Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет29/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60
сезімдерін  туындатып,  көпшілік  жандар 
Т ә ң і р л е р і н і ң  
к е л е т і н і н е 
немқұрайдылықпен қарады.  Миллер Киелі 
Жазбаның  Мәсіхтың  келетініне  нұсқап 
тұрғанын  тапты.  Пауыл  пайғамбар  былай 
дейді:  «Бас  періште  дауыстап,  керней 
тартылғаннан кейі Иеміз Мәсіх Иса көктен 
жерге  түседі»  (1  Сал.4:16).  «Сол  уақытта 
Менің  Билеуші  ретінде  қайтып  келуімнің 
ғажайып  белгісі  аспаннан  көрінетін  бола-
ды».  «Себебі  найзағайдың  шығыстан  бас-
талып,  батысқа  дейін  жарқырайтыны 
сияқты,  Менің  Билеуші  ретінде  көктен 
қайтып  келуім  де  айқын  болмақ»  (Матай 
24:30,27).  «Құдай  тағайындаған  Билеуші 
қасиетті  періштелерін  ертіп,  ғаламат 
ұлылықпен  көктен  келеді»  (Матай  25:31). 
«Ол  кернейдің  зор  үнімен  періштелерін 
жіберіп,  олар  дүниенің  шет  —  шетінен 
тақуаларды жинап әкеледі» (Матай 24:30). 
Пауыл  пайғамбар  былай    дейді:  «Бәріміз 
бірдей  өлмейміз,  бірақ  бәріміз  түгелдей 
өзгереміз.  Бұл  кенеттен  қас  қағым  сәтте, 
соңғы керней тартылған шақта іске асады. 
Сонда  кернейдің  үні  естіліп,  өлгендеріміз 
қайта  тіріліп,  біз  де  түгелдей  өзгереміз. 
Өйткені  қазіргі  құрып  шіритін  тәндеріміз 
ешқашан 
жойылмайтын 
денелермен 
алмасуға 
тиісті » 
(Қорынттықтарға 
арналған  бірінші  хат  15:  51  —  53).  Сол 
секілді Салоникалықтарға жазған хатында 
да Пауыл пайғамбар Ғайсаның екінші рет 
келетін кезін оларға былай деп сипатьтай-
ды:  Бас  періште  дауыстап,  керней 
тартылғаннан  кейін  Иеміз  Мәсіх  көктен 
жерге  түсіп,  әуелі  Мәсіхқа  сеніп  бұл 
дүниеден кеткендер тіріледі, сонан соң тірі 
жүрген  біздер  Иемізбен  кездесу  үшін 
бұлттың  үстімен  көкке  көтерілеміз»  (1Сал. 
4:16,17). 
  Құдай 
халқы 
Мәсіх 
келмей 
Оның 
патшалығына  ие  бола  алмайды.  «Құдай 
т ағ айы нд ағ ан  
Б и ле у ші  
қ ас ие т т і 
періштелерін  ертіп  ғаламат  ұлылықпен 
көктен  келген  кезде  Өзінің  салтанатты 
тағына 
отыратын 
болады. 
Баллық 
халықтар  Оның  алдына  әкелінеді.  Ол 
шопанның 
қойларды 
серкелерден 
ажыратқанындай  адамдарды  екі  топқа 
бөліп, қойларды оң жағына, серкелерді сол 
жағына 
қояды. 
Сонда 
Патша 
оң 
жағындағыларға 
былай 
деп 
үкім 
шығарады: 
Әкем 
жарылқағандар, 
келіңдер! 
Әлем 
жаратылғаннан 
бері 
өздеріңе 
дайындалған 
Патшалықтан 
үлестеріңді  алыңдар!»  (Матай  25:31-34). 
Бұл  өлеңдерден  біздер  өлгендердің  қайта 
тірілетінін,  ал  тірілердің  жаңаратынын 
көреміз.  Бұл  өзгеріс,  Пауыл  айтқандай, 
оларды  Құдай  патшалығын  қабылдауға 
дайын  етеді.  «Менің  айтпағым  мынау, 
бауырластар:  ет  пен  қаннан  тұратын 
тәндік 
дене 
Құдайдың 
мәңгілік 
патшалығына кіре алмайды: шіріп кететін 
тәндеріміз 
мәңгі 
өмір 
сүре 
алмай-
ды»  (1Қор.15:50).  Қазіргі  тұрған  денеміз 
ажалды,  яғни  өлуге  тиісті,  ал  Алланың 
патшалығы  мәңгілік.  Сондықтан  да  адам-
дар  күнәкар  күйде  тұрғанда  Құдай 
патшалығына  кіре  алмайды.  Бірақ  Иса 
келгеннен  кейін  оларға  мәңгілік  өлметін 
жаңа  дене  береді,  содан  кейін  ғана  адам-
дар, 
мұрагер лер  
ретінде  
Құдай 
патшалығына  кіре  алады.  Осы  өлеңдер 
және  Киелі  Жазбаның  басқа  да  өлеңдері 
күллі 
адамдар 
күткендей 
Мәсіхтың 
патшалығы Оның келер алдында емес, Ол 
келгеннен 
кейі 
ғана 
орнайтынын 
дәлелдейді.  Оның  үстіне  уақыт  белгілері 
мен  әлемнің  күйі  соңғы  күндердің  сипат-
тамаларына  толық  жауап  беріп  тұр.  Киелі 
Жазбаны  зерттей  отыра  Миллер  жердің 
тарихына  берілген  уақыт  аяқталып  қалды 
деген  тұжырымға  келді.  Киелі  Жазбада 
берілген  аяндардың  барлығы  кезі  келген 
кезде 
 
тура 
дәлдікпен 
орындалып 
отырғаны мені таң қалдырмай қойған жоқ 
—  дейді  Миллер.  Мысал  үшін,  топан  суы 
қаптар  алдында  халыққа  120  жыл  уақыт 
берілген  (Болмыс  6:3).  Дәл  топан  суы  бас-
талар  алдында  тағы  да  7  күн  уақыт 
беріледі. Сонан соң жаңбыр 40 күн, 40 түн 

147 
 
құяды 
 
(Болмыс 
7:4). 
Ыбырайым 
пайғамбарының 
ұрпақтарының 
бөтен 
жерде  400  жыл  бойы  малай  болатыны 
жайлы  (Болмыс  15:13)  те  айтылған.  Ша-
рапшы  мен  наубайшыға  берілген  үш  күн 
туралы  (Болмыс  40:12-20)  де  жазылған. 
Мысыр  жеріндегі  перғауынның  халқы  ба-
сынан  кешкен  7  жыл  аштық  туралы  
(Болмыс  41:28-54)  де,  шөл  даладағы  40 
жыл  (Санақ  14:34),  үш  жарым  жылғы 
аштық  жайлы  (3Пат.17:1),  70  жыл  бойы 
т ұ т қ ы нд а  
б о лу  
( Е р е у і л  
2 5 :1 1 ) , 
Навуходоносордың  басынан  өткен    7 
уақыт  (Дан.4:13-16),  яхудейлерге  берілген 
70 рет жетіні құрайтын 7 рет жеті, 62 рет 
жеті  және  1рет жеті мерзімі  (Дан.9:24-27) 
берілген.  Осы  айтылған  аяндар  уақыты 
келген  кезде  тура  орындалған.  Миллер 
Киелі Жазбаны ары қарай зерттей отырып 
Иса  Мәсіхтың  II  рет  жер  бетіне  келетін 
уақытына 
дейін 
созылып 
жатқан 
хронологиялық мезгілдерге көп көңіл бөлді. 
Бұл  уақыт  кесінділеріне  ол  Құдайдың 
құлдарына  «анықтап  берген  уақыты» 
ретінде  қарады.  «Ашылмаған  құпиялар 
Құдай  Иеміздікі,  ал  ашылғандары  бізге 
және  біздің  ұрпақтарымызға  арналған, 
сондықтан  да  біз  осы  Таурат  заңының 
күллі  ережелерін  мәңгі  бақи  жүзеге  асы-
руымыз  керек  —  дейді  Мұса  пайғамбар 
(Қайталанба заң 29:29). Алла құпиясын  Өз 
құлдарына алдын ала ашып алмай ештеңе 
істемейді  —  дейді  Тәңір  Ие  Әміс 
пайғамбары  арқылы  (Әміс  3:7).  Күллі 
жазбаның  шын  және  пайдалы  екеніне 
көзім  жеткен  кезде  (Тімотеге  жазылған  2 
хат 3:16), ол адамның еркімен емес, Киелі 
Рухтың 
баст ауымен 
тақу алармен 
жазылғанын  (Петірдің    2  хаты  1:21)  және 
үмітімізге  берік  болу  үшін  бізге  насихат 
ретінде 
берілге нін 
білген 
кезде 
(Римдіктерге 
жолданған 
хат 
15:4)  
Жазбаның 
хронологиялық 
бөліктерін  
Құдай  Сөзінің  бөлігі  емес  деп  айта  алма-
дым  және  оның  Киелі  Жазбаның  басқа 
бөліктері  секілді  мұқият  зерттеуге  тиесілі 
екенін ұқтым  дейді Миллер. Егер де Құдай 
оны  бізге  ашу  керек  деп  тапса,  онда  мен 
пайғамбарлық  мезгілдердің  жанынан  өте 
шығуға  қақым  жоқ  —  деп  жазады  ол. 
Даниялдың  кітабында  (8:14)  Мәсіхтың 
екінші рет жерге келетініне нұсқайтын «екі 
мың  үш  жүз  кештер  мен  таңдар,  сонда 
қасиетхана  тазарады»  деген  аян  берілген. 
Сонымен  қатар  ол  Киелі  Кітаптан  бір 
күннің бір жылға сәйкес келетінін де білді 
(Санақ 14:34, Езекіл 4:6). Ендеше 2300 күн 
дегеніміз  шын  мәнінде  2300  жыл  екен. 
2300  пайғамбарлық  күндер,  нақтылы 
айтсақ  жылдар  яхудейлерге  анықталған 
игілік  уақытынан  әлдеқайда  ілгері  кеткен 
болатын,  сондықтан  да  оның  Көне 
Өсиеттің  қасиетханасына  еш  қатысы  жоқ 
болатын.  Сол  дәуірдегі  христиандардың 
көзқарасы бойынша  «киелі орын» деп жер 
есептелген.  Миллер  де  дәл  осындай 
көзқараста  болды.  Олай  болса  «2300  кеш-
тер  мен  таңдар,  сонан  соң  «киелі  орын» 
тазарады»  (Дан.8:14)  деген  аян  бойынша 
Алла  келіп  жерді  отпен  тазартады  деп 
ойлаған ол. Егер де 2300 жылдың қай кез-
ден  бастап  саналатынын  білсе,  онда 
өркөкіректігімен, 
менменшілдігімен, 
билігімен, 
байлығымен, 
атағымен, 
арсыздығымен  және  озбырлығымен  әйгілі 
болған  мына  дүние  жойылып,  өлім  деген 
жоғалып, Құдайдың халқы сыйын алып, ал 
зұлымдар жазасын алатын мезгілдің, яғни 
Мәсіхтың  қай  уақытта  келетінін  де 
шығарып алатын еді. Бұдан кейін Миллер 
Киелі 
Жазбаны 
бұрынғысынан 
да 
тереңірек  зерттей  бастады.  Соншалықты 
жауапты  және  маңызды  деген  іске  ол 
түгел  дерлік  уақытын  жұмсады.  Даниял 
пайғамбарының  кітабының  8-ші  тарауы-
нан  2300  жылдың  қай  кезден  басталаты-
нына жауап таба алмады. Себебі Жәбрейіл 
періште  келіп  Даниялға  аян  берген  кезде, 
болашақта  болатын  қуғын-сүргіндердің 
қаншалықты 
қатыгез 
екенін 
көрген 
пайғамбардың 
қат ты 
қорыққаны 
соншалық,  бойында  ешбір  күш  қалмады 
және  ештеңені  түсіне  алмады.  Осыдан 
кейін  ол  бірнеше  күн  ауырды.  Құдай 
Өзінің уәкіліне: «Оған осы аянды ұғындыр» 
—  деп  бұйрық  берді.  Сондықтан  періште 
оған  аянның  мағынасын  толық  ұғындыру 
үшін  екінші  рет  келді:  «Сөздің мағынасын 
барлай біл және аянның мағынасын түсін». 
(Дан.8:27,16;9:22,23,25-27). 

тарауда 
сипатталған 
аянда 
түсініксіз 
қалған 
маңызды    пункт  бар  болатын,  атап 
айтқанда 2300 күн туралы уақыт аралығы. 
Сондықтан  екінші  рет  келген  кезде, 
періште,  уақытқа  қатысты  сұраққа  көп 
көңіл бөлгізді:   
 «Сенің халқың мен киелі қалаң үшін 7 рет 
70    уақыт  беріледі.  Енді  барлығын 

148 
 
дұрыстап ұғып ал. Иерусалимнің қайрадан 
салынуына  бұйрық  шыққаннан  соң  Мәсіх 
Исаға  дейін  7  рет  жеті  және  62  рет  жеті 
уақыт өтеді. Осы мезгілде халық қайрадан 
қайтып,  қаланы  қалпына  келтіреді,  бірақ 
өте  қиын  уақытта.  62  рет  7  мезгілі  өткен 
соң, Иса өлім жазасына ұсынылады. 1 рет 
жеті  мезгілі  көпшілікке  өсиетті  мойында-
тып,  бекіткізеді.    Жетінің  жартысы  өткен 
кезде құрбан шалу тоқтатылады». Періште 
Даниялдың  түсінбегенін  қайра  қайталап 
түсіндіру  үшін  келген  болатын.  «Халқың 
мен  киелі  қалаңа  70  рет  7  уақыты 
тағайындалды»  —  деді.  «Тағайындалды» 
деген 
сөз, 
«қиылып» 
алынды 
деген 
мағынаны білдіреді.70 апта — бұл яхудей-
лер үшін қиылып алынған 490 жыл. Сонда 
ол  қайдан  қиылып  алынбақшы?  Сегізінші 
тарауда  берілген  жалғыз  ғана  мезгіл  2300 
күн  болғандықтан,  70  апта  2300  күннен 
алынады және осы екі уақыт аралығы бір 
мезгілде  басталады.  Періштенің  түсіндіруі 
бойынша бұл 70 апта Иерусалимнің қайта 
құрылуына  бұйрық  шыққан  кезден баста-
лады.  Айтулы  бұйрықтың  қай  күнде 
шыққанын білсек, 2300 күннің қай кезден 
басталатынын 
шығарып 
алу 
қиынға 
соқпаған  болар  еді.  Киелі  Кітапты  ары 
қарай        зерттей        келе,      Үзейір    
кітабының        жетінші        тарауынан    
(Үзейір  7:12-26)  бұл  бұйрықтың  қашан 
шыққанын  білеміз.  Бұл  бұйрық  Парсы 
е л і ні ң  
п а т ш а с ы  
А р т ак с е р к с т ы ң 
қолдауымен  Исаға  дейінгі  457  жылы 
шыққан.  Үзейір  кітабында  (6:14)  былай 
делінген:  «Құдай  үйі  Алланың  бұйрығы 
бойынша, Кир, Дарий және парсы патша-
сы  Артаксеркстың  ұсынысы  бойынша 
қайта салынады». Үш патша кемеліне жет-
кенше  сараптап  ақылдасып  аянға  сәйкес 
айтулы 2300 күннің басталатын мезгілінде 
бұйрық  шығарған.  Ғайса  туғанға  дейінгі, 
айтулы бұйрық шыққан 457 жылды санақ 
нүктесі  деп  алсақ,  70  рет  7  аяны  жайлы 
толық  мағлұмат  аламыз.  «Иерусалимнің 
қайра  салынуына  бұйрық  шыққаннан 
Мәсіх Исаға дейін 7 рет жеті және 62 рет 
жеті»  дегеніміз  69  апта  немесе  483  жыл. 
Артаксеркстың  бұйрығы    Исаға  дейінгі  
457  жылдың  күзінде  күшіне  енді.  Осы 
мезгілден  483  жылды  санап  алсақ,  Иса 
Мәсіхтан  кейінгі  27  —  ші  жылдың  күзі 
шығады,  яғни  бұл  —  аянның  орындалған 
уақыты. 
Мессия  дегеніміз  арнайы  тапсырмамен 
келген  деген  мағынаны  білдіреді  немесе 
арнайы  «майланған»  —  деген  сөз.  27 
жылдың  күзінде  Ғайса  суға  шомылу 
рәсімінен өтті. Бұл рәсімді жасаған Жоһан 
пайғамбары  болатын.  Петір  пайғамбары: 
«Құдай  Назареттен  шыққан  Исаны  Киелі 
Рухпен 
майлап, 
қасиетті 
қызметке 
әзірлеген»  —  дейді  (Елшілердің  істері 
10:38).  Құтқарушының  Өзі  де:  «Құдайдың 
Қасиетті  Рухы  Менің  бойымда,  Ол  Мені 
рухани 
«қайыршыларға» 
ақиқатты 
уағыздауға  жіберді»  —  деді  (Лұқа  4:18). 
Осыдан  кейін  Ғайса  Галилеяға  келіп, 
уақыты  жетті  деп,  халыққа  Ізгі  хабарды 
уағыздай бастады (Марқа 1:14-15).  
 «Бір  рет  жеті  мезгілі  бойында  Ол  көбімен 
өсиетті бекітеді». Айтулы 1 рет жеті 70 рет 
жетінің  соңғы  жетісі  яхудейлер  үшін 
берілген. Осы 7 жылда, яғни 27 ші жылмен 
34  жылдар  аралығында  әуелі  Ғайсаның 
Өзі,  сонан  соң  Оның  оқушылары  Ізгі  ха-
барды 
тек 
яхудейлерге 
уағыздаған. 
Құтқарушымыз 
оларға 
былай 
дейді: 
«Құдайсыздарға 
бармаңдар, 
Самария 
қаласына  кірмеңдер,  Ысрайыл  үйінің 
ө л г е л і  
ж а т қ а н  
т о қ т ы л а р ы н а 
барыңдар»  (Матай  10:5-6).  Ал  жетінің  қақ 
жартысында  құрбан  шалу  тоқтатылады. 
Суға  шомылу  рәсімінен  кейін  үш  жарым 
жыл  өткен  соң,  яғни  31-ші  жылы  
Құтқарушымыз  айқыш  ағашқа  керілді. 
Үлгі  ретінде  берілген  құрбандық  пен 
нақтылы  құрбандық  кездесті.  Барлық 
ғасырлардағы 
құрбандықтар 
мезгеп 
тұрған  Ұлы  құрбандық  шалынғаннан 
кейін, қандай да болса құрбан шалынудың 
мағынасы жойылды. 
Яхудейлерге  берілген  70  рет  7  немесе  490 
жыл  34  жылы  аяқталды.  Осы  кезде 
яхудейлердің 
синедрионының 
шешімі 
бойынша халық Ізгі хабардан бас тартып, 
Шоқанды  таспен  соққыға  жығып  өлтірді 
және  Ғайсаның  ізбасарларын  қуғынға 
ұшыратты.  Құдайдың  қалаулы  халқы 
өздерінің  Құтқарушыларынан  біржола  бас 
тартқаннан кейін, Ізгі хабар барлық дүние 
жүзіне 
уағыздала 
бастады. 
Қуғынға 
ұшыраған  шәкірттер  жер-жерге  сейіліп 
жүріп,  Құдай  Сөзін  уағыздаумен  айналы-
сты.  Осылайша  Філіп  Самария  қаласына 
келіп, 
оларға 
иосы 
жерде 
Мәсіхты 
уағыздады.  Құдайдан  тәлім  алған  Петір 

149 
 
құтқарылу  хабарын  римдік  жүзбасы  Кар-
нельге  ашты  және  жалынды  Пауыл 
Ғайсаға  иланғаннан  кейін  Ізгі  хабарды 
алыс  жатқан  «пұтқа  табынушылардың» 
еліне  тарата  бастады.  Жетпіс  рет  жеті 
мезгілінің  басы  күмәнсіз  Ғайсаға  дейінгі 
457 жыл, ал соңы Ғайсадан кейінгі 34 жыл 
екені  белгілі  болды.  Осы  мағлұматтарды 
пайдалана отыра 2300 күннің аяқталатын 
кезінде  анықтауға  болады.  Жетпіс  рет 
жеті,  яғни  490  күн  2300  күннен  қиылып 
алынып тұр, сонда бізге 490 күн периоды-
нан кейін орындалуға тиісті болатын 1810 
күн    қалады.  34  жылдан  1810  жыл  санап 
алатын    болсақ,  бізге  1844  жыл  шығады. 
Е нд е ше  
Д ания л 
пайғамб ар ы ны ң 
кітабында жазылған (8:14) 2300 күн 1844-
ші  жылы  аяқталады.  Періштенің  сөзі 
бойынша 
осы 
пайғамбарлық 
период 
өткеннен  кейін  «қасиетхана»  тазаруға 
тиісті  болды.  Сонымен  күллі  жан  сенген-
дей,  Мәсіх  келгеннен  кейін  орындалуға 
тиісті  «қасиетхананың»  тазаратын  уақыты 
дәл есептелді.  
 Миллер  серіктестерімен  айтулы  2300  күн 
туралы 
мерзімнің 
1844 
жылдың 
көктемінде  аяқталатынына  сенді,  десе  де 
аянда  күз  айы  туралы  айтылған  болатын. 
О с ы  
ар ад а 
т у ы нд ағ ан  
аз д ағ ан 
түсінбеушіліктер,  яғни  Мәсіхтың  келуі 
көктемде болады деп ойлаған жандар ара-
сында  әбігер  туғызып,  оларды  түңілтті.  
Дегенмен 1844 жылы бір ұлы істің болаты-
ны айдан да анық болды. Киелі Жазбаның 
Құдай  Сөзі  екенін  дәлелдемек  болып,  оны 
зерттеген Миллер ақыры қандай нәтижеге 
келетінін өзі де білген жоқ. Зерттеулерінің 
нәтижесіне Миллер өзі зорға сенді және де 
Жазбадағы 
дәлелдемелер 
соншалықты 
нақтылы  болғандықтан  ғана.  Осылайша 
Миллер  Киелі  Кітапты  тағы  да  екі  жыл 
зерттеді. Сонан соң 1818 жылы Миллер 25 
жылдан кейін Мәсіх Иса жер бетіне  II рет 
келеді  деп,  салтанатты  түрде  шешім 
қабылдады.  Енді  оның  қуанышында  шек 
болмады.  Шіркін  ақиқат  деген  қандай  та-
маша!  Бұрын  көзіме  түсіп  тұратын  күллі 
қарама-қайшылықтар 
ғайып 
болды. 
Зерттелетін    сөздер  әлі  де  жеткілікті 
болғанымен, менің тұманданып тұрған са-
нама  Құдай  Сөзінен  жарықтың  ағыны 
бағытталғандай  болды,  сол  себепті  мен 
Жазбаны  рахаттана  отыра  әрі  қарай  зер-
ттей бастадым.  
  Осыдан кейін ол өзінің қасиетті парызын 
қалай орындайтыны жайлы ойлана баста-
ды. 
Тікелей 
мақсаты 
өзіне 
түскен 
жарықты  өзгелермен    бөлісу  екенін  ол 
түсінбей  қойған  жоқ.  Алдында  арсыздар-
мен шайқас барын да білді, дегенмен күллі 
Мәсіхшылардың  өз  Құтқарушыларымен 
кездескісі  келетінін  де  білді.  Жалғыз  ғана 
қаупі, 
құтқарыламыз 
деп 
қуанған 
жандардың  көбі  оның  ақиқат  екеніне 
көздерін  жеткізіп  алмай,  яғни  Жазбаға 
толық ден қоймай, айтулы ілімді қабылдай 
салуы мүмкін. Өзі көзін толық жеткізіп ал-
май,  басқа  адамдарды  адастырғысы 
келмеді.  Әсіресе  түсінуге  қиын  соғатын 
жерлерін  бақылай  отыра,  ол  пікірін  тағы 
да  тексермек  болды.  Құдай  Сөзінің 
жарығы  алдында  күллі  қарсылық  күн 
сәулесімен  сейілетін  тұманша  тарқап 
кететінін  көрді. Қорытындысының дұрыс 
екеніне  көзі  жеткенше  тағы  бес жыл  өтті. 
Не  істеп  жатса  да,  қайда  жүрсе  де  оның 
ойынан:  «Бар  және  халыққа  оларды  күтіп 
тұрған қауіп жайлы айтып жеткіз» — деген 
сөздер  кетпеді.  Киелі  Кітаптағы  өлеңдер 
оның  ойына  жиі  оралды,  онда:  «Егер  сен 
күнәкарға мына жолың — жаман жол деп 
айтпасаң,  әлбетте  ол  өз  күнәсі үшін  өледі, 
бірақ  оның  қанын  сенің  қолыңнан  таба-
мын.  Егер  сен  парызыңды  орындап,  оған 
ескертетін болсаң және ол сені тыңдамаса, 
ол  өз  күнәсі  үшін  өледі,  ал  сен  жаныңды 
құтқарып  қаласың»  делінген  еді  (Езекіл 
33:8-9).  
«Егер  де  мен  барлық  адамдарға  жар  са-
лып,  жаман  жолдан  тайып  жақсы  жолға 
түсіңдер  деп  ескертсем,  олардың  көбі 
тәубәларына келіп таза жолға түсер еді» — 
деген  ой  Миллерді  мазалай  берді.  Ал  егер 
олай істемесе, онда сол жандардың қанын 
арқаламақшы.  Ол  бар  мүмкіндігінше 
халыққа  өз  көзқарасын  айтып  жеткізуге 
тырысты.  Шіркеу  қызметкерлері  осы 
хабарға  көңіл  аударып,  оның  маңызды 
екенін  түсініп,  сол  жайлы  халыққа  ескер-
тсе    екен    деп    тілеп    жүрді.    Бірақ 
жауапкершіліктің  өз  мойнында  екенін 
анық  білді.  «Барып  халыққа  осы  хабарды 
жеткіз, 
болмаған 
жағдайда 
олардың 
қанын  сенің  қолыңнан  табамын»  —  деген 
сөздер  оның  құлағынан  кетпей  қойды. 
Осылай        жүріп        арада        тағы        да    
тоғыз жыл өтті. Мойнындағы жүгінің ауыр 
болғаны  соншалықты,    1831  жылы  ол  өз 

150 
 
ойын  баршаға  ашық  жариялауға  бел  бай-
лады.  
 Егістік  даласынан  Құдайға  қызмет  етуге 
шақырылған Әліс тәрізді Вильям Миллерге 
де 
Құдай 
Патшалығының 
құпиясын 
дүниеге  ашып  беру  үшін,  соқасын  тас-
тауына  тура  келді.  Ол  ісіне  ізеттілікпен 
кірісіп кетті. Сөйтіп Мәсіх Исаның келетін 
кезіне 
дейінгі 
күллі 
пайғамбарлық 
мерзімдер  суреттемесін  тыңдаушыларына 
байыппен 
бақылатты. 
Адамдар 
оны 
қызығушылықпен  тыңдай  бастаған  кезде 
оның күші мен батылдығы беки түсті.   
  Сенімдегі  бауырларының  табанды  түрде 
сұрауының  нәтижесінде,  мұны  Құдайдың 
дауысы  деп  қабылдаған  ол,  көзқарасын 
ашық  айтуға  бел  буды.  Бұл  оның  елу 
жасқа толып қалған кезі болатын. Мұндай 
жұмысқа  жарамаймын  деген  ол,  бұрын 
ешқашан  адамдардың  алдына  шығып  сөз 
сөйлеп  көрмеген  еді.  Соған  қарамастан 
оның еңбектері әуел бастан ерекше баталы 
болды.  Алғашқы  сөйлеген  сөзі  жұртты  ру-
хани  сілкіндіргені  соншалық,  екі  адамды 
санамағанда,  он  үш  жанұя  Құдайға  бой 
ұсынды.  Ол  әр  жерлерге  уағыз  айтуға 
шақырылатын  болды.  Күнәкарлар  бет 
бұрды,  Мәсіхшылар  Құдайды  тереңірек 
танып білу қажеттігін ұқты, деистер және 
атеистер 
христиан 
діні 
мен 
Киелі 
Жазбаның  ақиқат  екенін  түсіне  бастады. 
Оның  ақиқатты жалынды  түрде өте әдемі 
уағыздағаны  соншалықты,  қатып  қалған 
жүректер 
жібіді. 
Оның 
уағыздары 
халықтың  назарын  діни  ақиқатқа  бұрып, 
сол  кезде  әлемді  шырмап  тастаған 
азғындықтың,  әсіресе  зайырлы  қауымды 
ләззатқа  батырып  жіберген  толқынның 
бетін қайтаруға бағытталды.  
  К ө пт е ге н  
қ а ла лар д а  
М и лле р д і ң 
уағыздарынан 
кейін 
ондаған, 
кейде 
жүздеген  адамдар  имандылыққа  қарай 
бұрыла бастады. Оған көптеген протестант 
шіркеулері  есіктерін  ашты.  Ол  бірнеше 
діни  бірлестіктерден  бірден  шақыру  ала-
тын  болды. Әуелде ол  шақырған  жерлерге 
ғана  барса,  енді  сол  шақырулардың  жар-
тысына  да  жауап  бере  алмай  қалды. 
Олардың  көпшіліктері  Ғайсаның  дәл 
келетін 
уақытымен 
келіспегендерімен, 
Оның 
келетін 
мезгілінің 
жақындап 
қалғанына еш күмән келтірмеді. Оның жа-
сап  жатқан  ісі  қаумға  зор  әсерін  тигізді. 
Шарапшылар өздерінің дүкендерін жауып, 
оларды  уағыз  тыңдайтын  орындарға  ай-
налдырды. 
Ойын 
залдары 
жабылып 
деистердің,  университет  қабырғасында 
жүргендердің, 
ате истердің, 
тіпті 
бұзақылардың 
өмірлерінде 
көптеген 
өзгерістер 
болды. 
Қаланың 
түкпір 
түкпірлерінде халық дұға оқып, Құдайдың 
есімін мадақтайтын әндер айту үшін сағат 
сайын  жиналып  отырды.  Барлық  жерлер-
де 
салмақтылық 
пен 
салтанаттылық 
байқалды. Миллер болса халықтың сезіміне 
емес, 
ежелгі 
реформаторлар 
секілді 
олардың  санасына  әсер  етуге  тырысты. 
1833-ші  жылы  Миллер,  өзі  соның  мүшесі 
болып  табылатын,  баптистер  шіркеуінің 
атынан  ашық  түрде  уағыз  айтуға  рұқсат 
қағаз  алды.  Сөйтіп  ол  өз  ісін  әрі  қарай 
жалғастырды. Көбіне ол Жаңа Англия мен 
С о л т ү с т і к  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет