  заңсыздықтарды 
қолдайтын  жеке  адамдарды  сынауға 
арналған.  Кейінгі  жазбаларға  келетін 
болсақ,  мін  тағам  деп  артық  кеткен 
жерлерім  де  бар  шығар,  өйткені  неше 
түрлі  қателіктер  менің  де  басымнан  өтіп 
жатады». 
Соған 
қарамастан 
айтулы 
жағдайды  пайдаланып  ақиқаттың  жаула-
ры  Құдай  халқын  бұрынғыдан  бетер 
қорламас  үшін,  ол  бұл  қолжазбалардан  да 
бас тарта алмайтынын айтты. 
«Мен 
Құдай 
емеспін, 
адаммын, 
қымбатты император, қадірменді ханзада-
лар  егер  де  сіздер  мені  қателесіп  тұр  деп 
ойласаңыздар, қатемді көрсетіп, оны Киелі 
Жазу  арқылы  дәлелдеп  беріңіздер,  сонда 
мен қатемді мойындап, өзім бірінші болып 
бұл кітаптарды отқа тастайын».  
 «Сондай-ақ  мен  бостан  босқа  емес, 
ойымды  салмақтап  барып  сөйлеп  тұрмын 
және  қаншалықты  қауіпке  бас  тігіп 
тұрғаным  да  өзіме  белгілі.  Жүрегімде 
ешқандай  қорқыныш  жоқ,  керісінше, 
біздің 
заманымызда, 
Ізгі 
хабардың 
бұрынғы  кездердегідей  ұлы  шайқастың 
себепшісі  болып  тұрғанына  қуанамын. 
Себебі  Құдай  сөзіне  ешкім  немқұрайды 
қарай  алмайды.  «Мен  жерге  бейбітшілік 
емес,  қылыш  әкелдім»  —  деген  болатын 
Иса  Мәсіх.    Құдайды  назаландыруға 
ешкімнің  хақысы  жоқ.    Құдай  сөзін 
қуғынға  ұшыратам  деп  өз  бастарыңызға  
тауқымет  пен  қасірет  тілеп  алмаңыздар.  
Бұған  мысалдарды  көптеп  келтіруге  бола-
ды.   Кезінде перғауын мен Ысрайыл пат-
шалары  өз  биліктерін  бекіте  түсу  үшін, 
жанындағылардың  ақылын  дұрыс  деп 
тауып,  ақыры  өз  бастарын  ажалға  өздері 
ұсынған». 
   Лютер  неміс  тілінде  сөйледі,  одан,  осы 
айтылған  сөздерінің  бәрін  латын  тілінде 
қайталап  беруі  сұралды.    Қаншалықты 

70 
 
шаршап тұрғанына қарамастан ол   латын 
тілінде  қайра  сөйледі.    Тоң    мойын  
тоқшар 
болып 
қалған 
ханзадалар 
Лютердің  сөзін  екінші  рет  қайталанғанда 
ғана    ұға  бастады.    Ал    ақиқатты 
тыңдағысы  келмегендер  ызаға  булықты.  
Сеймнің төрағасы: «Мына қолжазбалардан 
бас  тартасың  ба?  Жоқ  па?»  —  деп, 
Лютердің  оған  қысқа  жауап  беруін  талап 
етті. 
   «Ұлы  император  және  қадірменді  хан-
задалар  менен  тура  жауапты  талап  етсе, 
айтарым  мынау.  Мен  соборға  да,  папаға 
да сенбеймін, өйткені олар жиі қателеседі,  
мен  тек  Киелі  Кітапқа  ғана  сенемін  және 
ондағы  жазылған  ақиқаттан  еш  уақытта 
бас  тартпаймын.  Дейтінім  осы,  басқа  ай-
тарым  жоқ.  Құдайым  маған  жар  болсын.  
Аумин»  —  деп  реформатор  қысқа  жауап 
қайырды.  Осылайша  қайратты  туған  ер, 
Киелі  Жазбаны  басшылыққа  ала  отырып, 
жауыздыққа  қарсы жалғыз  шабуыл жаса-
ды.  Осы    сәтте  оның  жүзі    де  жарқырай 
түсті.   
Жиналғандар  бір  сәтке  үнсіздікке  оран-
ды.  Әуелде олар  Лютердің дұрыстап  ойла-
нып  алуға  мұрсат  сұрағанын  екі  ойлы  бо-
лып  тұр  деп  есептеген  болатын.  Карлдың 
өзі        реформатордың        жүдеу        түріне, 
жұпыны        киіміне        жай        сөйлегеніне 
қарап:        «Мына        монах        маған    
ешқашан өз ілімін қабылдата алмайды» — 
деп  шіренді.  Кейін  оның  батылдығы, 
келтірген  дәлелдемелерінің 
күші  мен 
а н ы қ т ы ғ ы  
т ы ңд ау шы л а р ы н  
т а ң 
қалдырмай  қоймады.  Енді  жиналған 
қауым Лютердің өжеттігіне қайран қалды.  
«Мына  монах    ержүрек  екен,    қорқайын 
деп  тұрған  сыңайы  жоқ»  —  деп  дауыстап 
ж і б е р д і  
и м п е р а т о р .  
Г е р м а н и я 
ханзадаларының 
көпшілігі 
өздерінің 
жерлесінің 
жеңісін 
көріп, 
 
оған 
мақтанышпен қарады.    
 Рим 
жақтаушылары 
сәтсіздікке 
ұшырады. 
Айтқан 
сөздері, 
келтірген 
дәлелдемелері қисынсыз болды. Биліктерін 
Киелі  Жазбадағы  ақиқаттар  арқылы  емес, 
қауіптендіру,  қорқыту  арқылы  бекітпек 
болды.  Сеймнің  төрағасы   Лютерге  қарап: 
«Егер  сен  өз  дегеніңнен  бас  тартпасаң,  
бұзақы ретінде қатты жазаға тартыласың» 
— деді.   
 Лютерді  жігерлене  тыңдап  отырған 
оның  достары  бұл  сөзді  естіп  сескеніп 
қ а л д ы .  
А л  
Л ю т е р д і ң  
ж ү з і н д е 
қорқыныштың  ізі  де  болған  жоқ.  Ол 
жайбырақат  үнмен:  «Мен  ілімімнен  бас 
тарта  алмаймын.  Тәңірім  маған  жар  бол-
сын» — деп жауап берді оларға.   
  Ханзадалар 
бір 
бірімен 
келіссөз  
жүргізгенше,    Лютерге  сеймнен  шығып 
тұру  бұйырылды.  Лютердің  соборға  қарсы 
шығуы  шіркеудің  тарихына  кері  әсерін 
тигізуі  әбден  мүмкін  еді,  сол  себепті    Лю-
тер тағы да соңғы рет сеймге шақырылды. 
Бұл жолы оған қандай жаза қолданылса да 
оның  Римнің  қойған  талаптарын  орында-
майтыны, айтқан сөздерінен бас тартпай-
тыны белгілі болды.  
 Мықтылардың  мықтысы  болып  санала-
тын  папаның  көсемдеріне  қарапайым 
монахтың  қарсы  шығуы  оларды  қатты 
қобалжытты.  Лютер    азапталып  өлтірілсе 
ғана  олардың  ызасы    басылатындай  бол-
ды. 
Осыған 
қарамастан 
Лютердің 
мінезінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет