Әлеуметтік- экономикалық бағыттың "Математика" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы


Әлеуметтік-экономикалық бағыттың "Қазақ тілі" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы



бет4/28
Дата30.09.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146216
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
6. Әлеуметтік-экономикалық (1)

Әлеуметтік-экономикалық бағыттың "Қазақ тілі" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Әлеуметтік-экономикалық бағыттың "Қазақ тілі" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8170 тіркелген) және "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 29031 тіркелген) бұйрықтарына сәйкес әзірленді.
2. "Қазақ тілі" пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
3. "Қазақ тілі" оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) қазақ тілін ана тілі ретінде тани отырып, өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады;
2) білім алушылардың қазақ тілін күнделікті өмірде өзі еркімен қолданып жүрген қарым-қатынас құралынан енді оны тілдік заңдылықтар негізінде танып-білу дағдыларын қалыптастырады;
3) қазақ тілі жүйесін құраушы кіші жүйелерді, тіл бірліктерін және олардың табиғатын танып біледі;
4) тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдық-коммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен дағдыларды қалыптастырады;
5) "Қазақ тілі" пәні бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.
Оқу бағдарламасының ерекшелігі – тек пәндік білімді қалыптастыруға ғана емес, сонымен қатар әртүрлі дағдыларды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.
Оқыту нәтижелері студенттердің бойында келесі негізгі құндылықтарды қалыптастыруға негізделген: патриотизм және азаматтық жауапкершілік, сыйластық, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу.
Оқу мақсаттары педагог пен білім алушыларға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады:
1) тыңдалым және айтылым;
2) оқылым;
3) жазылым;
4) әдеби тіл нормасы.
"Тыңдалым және айтылым" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) болжау;
2) әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау;
3) негізгі ойды анықтау;
4) тыңдалым материалы бойынша сұрақтар құрастыру және бағалау;
5) сөйлеу мәдениетін дамыту;
"Оқылым" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) ақпаратты түсіну;
2) мәтіннің стильдік ерекшелігін тану;
3) мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажырату;
4) мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау;
5) мәліметтерді өңдей білу;
6) әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу.
"Жазылым" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әртүрлі ресурс көздерінен қажетті ақпарат алу;
2) жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну;
3) эссе жазу;
4) оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу;
5) шығармашылық жұмыс;
6) мәтіндерді түзету және редакциялау.
Әдеби тіл нормасы бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) орфография;
2) орфоэпия;
3) лексика;
4) грамматика;
5) пунктуация.
4. Қазақ тілі пәнінің үлгілік бағдарламасында 10 бөлім қарастырылған.
Олар: "Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті", "Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті", "Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма", "Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма", "Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма", "Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі", "Экология: ядролық және мұнай өндірістері", "Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция", "Әлемді өзгерткен өнертабыстар", "Туризм: экотуризм".
Мазмұны:
1) тыңдалым және айтылым: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру, тиісті ақпаратты анықтай білу, мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс, интервью, пікірталас, мақала, бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау, тыңдалған мәтіндегі ақпаратты ғаламдық (отандық) мәселелермен байланыстыра білу, салыстыру, мәтінде көтерілген мәселені, автор позициясын (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізгі ойды анықтау, мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау, коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу; сөйлеу тілінің лексикалық, фонетикалық-морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерін ажыратып, орынды қолдану;
2) оқылым: әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау, таза ғылыми және публицистикалық стильдерін тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы), әртүрлі стильдегі мәтіндердің жанрлық ерекшеліктерін таба білу, ауызекі сөйлеудің стильдік бедерін дұрыс қолдану, публицистикалық шығарма тілінің стильдік бедерін дұрыс қолдана білу, ресми іс-қағаздары тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, көркем әдебиет тілінің сөз бедерін дұрыс қолдана білу, әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау (фонетикалық деңгей, лексикалық деңгей, морфологиялық деңгей, синтаксистік деңгей негізінде), мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру, белгілі бір мақсат үшін оқылым стратегияларын жүйелі қолдана білу, БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау, дәйексөз келтіру жолдарын білу;
3) жазылым: жоспар түрлерін құру (күрделі, тезистік, тірек-схема түріндегі жоспар), ауызекі сөйлеу стилінде әлеуметтік жағдайларға сай мәтін құрастыру, ресми қарым-қатынас аясында ресми құжат түрлерін жазу: сенімхат, кепілхат, өтінім, тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі, мәтіндер құрастыру, ғылыми стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, баяндама, мақала, лекция, баяндама тезистері, аннотация, түйіндеме, рецензия, мәтіндер құрастыру, публицистикалық стильдің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, мақала, репортаж, сұхбат, ақпарат, информациялық хабар, очерк, памфлет жазу, көркем әдебиет стилінің стильдік және жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып мәтіндер құрастыру (таңдау бойынша), мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау, көтерілген мәселе бойынша академиялық тұрғыдан эссе жаза білу, мәселенің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап жазу, оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу, әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу, жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау;
4) әдеби тіл нормалары: мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді қазіргі орфографиялық нормаға сай жазу, сөздерді фонетикалық принцип негізінде жазу, сөздерді морфологиялық-фонематикалық принцип негізінде жазу, сөздерді тарихи-дәстүрлік принцип негізінде жазу, сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану, әлеуметтік-саяси шешендік қатынас аясында сөз әдебі мен сөйлеу мәнерін дұрыс қолдану, мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып), мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.
5. Оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде білім беру ұйымының мүмкіндігі бар:
1) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін және бақылау түрлерін таңдау;
2) оқу уақыты сағаттарының жалпы көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлу (пәнді оқуға бөлінген сағат көлемінен);
3) нақты дәлелдер мен фактілерге негізделген пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгерту;
4) жұмыс берушілердің талаптары және бөлімдер мен тақырыптар тізбесін тереңдету және кеңейту мақсатында өңірлік компонентті енгізу және бөлімдер, бөлімшелер мен тақырыптарды дайындық бағыты бойынша элементтерді енгізуге байланысты тақырыптардағы сағат көлемі мен пәннің мазмұнын 25% - дан аспайтындай өзгерту.
6. Оқу жүктемесінің көлемі даярлау бағыты мен біліктілігіне байланысты 96-120 сағатты (4-5 кредит) құрайды.
7. Оқу пәнін іске асыру кезінде дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексеру қарастырылады.
2-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны

Бөлім, бөлімшелер және тақырыптардың атаулары

Сағат саны

Барлығы

Сабақтар

Теориялық

Практикалық

1 бөлім. Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті.







1.1.Қоғамдық құндылық.

+

+

+

Такырып 1.1.1. Қоғам құндылығы – халықтың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі. Орфографиялық норма. Сөйлеу тілі.







Тақырып 1.1.2. Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл. Әдеби тіл. Дауысты дыбыстардың жазылуы.







Тақырып 1.1.3. Қазақ халқының мәдениеті.

+

+

+

1.1.4. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Әдеби тіл. Дауыссыз дыбыстардың жазылуы.







1.1.5. Қолөнер – сырлы өнер. Тоқыма өнері. Бірге және бөлек жазылатын сөздер.







1.1.6. Қазақ киносы – қазақ тарихы. Дефис арқылы жазылатын сөздер. Бас әріппен жазылатын сөздер. Тасымал.







1.1.7. Қазақ театр өнерінің тарихы. Ауызекі сөйлеу стилі. Шылау және одағай сөздердің жазылуы.







1.1.8. Сөйлеу шеберлігі және тіл мәдениеті. Қосымшалардың жазылуы.







2 бөлім. Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті.







2.1. Теміржол қызметі.

+

+

+

Тақырып 2.1.1. Түрксіб теміржолы. Сөз дәлдігі.







Тақырып 2.1.2. Тұлпар-Тальго.







Тақырып 2.1.3. Алматы метросы.







2.2. Қазақстан индустриясы.

+

+

+

Тақырып 2.2.1. Қара көмір. Мыс кендері. Сөз дәлдігі.







Тақырып 2.2.2. Мұнай индустриясы. Сөз дәлдігі.







Тақырып 2.2.3. Әлемнің ірі индустриялық алпауыттары Қазақстанда.







3 бөлім. Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма.







3.1. Жаһандық құзыреттер.

+

+

+

Тақырып 3.1.1. Ұлттық мәдениеттің жаһандану үрдісі. Тілдік норма. Ғылыми стиль.







Тақырып 3.1.2. Экономикалық жаһандану. Сөзжасамдық тәсілдер.







Тақырып 3.1.3. Аумақтық жаһандану. Сөзжасамның аналитикалық тәсілі.







Тақырып 3.1.4. Ақпараттық- коммуникациялық жаһандану. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі.







Тақырып 3.1.5. Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Әдеби тілдің сөзжасамдық нормалары.







Тақырып 3.1.6. Жаһандану – әлемдік экономиканың барлық құрамдас бөлігі. Көп нүкте.







4 бөлім. Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және норма.







4.1. Қоғамның байлығы – адам.

+

+

+

Тақырып 4.1.1. Адам өмірін қорғау – басты міндет. Сөз тазалығы.







Тақырып 4.1.2. Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Тіркестердің мағыналық байланысы.







4.2. Қоршаған орта мен спорттың адам өміріне әсері.







Тақырып 4.2.1. Адам өмірі және қоршаған орта. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібі. Көркем әдебиет стилі.







Тақырып 4.2.2. Спорттың адам өміріне пайдасы. Мәтіндегі сөйлемдердің орын тәртібі.







5 бөлім. Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма.







5.1. Қазақстан сәулет өнерінің дамуы.

+

+

+

Тақырып 5.1.1. Таңғажайып сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма. Сөйлем және мәтін деңгейінде қойылатын тыныс белгілер .Үтір.







Тақырып 5.1.2. Киіз үй – ғажап сәулет туындысы. Тырнақша.







Тақырып 5.1.3. Дизайн өнерінің даму тарихы. Жақша. Нүктелі үтір.







Тақырып 5.1.4. Қазақстан сәулет өнерінің көне ескерткіштері. Сызықша. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықша.







Тақырып 5.1.5. Қазақтың танымал сәулетшілері. Ғылыми әдебиет тілінің сөз бедері.







Тақырып 5.1.6. Заманауи сәулет туындылары. Ел астанасы – сәулет өнерінің жаңа тынысы. Қос нүкте.







Тақырып 5.1.7. "Астана келбеті" тақырыбы. Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Сөйлем мүшелері.







Тақырып 5.1.8. Ортағасырлық биік үйлердің құрылысы мен нысандарына жұмсалған шығындар.







6 бөлім. Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер.







6.1. Уақыт өлшемі.

+

+

+

Тақырып 6.1.1. Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт. Ғылыми стиль.







Тақырып 6.1.2. Тіл – тарихтың айнасы. Әліпби.







6.2. Қазақстанның талантты ұландары.

+

+

+

Тақырып 6.2.1. Ел іші – өнер кеніші. Шешендік өнер негіздері.







Тақырып 6.2.2. Қазақстанның алғашқы кәсіби суретшілері. Шешендік өнер тарихы.







Тақырып 6.2.3. Сәндік өнер. Тоқыма дизайны. Ғылыми стиль.







7 бөлім. Экология: ядролық және мұнай өндірістері.







7.1. Экологиялық сауат.

+

+

+

Тақырып 7.1.1. Әлемдік экология мәселелері. Арал теңізінің экологиясы.Айтыс.







Тақырып 7.1.2. Семей полигоны. Ядролық өндіріс – табиғатқа төнген қауіп. Сыни пікір.







Тақырып 7.1.3. Атом өнеркәсібі. Сыни пікірдің өзіндік ерекшелігі.







Тақырып 7.1.4. Мұнай өндірісі: пайдасы мен зияны. Мұнай қалдықтарының экологияға әсері. Дәйексөзге сілтеме жасау және пайдаланылған әдебиеттерді рәсімдеу талаптары.







8 бөлім. Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция.







8.1. Миграцияның қоғамдық ортаға әсері.

+

+

+

Тақырып 8.1.1. Миграция – әлеуметтік құбылыс. Сөзталас.







Тақырып 8.1.2. Әлем және Қазақстандағы миграция. Еуропамен миграциялық байланыс орнату – Қазақстан экономикасына әсері. Шешендік толғау.







Тақырып 8.1.3. Зияткерлік миграция: пайдасы мен қаупі. Ресми ісқағаздары стилі мен оның тілдік ерекшеліктері.







Тақырып 8.1.4. Қоғамның дамуына әлеуметтік-экономикалық жағдайдың әсері.







9 бөлім. Әлемді өзгерткен өнертабыстар.







9.1 Өнерлі өрге жүзер.

+

+

+

Тақырып 9.1.1. Әлемді өзгерткен ұлы жаңалықтар. Публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері.







Тақырып 9.1.2. Әлемді таңғалдырған өнертапқыш балалар. Рецензия.







Тақырып 9.1.3. Адамзат жаңалығының елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына септігі.







10 бөлім. Туризм: экотуризм.







10.1 Туризмнің дамуының қоғамға пайдасы.

+

+

+

Тақырып 10.1.1. Туризм саласы: өткені мен бүгіні. Әңгіме және дөңгелек үстел.







Тақырып 10.1.2. Экотуризмнің ерекшеліктері. Ой айқындылығы. Сөз дәлдігі.







Тақырып 10.1.3. Қазақстандағы экотуризм. Пікірталас мәдениетіндегі сөз қолданыстар.







3- тарау. Оқытудың нәтижелері және бағалау критерийлері

Бөлім атауы

Бөлімше атауы

Оқыту нәтижелері

Бағалау критерийлері

Қазіргі қоғам құндылықтары: мәдениет және өркениет. Сөз мәдениеті

Қоғамдық құндылық

1) Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру;
2) мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.

1) Мәтіндерді оқып, болжам жасайды, негізгі ойды анықтайды;
2) жазуда орфографиялық нормаларды сақтайды.

1) Мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық- саяси) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен байланыстыру;
2) жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу.

1) Мәтінде көтерілген мәселені талдайды, анықтайды;
2) мәтіннің негізі ойын ғаламдық мәселелермен байланыстырады;
3) жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын дұрыс жүйелейді, логикалық және стильдік түзетулер енгізе алады;
4) дауысты дыбыстардың түрлерін, емлесін біледі.

Қазақ халқының мәдениеті

1) Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу;
2)қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі).

1) Көпшілік алдында сөйлеу әдебін сақтай отырып дұрыс сөйлей алады;
2)қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады;
3) мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады;
4) дауыссыз дыбыстардың түрлерін, емлесін біледі.

1) Ғылыми-көпшілік стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері).

1) Ғылыми-көпшілік стильдің ерекшеліктерін, қолданылуын ажыратады;
2) тілдік құралдарды
(терминдер, тілдік оралымдар, өзге стиль элементтері) ғылыми-көпшілік стильде қолданады;
3) бірге және бөлек жазылатын сөздердің емлесін ажыратады.

1) Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.

1) Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады;
2) бас әріппен жазылатын сөздердің емлесін ажыратады;
3) тасымалдау тәртібін, тасымалданбайтын сөздердің емлесін ажыратады.

1) Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу.

1) Оқыған мәтін мазмұнын оқиға желісі арқылы ары қарай жалғастыра алады;
2) мәтіндегі көтерілген мәселені анықтап, өз тарапынан баға береді, ондағы алынған мәліметтер мен пікірлерді өздігінен өңдей алады;
3) шылау және одағай сөздердің жазылу емлесін ажыратады.

1) Мәтіндегі негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей білу.

1) Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
2) көтерілген мәселеге баға беріп, мәліметтер мен пікірлерді өңдей біледі;
3) қосымшалардың жазылу емлесін ажыратады.

Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті

Теміржол қызметі

1) Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
2) жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау.

1) Арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдайды;
2) ойын дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізеді;
3) белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана біледі.

1) Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау;
2) сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.

1) Мәтінде көтерілген мәселеге сұрақтар құрастырады және бағалайды;
2) сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана біледі.

1) Әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
2) оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей отырып, түртіп жазу.

1) Әртүрлі графиктік мәтіндердегі (мәліметтерді талдайды;
2) негізгі үрдістерді анықтайды;
3) оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктей алады.

Қазақстан индустриясы

1) Белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу;
2) жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау.

1) Белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана біледі;
2) жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөле алады;
3) ойын дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізіп, редакциялайды .

1) Көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
2) сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.

1) Көпшілікке арналған дәрістің құрылымы мен рәсімделуін біледі;
2) мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін талдайды;
3) сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана біледі.

1) Мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу.

1) Әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырады;
2) мәтіннің маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады;
3) мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Адамзат дамуының жаһандық мәселелер. Тілдік жүйе және тілдік норма

Жаһандық құзыреттер

1) Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
2) ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, интервью жазу.

1) Арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдайды;
2) ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолданып, интервью жазады.

1) Көпшілікке арналған интервью құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
2) сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

1) Көпшілікке арналған интервью құрылымы мен рәсімделуін біледі;
2) мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін талдайды;
3) сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай біледі.

1) Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу;
2) әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу.

1) коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтап сөйлей алады;
2) көркемдегіш құралдарды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсынады;
3) сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай біледі.

1) Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу;
2) сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай білу.

1) Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтап сөйлей алады;
2) сөзжасамдық және синтаксистік нормаларды сақтай біледі.

1) Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

1) Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды;
2) әдеби тілдің сөзжасамдық нормаларын сақтай біледі.

Адам өмірін сақтау. Тілдік жүйе және тілдік норма

Қоғамның байлығы – адам

1) Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
2) қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (дискуссивті эссе).

1) Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдайды;
2)қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданады;
3) мәтінде көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады;
4) сөз тазалығын, әдеби тілдің нормаларын сақтай біледі.

1) Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастыру және бағалау;
2) ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, нұсқаулық жазу.

1) Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, сұрақтар құрастырады және бағалайды;
2) ғылыми-көпшілік стильдің ерекшеліктеріне сай нұсқаулық жазады;
3) тіркестердің мағыналық байланысын ажыратады.

Қоршаған орта мен спорттың адам өміріне әсері

1) Көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
2) оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу.

1) Көпшілікке арналған очерктің құрылымы мен рәсімделуін біледі;
2) мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін талдайды;
3) оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпаратты іріктеп жазады;
4) көркем әдебиет ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолдана біледі.

1) Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау.

1) Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды;
2) мәтіндегі сөйлемдердің орын тәртібін ажыратады, талдай біледі.

Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма

Қазақстан сәулет өнерінің дамуы

1) Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдау;
2) әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, хат, әңгіме, шығарма) ұсына білу.

1) Арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдайды;
2) көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық ұсына біледі;
3) сөйлем және мәтін деңгейінде қойылатын тыныс белгілерді ажыратады,үтірдің қойылу емлесін біледі.

1) Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу;
2) белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана білу.

1) Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлей біледі;
2) белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана біледі;
3) тырнақшаның дұрыс қойылу ережелерін біледі.

1) Көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау.

1) Көпшілікке арналған мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдайды.

1) Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу (аргументативті эссе);
2) ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу.

1) Қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады;
2) ғылыми-көпшілік стильдің ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазады.

1) БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу;
2) сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.

1) БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала біледі, сілтеме жасау жолдарын біледі;
2) сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана біледі.

1) Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу;
2) сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.

1) Түртіп жазудың әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктейді;
2) сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана біледі;
3) қос нүктенің қойылу емлесін ажыратады.

Қазақстан бүгінгі әлемде: Қазақстанның өткені мен келешегі

Уақыт өлшемі

1) Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
2) таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотация жазу.

1) Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды;
2) мәтін бойынша тиісті ақпаратты анықтай біледі;
3) ғылыми стильдің сай тілдік құралдарды орынды қолданып, тезис, аннотация жазады.

1) Мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен салыстыру;
2) жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау).

1) Мәтінде көтерілген мәселені талдайды;
2) мәтіндегі негізі ойды анықтайды және ғаламдық мәселелермен салыстырады;
3) жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөледі;
4) ойын дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізеді.

Қазақстанның талантты ұландары

1) Таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы);
2) әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу.

1) Ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы таниды;
2) көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық ұсына біледі;
3) шешендік өнердің шығу тарихын, көркемдік ерекшеліктерін біледі.

1) Таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
2) мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.

1) Ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін біледі;
2) мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін талдау;
3) мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.

1) Әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
2) мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.

1) Әртүрлі графиктік мәтіндердегі мәліметтерді салыстырып талдайды;
2) мәтіндегі негізгі үрдістерді анықтайды;
3)мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана біледі.

Экология: ядролық және мұнай өндірістері

Экологиялық сауат

1) Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (дәріс) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
2) оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу.

1) Арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдайды;
2) түртіп жазудың (конспектілеудің) әртүрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктейды;
3) белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдаланады.

1) Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау;
2) әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу.

1) Мәтінде көтерілген мәселеге талқылау сұрақтарын құрастырады;
2) мәтінде көтерілген мәселені сыни тұрғыда бағалайды;
3) көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар ұсына біледі;
4) шығармаға сыни пікір жазу жолдарымен танысады.

1) Таза ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
2) белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдалану: көркемдеу, айшықтау, дəлелдеу, сөздерді сұрыптай білу (образды-эстетикалық).

1) Ғылыми стильдегі дәрістің құрылымы мен рәсімделуін біледі;
2) мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін талдайды;
3) белгілі бір тақырып аясында тілдегі көркемдік құралдарды орынды пайдаланады;
4) белгілі бір тақырып аясында сөздерді іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолдана біледі.

1) Әртүрлі стильдегі (ғылыми, ресми іс-қағаздар, публицистикалық, көркем әдебиет, ауызекі сөйлеу стилі) мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдау;
2) БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала білу, сілтеме жасау жолдарын білу, дәйексөз келтіру.

1) Әртүрлі стильдегі мәтіндердің тақырыбын, автор көзқарасын, мақсатты аудиторияға сәйкес қызметін, құрылымын, тілдік ерекшелігін салыстыра талдайды;
2) БАҚ, энциклопедиялық, ғылыми-көпшілік, ғылыми еңбектерден деректерді ала біледі;
3) әртүрлі дереккөздерге сілтеме жасау жолдарын біледі, дәйексөз келтіреді;
4) сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана біледі.

Қазіргі қоғам: миграция және зияткерлік миграция

Миграцияның қоғамдық ортаға әсері

1) Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (интервью, мақала) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
2) әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
3) таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью жазу;
4) сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.

1) Арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдайды;
2) әртүрлі графиктік мәліметтерді салыстырып талдайды, негізгі үрдістерді анықтайды;
3) ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, интервью жазады;
4) сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолдана біледі.

1) Мәтінде көтерілген мәселеге автор мен оқырманның қарым-қатынасын ескере отырып, талқылау сұрақтарын құрастыру және сыни тұрғыда бағалау;
2) таза ғылыми стильдегі интервью, мақаланың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
3) мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау.

1) Мәтінде көтерілген мәселеге талқылау сұрақтарын құрастырады және сыни тұрғыда бағалайды;
2) ғылыми стильдегі интервью, мақаланың құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық ерекшеліктерін талдайды;
3) мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырады;
4) мәтіннің маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады, өзіндік тұжырым жасайды.

1) коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу;
2) мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру;
3) жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізу, редакциялау).

1) Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлей біледі;
2) тыңдаушыларға ықпал ете біледі, шешен сөйлейді.
3) мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
4) берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдейді және толықтырады;
5) жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөледі, ойын дұрыс жүйелеп, логикалық және стильдік түзетулер енгізеді.

Әлемді өзгерткен өнертабыстар

Өнерлі өрге жүзер

1) Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;
2) таза ғылыми стильдегі рецензияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
3) таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, рецензия жазу;
4) мәтін нормаларын сақтап жазу (мәтін құрылымы, абзац, мәтін бөліктері, тақырып).

1) Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды, тиісті ақпаратты анықтай біледі;
2) ғылыми стильдегі рецензияның құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық ерекшеліктерін талдайды;
3) таза ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, рецензия жазады;
4) мәтін нормаларын сақтап жазады.

1) Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (бейнебаян) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
2) мәтіндегі негізгі ойды анықтау, берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдеу және толықтыру
3) қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу.

1) Арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдайды;
2) мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
3) берілген мәліметтер мен пікірлерді өңдейді және толықтырады;
4) қажетті ақпараттарды орынды қолданыады;
5) көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады.

Туризм: экотуризм

Туризмнің дамуының қоғамға пайдасы

1) Мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі (пікірталас) мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдау;
2) таза ғылыми стильдегі баяндаманың құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау;
3) мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.

1) Арнайы мәтіндердегі мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды, мәтін үзінділерін талдайды;
2) ғылыми стильдегі баяндаманың құрылымы мен рәсімделуін біледі;
3) мәтіннің жанрлық ерекшеліктерін талдайды;
4) мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана біледі.

1) Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу, шешен сөйлеу;
2) мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырып, маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазу, өзіндік тұжырым жасау.

1) Коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында дұрыс сөйлей біледі;
2) тыңдаушыларға ықпал ете біледі, шешен сөйлей біледі;
2) мәтін құрылымын сақтай отырып, әртүрлі графиктік мәтіндегі деректерді салыстырады;
3) мәтіннің маңызды тұстары мен үрдістерді талдап жазады, өзіндік тұжырым жасайды.

1) Әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
2) қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі).

1) Әртүрлі графиктік мәтіндердегі мәліметтерді салыстырып талдайды;
2) мәтіндегі негізгі үрдістерді анықтайды;
3) қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады;
4) әдеби тіл нормаларын сақтайды.


Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 бұйрығына
23-қосымша






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет