«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет17/57
Дата04.04.2023
өлшемі197,32 Kb.
#79439
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57
Байланысты:
СПК РК1 ГИПЕРС

БАСТАПҚЫ ДЕВИАЦИЯ-ауытқудың аса қауіпті болмауы,бірінші рет кездесуі
ҚАЙТАЛАМА ДЕВИАЦИЯ-қайталанатын,әдейі жасалатын ауытқу
ДЕЗАДАПТАЦИЯ-жаңа нормаларға бейімделе алмау
ДЕЛИКВЕНТТІЛІК-заң нормаларын бұзатын девиация
АДДИКЦИЯ-бір нәрсеге құштарлық,құмарлық(клептомания)
КРИМИНОГЕНДІК-заң бұзу нормаға айналатын жағдай
АНОМИЯ-девиацияның ең жоғарғы формасы.Ол мүлдем нормалардың болмауы,жаппай психоз жағдайында туындайды.
-Аномияның ең жоғарғы формасы-суицид
Аномия — (гр. an- — жоқтық және гр. nomos — заң) қоғамның құндылықтар жүйесiндегi түбегейлi дағдарыстарды бiлдiретiн ұғым.
Аномия өзiнiң төмендегiдей белгiлерiмен анықталады:

  • қалыптасқан құндылықтардың мәнін жоғалтуы салдарынан болатын ретсiздiк нормативтiк-баптық вакуум;

  • әлеуметтiк үйлесiмдiктiң жоғалуы,қоғамдағы құндылықтардың жиынтық бейнесiне айналған жеке тұлғалар беделiнiң жоғалуы;

  • адамдардың жоғары мұраттардан, өмiрлiк құштарлықтарынан айырылуы;

  • мiнез-құлықтағы тұрақсыздық, өзiн-өзi өлтiрудiң көбейуi, т.б.

Аномия терминiн ғылыми айналысқа енгiзген француз ғалымы — Э. Дюркгейм (1858-1917).
Ол «Еңбектiң қоғамдық бөлiнуi» кiтабында аномия еңбек белiнiciнiң бұрмалануы нәтижесiнде пайда болады деп тұжырымдайды және оның себебiн мамандандыру кезiндегi адамдар арасындағы ынтымақтастық пен үйлесiмдiктiң жоғалуынан көредi.
«Өзiн-өзi өлтiру» деген еңбегiнде Дюркгейм эгоистiк, альтуристiк және аномиялық суицидтердiң түлерiн атап өтедi. Соңғысы дәстүрлi шектеу нормалары шайқалған кезде ырықсыз құмарлықтан туындайды делiнедi. Шектелмеген тiлектер орындалмаған жағдайда адамдарда шешiмi жоқ тұйық дағдарыстар пайда болады.[1]
Аномия ұғымын қазiргi социологияда әpi қарай дамытқан американдық ғалым Р. Мертон (1910). Ол аномия мәселесін ауытқушылық әрекетпен байланысты қарастырады. Мұндай әрекет ұлғалық мақсаттарға заңды құралдармен жете алмайтын жағдайларда қалыптасады. Нақтылы мәдени жүйеде туындайтын мүдделер үстемдік етіп тұрған басқарушы және реттеуші тетіктерге қайшы келуі мүмкін. Аномия әсіресе, өтпелі қоғамдарда жиі кездеседі. Бұрынғы әдетке айналған бағдарлар жаңа талаптарға сәйкес құндылықтармен жылдам ауыстырыла бермейді. Мұндай қайшылықтар тұлғалар санасында ауытқушылық туғызуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет