Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет21/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60
оларды болдырмауға көп кедергі жасаған. 
Ал  Нидерландта  болса  оның  билігі  кең 
құлашын  жайып,  аяусыз  қуғын-сүргін 
тоқтаусыз  жалғаса  берген.  Киелі  Кітапты 
оқу,  ол  туралы  біреуге  әңгімелеу,  Құдайға 
құлшылық 
ету, 
дұға 
оқу, 
Алланы 
мадақтайтын 
әндерді 
айтуға 
тыйым 
салынған.      Олардың      айтқандарына   
құлақ  аспағандар      өлім        жазасына    
кесілген.  Ер        адамдар        найзаның   
ұшына  түйреліп,  әйелдер  тірідей  жерге 
көмілген. Осылайша Карл V мен Филипп II 
тұсында  қаншама  жандар  жазықсыз 
өмірлерімен қоштасқан. 
Бір жанұяны  түгелдей тұтқындап жауап 
алуға  алып  келгенде,  жанұяның  ең 
кішкентай  мүшесі  қойылған  сұраққа:  «Біз 
тізерлеп  тұрып  Құдайға  сыйынамыз. 
Жасаған  күнәларымызға  Одан    кешірім 
сұраймыз. Алланың санамызды тазартуын 
өтінеміз. Сосын патша үшін тілек тілейміз. 
Оның  патшалығында  тыныштық  болуын 
сұраймыз.  Қала  басшылары  үшін  сұрап, 
Құдайдың  оларды  қорғап,  сақтап  жүруін 
тілейміз»  —  деп  жауап  берген.  Әрине  бұл 
с ө з д е р  
ү к і м  
ш ы ғ а р у ш ы л а р д ы 
қобалжытпай 
қойған 
жоқ, 
соған 
қарамастан  олар  жаңағы  баланың  әкесін 
және  бауырларының  бірін  алауға  тастап, 
өртеп жіберді.  
   Қ у ғ ы н д а у ш ы л а р д ы ң  
н а з а с ы 
қаншалықты зор болса, азап шегушілердің 
иманы  соған  тең  бе  тең  келді.    Әйелдері  
жалынның  құшағында  қиналып  жатқан 
к ү йеу ле рі ні ң 
ж аны нан 
т абы лып, 
көңілдерін  сөзбен  жұбатып  немесе    киелі 
ұрандарды орындап  оларға рухани демеу 
жасады. Көрге тірідей көміліп жатқан жас 
өспірім  қыздар  болған  іске  көніп,    жайлы 
төсектеріне  жайғасайын  деп    жатқандай 
сыңай  танытып,  ер  жүрек  мінездерімен 
жазалаушыларын  таң  қалдырмай  қойған 
жоқ. Ал тірідей отқа тасталғандары жаза-
ланар  алдында  ең әдемі  көйлектерін  киіп, 
ерекше  сымбаттанып,  соңғы сапарларына 
к ү й е у г е  
ш ы қ қ а л ы  
ж а т қ а н 
қалыңдықтардай 
дайындалып 
барды. 
Жазықсыз  қырылған  халықтың  жерге 
сіңген  қаны,  оған  көмілген  дәнмен  бірдей 
болды.  Монарх  зұлым  әрекеттерін  әрі 
қарай 
жалғастырып 
қуғын-сүргінді 

108 
 
үдеткен 
сайын, 
ақиқаттың 
туын 
ұстағандардың  саны  да  көбейе  түсті.  Тек 
мейірбан  Вильгельм  Оранский  таққа 
отырғаннан  кейін  ғана  жұрт    ауыр  азап-
тан  құтылып,  Құдайға  еркін  қызмет  ету 
құқығына ие болды. 
 Пъемонта  таулы  аймағында,  Франция 
ж а з ы ғ ы н д а  
ж ә н е  
Г о л л а н д и я 
жағалауларында   Ізгі    хабар    қан    төгу 
арқылы    уағыздалса,    солтүстік    мемле-
кеттерге   Құдай сөзі бейбіт жолмен тара-
ды. 
Скандинавияға  реформация  ілімін  Вит-
тенбергтен  оралған  студенттер  алып  келді 
және  Лютердің  еңбектері  де  түнекті 
сейілтуге  көп  себін  тигізді.  Солтүстіктің 
шыныққан  қарапайым  халқы  жақсы  ха-
барды  естісімен  кесірден  бірден  бас  тар-
тып,    Киелі  Кітап  ұсынып  тұрған  таза 
ілімді бар ниеттерімен қабыл алды.  
Данияның 
реформаторы 
Таузен 
қарапайым 
жанұядан 
шыққан 
бір 
шаруаның  баласы  болатын.  Бала  білімге 
өте  құштар  зерек  болғанымен,  әкесінің 
оған зиялы білім беретін қаражаты болма-
ды,  сол  себепті  ол  монастырға  түсті.  Көп 
уақыт  өтпей  Таузен  өзінің  зеректігімен, 
ерекше  дарындылығымен  монастырдың 
меңгерушісінің көзіне түсті. Білім деңгейін 
тексеру кезінде ол болашақта шіркеуге көп 
пайда әкелетін кең дарындылық танытты. 
Сөйтіп  оны  Германия  немесе  Нидерланд 
университеттерінің  біріне  жіберуге  шешім 
қабылданды.  Виттенбергтен  басқа  жерді 
таңдау  баланың  өзіне  ұсынылды,  себебі 
монахтардың  ойынша  ол  Виттенбергтен 
тарайтын  улы  ілімнен  аулақ  болуы  керек  
болды.    Осылайша  Таузен  папалықтың 
бесігі болып саналатын Кельнге келіп түсті. 
Көп  ұзамай  ұстаздарының  мистицизмі 
оның жүрегін айнытты. Шамамен осы кез-
де  ол  Лютердің  еңбектерімен  танысып 
үлгерген  болатын  және  бұл  кітаптарды  ол 
ризашылықпен оқып, ақ пен қараны айы-
ра  бастады.  Таузен  Лютермен  жүзбе  жүз 
кездесіп, 
көп 
сұрақтар 
бойынша 
ақылдасқысы да келді. Әрине бұл ойының 
м о н а с т ы р д ы ң  
м е ң г е р у ш і с і н е 
ұнамайтынын,  сонымен  қоса    оның 
қолдауынан    айрылып  қалатынын  да  Тау-
зен  жақсы  білді.  Соған  қарамастан  ол 
кетпекші  болып  шешім  қабылдап,  ақыры 
Виттенберг  университетінің  студенті  бол-
ды.  
 Данияға  қайтып  оралғаннан  кейін  Тау-
зен өзінің монастырына келді, бірақ өзінің 
лютеран  екенін  ешкімге  білдіртпеуге  ты-
рысты.  Таузен достарының  намысына  ти-
меу 
үшін, 
ырым-жырымға 
қатысты 
сұрақтарды  қозғамай  ғана  оларға  киелі 
өмір,  таза  иман  жайлы  әңгімелеп,  рухани 
тәрбие  берумен  айналысты.  Әуелде  ол 
Киелі  Кітаптағы  тамаша  жаңалықтарды 
байқап-байқап 
айтса, 
бара-бара 
ол 
күнәкар  адамның  жалғыз  ғана  үміті  Иса 
екенін  айтып,  тек  Сол  арқылы  ғана 
құтқарылу 
мүмкін 
екендігін 
ашық 
уағыздады.  Мұны  естіген  монастырдың 
меңгерушісі  өзінің  долдығын  жасыра  ал-
мады,  өйткені  Рим  шіркеуінің  тамаша 
жауынгері 
болады 
деп 
үміттенген 
шәкіртінің  Исаның  жауынгері  болып 
шыққанына 
шыдамады. 
Сөйтіп 
ол 
Таузенді  басқа  монастырға  ауыстыртып 
жіберді.  Бұл  жерде  діндарлар  оны  кельеге 
қамап, сыртынан бақылаушы қойды. Десе 
де Таузен тордың арғы жағынан болса да, 
ақиқат  жайлы  әңгіме  айтуын  тоқтатқан 
жоқ. 
Осыдан 
кейін 
монастырдың 
басшыларының 
таңырқауына 
орай 
бірнеше 
монах 
өздерінің 
протестант 
болғандар ын 
жария лады . 
Е герде 
данияның  аталары  еретиктермен  не  істеу 
керек  екенін  жақсы  білгенде,  Таузеннің 
дауысы  мәңгілікке  өшкен  болар  еді.  Олар 
Таузенді  зынданға  тастағанның  орнына 
оны керісінше монастырдан қуып жіберді. 
Мықтымыз  деп  көкіректерін  көтеретін 
олар  өздерінің  әлсіздік  байқатқандарын 
сонда  ғана  түсінді.  Себебі  дәл  сол  кезде 
жаңа ілімнің оқытушыларын қамқорлыққа 
алатын патшаның жарлығы шыққан бола-
тын. 
Әрине 
 
бұл 
оқытушылардың 
қатарында  Таузен  де  бар  еді.  Енді  ол 
Құдайдың  сөзін  ашық  уағыздауға  бола-
т ы нд ай 
мүмкі нді кк е  
ие  
бо лды . 
Шіркеулердің  есіктері  айқара  ашылып, 
оның уағызын тыңдау үшін халық топ то-
бымен  жиналатын  болды.  Дания  тіліне 
аударылған  Жаңа  Өсиет  барлық  жерлерге 
таратылды.  Папа  бұл  жұмысты  тоқтатуға 
қаншама  кедергі  құрғысы  келгенімен, 
пәлендей  бірдеңе  жасауға  әлсіз  болып 
шықты, керісінше оның құрған кедергілері 
айтулы  ілімнің  кең  етек  жайуына  себін 
тигізді.  Көп  ұзамай  Дания    түгел  протес-

109 
 
тантизм ілімін қабылдағаны жайлы хабар-
лады..  
Швецияда  Виттенберг  бұлағынан  сусын-
дап  келген  жастар  естіген  ақиқаттарын 
өздерінің  отандастарымен  бөлісті.  Оребру 
жеріндегі  бір  ұстаның  екі  баласы  Олаф 
және 
Лаврентий 
Петрилер 
шведтік 
Р е ф о р м а ц и я с ы н ы ң  
к ө с е м д е р і н і ң 
қатарында  жүрген  болатын.  Олар  кезінде  
Лютер  мен  Меланхтоннан  ілім  алып, 
ақиқат  жолында  жалынды  еңбектенді. 
Олаф Лютер  секілді сөзге шебер, дарынды 
болды  және  өзінің  сергектігімен  халықты 
рухани  серпілте  білді.  Лаврентий  болса 
Меланхтонға  көбірек  ұқсады.  Сырт  пішіні 
ғалымға ұқсас, өте салмақты және сабыр-
лы  болды.  Екеуі  де  парасаттылығымен, 
білімділігімен,  өжеттілігімен  көзге  түсті 
және  ақиқат  жолында  қызмет  еткенде 
адал  жүрді.  Бірақ  папалықтар  да  жай 
қарап 
отырмады. 
Католиктердің 
дін 
әкелері  қараңғы  топас  тобырды  оларға 
қарсы  айдап  салып,  соққыға  ұшыратты. 
Әсіресе бұл тобырмен Олаф жиі кездесетін 
болды. Дегенмен патша реформаторларды 
қолдап,  оларға  үнемі  көмегін  беріп  отыр-
ды. 
Рим  шіркеуінің  езгісінде  болған  халық 
қайыршылық  күн  кешті.  Киелі  Жазбадан 
алыстатылған, сонымен қоса рәміздер мен 
салт-дәстүрлерден 
құралған 
көкірекке 
арқау  бермейтін  діннен  шаршаған    олар, 
пұтқа  табынған  ата-бабаларының  әдетіне 
қайтып  оралды.  Ұлт  үнемі  жауласып  оты-
ратын  екі  партияға  бөлінді.  Бұл  жағдай 
олардың халдерінің одан сайын нашарлап 
кетуіне  әкеліп  соқты.  Патша  мемлекетте 
және  шіркеуде  реформацияны  заңды 
түрде  бекітпек  болып,  Римге  қарсы 
шайқасып  жүрген  көсемдермен  тығыз 
жұмыс жасады.  
Монархтың  көмегін  пайдаланып,  оның 
к ө з і н ш е  
О л а ф  
П е т р и  
к а т о л и к 
ш і р к е у л е р і н і ң  
т ә л і м г е р л е р і м е н 
пікірталасқа  түсіп,  реформация  ілімін 
шеберлікпен қорғады. 
Біз  ата  тегіміздің  ілімін  Киелі  Кітапқа 
қарсы  келмеген  жағдайда  ғана  қоштай 
аламыз. Таза иманның ұстанымдары Киелі 
Жазуда 
түсінікті 
қалыпта 
берілген, 
сондықтан  оны  кез  келген  адам  өзі  оқып 
түсіне алады. «Менің ілімім — Менікі емес, 
Мені  Жібергендікі»  —  деп  жазылған  Киелі 
Кітапта (Жоһан 7: 16). Ал Паул пайғамбар: 
«Құдайдың  атынан  емес,  өз  атынан 
сөйлегендердің  сөзі  —  анафема  болып  та-
былады» (Ғалаттықтарға арналған хат 1: 8)

дейді. 
Ол 
шіркеудің 
қаулылары 
Құдайдың  заңына  қарсы  келсе,  оның 
ешқандай 
күші 
бола 
алмайтынын 
дәлелдеді.  Сондықтан  да  адамның  өмірі 
мен  сенімінің  негізгі  ережесі  —  Киелі 
Кітап, тек қана Киелі Кітап — деді ол. Бұл 
ұлы  шайқас  жаппай  бәріне  белгілі  бола 
бермегенімен, 
ол 
бізге 
Реформация 
армиясының  сарбаздары жайлы  мағлұмат 
береді.  Реформаторлар  —  жан  жағын  шу-
латып  жүрген  шала  білімді  фанатиктер 
емес, 
Киелі 
Кітаптағы 
ақиқатты 
уағыздаушы  тәлімгерлер.  Олар  Киелі 
Кітапты терең зерттеп, Оның беріп тұрған 
қаруын  жақсы  пайдалана  білген  және  со-
нымен  қатар  болашаққа  көз  жүгіртіп, 
уақыттарын  дұрыс  анықтай  білген.  Ал 
Виттенберг, 
Цюрих 
сияқты 
ғылыми 
орталықтарға  және  Лютер,  Цвингли,  Эко-
лампадиус  секілді  ірі  тұлғаларға  көңіл  ау-
даратын  болсақ,  онда  бізге,  әрине  олар 
ұлы  қозғалыстың  көсемдері,  сондықтан 
тамаша жетістіктерге қол жеткізе алатын-
дай  ақылды  болулары  керек,  бірақ 
олардың  соңынан  ергендер  өздерінің 
ұстаздарынан 
мүлдем 
өзгеше 
дейтін 
шығар.  Солай  болуы  да  мүмкін.  Десе  де 
ұстаздарынан  шәкірттеріне  көңіл  аудара-
тын болсақ, Олаф және Лаврентий Петри-
лер  кімдер?  Бұлар  Римнің  майталман  тео-
логтары 
мен 
софистерінің 
алдында 
мүлтіксіз жеңіске жеткен, Киелі Кітаптағы 
сұлу  шындықты  толығымен  меңгеріп, 
маңайындағыларға  рухани  білім  таратқан 
ғалымдар.  Жоғарыда  айтылып  кеткен 
пікірталастың  нәтижесінде  Швецияның 
патшасы 
протестантизмді 
қабылдады 
және  арада  көп  уақыт  өтпей-ақ  оның 
үлгісі  бойынша  протестантизм  ілімін 
барлық парламент мойындады. Олаф Пет-
ри  Жаңа  Өсиетті  швед  тіліне  аударды 
және 
патшаның 
өтініші 
бойынша 
ағайынды  Петрилер  швед  тіліне  барлық 
Киелі  Кітапты  аударуға  кірісті.  Осылайша 
швед халқы алғашқы рет Киелі Жазуды өз 
тілдерінде  оқып    танитын  мүмкіндікке 
жетті.  Парламенттің  қаулысы  бойынша 
Киелі 
Кітапты 
барлық 
шіркеулерде 
халыққа  оқып,  оны  ұғындыру,  сонымен 

110 
 
қатар мектеп оқушыларына сабақ ретінде 
жүргізу  бекітілді.  Киелі  Кітап  надандық 
пен ырымшылдықтың шымылдығын ысы-
рып  тастап,  ақиқатқа  халықтың  көзін 
жеткізді.  Осылайша  Римнің  қанауынан 
босап  шығып,  рухани  тәрбие  алған  ұлт 
көркейіп  гүлдене  бастады.  Кейін  Швеция 
протестантизмнің  қамалдарының  біріне 
айналды.  Арада  жүз  жыл  өткен  соң 
Германиядағы 
отыз 
жылға 
созылған 
қатыгез соғыс кезінде, олардың бастарына  
қауіп  төніп  тұрған  шақта,  осы  кішкене 
ежелгі  әлсіз  мемлекет  Еуропа  бойынша 
немістерге  қол  ұшын  берген  жалғыз 
көмекшілері  болды  .  Сол  кезде  барлық 
солтүстік Еуропа тағы да Римнің жемтігіне 
айналатындай  болып  көрінді,  бірақ  Швед 
армиясы 
Германияға 
көмегін 
беріп, 
папалықтардың  қозғалысын  тоқтатып, 
олардың протестанттарға, кальвинистерге, 
лютерандарға  діни  шыдамдылық  таны-
туын 
талап 
етіп, 
Реформацияны 
қ а б ы л д а ғ а н  
м е м л е к е т т е р г е  
бостандықтарын 
қайтарып 
беруге 
жәрдемін тигізді. 

111 
 
14 
 Кейінгі кезеңдердегі ағылшын  
реформаторлары  
  Германияда  Лютер  Киелі  Кітапты  өз 
тілдерінде 
халыққа 
таратып 
жатқан 
кезінде,  Англияда  дәл  осы  жұмыспен 
Құдайдың  бастауы  бойынша  Тиндаль 
айналысып  жатқан  еді.  Уиклифтың  Киелі 
Кітабы  латын  тілінен  аударылған  болатын 
және онда көптеген қателіктер бар болды. 
Ол 
басылымнан 
ешқашан 
өтпеген 
болатын,  ал  қолдан  жазылған  кітаптың 
бағасы  да  өте  қымбат  болды.  Оны  алып 
оқуға  тек  байлардың  ғана  мүмкіндігі 
жеткен.  Сонымен  қатар  оған  шіркеу 
тыйым  салып,  бұл  кітап  көп  тарай  да 
алмады, 
1516-шы 
жылы 
Лютердің 
тезистері пайда болмастан бір жыл бұрын, 
Эразм  грек  тілінде  Жаңа  Өсиетті  алғаш 
рет  баспадан  өткізді.  Кейін  ол  латын 
тілінде де шықты. Енді алғашқы рет Киелі 
Кітаптың  түпнұсқасы  пайда  болды.  Бұл 
жолы  Оның  қателері  түзетіліп,  өңдеуден 
өтті.  Білімділердің  қолына  түскен  бұл 
кітап, 
олардың 
ақиқатты 
тереңірек 
зерттеулеріне  және  Реформация  ісінің 
өркендеуіне мүмкіндігін берді. Бірақ Киела 
Кітап 
бұрынғысынша 
қарапайым 
халықтың қолына түсе бермеді. 
  Тиндаль Уиклифтің бастаған ісін аяқтап, 
Киелі 
Кітапты 
өзінің 
отандастарына 
ұсынуға  тиісті  болды.  Ақиқатты  іздейтін, 
оны терең түрде зерттей   білетін жалынды 
қайраткер,  грек  тілінде  Эразм  басып 
шығарған  Жаңа  Өсиетті  оқыған  соң,  Ізгі 
хабарды  қабыл  алып,  оны  жұртшылыққа 
батыл  түрде  уағыздады.  Кез  келген  ілім 
Киелі  Кітап  арқылы  тексерілуі  керек  — 
деді ол. Ал папалықтардың: «Киелі Кітапты 
шіркеу  берді,  ендеше  ондағы  жазуды 
шіркеу ғана ширатып бере алады» — деген 
талабына, Тиндаль: «Қыран құстың алдына 
ешкім  асын  әкеліп  қоймайды,  ол  өз 
азығын  өзі  іздейді.  Сол  секілді  Тәңірін 
іздеп  ашыққан  халықты  Киелі  Жазбадан 
Құдайды іздеуге Оның Өзі итермелейді» — 
деп 
жауап 
берген 
болатын. 
«Киелі 
Жазбаны 
халыққа 
сендер 
берген 
жоқсыңдар,  керісінше  оны  халықтан 
жасырып тығып тастадыңдар, шамаларың 
к е лс е  
о ны  
ө р те п 
жі бе р у ге  
д е 
д айы нс ы ңд а р »  
—  
д е п 
Т инд а ль 
жауларының  пиғылдарын  ашық  түрде 
әшкереледі. 
  Тиндальдың 
уағыздары 
көпшіліктің 
көңілінен 
шықты, 
сөйтіп 
ақиқатты 
қабылдағандар 
да 
аз 
болған 
жоқ. 
Папалықтар болса өте сақ болуға тырысты. 
Тиндаль  кетсімен  олар  біреуді  алдап, 
біреуді  арбап,  кері  жұмыстар  жүргізіп, 
уағыздаушының 
еңбегін 
зая 
кетіріп 
отырды. 
   Не  істеуге  болады?  —  деп  абыржыды 
Тиндаль,  -бір  жерге  тұқым  сеуіп  кетсем, 
жау  келіп  сол  араны  қопарып  тастайды. 
Мен барлық жерде бірдей бола алмаймын. 
Шіркін  халық  Киелі  Жазбаны  өз  тілінде 
оқи  алатын  мүмкіндігі  болса  ғой,  онда 
жаудың өтірік даналықтарын бірден ұққан 
болар  еді.  Киелі  Кітапсыз  халықтың 
ақиқатқа  деген  сенімін  бекіту  мүмкін 
емес.  Осы  ой  Тиндальдың  тынышын 
кетірді.  Ысрайыл  халқы  өз  тілдерінде 
сөйлеген,  өз  тілдерінде  Құдайға  арнап  ән 
салған,  олай  болса  біздің  арамызда  Ізгі 
х а б а р  
а ғ ы л ш ы н  
т і л і н д е  
н е г е 
уағыздалмасқа?  Шіркеуге  жарық  таң 
сәріден  гөрі  сәске  түсте  аз  түсе  ме? 
Мәсіхшылар  Жаңа  Өсиетті  өз  тілдерінде 
оқуға тиісті.Шіркеу оқытушылары мен дін 
уағыздаушылар  кейде  әр  түрлі  сөйлейді.  
Айтушылар  өте  көп,  жұрт  кімнің  сөзіне 
сенерін  білмей  дал  болады.  Ақиқатты 
жалған  сөзден  ажырата  білу  үшін  оларға 
Киелі Кітап қажет. 
  Арада  біраз  уақыт  өткен  кезде,  Тиндаль 
мен католик шіркеуінің дін зерттеушісінің 
арасында  болған  пікірталас  кезінде,  сол 
діндәр  былай  деген  болатын:  «Біз  үшін 
папаның  заңынсыз  өмір  сүргенімізше, 
Құдайдың 
заңынсыз 
өмір 
сүргеніміз 
артық».  Оған  Тиндаль:  «Менің  папаның 
өзінде  де,  оның  заңында  да  шаруам  жоқ. 
Егер  Алла  жазып,  өмірім  жетсе,  соқаның 
соңында  жүрген  балаға  дейін  Киелі 
Жазуды  сізден  артық  білетін  болады»  — 
деген еді. 
  Ендігі 
Тиндальдың 
алдына 
қойған 
мақсаты  Жаңа  Өсиетті халыққа өз  тілінде 

112 
 
ұсыну  болды.  Ол  дереу  жұмысқа  кірісіп 
кетті. Үйінен қуылған оған Лондонға келіп 
біраз  уақыт  осы  жерде  еңбектенуге  тура 
келді.  Бірақ  папалықтардың  қаһары  оны 
тағы  да  қашуға  мәжбүр  етті.  Сол  себепті 
ол бұл жерде де көп тоқтала алмады. Оған 
барлық Англияда жер қалмағандай болды. 
Сөйтіп  ол  Германияға  кетуге  шешім 
қабылдады.  Осы  жерде  ол  Жаңа  Өсиетті 
баспадан  өткізіп  дайындамақшы  болды. 
Кедергілердің салдарынан жұмысы екі рет 
тоқтатылды.  Бір  қалада  оған  баспамен 
жұмыс  жасауға  тыйым  салынғанда,  ол 
басқа  қалаға  аттанды.  Ақыры  ол,  кезінде 
Лютер  сеймнің  алдында  тұрып  Ізгі 
хабарды  қорғаған  көне  қала  —  Вормске 
келді. 
Бұл 
жерде 
реформацияның 
жанашырлары  көп  болғандықтан  Тиндаль 
өз еңбегін еш кедергісіз жалғастыра берді. 
Біраз  уақыттан  соң  Жаңа  Өсиеттің  үш 
мың 
данасы 
дайын 
болды. 
Баспа 
жұмыстарын 
әрі 
қарай 
жалғастыру 
қажеттігі 
туындады. 
Сондықтан 
ол 
табанды  түрде  өз  ісін  жалғастырды. 
Ағылшын  басшыларының  қырағылығына 
қарамастан,  Құдай  сөзі  порт  арқылы 
құпия  жолдармен  Лондонға  жеткізіліп,  ол 
жерден  барлық  елге  тарады.  Папалықтар 
ақиқатты  тұншықтырып  құртамыз  деген 
ойда болғандарымен, олардың ойлары іске 
аспай  қалып  жатты.  Бірде  Дархэм  деген 
жердің 
епископы 
кітап 
сатушы 
Тиндальдың  досынан  Киелі  Кітаптың 
барлық  данасын  сатып  алды,  сөйтіп 
реформация  ісіне  кедергі  жасаймын  деп 
ойлады.  Бірақ  бәрі  оның  ойлағанындай 
емес, 
керісінше 
болды. 
Алғашқы 
даналардың  сатылған  ақшасына  қайра 
жақсартылып  өңделген  кітаптар  басылып 
шықты. 
  Тиндаль  қамауда  жатқан  кезінде:  «Егер 
Киелі 
Кітапты 
басып 
шығару ға 
көмектескен адамдардың аттарын айтсаң, 
бостандыққа  шығарыласың»  — деген уәде 
берілді.  Дархэм  қаласының  епископы 
бәрінен  де  артық  көмегін  берді.  Ол  бас 
кезінде 
шыққан 
кітаптарды 
сатып  
алмағанда,  біздің  әрі  қарайғы  еңбегіміз 
соншалықты жемісті болмаған болар еді — 
деп  жауап  берген  болатын  ол.  Тиндаль 
жауларының  қолына  түсіп,  азаптанып 
өлтірілді,  бірақ  оның  қалдырған  қаруы 
келесі 
жауынгерлерге, 
тіпті 
біздің 
уақытымызға  дейін  ақиқат  жолында 
шайқасып 
жүргендерге 
көп 
көмегін 
тигізді. 
   Мінбеден  сөз  сөйлеген  Латимер:  «Киелі 
Жазба  әр  халықтың  өз  тілінде  оқылуы 
керек. 
Киелі 
Кітаптың 
авторы 
— 
Жаратушы  Құдай,  ал  Оған  бағынбайтын 
бірде бір патша, бірде бір император жоқ. 
Біз де айналшықтай бермей, өз өмірімізде 
Киелі  Кітапты  басшылыққа  алуымыз 
керек.  Ата  —  бабаларымыздың  жолымен 
жүрмей, олар жүруге тиісті болған жолмен 
жүрейік»  —  деген  болатын.  Тиндальдың 
жақын 
достары 
Барнс 
пен 
Фрайт 
ақиқатты 
жақсы 
қолдады. 
Олардың 
өнегесі  бойынша  Ридлиз  бен  Крэнмер  де 
о с ы  
ж о л ғ а  
т ү с т і .  
А ғ ы л ш ы н 
реформациясының 
басшылары 
өте 
ақылды  және  дарынды  жандар  болған 
және  олардың  кейбіреулеріне  католиктер 
шіркеуі  құрметпен  қараған.  Олардың 
«киелі тақтың» адасушылықтарымен таныс 
болуы,  папалыққа  қарсы  шығуларына 
себеп 
болды. 
Бабылдың 
құпияларын 
жақсы  білгендіктері  оның  заңсыз  істерін 
әшкерелеуде көп көмегін берді. 
   Л а т и м е р  
у а ғ ы з д а у  
к е з і н д е 
тыңдаушыларына былай деп сұрақ қойған 
болатын:  «Барлық  Англия  бойынша  ең 
ынталы  епископ  және  прелат  кім  деп 
ойлайсыздар?».  Жауабын  естуге  асығып 
тұрған  боларсыздар.  Қойылған  сұраққа 
мен  өзім  жауап  берейін.  Бұл  —  албасты. 
Ол 
өзінің 
епархиясын 
ешқашан 
қалдырмайды.  Ол  үнемі  үйінде,  үнемі 
еңбектену үстінде. Ол ешқашан жай қарап 
отырмайды. 
Ібіліс 
орныққан 
жерде 
кітаптар  жойылады,  орнына  майшамдар 
жағылады.  Киелі  Кітап  жоғалады,  есесіне 
ташпықтар  пайда  болады.  Халық  Ізгі 
хабардың  жарығынан  тасаланып  қалады. 
Папа  тал  түсте  майшамын  жағады.  Ол 
Құдайға  сенушілерді  бітеудей  тонау  үшін 
Мәсіхтың  айқышын  аяқ  асты  қылып, 
тазартқыштың 
мәртебесін 
көтереді. 
Мүгедектер  мен  мұқтаждарға  жәрдем 
бергеннің  орнына,  табынатын  пұттарын 
сәндейді, 
адамның 
шығарған 
заңын 
бекітіп,  Алланың  заңын  алып  тастайды. 
Албасты 
арам 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет