Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет30/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   60
Ш ы ғ ы с  
ш т а т т а р ы н д а 
еңбектенгенімен,  кей  кездері  ол  басқа  да 
мемлекеттерге саяхатқа аттанып, көп жер-
лерде  Ізгі  хабарды  уағыздады.  Және 
жүрген 
жерлерінің 
бәрінде 
ол 
өз 
қаражатын 
жұмсады. 
Миллер 
үлкен 
жанұяның  әкесі  болатын  және  осы 
ж а н ұ я н ы ң  
е ң б е к қ о р л ы ғ ы  
м е н 
үнемшілдігінің арқасында барлығы ферма-
дан  түскен  аздаған  қаражатқа  күн  көрді. 
1833 жылы Киелі Кітапта айтылып кеткен 
аяндардың тағы да бірі орындалды. Мәсіх 
Иса  былай  деген  болатын:  «Аспаннан 
жұлдыздар жауады» (Матай 24:29). Жоһан 
пайғамбары болса ақырдың алдында бола-
тын белгілердің бірін былай деп сипаттай-
ды:  «Қатты  дауыл  кезінде  піспеген 
жемістерін шашатын інжір ағашы секілді, 
аспаннан  жұлдыздар  жауады»  (Аян  6:13). 
Бұл  аян  таңқаларлық  тамаша  дәлдікпен 
орындалды.  1833  жылы  13-ші  қарашада 
метеориттік  жауын  жауды.  Мұншалықты 
тамаша  көріністі  адамзат  баласы  бұрын 
соңды  бақылап  көрмеген  болар.  Бірнеше 
сағат  бойы  Америка  Құрама  Штаттары 
ж о ғ а р ы д а н  
ж а у ғ а н  
ж а л ы н д ы 
фейерверктің  құшағында  қалды.  Көктен 
келген  бұл  оқиға  біреулерді  таң  қалдырса, 
біреулерді  қатты  шошындырды.  Батыста 
да,  шығыста  да,  оңтүстік  пен  солтүстікте 
де  соншалықты  жауған  метеориттердің 
ағынымен  нөсер  жауынның  өзі  пара-пар 
келе  алмастай  болды.  Барлық  аспан 
қозғалыста  тұрғандай  көрінді.  Сол  кездегі 

151 
 
профессор  Силлиманның  журналында  ха-
барланып  жазылған  бұл  көрініс  барлық 
Солтүстік 
Америка 
бойынша 
жақсы 
байқалды. Метеориттік нөсер түнгі сағат 2 
ден  таң  атқанша  жауып  тұрды.  Бұл 
көріністің 
қаншалықты 
ғажап 
оқиға 
болғанын  тілмен  суреттеп  жеткізу  мүмкін 
емес, оны әр адам өз көзімен көруі керек. 
Барлық  жұлдыздар  бір  нүктеге  топтасып 
жиналы п 
жан 
жақ қа 
шашыр ап 
жатқандай  және  ешқашан  тоқтамастай 
көрінді. Пайғамбардың бұл көріністі қатты 
дауыл  кезінде,  піспеген  жемістерін  ша-
шып жатқан інжір ағашына ұқсастырғаны 
да, содан болар. Бұл оқиға жайлы 1833-ші 
жылы 
14-ші 
қарашада 
Нью-Йорк 
коммерциялық  журналында  жазылған  бо-
латын. Оның авторы былай дейді: «Мұндай 
көрініс  жайлы  бірде  бір  ғалым  немесе 
бірде бір философ жазып көрмеген болар». 
Қазіргі  уақытта  сол  кезде  болған  оқиғаға 
анықтама бері қиынға соғар, дегенмен 18 
ғасыр бұрын пайғамбар айтып кеткен аян 
айтулы күні тамаша дәлдікпен орындалды. 
Бұл  Мәсіх  Исаның  жер  бетіне  II  рет 
келерінің  алдындағы  болатын  белгілердің 
бірі болатын және ол орындалды да. Мәсіх 
Өз 
оқушыларына: 
«Болады 
деген 
оқиғалардың  орындалып  жатқандарын 
көрген  кездеріңде  уақыттың  аз  қалғанын 
білетін  болыңдар»  —  деп  ескерткен  еді 
(Матай  24:  33).  Сонан  соң  Жоһан  тағыда 
бір көріністі көрді, аспан оралған қағаздай 
болып оралып  қалды, жер  сілкініп,  таулар 
орнынан  жылжыды.  Құдайсыздар  келе 
жатқан 
патшалардың 
Патшасынан 
қорқып, жасырынбақ болды (Аян 6:12-17). 
Осы 
оқиғадан 
кейін 
көпшілік 
бұл 
б е л г і л е р г е  
а қ ы р  
з а м а н н ы ң 
ишараттарының бірі ретінде қарады.  
  1840    жылы  тағы  да  бір  аян  тура 
дәлдікпен  орындалды.  Бұл  оқиға  болма-
стан  екі  жыл  бұрын  Ғайсаның  жер  бетіне 
келетінін  уағыздаушы  мұғалімдердің  бірі 
Иосиф  Литч  аянның  9-шы  тарауында  
берілген  ақиқатты  талқылап,  Оттомандық 
империяның 
құлайтынын 
жариялады. 
Оның  санауы  бойынша  бұл  күн  1840 
жылдың  тамызына  келіп  тұрды  және 
айтылған оқиғаның орындалуына бірнеше 
күн  қалғанда,  ол  былай  деп  жазды: 
« Т ү р і к т е р д і ң  
р ұ қ с а т ы  
б о йы н ш а 
Диакозестің  таққа  тұруы,  150  жыл  болып 
саналатын 
периодтың 
соңына 
дәл 
келгендіктен  және  391  жыл  мен  15  күн 
б і р і н ш і  
п е р и о д т ы ң  
с о ң ы н д а 
басталғандықтан,  олар  1840-шы  жылдың 
11-ші  тамызында  аяқталуға  тиісті  және 
осы кезде Константинопольда Оттомандық 
биліктің құлауы күтіледі. Сол сияқты мұны 
кездейсоқ  оқиға  деп  санай  салатынын  да 
жақсы білемін» 
Айтулы  уақытта  Түркия  өз  елшілері 
а р қ ы л ы  
Е у р о п а н ы ң  
б і р і к к е н 
державасының  қамқорын  қабылдап,  хри-
стиан  халқының  бақылауына  түсіп  оларға 
тәуелді  болды.  Барлық  оқиғалар  айтылған 
кезеңдерде  орындалды.  Осыдан  кейін 
көпшілік 
Миллердің 
және 
оның 
пікірлестерінің 
аяндарды 
талқылау 
ұстанымдары  ақиқат  екеніне  көздерін 
жеткізді. 
Содан 
кейін 
адвентистік 
қозғалыс 
табыстарға 
жете 
бастады. 
Ғалымдар  мен  әсері  аумақты  адамдар 
Миллерге  қосылды.  Сонымен  1840  және 
1844    жылдар  аралығында  олардың 
жұмыстары қарқынды түрде жүрді.  
 Вильям  Миллер  өте  саналы  азамат  бола-
тын.  Оқып,  зерттеу  арқылы  жинаған 
даналығы  Алланың  берген  даналығымен 
біріккенде,  ол  көктің  даналығына  да  ие 
болды.  Миллер  өте  таза,  әдепті,  өнегелі, 
әділетті  еді.  Жүрген  ортасында  сый 
құрметке 
бөленуге 
тұрарлықтай 
еді. 
Жүрегінің  жұмсақтығының  арқасында 
маңайына мейірімді болды. Ашулану, ыза-
лану  сияқты  мінездер  оған  жат  көрінді. 
Киелі  Кітапты  жақсы  білгендігі  оған  кез 
келген  жалған  ілімді  танып,  оны  жеңуге 
көмектесті.  
Соған  қарамастан  ол  қатыгездікпен  жиі 
к е зде сі п 
жү рді . 
Еж е лгі  
ке зде гі 
реформаторлардың  уақытындағыдай  сол 
заманның 
дін 
зерттеушілері 
оның 
көзқарасын  қолдамады,  керісінше  оған 
қарсы 
шықты. 
Бұл 
шала 
білімді 
м ұ ғ а л і м д е р  
а қ и қ а т т ы  
т о л ы қ 
меңгермегендіктен  дағдарысқа  ұшырап 
жатқандарына  қарамастан  өз  дегендерін 
дәлелдеу үшін, мәнсіз мақалдарға жүгінді. 
Ал  адвентистер  болса  Киелі  Жазбаға 
сүйеніп, дегендерінің ақиқат екенін Құдай 
сөзімен 
бекітіп 
отырды. 
Ақиқаттың 
қарсыластары  толмай  тұрған  білімдерінің 
орнын  жанжалмен  және  мысқыл  сөзбен 
толтырды.  Бұл  үшін  олар  уақытын  да, 

152 
 
ақшасын да, айласын да  аямай жұмсады. 
Олардың  басты  мақсаты  таза  өмір  сүріп, 
Алланы  қуанышпен  қарсы  алып  және 
Мәсіхтың  келетінін  жан  жағындағыларға 
таратып  жүрген  адамдарды  масқаралау 
болды.  
Олар  Мәсіхтың  жерге  екінші  рет  келетіні 
туралы  хабардан  жұрттың  көңілін  басқа 
жаққа  аудару  үшін  күллі жағдайды  жаса-
ды.  Мәсіх  Исаның  жер  бетіне  II  рет 
келетінін  уағыздау  және  көзге  көрініп 
тұрған  дүние  тамамдалады  деп  хабарлау 
күнә  және  барып  тұрған  масқара  деп 
шығарды.  Осылайша  шіркеу  әкелері 
адамның  сенімінің  түбіріне  балта  шапты. 
Олардың  ілімдерінің  әсерінен  адамдар 
тәннің құлына айналды. Ақыр соңында ол 
жауыздар бар кінәні адвентистерге артып 
қойды.  Миллердің  уағыздарын  тыңдауға 
мыңдаған  адамдар  жиналғандарымен, 
олардың 
іштерінде 
дін 
көсемдерінің 
көсеуімен  оның  ілімін  келемеждеп,  абы-
ройын  төгіп,  еңбегін  жоққа  шығарғысы 
келетіндер де аз болған жоқ. 
Үй-күйін  тастап  халқының  қамын  ойлап, 
оларға  құтқарылудың  жалғыз  ғана  жолын 
көрсетем  деп  жүрген,  самайын  ақ  шалып 
егде жасқа жетіп қалған ел ағасына әзәзіл, 
өтірікші,  фанатик  деген  ат  тағылды.  Бас-
пада  отырғандардың  бұған  қатты  ызасы 
келді.  Өз  қамын  емес,  халқының  қамын 
ойлап,  қиямет  күнінің  болатынын  хабар-
лап  жүрген  жаршыны  келемеждеу  —  бұл 
ақырдың  күнін  келемеждеу,  сол  күні  үкім 
шығаратын  Шексіз  Алланы  мазақ  ету  деп 
арыз 
тастады 
абыржыған 
халық. 
Зұлымдықтың  әкесі  Ізгі  хабардың  тара-
луына    кедергі  жасап  қана  қоймай,  оның 
жаршысының  үнін  де  біржола  өшірмек 
болды. 
Ақиқатты 
тыңдап, 
күнәсін 
әшкерелегенді  жақсы  көретіндер  өте  аз, 
керісінше  көпшілігі  оны  жек  көреді. 
Сондықтан 
Миллердің 
уағыздарын 
жаратпаған  адамдар  оған  өшікті.  Рефор-
маторды 
жақтыртпайты н 
шіркеу 
мүшелерінің 
айдап 
салуымен 
өре 
түрегелген  арсыз  тобырдың  бірі  Миллерді 
соққыға  жығып  өлтірмекші  болды,  бірақ 
сол тобырдың ішінде Алланың періштелері 
бар  болатын.  Адам  бейнесіндегі  сондай 
періштелердің  бірі  Миллерді  тобырдың 
арасынан  алып  шығып  соққыдан  қорғап 
қалды, өйткені Құдайдың жоспары бойын-
ша  оның  атқаратын  жұмысы  әлі  де  көп 
е д і .  
А д в е н т и с т і к  
қ о з ғ а л ы с т ы ң 
қарсыластары  көп  болғандарымен,  оған 
қызығушылық  танытқандар  да  аз  болған 
жоқ. Бұрын келушілердің саны жүздегенге 
жетсе,  енді  мыңдағанға  жететін  болды. 
Көптеген  шіркеулер  бұған  әрине  қарсы 
шықты 
және 
Миллердің 
көзқарасын 
құптайтындарға  жаза  қолдана  бастады. 
С о н д ы қ т а н  
М и л л е р  
д і н и 
деноминацияларға: «егер менің ілімім қате 
болса,  оның  қателігін  Киелі  Кітап  арқылы 
дәлелдеп  беріңіздер»  деген  мағыналы  хат 
жолдады.  
  «Біздің  сеніміміз,  өздеріңіз  ереже  деп 
білетін  және  де  біздің  иманымыз  бен 
мінезіміздің  жалғыз  ғана  ережесі  болып 
табылатын,    Киелі  Жазбаға  негізделіп 
тұрған жоқ па? Ендеше адвентистерді бас-
па 
беттерінен 
немесе 
мінбелерден 
кінәлайтындай 
дәлелдеріңіз 
бар 
ма? 
Қ анд ай 
құ қы ққ а 
с үйене  
о ты р а 
адвентистерді 
өз 
шіркеулеріңіз 
бен 
қоғамдарыңыздан  алыстатасыздар?  Бар 
болса,  кінәмізді  Киелі  Кітап  арқылы 
көрсетулеріңізді  өтінеміз. 
Біз 
күлкіге 
айналдық,  бірақ  біздікі  жөн  емес  деп 
ешкім айта алмайды. Көзқарастарымызды 
Киелі  Жазба  ғана  өзгерте  алады.  Бұл 
шешімге 
біздер 
Киелі 
Жазбадағы 
жарықтың  берілуіне  байланысты  және 
дұға  оқып,  мінәжат  ете  отырып,  саналы 
түрде  келдік.  Себебі  Киелі  Кітап  —  бұл 
Құдайдың  сөзі және  ол  біздің  сеніміміздің 
негізі болып табылады. Оған ешкім қарсы 
келіп, онымен ешкім таласа алмайды». 
   Ш ы н ы м е н  
д е  
Қ ұ д а й д ы ң 
хабаршыларының  ескертулеріне  барлық 
замандарда  да  көпшілік  сенімсіздікпен 
қараған.  Айтатын  болсақ,  топан  суының 
алдында Құдай бұзақыларды табан астын-
да  құртып  жіберген  жоқ,  оларға  топан 
суының келетінін Нұһ пайғамбары арқылы 
хабарлап, 120 жыл бойы уақыт беріп күтті. 
Бұл  хабар  адамдарға  ойдан  шығарылған 
е р т е гід е й 
м ә нсі з  
к өр і ні п, 
о лар 
пайғамбардың  сөзіне  сенбеді.  Қалайша 
елдің  ұлылары мен  атақтылары  білмегенді 
бір-ақ адам білуі мүмкін деп ойлады олар, 
тіпті пайғамбарды мазақ етіп есуас қылып 
шығарып  қойды.  Жоқ,  олар  мұндай 
ақымақтыққа  сене  алмайды  және  кемеге 
кірмейді! 

153 
 
   Құдайсыздар  табиғат  құбылыстарына 
нұсқады:  ауысып  келіп  отыратын  жыл 
мезгілдері,  осы  уақытқа  дейін  бір  тамшы 
тамып  көрмеген  көк  аспан,  түнгі  шықпен 
суарылатын  жасыл  желек,  —  «бұл  адам 
бізге  ертегі  айтып  тұрған  болар»  —  деп 
т а ң д а н д ы  
о л а р .  
Ш ы н д ы қ т ы 
уағыздаушыны  есуас  фанат  деп  жек 
көріп,  оның  сөзіне  ешкім  құлақ  аспады, 
к ерісі нше  
аз ғынд ық  
әре ке тте рі н 
бұрынғыдан бетер жалғастыра түсті. Бірақ 
олардың  сенімсіздігі  сызылып  қойылған 
оқиғаға  кедергі  жасай  алмады.  Құдай 
адамдардың жаман қылықтарына шыдап, 
оларға тәубаға келулеріне көп уақыт беріп 
күтті,  бірақ    Құдайдың  шыдамының 
тостағаны толған кезде, арсыздар өздеріне 
өздері тағайындаған жазасына ие болды. 
Қазір  де  халық  Мәсіх  Исаның  II  рет  жер 
бетіне 
келетініне 
дәл 
сол 
Нұһ 
пайғамбарының  заманындағы  адамдар-
дай  сенімсіздікпен  қарайды.  «Ол  адамдар 
топан  суы  келіп  көздері  жойылғанша, 
қауіп туралы ойлаған жоқ» (Матай 24: 39). 
Өздерін Құдай халқымыз деп санайтындар 
осы  әлемнің  адамдарымен  араласып, 
олардың  азғындық  істерін  қайталап, 
зайырлы 
молшылық, 
сән-салтанат 
ш і р к е у г е  
е н і п ,  
н е к е  
т о й ы н ы ң 
қоңыраулары шылдырлап, байлық жолын-
да  адамдардың  ауыздары  арандай  ашы-
лып  ойындарын  ойнап,  тойларын  тойлап, 
өмір  алда  болашағымыз  жарқын  деп 
жүргенде, 
кенеттен 
найзағайдың 
жарқылдағанындай  болып  ақырдың  күні 
келеді.  Сонда  олардың  жалған  үміттері 
үзіліп,  жарқыраған  армандары  тамамда-
лады.  
Сол  бір  кездері,  топан  суы  келмес  бұрын 
апаттың  алдын  алу  үшін  пенделеріне  Өз 
хабаршысын  жұмсаған  Алла,  қазірде 
ақырдың  келетіні  жайлы  хабарды  жердің 
тұрғындарына жеткізу үшін жан жаққа Өз 
жаршыларын 
жұмсауда. 
Дәл 
Нұһ 
пайғамбарының  кезіндегідей  Миллердің 
ескертулеріне  сенімсіздік  танытып,  оны 
масқаралағандар  аз  болған  жоқ  және  он-
дайлар  Құдай  халқының  арасынан  да 
шықты. 
Неліктен  Мәсіх  Исаның  II  рет  жер  бетіне 
келетіні 
жайлы 
хабарды 
шіркеулер 
қуанышсыз,  түнеріп  қарсы  алады?  Себебі 
Ол заңды бұзған бұзақыларға мәңгілік өлім 
әкеледі. Ал Құдайдың адал құлдарына үміт 
пен  қуаныш  сыйлайды.  Бұл  ақиқат  Алла-
ны  тосып  отырғандарға  үлкен  жұбаныш 
әкелді. Неліктен Құдайдың халқы үшін бұл 
ақиқат  Мәсіх  секілді  «тосқауыл  тасы  мен 
қызықтыру тауына» айналды? 
   Құтқарушы 
кетер 
алдында 
Өз 
оқушыларына  уәде  берген:  «Мен  сендерге 
барып  орын  дайындаймын,  сонан  соң 
келіп 
сендерді 
Өзіммен 
бірге 
алып 
кетемін»  (Жоһан  14:  3).  Ғайса  осы  сәттегі 
Өзінің  оқушыларының  мұңын  жақсы 
түсінді,  сондықтан  оларды  жұбату  үшін 
пері ште ні 
жұмсады . 
Оқушы лары 
жоғарылап 
көтеріліп 
бара 
жатқан 
Ғайсадан  көздерін  айыра  алмай  тұрған 
кезде,  періште  келіп  олардың  көңілін 
бөлді:  «Галилей  азаматтары!  Неге  сендер 
аспанға  қадалып  қалдыңдар?  Сендерден 
аспанға  көтеріліп  кеткен  Ғайса,  тура  сен-
дер  көріп  тұрғандай  күйінде  жерге 
қайрадан оралады (Елшілердің істері 1:11). 
Періштенің 
сөзінен 
кейін 
олардың 
жүректеріне  қайрадан  үміт  ұялады.  Осы-
дан 
кейін 
оқушылар 
Иерусалимге 
қуанышты 
көңіл 
күймен 
оралып, 
ғибадатханаға  барып  Құдайдың  есімін 
мадақтап,  Оған  өздерінің  баталарын  жау-
дырды (Лұқа :24: 52-53). Олар жеке қалып 
қ и ы н д ы қ т а р м е н  
ж а л ғ ы з 
шайқасатындарына 
қуанған 
жоқ, 
періштенің куәлік сөзінен кейін Ғайсаның 
II  рет  жер  бетіне  қайра  оралатынына 
қуанды. 
Біз 
де 
Ғайсаның 
кейінгі 
і з б а с а р л а р ы ,  
О н ы ң  
а л ғ а ш қ ы 
шәкірттеріндей 
бұл 
хабарға 
қатты 
қуануымыз  керек.  Бүгінде  Ғайсаның 
екінші  рет  жерге  келетіні  туралы  хабар 
бізді,  бұрынғы  кездегі  періштелердің 
бетлехемдің 
шопандармен 
бөліскен 
қуанышындай қуанышқа бөлеуі керек. Ол 
II  рет  жер  бетіне  келгенде  қорлық  көру 
үшін емес, Өз халқын алып кету үшін, Ұлы 
күшімен  шексіз  билігімен  салтанатты 
түрде 
оралады. 
Тек 
Ғайсаны 
жек 
көретіндер  ғана  Оның  келуін  қаламайды. 
Шіркеудің  Құдайдан  алыстап  кеткенінің 
ең көрнекті дәлелі, көктен келген хабарды 
қабылдамайтындары.  Адвентизм  ілімін 
қабыл  алғандар  өздерінің  қаншалықты 
күнәкар  екендерін  сезініп,  Құдайдың  ал-
дында кінәлі екендерін жақсы ұқты. Олар 
рухани  өмір  үшін  қайра  тірілді.  Ақырдың 

154 
 
тақау екенін білген олар, ақыр алдындағы 
жауапкершілікті де жақсы сезінді. Жердегі 
аз  күн  тірліктегі  кез  келген  нәрсеге  деген 
қызығушылық  өз  мәнін  жойды.  Алдарын-
да  мәңгілік  ашылып,  адамдар  не  мәңгілік  
бақытты, 
не 
мәңгілік 
қарғысты 
таңдаулары  керек  болды.  Құдайдың  Рухы 
басшылық  жасап,  олар  өз  бауырлары  да 
және  басқа  да  күнәкарлар    да,  барлығы 
бірдей  қиямет  күніне  дайын  болуы  үшін 
шын  ниеттерімен  тілек  тіледі.  Олардың 
осы  үнсіздіктері  басқа  да  жетесіз  шіркеу 
мүшелерінің 
формализмдеріне 
нұсқап 
т ұ р ғ а н д а й  
б о л д ы .  
К е й і н г і л е р 
алғашқыларының 
оларға 
ойын-сауық 
құруға,  дүние  жинауға,  атаққұмарлыққа 
ұмтылуына 
кедергі 
жасағандарын 
қаламады. 
Нәтижесінде 
адвентистік 
сенімге  және  ақиқаттың  хабаршыларына 
қарсы  өшпенділік  туындады.    Жоғарыда 
айтылып  кеткен  аяндардың  орындалу  пе-
риодтарына  қарсы  ешқандай  дәлел  таба 
алмаған  олар,  сол  хабарға  сенушілерді 
түңілдіру  үшін  аяндар  мөрленген,  сол 
себепті  біздер  үшін  олар  жабық  дегенді 
шығарды.  Осы  мінездерімен  протестан-
ттар  папалықтарға  қатты  ұқсады,  ұқсап 
қана  қойған  жоқ  солардың  іздерімен 
жүрді.  Папаның  шіркеуі  Киелі  Жазбаны 
халықтан  тығып  ұстаса,  протестанттар 
бі здің 
у ақы тымы зға 
б айланыс т ы 
ақиқаттар  жүйесі  жайлы  Киелі  Жазбаның 
бөлігі жабық және түсініксіз деп жарияла-
ды.  Даниял  пайғамбарының  кітабы  мен 
аян  құпия  деп  шығарды  олар.  Ал  Мәсіх 
Иса  Өзінің  шәкірттерінің  көңілдерін, 
солардың уақыттарында орындалуға тиісті 
болған  оқиғаларға  қатысты  айтылған,  Да-
ниял  пайғамбарының  сөзіне  бұра  отыра: 
«Оқығандар  түсінеді»  —  дейді  (Матай 
24:15).  Аян  —  ашық  кітап,  оны  түсініксіз 
дейтіндер,  өздеріне  өздері  қарама-қайшы 
сөйлейді.  «Құдай  ұстатқан  Иса  Мәсіхтың 
ашық сөзі, Оның құлдарына болашақта не 
болатынын  білдіреді.  Оны  оқып,  көңіл  ау-
дарып  тыңдап  және  орындайтындар 
бақытты, өйткені уақыт аз қалды» делінген 
жазбада 
(Аян 
1:1,3). 
Пайғамбар: 
«Оқитындар 
және 
тыңдайтындар 
бақытты» 
десе, 
оқитындар 
және 
т ы ң д а й т ы н д а р  
б а р ,  
е н д е ш е 
оқымайтындар  мен  тыңдамайтындар  да 
бар.  Аян  кітабындағы  Құдайдың  насихат-
тары мен ескертулерінен бас тартатындар 
игілікке  ие  боламыз  деп  айта  алмайды. 
Ашық кітапта салтанатты түрде жазылған 
аяндарды,  рәміздерді  келемеждейтіндер, 
өмірлерін  өзгертуден  бас  тартатындар, 
Мәсіхтың  келуіне  дайын  болмағандар 
Құдайдың 
батасынан 
құр 
қалады. 
Қалайша  ашық  кітап  құпия  болмақ?  Бұл 
шешілген  құпия,  ашық  кітап.  Ашық 
Кітапты зерттеу адамдардың назарын Да-
н и я л  
п а й ғ а м б а р ы н ы ң  
к і т а б ы н а 
бағыттайды.  Осы  екі  кітапта  қияметте  не 
болатыны  туралы,  жердің  тарихы  немен 
аяқталатыны туралы маңызды насихаттар 
берілген.  Жохан  пайғамбарына  шіркеуді 
терең  тоғандыратын  оқиғалар  жайлы  аян 
берілген.  Ол  болашақта  болатын  қауіпті, 
шайқасты 
және 
Құдай 
халқының 
құтқарылатынын көрді. Пайғамбар хабар-
ландырудан  кейін  бидайдың  қоймаға, 
сабанның отқа кететінін көрді. Шындыққа 
бет  бұрғандар  жолдарында  шайқас  пен 
қауіп  барын  білу  үшін  Жоханға  әсіресе 
соңғы шіркеуге қатысты ақиқаттар ашыл-
ды. 
Болашақта 
болатын 
оқиғаларға 
қатысты ешкім де түнекте қалмауы керек. 
Бұл  кітапта  болашақта  болатын  оқиғалар 
ашық  көрсетілген,  оны  елемейтіндер 
қауіпті жолда тұр. Ендеше адамдар Құдай 
Жазбасының  маңызды  бөлігі  —  аянға 
неліктен  немқұрайды  қарайды?  Әрине, 
бұл 
түнек 
ханзадасының, 
өтірігі 
әшкереленіп  қалмас  үшін,  жасап  жатқан  
бағытталған ісінің нәтижесі. Сондықтанда 
болашақта  аянның  зерттелуіне  қарсы  бо-
латын  шайқасты  көріп  тұрған,  Ашық 
кітаптың  авторы  —      Иса  Мәсіх  былай 
дейді:  «Оқығандар,  тыңдағандар  және 
орындағандар бақытты». 

155 
 
19 
 Түнекті жарып шыққан жарық  
Құдайдың  басшылығымен  жер  бетінде 
жүріп  жатқан  діни  және  реформациялық 
қозғалыстар  барлық  ғасырларда  да  кере-
мет  ұқсас  екен.  Құдайдың  адамға  деген 
қарым-қатынасының 
ұстанымдары 
өзгерген 
жоқ, 
сол 
қалпы. 
Қазіргі 
уақыттағы 
маңызды 
қозғалыстар 
бұрынғының 
тәжірибесімен 
бекітіліп, 
өткен  ғасырлардағы  шіркеудің  басынан 
кешкен  оқиғалары  біздің  заманымызда 
баға жетпес сабақ болып табылады. Құдай 
адамзат  баласын  құтқару  жолындағы  ұлы 
еңбекте  Киелі  Рух  арқылы  қалаулы 
құлдарына жетекшілік етіп жатқаны тура-
лы Киелі Жазба анық айтады. Алла игі істе 
адамдарды  қару  ретінде  пайдаланады. 
Жер  бетіндегі  әрбір  жанның  орындайтын 
өз міндеті бар. Олардың әрқайсысына Ал-
ла атқаратын қызметіне байланысты және 
уақыт  талабына  сай  жеткілікті  білім 
береді.  Соған  қарамастан  бірде  бір  адам, 
Аспан 
оны 
қанша 
бағалағанымен 
Құдайдың құтқару жоспарын, тіпті соның 
уақытында  іске  асырып  жатқан  жоспары 
мен  көздеген  мақсатын  толық  түсіне  ал-
майды. Адамдар Құдайдың берген тапсыр-
масын  орындап  жатқандарымен,  бұл 
хабардың  мағынасына  түбегейлі  барлау 
жасай 
алмайды. 
«Зерттеу 
арқылы 
Құдайды  таба  аласың  ба?  Жаратушыны 
толық  біле  аласың  ба?».  «Менің  ойым 
сендердің  ойларыңа  ұқсас  емес  және 
сендердің  жолдарың  —  Менің  жолым 
емес».  «Аспан  жерден  қаншалықты  биік 
болса,  Менің  жолдарым  да  сендердің 
жолдарыңнан  соншалықты  биік  және 
Менің  ойым  да  сендердің  ойларыңнан 
соншалықты 
жоғары, 
өйткені 
Мен 
Құдаймын,  Маған  ұқсас  ешкім  жоқ»  — 
дейді  Шексіз  Алла.  Ең  басында  Алла, 
соңында  не  болатынын  біледі  (Айып  11:7, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет