Елена Уайт «Ұлы шайқас»



Pdf көрінісі
бет49/60
Дата06.03.2017
өлшемі2,55 Mb.
#8166
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60
жұрттар 
спиритизмді  жай  көзбайлаушылық  деп 
есептейді, 
кейін 
табиғидан 
жоғары 
күштермен 
бетпе-бет 
кездескенде, 
алданып, оны Алланың күші деп санайды.  
Б ұ л 
ад амд ар  
К ие лі  
Ж азб аны ң 
таңғажайып  істер  жазылған  жерлерін 
о қ ы м а ғ а н  
б о л а р .  
П е р ғ а у ы н н ы ң 
сиқыршылары 
жынның 
араласуының 
арқасында 
өз 
істерін 
Құдай 
ісіне 
ұқсастыра  білген.  Пауыл  пайғамбарының 
айтуынша Мәсіхтың екінші рет жер бетіне 
келуінің  алдында  жоғарыда  айтылғанға 
ұқсас оқиғалар болады (Салоникалықтарға 
жазылған  екінші  хат  2:9,10).  Жоһан 
пайғамбар  ақырдың  күнінде  болатын 
оқиғаларды  суреттей  отыра,  былай  дейді: 
«Шайтан  ғажайып  істерімен  жұртты  таң 
34 
Спиритизм  

243 
 
қалдырады,  тіпті  көктен  жерге  от  та 
т ү с і р е д і ,  
с ө й т і п  
ж е р д е г і л е р д і 
алдайды» 
(Аян 
13:13,14). 
Елшінің 
айтуынша  бұл  құбылыстар  көздің  елесі 
емес, шынымен болатын оқиғалар.  
Ж ы н д а р  
а д а м д а р д ы  
а л д а п 
қақпандарына  түсіру  үшін  бар  өнерлерін 
салады.  Қаншама  уақыт  бойы  өнерін 
шыңдап  келе  жатқан  зұлымдықтың  әкесі 
қоғамның 
кез 
келген 
саласындағы 
адамдарды  жағдайына,  біліміне  қарамай-
ақ  оп-оңай  қармағына  түсіреді.  Білімді 
және 
тәрбиелі 
жұртқа 
спиритизмді 
парасаттылықтың 
қалыбына 
құйып 
ұсынады. 
Спиритизмнің 
даналығын 
Жақып 
пайғамбар  «көктен  келген  емес,  жердегі 
жындардың  даналығы»  дейді  (Жақыптың 
хаты  3:15).  Шөл  далада  Мәсіхқа  жар  — 
жұрқ еткен періштенің кейпін киіп келген 
албасты,  адамдарға  да  өте  тартымды 
бейнемен  келеді.  Адаммен  өте  биік 
тақырыптарға  әңгімелесіп,  оның  санасын 
жаулап  алады,  керемет  суреттемелер 
арқылы қиялын өрбітеді. Ұлы бейнелермен 
адамды  қанаттандырып,  көкірек  бітіреді, 
өз  даналығына  сендіреді.  Осылайша  адам 
Құдайды  ұмытып  өзін  көтермелеп,  өзін 
м а д а қ т а й  
б а с т а й д ы .  
К е з і н д е 
Құтқарушымыздың  Өзін  алдағысы  келген 
әзәзіл  Құдаймен  арасы  ажырап  кеткен 
адамның жүрегіне жолды оп-оңай табады.  
  Әуел  баста  Бейіш  бағында  қулық  жасау 
арқылы  Қауананы  алдағандай,  ол  бүгінде 
неше түрлі айла тәсілдерді пайдалануда. 
Спиритизм,    «кез  келген  адам  табиғаты 
бойынша  шығармашылық    тұлға,  ол 
Құдайдың  деңгейіне  дейін  жету  үшін 
мәңгілік  дамуға,  өркендеуге  ұмтылуы 
керек»  —  деп  оқытады.  «Әркім  біреуге 
емес,  өз  өзіне  үкім  шығаруы  керек».  «Тақ 
біздің ішімізде» т.б. 
Спиритизмнің 
бір 
кеменгері: 
«Менің 
бауырластарымның  барлығы  күнәнің  не 
екенін  білмейтін  жартылай  құдайлар 
болған»  дейді.  Енді  біреуі:  «Кемелденген, 
әділетті жандардың бәрі — Мәсіх» дейді.  
Сонымен  жалғыз  ғана  тазалық  пен 
пәктіктің Иесі — Шексіз Алланы мадақтап, 
Оған  табынғанның  орнына  Ібіліс  күнәкар 
пендеге  табынуға  ұсыныс  жасайды.  Бұны 
шынымен де даму деп айта аламыз, бірақ 
алға  қарай  емес,  артқа  қарай.  Адам  кімге 
қараса,  соған  ұқсай  бастайды  емес  пе? 
Егер  адамның  арман  тілегі  «мен»  болса, 
онда 
ол 
ешқашанда 
өркендемейді, 
керісінше  төмен  қарай  құлдырайды. 
Құдайдың  игілігі  ғана  адамды  өсіреді. 
Спиритизм 
адамның 
талғамына 
сай 
ұсыныстар жасайды. Тән талабын көбірек 
о р ы нд ап, 
лә з з ат т ы  
сү йе ті нде р ге 
жиіркенішті 
спиритизм 
ұсынылады. 
Албасты  адамның  мінезін,  қандай  күнәға 
бейім  екендігін  бақылап  отырады  және 
сәті  түскен  кезде  ешкімді  де  күттірмей 
былыққа 
белшесінен 
итеріп 
салып, 
мыңдаған 
адамды 
өлімнің 
тұзағына 
түсіреді.  Бастаған  ісін  соңына  дейін 
жеткізу  үшін  албасты  спириттер  арқылы 
«Шынайы  білім  адамды  барлық  заңнан 
жоғары  шарықтатады»,  «Болып  жатқан 
істердің  барлығы  адам  үшін  игі»,  «Құдай 
адамды  ешқашан  жазғырмайды»,  «Адам 
жасаған  қателіктеріне  кінәлі  емес»  деген 
ілімдерді  тарата  отырып,  соған  жұртты 
иландырады. 
Олай 
болса 
біздің 
заманымызда  тәртіпсіздік  пен  кесірдің 
билік 
құрып 
тұрғанына 
несіне 
таң 
қаламыз? Көпшілік қауым ойына не келсе, 
соны істеуге 100% бостандық беріп тұрған 
мұндай  ілімді  қуана  қарсы  алады.  Ал 
албасты 
болса 
ұстамдылықты 
кесір 
жолына  қызметке  қойып,  ал  ақылдары 
мен  рухани  күштерін  әдепсіз  әдеттеріне 
бағындыратын,  сонымен  қоса  өздерін 
Мәсіхтың  ізбасарларымыз  деп  есептейтін 
құрбандарды 
өзінің 
торына 
түсіріп, 
жеңісін 
салтанатты 
түрде 
тойлайды. 
Дегенмен  әзәзілдің  өтірігінің  шырмауына 
оралып  қалмас  үшін  Құдай  дүниеге 
жарықты  жеткілікті  түрде  берді.  Оның 
еркі  Киелі  Кітапта  жақсы  жазылған. 
Сонымен  қоса  Ол  өлгендердің  алдамшы 
рухымен  қарым-қатынас  жасауға  тыйым 
салады.  Яхудейлердің  іштерінде  де  қазіргі 
кездегі  спиритизмге  сенетіндер  секілді, 
өлгендермен  қарым-қатынас  жасайтын 
адамдар  болған  және  оларды  басқа 
дүниеден 
келген 
«достарымыздың 
рухтары»  деп  атаған.  Киелі  Жазба  бізге: 
«Бұл  албастының  рухы»  дейді  (Санақ 
кітабынан  25:1-8;  Забур  жыры  28; 
1Қор.10:20;  Аян  16:14).  Ондай  қарым-
қатынастар  «жексұрындық» деп есептеліп, 
о ған 
т ы йы м  
с а лы ны п,  
о ны м е н 
айналысатын  адамдар  өлім  жазасына 
ұсынылатын  болған  (Леуілдіктер  19:31, 
20:27).  Қазірдің  өзінде  «сиқырлық»  деген 
сөзге 
жұрт 
жиіркенішпен 
қарайды. 
Кейбіреулердің 
зұлымдық 
рухтарымен 
қарым  — қатынас  жасайтындарына жұрт 
сенбей,  оны  ойдан  шығарылған  орта 
ғасырлық  өтірік  деп  есептейді.  Дегенмен 
спиритизммен 
айналысатындардың 
сандары 
жүздеген 
мыңдардан 
асып 
миллиондарға  жетті.  Спиритизм  ғылыми 
әлемге, 
шіркеуге, 
заң 
шығарушы 
ұжымдарға,  патша  сарайларына  еркін 
еніп  отыр.  Спиритизм  —  ежелгі  кездерде 

244 
 
қатаң  тыйым  салынған  сиқырлықтың 
жаңаша түрі.  
  Спириттер үшін пәктік пен күнәнің, таза 
да  мейірбан  Мәсіхтың  елшілері  мен 
а л б а с т ы н ы ң  
қ ы з м е т к е р л е р і н і ң 
айырмашылығы 
жоқ. 
Спиритизмнің 
зұлымдық  екеніне  бұдан  артық  дәлел 
іздеудің  қажеті  бар  ма?  Нағыз  күнәкар 
жандардың  өздері  өлгеннен  кейін  көкке 
барады  деген  тұжырымды  ұсына  отыра 
албасты  жұртқа:  «Құдайға  сенсең  де, 
сенбесең  де,  Оның  сөзін  тыңдасаң  да, 
тыңдамасаң  да,  күнәкар  болсаң  да, 
болмасаң 
да, 
қалай 
өмір 
еткеніңе 
байланысты  емес,  сенің  үйің  —  аспан» 
дейді.  Шынында  спириттер:  «Зұлымдық 
жасайтындар 
Құдайдың 
көңілінен 
шығады  және  Құдай  оларға  батасын 
береді» 
немесе 
«Әділе тті 
Құд ай 
қайда?»  (Малаһия  пайғамбарының  кітабы 
2:17)  деп  ашық  арыз  тастайды.  Бірақ 
Киелі Өз сөзінде: «Зұлымдықты жақсылық, 
жақсылықты 
зұлымдық, 
жарықты 
қараңғы,  қараңғыны  жарық  дейтіндер 
құсаға ұшырайды» дейді (Ишая 5:20).  
Бұл  өтіріктің  рухтары  өздерін  «елшілердің 
рухтарымыз» деп, адамдарды алдап, Киелі 
Жазбаға 
қарама-қайшылық 
жасап, 
елшілердің 
жазбаларын 
бұрмалайды. 
Албасты  жұртты  Киелі  Кітаптың  Құдай 
с ө з і  
е к е н і н е  
к ү м ә н д а н д ы р ы п , 
Мәсіхшылардың  үміттерінің  негізіне балта 
шабады.  Киелі  Кітап  ойдан  шығарылған 
ертегі 
немесе 
адамдардың 
сәбилік 
шағының  кітабы,  оған  шындап  мән 
берудің  қажеті  жоқ  деп,  оның  орнына 
спириттік 
жаңалықтарды 
ұсынады. 
Осылайша  албасты  өзінің  және  өзінің 
ізбасарларының 
зұлымдық 
істерін 
әшкерелейтін  кітапты  түнектің  түкпіріне 
т ы қ қ ы с ы  
к е л е д і .  
А л  
ә л е м н і ң 
Құтқарушысын  жай  ғана  адам  қылып 
көрсетіп қояды. Қазіргі кездегі спиритизм 
өзінің 
сыртқы 
пішінін 
өзгертіп, 
Мәсіхшылықтың  киімін  киіп  алған.  Осы 
күйінде  ол  бұрынғысынан  да  қауіпті. 
Ежелгі  кезде  ол  Мәсіх  пен  Киелі  Кітаптан 
теріс  айналса,  қазіргі  кезде  ол  екеуінде 
қабылдаған сыңай танытады. Сөйтіп Киелі 
Жазудағы  ақиқатты  құнсыздандырып, 
көпшілікке  кішірейтіп  көрсетеді.  Мысал 
үшін  Құдайдың  ең  басты  қасиеттерінің 
бірі 
— 
Оның 
адамдарға 
деген 
с ү й і с п е н ш і л і г і н  
з ұ л ы м д ы қ  
п е н 
жақсылықты ажырата алмайтын жай ғана 
сезімталдықпен 
алмастырып, 
Оның 
қасиетті 
заңын 
өлі 
әріппен 
бірдей 
қылдырып  қойған.  Албасты  еліктіріп 
әкететін  ертегісімен  адамның  санасын 
жансыздандырып  қойғаны  соншалықты, 
ол  өтірікті  танымайды  және  сенімдерінң 
негізі  болып  табылатын  Киелі  Жазбадан 
бас  тартады.  Спириттердің  ілімі  бойынша 
Мәсіхтың  адамға  керегі  жоқ,  бірақ 
албастының 
адамдарды 
ессіздендіріп 
қойғаны  соншалықты  ақиқатты  өтіріктен 
ажырата  алатындардың  саны  өте  аз 
қалды.  Кейбір  жандар  әуесқойлықтың 
салдарынан  спиритизмнің  шырмауына 
оралып  қалады  және  мұның  немен 
аяқталатынын  өздері  де  сезбейді.  Бар 
ниеттеріңмен  Құдайға  жалбарынсаңдар 
ғана бұл күштің шырмауынан босап шыға 
а л а с ы ңд а р ,  
б о лм а ғ а н  
ж а ғд а й д а 
албастының 
зұлымдығының 
құрбаны 
болып кете барасыңдар. Ишая пайғамбар: 
«Алайда  халық  сендерге  аруағын,  жынын 
шақырып, 
сыбырлап, 
міңгірлейтін 
бақсылар  мен  сәуегейлерге  баруға  кеңес 
береді.  Сонда  оларға  былай  деңдер: 
Адамдар  жалғыз  Құдай  Иесіне  ғана 
сыйынып,  Оның  еркін  сұрауы  керек  емес 
пе?  Тірілер  жайлы  өлгендер  не  біледі? 
Жаратқан  Иенің  берген  тәлімдері  мен 
ескертулеріне 
көңіл 
бөліп, 
соған 
сүйеніңдер!  Егер  халық  осы  хабарламаға 
сай  сөйлемесе,  онда  олардың  айтқаны 
жалған»  дейді  (Ишая  пайғамбарының 
кітабы  8:19,20).  Мұндай  өтірікшілерге 
«атар  таң»  жоқ.  Егер  де  халық  Киелі 
Кітаптың  беттерінде  анық  жазылған 
адамның 
табиғаты 
жайлы 
ақиқатты 
жақсы 
білсе, 
онда 
спиритизмнің 
сайтанның  ісі  екенін  жақсы  білген  болар 
еді. 
Тәубәларына 
түсіп, 
Құдайға 
бұрылғанның 
орнына, 
жандарына 
жағатын  күнәларын  жалғастырғандары 
үшін «Құдай оларды өтірікке иланып, түзу 
жолдан 
оп-оңай 
адасатын 
қылып 
қояды» 
(Салоникалықтарға 
жазылған 
екінші хат 2:10,11). Ал спиритизмге қарсы 
күрес 
жүргізетіндер 
тек 
онымен 
айналысатын  адамдармен  ғана  емес, 
албасты  және  оның  шайтандарымен  де 
ш а й қ а с а д ы .  
А с п а н н а н  
т ү с е т і н 
хабаршылардың күші болмаса, албасты бір 
адым жерді де босатайын деп тұрған жоқ. 
Бұл  шайқаста  жеңіске  жету  үшін  Құдай 
халқы  Киелі  Жазбаны  жақсы  білуі  керек. 
Өйткені  албасты  Киелі  Кітапты  жатқа 
біледі  және  ондағы  куәлік  сөздерді  кері 
бұрмалап 
ұғындырады. 
Ал 
сендер 
байқаулы 
болмасаңдар 
оның 
құрған 
торына түсулерің әбден мүмкін. 
Сайтан 
жұртты 
өзінің 
зұлымдығына 
иландыру  үшін,  олардың  қайтыс  болған 
т у ы с т а р ы н ы ң  
н е м е с е  
ж о р а -
жолдастарының  бейнесін  жамылып  алып 
келіп,  неше  түрлі  кереметтерді  көрсетуі 
мүмкін.  Бұл  зұлымдықтың  рухтары  — 
жындардың  әрекеттері.  Біз  болсақ  оларға 

245 
 
қажетті 
тойтарысты 
беруге 
дайын 
болуымыз  керек.  Сенімдері  Құдай  Сөзіне 
негізделмегендер  жеңіледі.  Ақыр  тақаған 
сайын  албасты  күшін  еселей  түсіп,  неше 
түрлі  жалған  кереметтерімен  адамдарды 
түзу  жолдан  тайдырғысы  келеді.  Және 
оның құрған торына түсетіндердің саны аз 
болмайды.  Дегенмен  адамдар  шайтанның 
сөзіне  сеніп,  оған  өз  еріктерімен  берілсе 
ғ а н а  
а л б а с т ы  
д е г е н і н е  
ж е т е 
алады.Сондықтан,  қапыда  қалмас  үшін, 
Киелі Жазбаны зерттеп ақиқатты өтіріктен 
ажырата 
алатындай 
мүмкіндікке 
ие 
болыңыздар.  Тек  Құдай  сөзін  өздеріне 
қорған  ететін  шынайы  жандар  ғана  бұл 
шайқаста  жеңіп  шыға  алады.  «Сен  Менің 
қиыншылықтарда 
төзімділік 
таныту 
к е р е к т і г і  
ж а й л ы  
б ұ й р ы ғ ы м д ы 
орындағаның  үшін,  Мен  де  осы  дүниенің 
адамдарын  тексеруге  арналған,  бүкіл  жер 
бетінде болатын азапты сынақ кезінде сені 
қорғаймын» дейді Раббым Алла (Аян 3:10). 
Ишая 
пайғамбарының 
айтуынша 
зұлымдар:  «Біз  ажалмен  одақ  құрдық, 
жердің 
астымен 
келісімге 
тұрдық, 
жалмаған от бізге соқтықпай жанымыздан 
өтеді,  өйткені  біз  өтірікті  баспана  еттік, 
қулықты  үстімізге  жабу  қылып  жаптық» 
дейді  екен  (Ишая  28:15).  Осы  айтылған 
жандардың 
қатарына 
«адам 
жаны 
ешқашан  өлмейді,  мәңгілік  өмір  сүреді» 
деп  өздерін  өздері  алдап  жүргендер  де 
қосылады.  Көзі  емес,  көкірегі  соқырларға 
қарап  тұрып  таң  қаласың.  Мыңдаған 
адамдар 
Құдайға 
сенбейді, 
бірақ 
албастының  айтқан  сөзін  құмға  құйылған 
судай  сіміреді.  Олар  Киелі  Кітапта    Мәсіх 
және  Оның  адамзатты  құтқару  жоспары 
жайлы  жазылған  салтанатты  ақиқатын 
күлкі  қылады,  Құдайдың  заңын  орындап, 
Оның  еркіне  бағынатындарды  аянышты 
күйдегі 
фанатиктер 
(қиялшылдар), 
болмашы  нәрсеге  масаттанып  жүрген 
шектеулі  сорлылар  деп  атайды.  Өздері 
болса 
шынымен 
де 
екі 
ортаға 
бұзылмайтын  бекініс  орнатып  қойғандай, 
дозақпен келісім шартқа тұрғандай сыңай 
т а н ы т а д ы .  
О л а р  
Қ ұ д а й д а н 
қорықпайтындар. 
Албасты 
соңғы 
шайқасқа  мықтап  дайындалуда.  Ібіліс 
өтіріктің 
біртұмасы 
— 
спиритизмге 
ақырындап  отырып,  байыппен  көтерілді. 
Бұл  шайқас  Бейіш  бағында:  «Жоқ  сендер 
өлмейсіңдер,  бірақ  бұл  жемістің  дәмін 
татқан  күні,  көздерің  ашылып,  Құдаймен 
бірдей  боласыңдар»  деп  адамдарды  соған 
сендірген  күні  басталған  және  өзінің 
шарықтау шыңына жақындап келеді.  
Пайғамбар  былай  дейді:  «Сонда  мен 
аждаһаның,  хайуанның  және  жалған 
көріпкелдің 
ауыздарынан 
шыққан 
құрбақаларға  ұқсас  албастының  лебін 
к ө р д і м .  
Б ұ л  
б а р л ы қ  
ж е р д і ң 
патшалықтарын 
Жаратқанға 
қарсы 
көтеріліске  бастайтын  жындар»  (Аян 
16:13,14). 
Алланың 
күші 
қорғап 
тұрғандардан  өзгелердің  бәрі  бұл  өтірікке 
қ а т ы с а т ы н  
б о л а д ы .  
Ө т і р і к т і ң 
тербеткенімен  қалғып  отырғандар  өздерін 
қауіпсіз 
сезінеді, 
тек 
Құдайдың 
қаһарының  күші  ғана  оларды  оятады.  
«Сотты  өлшеуіш  етемін,  ақиқатты  таразы 
қ ы л а м ы н ,  
ө т і р і к т і ң  
б а с п а н а с ы 
ойрандалады,  оған  қашып  тығылғандар 
талқандалады. Ажалмен құрған одақтарың 
бұзылады,  келісім  шарттарың  қирайды. 
Жалындаған 
ақырдың 
күні 
келіп 
жеткенде, типыл болып құрисыңдар» дейді 
оларға Құдай (Ишая 28:17,18). 

246 
 
Протестанттар  ежелгі  кездегіге  қарағанда 
қазіргі  кезде  Рим  католиктік  шіркеуіне 
әлдеқайда 
шыдамдылықпен 
қарайды. 
« Б ұ р ы н ғ ы ғ а  
қ а р а ғ а н д а  
а й т ы с 
тартыстарымыз айтарлықтай көп емес, ал 
бұл  Риммен  екі  ортадағы  қарым  — 
қатынасты  түзетуге  себепкер  болады» 
деген көзқарас кең етек алып бара жатыр. 
Бұрынғы 
уақыттарда 
протестанттар 
қымбат  бағаға  сатылып  алынған  ар 
бостандығын  бағалай  білген.  Олар  өз 
балаларына 
«Риммен 
келісімге 
тұру 
Құдайға  опасыздық  жасау»  деп  үйреткен. 
Қазір  болса  жағдай  мүлдем  өзгеріп  кетті. 
Рим  орта  ғасырларда  жасаған  айуандық 
әрекеттерін  сол  кездің  билеушілеріне 
жапсырып, 
ендігі 
жерде 
өркениетті 
шіркеу көп нәрсеге өз көзқарасын өзгертті 
деп  тұжырымдайды.  Сонда  халық  бұл 
көкірегі  көкті  тіреп  тұрған  биліктің  сегіз 
ғасыр 
бойы 
өзін 
қасиеттімін 
деп 
таласқанын  қалай  ұмытады?  Папалықтар 
ол  пиғылдарынан  бас  тартамыз  деп 
ойлаған  да  емес,  керісінше  XIX  —  шы 
ғасырда  бұл  үміткерліктері бұрынғысынан 
көбірек  айқындала  түсті.  «Рим  шіркеуі 
ешқашан 
қателескен 
емес 
және 
қателеспейді  де»  деп  бекітіп  тұрса,  онда 
бұрынғы  ғасырлардағы  ұстанымдарынан 
қалайша бас тартады? 
  Папалық 
шіркеу 
«киелімін» 
деуін 
ешқашанда  қоймайды.  Өткенде  болған 
қуғын-сүргіндерді, 
өзгелердің 
олардың 
догмаларымен  келіспегендігінен  болған 
оқиға 
деп 
ақталады. 
Бірақ 
үкімет 
енгізілген шектеулерді алып тастап, билікті 
Римнің  қолына  ұстатса,  қуғын-сүргіннің 
оты қайрадан лап ете қалатыны күмәнсіз. 
Папаның  саясаты  өркендеген  жағдайда 
АҚШ-қа  қандай  қауіп  төнетіні  жайлы 
белгілі 
жазушы: 
«Америка 
Құрама 
Штаттарының  Рим  католиктік  шіркеуінен 
қорқақтауын  көпшілігі  соқыр  берілгендік 
(фанатизм)  немесе  балалық  дейді.  Бұл 
шіркеудің  өсуінен  олар  ешқандай  зиян 
көріп тұрған жоқ. Енді біздің мемлекетіміз 
бен  католик  шіркеуінің  ұстанымдарын 
салыстырып  көрейік.  АҚШ-тың  ата  заңы 
ар-ұжданның 
бостандығына 
кепілдік 
береді. Олар үшін одан құнды ештеңе жоқ. 
Ал  папа  Пий  IX  өзінің  1854  жылғы  15 
тамыздағы  (август)  энцикликінде:  «Ар-
ұжданның бостандығын қорғайтын ақылға 
қонбайтын, 
мағынасыз 
ілім 
қауіпті 
есерсоқтық  (ересь)  болып  табылады.  Бұл 
нағыз  обаның  (чума)  өзі,  одан  мемлекет 
қорқуы  керек»  деп  жариялаған  болатын. 
Сол  папа  1864  жылғы  8  желтоқсандағы 
э нц ик л ик і нд е  
б а р л ы қ  
а р - ұ ж д а н 
бостандығын талап ететіндерді анафемаға 
ұсынды, яғни оларға қарғыс атты. АҚШ-та 
Римнің  татуласу  екпінінен  папалықтың 
көңіл-күйінің 
өзгергені 
байқалмайды. 
Католик 
шіркеуі 
әлсіреген 
кезінде 
шыдамдылық танытқан сыңай көрсетеді. 
Епископ  OКоннор: «Біз дін бостандығына, 
оған 
қарама-қайшы 
келетін 
және 
католиктерге  зияны  тимейтін  ұстаным 
шыққанға  дейін  ғана    шыдап  отырмыз» 
деген болатын. 
Архиепископ  Сент-Луиса:  «Есерсоқтық 
және сенімсіздік —  қылмыс және Италия, 
Испания секілді католиктік мемлекеттерде 
ол  басқа  да  қылмыстар  секілді  қатаң 
жазалануға тиісті» деген еді.  
  Әрбір  кардинал,  архиепископ  және 
е пис к о п 
па па ғ а: 
« М е н 
ө з і м ні ң 
қожайыныма 
(папаға) 
және 
оның 
маңайындағыларға 
бағынбайтындарды 
қуғынға  ұшыратуға  міндеттімін»  деп  серт 
береді.  Әрине  Рим  католиктік  шіркеуінде 
өзіне  түскен  жарыққа  сәйкес  қызмет 
ететін  шынайы  христиандар  да  бар. 
Оларға  Киелі  Кітапты  зерттеуге  тыйым 
салынған,  сондықтан  да  олар  ақиқатты 
білмейді.  Олар  Құдайға  бар  ниетімен 
қызмет ету және әдет бойынша жасалатын 
д ә с т ү р л е р д і ң  
а р а с ы н д а ғ ы 
айырмашылықты ешқашанда көрген емес. 
Құдай  олардың  жағдайын  жақсы  түсінеді 
және 
оларды 
қоршап 
тұрған 
қою 
қараңғылықты  міндетті  түрде  сейілтуге 
тырысады. 
Ақиқаттың 
бұлағынан 
сусындатады,  сөйтіп  олардың  көпшілігі 
Құдайдың 
қалаулыларының 
қатарына 
қосылады. 
  Бүгінде 
католиктік 
көзқарас 
пен 
Мәсіхтың  Ізгі  хабарының  ортақ  ештеңесі 
жоқ.  Католик  шіркеуі  дүние  жүзінің 
35 
Ар бостандығына төніп тұрған қауіп  

247 
 
билігін  қолына  алу  үшін  үлкен  жоспар 
құрып,  сол  бойынша  жұмыс  жасауда. 
Католицизм  майданның  барлық  шептерін 
бұзып,  ақиқаттың  үстімен  баса  көктеп 
к е л е д і .  
О л а р д ы ң  
ш і р к е у л е р і н і ң 
протестанттық  мемлекеттерде  өсіп  келе 
жатқанына 
көңіл 
аударыңыздар . 
Америкада  католиктік  семинариялар  мен 
колледждер  өте  көп  және  олардың 
барлығын  протестанттар  басқарады.  Ар-
ұждан  бостандығына  қауіп  төніп  тұр.  Бұл 
Ізгі 
хабардың 
таза 
ұстанымдарын 
б а ғ а л а й т ы н д а р д ы ң  
б а р л ы ғ ы н 
толғандыруы керек. 
Көңіл  аударатын  жайттардың  бірі  — 
п р о т е с т а н т т а р  
п а п а л ы қ т а р м е н 
жақындасып, 
тіпті 
оларды 
жақтап 
қ о р ғ ай т ы н  
б о лд ы .  
К е йд е  
о л а р 
католиктердің  өздерін  таң  қалдыратын 
келісімдерге 
дейін 
барады. 
Жұрт 
католицизмнің  мінезіне  көзін  жұмып  тұр, 
яғни елеуді қойды. Егер билік толық дерлік 
папаның  қолына  тисе  азаматтық  және 
діни  бостандыққа  қандай  қауіп  төнетінін 
ешкім ойлап тұрған жоқ. 
Көпшілік  протестанттар  католиктердің 
дінін  тартымсыз,  ал  олардың  қызметін 
мағынасыз 
әурешілік 
деп 
есептейді. 
К а т о л и ц и з м ні ң  
н е г і з і  
ө т і р і к т е н 
құралғанымен,  бұл  өтірікті  дөрекі  және 
тартымсыз  деп  айта  алмайсың.  Рим 
шіркеуінің  діни  қызметі  өте  тартымды 
өтеді.  Зәулім  ғибадатханалар,  салтанатты 
шерулер, 
жалт-жұлт 
еткен 
алтын 
мехраптар,  қымбат  бағалы  тастармен 
әшекейленген 
мазарлар, 
данышпан 
суретшілердің еңбектері, мәрмәр мүсіндер, 
тамаша  әуендер  —  осының  барлығы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет