«Әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану» пәні бойынша №1 межелік бақылау сұрақтары



бет15/57
Дата04.04.2023
өлшемі197,32 Kb.
#79439
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57
Байланысты:
СПК РК1 ГИПЕРС

Əлеуметтендіру агенттері - (лат. agens - іс-əрекет етуші) - объективті түрде жеке тұлғаны əлеуметтендіру процесіне қатысушы əлеуметтік институттар мен факторлар. Əлеуметтендіру агенттеріне отбасы, оқу орындары, саяси жəне қоғамдық институттар, дін, БАҚ, мүдделер тобы, оқиғалар жəне қоғамдық өмір процесі, құбылыстар жатады. Бұлардың барлығы да жеке тұлғаның əлеуметтік сипатының қалыптасу процесіне маңызды ықпал етеді. Жеке тұлға өмірінің əр кезеңіне (балалық шағына, жасөспірім кезіне, еңбекке дейінгі, ақыл тоқтатқан, зейнетке шыққан) сай келетін өз агенттері бар

Әлеуметтену процесін жүзеге асыратын тұлғалар мен институттарды әлеуметтенудің агенттері деп атайды. Оларды :


Бастапқы (отбасы немесе оны ауыстырушы мекемелер)
Кейінгі (ересек кездегі өзге мекемелер мен тұлғалар)
Негізгі (тікелей) және қосымша (жанама)
Тұлғалық және институционалдық деп бөледі.
Ал әлеуметтенудің негізгі кезеңдеріне мыналар жатады:
1.Бейімделу кезеңі (туғаннан жасөспірімдік шаққа дейін бала әлеуметтік тәжірибені ойланбастан қабылдайды, икемделеді, еліктейді).
2. Даралану кезеңі (басқалар арасынан өзін бөле көрсету ниеті пайда болады, қоғамдық әрекет – қылық қалыптарын сындарлы ой қалыбына сала, қабылдайды).
3. Бірігу (интеграция) кезеңі (қоғамдағы өз орнын табу ниеті пайда болып, қоршаған ортамен үйлесім табуға ұмтылыс жасайды).
4.Еңбекерлік кезеңі (адам тек әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қана қоймастан, өз еңбек әрекетімен қоршаған дүниеге ықпал жасап, сол тәжірибені қайта жасайды, өңдеп жаңа өнімге айналдырады).
5. Еңбеккерліктен соңғы кезең (әлеуметтік тәжірибені қайта жасауда әрі оны келесі әулетке өткізуде маңызды болып табылатын адамның егде жасы).

Профессор А.В.Мудрик əлеуметтенудің негізгі факторларын 3 топқа бөліп қарастырады:Макрофакторлар — (космос, планета, əлем, ел, қоғам, мемлекет) планетаның барлық тұрғындарының əлеуметтенуіне əсер етеді немесе белгілі бір елде тұратын адамдардың өте үлкен тобы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет