Әлеуметтік-экономикалық бағыттың "Дүниежүзі тарихы" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Әлеуметтік-экономикалық бағыттың "Дүниежүзі тарихы" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8170 тіркелген) және "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 29031 тіркелген) бұйрықтарына сәйкес әзірленді.
2. "Дүниежүзі тарихы" пәнін оқыту мақсаты – дүниежүзі тарихының негізгі оқиғалары мен процестерін оқу негізінде тарихи санасы қалыптасқан, азаматтық-патриоттық қасиеттерге ие, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, тарихи білім мен дағдыларын оқу процесінде және әлеуметтік жағдайда белсенді әрі шығармашылықпен қолдана алатын тұлға қалыптастыру.
3. Бағдарламаны іске асыру келесі міндеттерді көздейді:
1) әртүрлі тарихи кезеңдегі қоғамдағы негізгі этникалық, әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени мәселелер туралы білімдерді қалыптастыру;
2) тарихи кезеңдер бойы адамзат қалыптастырған патриотизмді, толеранттылықты, гуманистік ғұрыптар мен демократиялық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу;
3) әлемдік-тарихи процесс туралы толық біртұтас білім қалыптастыру;
4) оқиғалар мен құбылыстарды тарихи себептілігі, салыстырмалылығы мен әртүрлі көзқарастар, тарихи оқиғалар және тұлғаларға баға беруде сыни тұрғыдан зерттеу барысында, өткен және қазіргі таңдағы пікірталастық мәселелерге білім алушы тарапынан өзіндік көзқарас білдіруді дамыту;
5) тарихи деректердің әртүрлі типтерімен жұмыс жасау, іздеу және тарихи материалды жіктеу дағдыларын дамыту;
6) әртүрлі деректерді қолдана отырып жобалық, зерттеу әрекетін және тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;
7) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени мәселелерді ұғыну үшін тарихи білімдері мен дағдыларынқолдана білу қабілетін дамыту;
8) коммукативтік дағдыларды дамыту: өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық жеткізе білу, топта жұмыс жасау, әртүрлі деректерден алынған ақпараттарды пайдалану.
9) Білім алушыларды кәсіптік бағдарлау бойынша оқу-дағдылары мен қабілеттерін дамыту.
4. "Дүниежүзі тарихы" пәні бойынша тарихи ойлау дағдыларын қалыптастыру және оқыту мақсаттарын тиімді жүзеге асыру төмендегі тарихи концептілерге (түсініктерге) негізделеді:
1) дәлел;
2) өзгеріс пен сабақтастық;
3) себеп пен салдар;
4) ұқсастық пен айырмашылық;
5) маңыздылық;
6) интерпретация.
Пәннің мазмұны 8 бөлімнен тұрады: "Өркениет: даму ерекшеліктері", "Этникалық және әлеуметтік процестер", "Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан", "Мәдениеттің дамуы", "Өркениет: даму ерекшеліктері", "Саяси-құқықтық процестер", "Қоғамдық-саяси ойдың дамуы", "Білім мен ғылымның дамуы".
1 бөлім. өркениет: даму ерекшеліктері. Өркениет: зерттеудің теориялары мен тәсілдері. "Өркениет" түсінігі. "Өркениет" түсінігін зерттеудегі негізгі тәсілдер. Өркениеттердің жіктелуі. Өркениеттің дәстүрлі (аграрлы) түрі: отырықшы-егіншілік, көшпелі. Өркениет дамуының индустриалдық және постиндустриалдық кезеңдері. Қазіргі заманғы өркениеттің дамуына ақпараттық технологиялардың ықпалы. Әлем өркениеттерінің тарихы. Ежелгі әлем өркениеттері (Ежелгі Египет, Ежелгі Месопотамия, Ежелгі Қытай, Ежелгі Үндістан, Ежелгі Греция, Ежелгі Рим). Ежелгі діни наным-сенімдер (синтоизм, индуизм, иудаизм, зороастризм, манихейлік, даосизм). Ежелгі философиялық ілімдер (Платон, Сократ, Аристотель, Конфуций, Лао Цзы). Африка (бушмендер, нубийлер, Гана, Мали, Сунгай), Америка (майя, инктер, ацтектер) және Австралия мен Океанияның (полинезиялық, Таити аралының тайпалары, гавайлықтар) дәстүрлі өркениеттері. Әлемдік діндер және өркениеттің дамуы (буддизм, христиандық, ислам). Қазіргі заманғы әлемдік діндердің даму тенденциялары. Қазіргі заманғы деструктивті діни ұйымдар мен ағымдар. Өркениеттердің өзара әрекеттесуі. Өркениеттердің сауда-экономика саласындағы өзара әрекеттесулері (Ұлы жібек жолы, халықаралық ұйымдар: Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ), Халықаралық валюта қоры (ХВҚ), Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы(МЭЕҰ), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕАЭО) және тағы басқалар. Өркениеттердің дипломатиялық саладағы өзара әрекеттесулері. Дипломатия өркениеттердің өзара жақындасу факторы ретінде. Өркениеттердің өзара әрекеттесуінің әскери-саяси аспектісі (жаулаушылық соғыстар, отарлық экспансия, әскери-саяси одақтар, дүниежүзілік соғыстар, қырғи-қабақ соғыс, жергілікті қақтығыстар, этносаралық қақтығыстар). Мәдениеттер диалогі (мәдениеттердің өзара әрекеттесуі мен өзара ықпалдары);
2 бөлім. этникалық және әлеуметтік процестер. Антропогенез және этногенез. Адамның пайда болуы туралы теориялар (діни, ғарыштық, эволюциялық). "Этнос", "этногенез", "ұлт" ұғымдары. Этностардың пайда болуына байланысты теориялар. Әлемнің этникалық картасы: өткен заман және қазіргі уақытта (ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы мен ыдырауы, "ұлттық сана", этностардың ассимиляциясы, шағын этностардың проблемалары). Әлем тарихындағы этносаралық қатынастар. Ұлтаралық қатынастар: мәселелер және қарама-қайшылықтар. Ұлтаралық қақтығыстардың себептері мен салдарлары (ұлтшылдық, шовинизм, нәсілдік кемсітушілік, нацизм). Этностардың бейбіт өзара әрекеттесуінің тәсілдері (халықаралық интеграция, Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Еуропа Одағы (ЕО), Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымы(ТҮРКСОЙ), Еуразиялық Экономикалық Одақ (ЕАЭО), Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ), Қазақстан халқы Ассамблеясы және тағы басқалар). Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары. Социогез туралы теориялардың әртүрлілігі (формациялық тәсіл, өркениеттік тәсіл және тағы басқалар). Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары (қоғам ұйымдасуының қандық-туыстық, көршілік-аумақтық, макроэтникалық қағидалары). Қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясы;
3 бөлім. мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан. Мемлекеттің тарихи типтері, формалары және саяси режимдер. "Мемлекет", "билік", "басқару институты" ұғымдары. Мемлекеттің пайда болу теориялары (Аристотель, Платон, Конфуций, Ф. Аквинский, Н. Макиавелли, Дж. Локк, Т. Гоббс, Т. Джефферсон, Ф. Энгельс және тағы басқалар). Мемлекет формаларының эволюциясы: ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін (монархия, республика, теократиялық мемлекеттер). Саяси режимдердің типтері (тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық). Әлем тарихының барысына әсер еткен әскери - саяси оқиғалар. Антикалық дәуірдегі әлемдік империяларының қалыптасуы (Парсы империясы, Александр Македонский империясы, Рим империясы). Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары Батыс Рим империясының ыдырауы мен антикалық кезеңінен орта ғасырларға көшу процесінің бір факторы ретінде. Араб шапқыншылықтары мен Крест жорықтары (Араб халифаты мен кресшілер мемлекеттерінің құрылуы мен ыдырауы). Еуразия картасының өзгеруіне Шыңғысхан жорықтарының әсері (Моңғол империясы, Алтын Орда, Әмір Темір империясы, Мәскеу мемлекеті, Құбылай мемлекеті, Ильханат). Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері (капиталистік дамудың жеделдетілуі, Еуропада либералдық әлеуметтік идеялардың таратылуы). Дүниежүзілік соғыстар және халықаралық қатынастар жүйесі: Версаль - Вашингтон, Ялта - Потсдам жүйелері. Революциялар қоғам өзгеруінің бір факторы ретінде. Буржуазиялық революциялар индустриалды қоғам қалыптасуының катализаторы ретінде (XVII ғасырдағы Ағылшын буржуазиялық революциясы, XVIII ғасырдағы Француз буржуазиялық революцияы, АҚШ-ғы тәуелсіздік үшін соғыс, Еуропадағы 1848 жылғы "ұлттар көктемі"). Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалды тәсілі ретінде (1917 жылғы Қазан Социалистік революциясы, Қытайдағы 1946-1949 жылдардағы Азаматтық соғыс, 1959 жылғы Куба революциясы). Социалистік революциялар нәтижесіндегі қоғамдық құрылымының өзгеруі. Қазіргі заманның революциялары: себептері мен салдарлары (Шығыс Еуропадағы 1989-1990 жылдардағы "барқыт революциясы", Таяу Шығыстағы 2010-2011 жылдардағы "Араб көктемі", бұрынғы Кеңес Одағы елдеріндегі "түрлі-түсті революциялар"). Қоғам проблемаларын революциялық жолмен шешудің салдарлары;
4 бөлім. мәдениеттің дамуы. Адамзаттың мәдени мұрасын сақтап қалу жолдары. Адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалуға бағытталған ЮНЕСКО-ның қызметі. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасының тізімі. Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы (Эрмитаж, Лувр, Британ мұражайы, Метрополитен, Жапония Ұлттық мұражайы, Египет мұражайы, Уффици галереясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы және тағы басқалар). Әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтау барысындағы мұражайлардың рөлі. Өнер – қоғам дамуының көрінісі. Тарихи процестер аясындағы өнердің бағыттары мен стильдері (абстракционизм, модернизм, постмодернизм, авангардизм, футуризм, кубизм, сюрреализм, экспрессионизм, гиперреализм, хайтек стилі және тағы басқалар). Өнердің бағыттары мен стильдерінің дамуына қоғамдық процестердің тигізетін әсері. Қазіргі кездегі өнердің даму тенденциялары. Бұқаралық мәдениет және оның қазіргі қоғамға тигізетін әсері (кино, радио, теледидар, интернет, спорт, музыка, қазіргі заманғы әдебиет, қазіргі заманғы бейнелеу өнері). Қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары. Жалпыадамзаттық моральдық құндылықтардың қалыптасуы (діни және философиялық идеялар, ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, фольклор, дәстүрлі музыка мен әдебиет, отбасылық құндылықтар). Тарихи оқиғалар аясындағы құндылықтардың өзгеруі (ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы, дүниежүзілік соғыстар, қырғи-қабақ соғыстың аяқталуы). Қоғамның адамгершілік құндылықтарды қайта бағалауына ықпал еткен ХХ ғасырдың тарихи оқиғалары. Жаһандану жағдайындағы рухани-адамгершілік құндылықтардың өзгеру мәселесі (прагматизм, рационализм, шектен тыс дарашылдық, нигилизм, конформизм, әлеуметтік апатия, тұтынушылық психология, діни фанатизм, неофашизм, бейресми жастар ұйымдары);
5 бөлім. өркениеттер: даму ерекшеліктері. Экономикалық жүйелердің тарихи типтері: өзгеріс пен сабақтастық. Экономика және экономикалық жүйелердің типтері ("экономика" және "экономикалық жүйе" ұғымдары). Елдердің экономикалық дамуының ерекшеліктері. Дәстүрлі (аграрлық) экономика. Нарықтық экономика (либералды экономика). Жоспарлы (социалистік) экономика. Аралас экономика. Табиғи және географиялық факторлардың мемлекеттердің экономикалық дамуына тигізетін әсері. Табиғи және географиялық факторларға байланысты елдердің экономикалық мамандандырылуы (Парсы шығанағы елдері, Канада, Австралия, Түркия, Бразилия және тағы басқалар). Мемлекеттердің экономикалық дамуындағы табиғи-географиялық шектеуші факторларға төтеп берудің тарихи мысалдары (Жапония, Израиль, Сингапур, Малайзия және тағы басқалар). Қазіргі кезеңде әлем елдерінің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі. Мемлекеттердің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі. Қазіргі кезеңдегі мемлекеттердің біркелкі емес экономикалық даму мәселелері (бұрынғы отарлардың экономикалық дамуы, неоколониализм, шикізатқа бағытталған экономикалар). Мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілік пен экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудегі халықаралық ұйымдардың рөлі;
6 бөлім. саяси-құқықтық процестер. Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам. Құқықтық мемелекет ұғымы, принциптері мен қалыптасуының тарихи алғышарттары (мемлекеттік билікті бөлу принципі, заңның үстемдігі, құқықтар мен бостандықтардың кепілдігі). Құқықтық мемлекет принциптерінің жүзеге асырылуының тарихи тәжірибесі (Адам мен азаматтың құқықтары туралы декларациясы, АҚШ-тың тәуелсіздік туралы декларациясы, АҚШ-та құлдықты жою туралы Заң, Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы). Азаматтық қоғамның түсінігі мен жалпы сипаттамасы (Үкіметтік емес ұйымдар, лоббизм, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар). Мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің қазіргі заманғы даму тенденциялары. Үкіметтік емес ұйымдар және олардың азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі. Әлемнің қазіргі саяси жүйесі. Әлемнің саяси жүйесінің өзгеруі. Халықаралық қатынастардағы Ялта-Потсдам жүйесінің ыдырау себептері. Әлемнің биполярлы жүйесінің ерешеліктері. Әлем құрылысының постбиполярлық жүйесі. "Постбиполярлы жүйе", "көпвекторлы саясат", "бірполярлы әлем" ұғымдары. Халықаралық қатынастардың қазіргі замандағы тенденциялары. Қазіргі кезеңдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі. Халықаралық қауіпсіздіктің қазіргі кездегі қауіп-қатерлері (сепаратизм, ланкестік, фундаментализм, экстремизм, босқындар мәселесі, ірі мемлекеттердің қарсыласуы). Бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы мемлекеттердің бірлескен әрекеттері. Халықаралық және аймақтық ұйымдары: Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымы (ЕҚЫҰ), НАТО, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Азиядағы Өзара Ықпалдастық және Сенім Шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК), Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы (ҰҚШҰ) және тағы басқалар;
7 бөлім. қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Жаңа замандағы және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың эволюциясы. Жаңа замандағы және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың дамуының негізгі бағыттары (либерализм, ұлтшылдық, социал-демократия, марксизм, экзистенциализм, прагматизм, позитивизм). ХХ ғасырдағы бостандық пен әділеттілік үшін күресушілер. Бостандық пен азаматтық құқықтар үшін күрес. М. Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы (сатьяграха, свараджа, свадеши). Мартин Лютер Кингтің ұлы арманы (нәсілдік кемсітушілік, сегрегация, азаматтық құқықтар үшін күрес).
Н. Манделла – апартеидке қарсы күресуші (апартеид, азаматтық құқықтар).
ХХ ғасырдағы – ХХI ғасырдың басындағы көрнекті саясаткер-реформаторлар. Мемлекет тархындағы тұлғаның ролі. Мұстафа Кемал Ататүрік – Түрік Республикасының негізін қалаушысы (зайырлы мемлекет, этатизм). Франклин Делано Рузвельт және оның "жаңа бағыты". Ф. Рузвельттің бейбіт және соғыс кезіндегі ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктері. Шарль де Голль: Франция ұлылығының қайта өрлеуі (голлизм, Бесінші республика). Дэн Сяопин – көрнекті Қитай реформаторы ("қытайлық ерекшелігі бар социализм", "бір ел – екі жүйе"). Ли Куан Ю, Махатхир Мохаммад: "үшінші әлемнен бірінші әлемге" ("экономикалық ғажайып", "азиялық серпініс", жаңа индустриалды елдер). Н.Ә.Назарбаев және модернизацияның қазақстандық моделі. "Қазақстан - 2030", "Қазақстан - 2050" даму стратегиялары, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясы. Мемлекет тарихының өтпелі кезеңдеріндегі реформалардың маңыздылығы.
8 бөлім. білім мен ғылымның дамуы. Білім алу жалпы адамзаттық құндылық ретінде. Жазу мен кітап бастыру – адамзаттың ұлы жетістіктері (пиктография, иероглифтер, сына жазу, руникалық жазу, кітап бастыру және тағы басқалары). Мектептегі білім беру: ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін (гимнасия, палестра, академия, спарталық мектеп, схоластика, жеті "еркін өнер", мектебтер, медреселер, жексенбілік мектептер, қолөнер мектептері және тағы басқалар). Мектептегі білім берудің заманауи модельдері. Жоғары білім беру жүйесі: тарих пен қазіргі кезең (Кордова, Прага, Оксфорд, Кембридж, Сорбонна университеттері және тағы басқалары). Ағартушылық пен ғылымды өрістетудегі алғашқы университеттердің рөлі. Жоғарғы білім берудің заманауи модельдері. Ғылыми-техникалық прогресс. Ғылыми-техникалық прогрестің тарихи кезеңдері. "Өнеркәсіп төңкерісі", "ғылыми-техникалық революция" ұғымдары. Қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын бағалау. Ғылыми-техникалық прогресс және қазіргі заманның жаһандық мәселелері. Қазіргі кездегі ғылыми технологиялар. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар. Қоғамның дамуына ақпараттық технологиялардың әсері. Қазіргі ғылымның перспективалық салалары (робототехника, космонавтика, гендік инженерия).
5. Оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде білім беру ұйымының мүмкіндігі бар:
1) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін және бақылау түрлерін таңдау;
2) оқу уақыты сағаттарының жалпы көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлу (пәнді оқуға бөлінген сағат көлемінен);
3) нақты дәлелдер мен фактілерге негізделген пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгерту;
4) жұмыс берушілердің талаптары және бөлімдер мен тақырыптар тізбесін тереңдету және кеңейту мақсатында өңірлік компонентті енгізу және бөлімдер, бөлімшелер мен тақырыптарды дайындық бағыты бойынша элементтерді енгізуге байланысты тақырыптардағы сағат көлемі мен пәннің мазмұнын 25% - дан аспайтындай өзгерту.
6. Оқу жүктемесінің көлемі даярлау бағыты мен біліктілігіне байланысты 72-96 сағатты (3-4 кредит) құрайды.
2-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
Бөлім, бөлімше және тақырып атаулары
Сағат саны
Барлығы
Сабақтар
Теориялық
практикалық
1 бөлім. Өркениет: даму ерекшеліктері.
1.1. Өркениет: зерттеудің теориялары мен әдістері.
+
+
+
Тақырып 1.1.1 "Өркениет" түсінігі.
1.2. Өркениеттердің жіктелуі.
Тақырып 1.2.1. Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық)түрі: көшпелі және отырықшы-егіншілік.
Тақырып 1.2.2. Өркениеттің индустриалдық даму кезеңі. Өркениеттің постиндустриалды даму кезеңі.
1.3. Әлем өркениеттерінің тарихы.
+
+
+
Тақырып 1.3.1. Ежелгі әлем өркениеті.
Тақырып 1.3.2. Ежелгі өркениеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Тақырып 1.3.3. Африка, Америка, Австралия және Океанияның дәстүрлі өркениеттері.
Тақырып 1.3.4. Әлемдік діндер және өркениеттердің дамуы.
1.4. Өркениеттердің өзара әрекеттесуі.
+
+
+
Тақырып 1.4.1. Өркениеттер әрекеттестігінің сауда-экономикалық саласы.
Тақырып 1.4.2. Өркениеттер әрекеттестігінің дипломатиялық саласы.
Тақырып 1.4.3. Өркениеттер әрекеттестігінің әскери-саяси саласы.
Тақырып 1.4.4. Мәдениеттер диалогі.
2 бөлім. Этникалық және әлеуметтік процестер.
2.1. Антропогенез және этногенез.
+
+
+
Тақырып 2.1.1. Адамның шығу тегі теориялары.
Тақырып 2.1.2. Этностардың пайда болуы туралы теориялар.
Тақырып 2.1.3. Әлемнің этникалық картасы: өткен заманда және қазіргі уақытта.
2.2. Әлем тарихындағы этносаралық қатынастар.
+
+
+
Тақырып 2.2.1. Этносаралық қатынастар: проблемалары және қарама-қайшылықтары.
Тақырып 2.2.2. Этносаралық қатынастар: бейбіт өзара әрекеттестік тәсілдері.
2.3. Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары.
+
+
+
Тақырып 2.3.1. Социогенез туралы теориялардың алуан түрлілігі.
Тақырып 2.3.2. Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары.
3 бөлім. Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан.
3.1. Мемлекеттің тарихи типтері, формалары және саяси режимдер.
+
+
+
Тақырып 3.1.1. Мемлекет түсінігі. Мемлекеттің пайда болу теориялары.
Тақырып 3.1.2. Мемлекет формаларының эволюциясы: ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін.
Тақырып 3.1.3. Саяси режимдердің типтері.
3.2. Әлем тарихының барысына әсер еткен әскери -саяси оқиғалар.
+
+
+
Тақырып 3.2.1. Антикалық кезеңдегі әлемдік империялардың қалыптасуы.
Тақырып 3.2.2. Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан орта ғасырларға өтудің бір факторы ретінде.
Тақырып 3.2.3. Араб шапқыншылықтары мен Крест жорықтары.
Тақырып 3.2.4. Еуразия картасының өзгеруіне Шыңғысхан жорықтарының ықпалы.
Тақырып 3.2.5. Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері.
Тақырып 3.2.6. ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері.
Тақырып 3.2.7. Бірінші дүниежүзілік соғыстың экономикалық нәтижелері.
Тақырып 3.2.8. Екінші дүниежүзілік соғыстың әлеуметтік экономикалық салдары.
3.3. Революциялар қоғам өзгеруінің бір факторы ретінде.
+
+
+
Тақырып 3.3.1. Буржуазиялық революциялар – индустриалды қоғамның құрылуының катализаторы.
Тақырып 3.3.2. Социалистік революция әлеуметтік теңдік идеяларын жүзеге асырудың радикалды әдісі ретінде.
Тақырып 3.3.3. Қазіргі кездегі революциялар: себептері мен салдары.
4 бөлім. Мәдениеттің дамуы.
4.1. Адамзаттың мәдени мұрасын сақтап қалу жолдары.
+
+
+
Тақырып 4.1.1. Адамзаттың тарихи-мәдени мұрасын сақтап қалудағы ЮНЕСКО-ның қызметі.
Тақырып 4.1.2. Әлемнің ең ірі мұражайлары: адамзаттың тарихи зердесінің қазынасы.
4.2. Өнер – қоғам дамуының бейнесі.
+
+
+
Тақырып 4.2.1. Тарихи процестер контекстіндегі өнердің бағыттары мен стильдері.
Тақырып 4.2.2. Заманауи өнердің даму тенденциялары.
4.3. Қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары.
+
+
+
Тақырып 4.3.1. Жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтардың қалыптасуы.
Тақырып 4.3.2. Тарихи оқиғалар контекстіндегі құндылықтардың өзгеруі.
1) Тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "өркениет", "өркениет типі" терминдерін қолдану;
2) "Өркениет" түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру.
1) "Өркениет" ұғымын анықтаудағы ғалымдардың пікірлерін талдайды;
2) "Өркениет" ұғымын танудың негізгі бағыттарын анықтайды;
3) "Өркениет" ұғымын анықтаудағы эволюциялық және өркениеттілік бағыттардың айырмашылықтарын сипаттайды.
Өркениеттердің жіктелуі
1) Әлем өркениеттерінің тарихы мен олардың өзара әрекеттесуін түсіндіру;
2) өркениеттің дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін түсіндіру.
1) Өркениеттің түрлерін сипаттайды;
2) ежелгі өркениеттердің ерекшеліктерін оларға тән белгілерін салыстырмалы талдау негізінде анықтайды;
3) шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдайды;
1) Өркениеттің индустриалды түрінің ерекшеліктерін түсіндіру;
2) өркениеттің постиндустриал ды дамуының ерекшеліктерін түсіндіру.
1) Өркениеттің индустриалды және постиндустриалды түрлерін сипаттайды;
2) ақпараттық технологиялардың қазіргі өркениеттің дамуына әсерін анықтайды;
3) индустриалды және постиндустриалды өркениеттердің айырмашылықтарын талдайды.
Әлем өркениеттерінің тарихы
1) Ежелгі өркениеттердің ерекшеліктерін, оларға тән белгілерін салыстырмалы талдау негізінде анықтау;
2) әлем өркениеттері мен діндердің даму тарихын, ерекшеліктерін сараптау.
3) Ежелгі өркениеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтау.
1) Ежелгі өркениеттердің дамуына діни сенімдердің әсерін анықтайды;
2) шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдайды;
3) мемлекет пен қоғамның дамуы туралы ежелгі философиялық ілімдерді зерттейді.
4) Ежелгі өркениеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуын біледі.
2) Локальді өркениеттердің ерекшеліктерін, оларға тән белгілерін салыстырмалы талдау негізінде анықтау.
1) Дәстүрлі өркениет ошақтарын атайды және орналасқан жерін картадан көрсетеді;
2) аймақтардың өркениеттік ерекшеліктер трансформациясының себептерін анықтайды;
3) шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдайды.
1) Әлемдік діндер іліміндегі жалпы адамгершілік құндылықтарды анықтау;
2) әлемдік діндердің даму кезеңдері мен ерекшеліктерін сипаттау.
1) Әлемдік діндердің философиялық негіздерін анықтайды;
2) қазіргі кездегі өркениет жағдайында әлемдік діндердің даму тенденцияларын сипаттайды;
3) қазіргі кездегі деструктивті діни ұйымдар мен ағымдардың қоғамға әсерін бағалайды.
Өркениеттердің өзара әрекеттесуі
1) Себеп-салдарлық байланысты анықтай отырып, әлемдік сауданың өркениет дамуындағы рөлін анықтау.
1) Әлемдік экономиканың дамуындағы халықаралық ұйымдардың рөлін анықтайды;
2) қазіргі заманғы жетекші халықаралық ұйымдарды атайды, олардың іс-әрекетінің маңыздылығын бағалайды.
2) Қазіргі өркениеттің дамуындағы дипломатияның рөлін анықтау.
3) Отаршыл экспансия мен қазіргі замандағы жаһандық мәселелердің себеп-салдарлық байланысын анықтау.
1) Ежелгі және орта ғасырлардағы жаулап алушылық жорықтардың себептерін анықтайды;
2) қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын талдайды.
4) Өркениеттердің жетістіктерін зерттей отырып, мәдениеттердің өзара әрекеттестігі мен өзара ықпалын сипаттау.
1) Мәдениеттердің өзара ықпалдастығының өркениетті деңгейін талдайды;
2) жаһанданудың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтай отырып, оның қоғамның рухани дамуына әсерін бағалау;
3) этникалық мәдениеттердің киім үлгісіндегі өрнектердің символын сараптайды.
5) Адамзат тарихындағы жаулап алушылық жорықтар, отаршыл экспансия және жаһандық мәселелердің себептерін, байланысын бағалау.
1) Ежелгі және орта ғасырлардағы жаулап алушылық жорықтардың себептерін, отаршыл экспансия мен қазіргі замандағы жаһандық мәселелердің себеп-салдарлық байланысын анықтайды;
2) қазіргі өркениеттің даму контекстінде әскери қақтығыстардың ерекшеліктері мен салдарларын талдайды;
3) жаһанданудың жағымды және жағымсыз жақтарын анықтай отырып, оның қоғамның рухани дамуына әсерін қорытындылайды.
Этникалық және әлеуметтік процестер
Антропогенез және этногенез
Әлем тарихындағы этносаралық қатынастар
Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуының тарихи формалары
1) Антропологиялық, этникалық және әлеуметтік үдерістердің байланыстарын анықтау.
1) Тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін "этнос", "этногенез", "ұлт", "социогенез", "формациялық әдіс", "өркениеттік әдіс" ұғымдарын қолданады;
2) ұлтаралық қақтығыстардың пайда болуының себеп-салдарлық байланысын түсіндіреді.
1) Ұлтаралық қатынастардың сипатын, интеграциялық процестердің тиімділігін негіздеу.
1) Тарихи оқиғаларды талдау негізінде қазіргі кездегі ұлтаралық қатынастардың сипатын түсіндіреді;
2) қазіргі кездегі интеграциялық процестердің тиімділігін салыстырады ;
3) ұлтаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің мысалында этностар арасындағы бейбіт әрекеттестіктің мүмкіндігін талдайды.
1) Этникалық және мәдени әртүрлілікті, антропогенездің әртүрлі теорияларын тұжырымдау.
1) Қазіргі қоғамның әлеуметтік стратификациясын зерттейді;
2) жаһандану жағдайындағы этникалық және мәдени
3) әртүрлілікті сақтаудың маңыздылығын қорытындылайды;
4) антропогенездің әртүрлі теорияларын жүйелейді;
5) қоғамдағы әлеуметтік стратификацияны болжайды.
Мемлекет, соғыс және революциялар тарихынан
Мемлекеттің тарихи типтері, формалары және саяси режимдер
Әлем тарихының барысына әсер еткен әскери -саяси оқиғалар
Революциялар қоғам өзгеруінің бір факторы ретінде
1) Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар мен буржуазиялық революциялардың себептері мен салдарларын тұжырымдау.
1) Тарихи оқиғалар мен процестерді түсіндіру үшін "мемлекет", "билік", "басқару институты" терминдерін қолданады;
2) тарихи құжаттарды талдау негізінде - бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстардың себептері мен салдарларын айқындайды;
3) буржуазиялық революциялардың нәтижесіндегі әлеуметтік құрылымдағы өзгерістерді саралайды.
1) Антика дәуіріндегі империялардың, араб шапқыншылықтары мен крест жорықтарының және моңғол шапқыншылығының себептері мен салдарын салыстыру, пікір білдіру;
2) бірінші дүниежүзілік соғыстың экономикалық нәтижелерін анықтау;
3) екінші дүниежүзілік соғыстың әлеуметтік экономикалық салдары.
1) Мемлекеттердің тарихи формаларына тән белгілерін анықтайды;
2) тоталитарлық саяси режимнен қазіргі замандағы демократияға ауысудың ерекшеліктерін жүйелейді;
3) антика дәуірінде империялардың пайда болуының себептері мен салдарларын негіздейді;
4) дәйекті қорытындылар жасай отырып, араб шапқыншылықтары мен крест жорықтарының себептерін анықтайды;
5) моңғол шапқыншылығының Еуразиядағы ұлттық мемлекеттердің қалыптасу процесіне әсерін талдайды.
5) екі дүниежүзілік соғыстың әлеуметтік-экономикалық салдарын айқындайды.
1) Тарихи дамудың заңдылығын, революциялардың жағымды және жағымсыз салдарларын бағалау.
1)Тарихи деректердің негізінде антикалық дәуірден орта ғасырларға өту заңдылығын тұжырымдайды;
2) революциялардың жағымды және жағымсыз салдарын анықтайды;
3) қоғамдық мәселелерді шешудің революциялық тәсілінің салдары жайлы қорытынды жасайды.
Мәдениеттің дамуы
Адамзаттың мәдени мұрасын сақтап қалу жолдары
Өнер – қоғам дамуының бейнесі
Қазіргі қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтары
2) ЮНЕСКО қызметін мысалға ала отырып тарихи-мәдени мұраны сақтау жолдарын түсіндіреді;
1) Тарихи-мәдени мұраны сақтау жолдарын, әлем мұражайларының ерекшеліктерін, құндылықтарын айқындау;
2) әлем халықтарының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтап қалудағы мұражайлардың рөлін түсіндіру.
1) Әлемнің ең ірі мұражайларының ерекшеліктерін анықтайды.
2. Мұражай қызметіне жаңа көзқарастар мен олардың маңызын анықтайды.
1) ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы мәдениеттегі тың құбылыстарды түсіндіру;
2) тарихи процестер контекстіндегі өнердің бағыттары мен стильдерін білу.
1) Қоғамдағы өзгерістерді түсіну үшін "абстракционизм", "модернизм", "постмодернизм", "авангардизм", "футуризм", "кубизм", "сюрреализм", "экспрессионизм", "гиперреализм", "хайтек" терминдерін қолданады;
2) Әлем мәдениетінің көрнекті өкілдерінің шығармашылық туындыларын талдап, олардың ерекшеліктерін анықтайды.
1) XX ғасырдың тарихи оқиғаларының себеп салдарын, байланыстыру, ерекшеліктерін анықтау.
1) Қоғамның моральдық құндылықтарын қайта бағалауға септігін тигізген XX ғасырдың тарихи оқиғаларының ерекшеліктерін талдайды;
2) жаһанданудың ұлттық-мәдени дамуға әсерін қорытындылайды.
Өркениет: даму ерекшеліктері
Экономикалық жүйелердің тарихи типтері: өзгеріс пен сабақтастық
Мемлекеттің экономикалық дамуына табиғи-географиялық фактордың әсері
Қазіргі кезеңде әлем елдерінің экономикалық даму деңгейі бойынша жіктелуі
1) Экономикалық жүйелердің тарихи типтерін, табиғи-географиялық фактордың әсерін анықтау, қазіргі кезеңдегі әлем елдерінің экономикалық жіктелуін түсіндіру.
1) Мемлекеттердің экономикалық даму ерекшеліктерін талдау үшін "экономика" және "экономикалық жүйе" ұғымдарын қолданады;
2) әртүрлі мемлекеттердің мысалында экономиканың дәстүрлі (аграрлы) түріне тән белгілерін талдайды;
3) экономикалық жүйелердің түрлері туралы білімдерін пайдалана отырып, экономикалық дамудың ерекшеліктерін түсіндіреді.
1) Нарықтык экономиканың ерекшелігін саралау, табиғи-географиялық фактордың маңызын, рөлін бағалау.
1) Әртүрлі елдердің мысалында нарықтық экономикаға тән ерекшеліктерді талдайды;
2) мемлекеттер мен аймақтардың шаруашылық мамандануының қалыптасуындағы табиғи-географиялық фактордың рөлін негіздейді;
3) мемлекеттер мен аймақтардың әркелкі экономикалық дамуын салыстырады.
1) Аралас экономиканың ерекшелігін және дамушы мемлекеттердің, аймақтардың артта қалушылығына көмектесудегі халықаралық ұйымдардың рөлін бағалау.
1) Экономиканың аралас түріне тән белгілерді анықтай отырып, оған көшудің себептерін талдайды;
2) қазіргі заман тарихында шектеуші табиғи-географиялық факторлар жағдайындағы мемлекеттердің сәтті экономикалық дамуының мысалдарын тұжырымдайды;
3) мемлекеттер мен аймақтардың кедейшілік пен экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудегі халықаралық ұйымдардың рөлін зерттейді;
4) дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық артта қалушылыққа төтеп берудің ықтимал жолдарын болжайды.
Саяси-құқықтық процестер
Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам
Әлемнің қазіргі саяси жүйесі
Қазіргі кездегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау мәселесі
1) Әлемнің қазіргі саяси жүйесі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау бағытындағы мемлекеттердің саяси дамуын болжау.
1) Құқықтық мемлекеттің қалыптасуының алғышарттарын зерттейді;
2) саяси-құқықтық процестер мен қазіргі кездегі халықаралық қатынастарды сипаттау үшін құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам "постбиполярлық жүйе", "көпвекторлы саясат", "бір полярлы әлем" ұғымдарын қолданады;
3) құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның құрылуының тарихи байланысын анықтайды;
1) Мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру.
1) Мемлекеттердің саяси-құқықтық жүйесінің дамуының қазіргі тенденцияларын түсіндіру үшін "азаматтық қоғам" ұғымын қолданады;
2) азаматтық қоғамның қалыптасуын, адам құқықтарының Жалпы Декларациясын талдайды;
3)азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуында үкіметтік емес ұйымдардың рөлін айқындайды.
1) Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын, халықаралық ұйымдардың қызметін талдау.
1) Тарихи оқиғалар, процестер мен құбылыстарды талдау негізінде қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың даму тенденцияларын түсіндіреді;
2) қауіпсіз әлем дамуының ықтимал жолдарын болжайды;
3) бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған халықаралық ұйымдардың қызметін тұжырымдайды.
Қоғамдық-саяси ойдың дамуы
Жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық ойдың эволюциясы
ХХ ғасырдағы бостандық пен әділеттілік үшін күресушілер
ХХ ғасырдағы – ХХI ғасыр дың басындағы көрнекті саясаткер-реформаторлар
1) Азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын, қоғамдық-саяси өмірдегі тұлғаның рөлін бағалау.
1) Қоғамдық-саяси ойдың дамуы үшін Ағартушылық дәуір идеяларының маңыздылығын пікір білдіреді;
2) XIX-XX ғасырлардағы қоғамдық құрылыс туралы философиялық ойдың даму ерекшеліктерін зерттейді;
3) қоғамдық ойдың дамуын "либерализм", "ұлтшылдық", "социал-демократия", "марксизм", "экзистенциализм", прагматизм", "позитивизм", "гандизм", "нәсілдік кемсітушілік", "сегрегация" ұғымдарын қолданады;
4) қоғамдық-саяси өмірдегі тұлғаның рөлі туралы қортындылар жасайды.
1) Жаңа заман және қазіргі кездегі қоғамдық саяси ойдың дамуы, ХХ және ХХІ ғасырдың көрнекті саясаткер-реформаторлар туралы баяндау.
1) Тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін "этатизм", "зайырлы мемлекет" ұғымдарын қолданады;
2) мемлекет тарихындағы тұлғаның рөлін негіздейді;
3) мемлекеттер тарихындағы Ф. Рузвельт, Ш.Голль, М.Ататүрік, Дэн Сяопин, Ли Куан Ю и Махатхир Мохаммадтың ішкі және сыртқы саясатының ерекшеліктерін түсіндіру;
4) ҚХР мысалында жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу себептерін талдайды;
5) тарихи оқиғаларды талдау негізінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы "экономикалық ғажайып" факторларын саралайды.
7) экономикалық және әлеуметтік мәселелердегі голлизмге тән белгілерді айқындайды
8) Ф. Рузвельттің әлеуметтік-саяси бағдарламаларының маңыздылығын бағалайды
1) Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегін, еліміздің стратегиялық бағдарламаларының негізгі бағыттарын тұжырымдау.
1) Қазақстандық модернизация үлгісін құрастыру және жүзеге асырудағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің рөлін бағалайды;
2) "Қазақстан - 2030", "Қазақстан - 2050" стратегияларының мысалында мемлекет дамуын ұзақ мерзімді жоспарлау қажеттілігін зерттейді;
3) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясын ұсыну өзектілігін дәлелдейді;
4) Азаматтық құқықтар үшін күресте тұлғаның белсенді азаматтық позициясының маңыздылығын қорытындылайды.
Білім мен ғылымның дамуы
Білім алу бүкіл адамзаттық құндылық ретінде
Ғылыми-техникалық прогресс
1) Елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы білімнің маңыздылығын анықтаңыз;
2) тарихи даму контекстінде жоғары білім беру жүйесін дамытудағы өзгерістер мен сабақтастықты айқындау.
1) Әртүрлі мемлекеттердегі өнеркәсіп революциясының нәтижесін талдау.
1) Тарихи даму контекстіндегі әлем халықтарының жазу түрлерін жіктейді;
2) мемлекетердің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау үшін "өнеркәсіп революциясы", "ғылыми-техникалық революция" ұғымдарын қолданады;
3) әртүрлі мемлекеттердегі өнеркәсіп революциясының ерекшеліктерін, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтайды.
Адамзат тарихы контекстіндегі мектеп білімінің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықты сипаттайды;
4) елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы және экономикалық өсу серпініндегі білім берудің рөлін талдайды.
5) мектептегі білім берудің заманауи модельдерін салыстырады, олардың артықшылықтарын анықтайды
1) Білім құндылығы, ғылыми-техникалық прогресс, ғылыми технологиялардың дамуын болжау.
1) Адамзат тарихы контекстінде мектептегі білім берудің дамуындағы өзгерістер мен сабақтастықтарды сипаттайды;
2) мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы білім берудің рөлі анықтайды;
3) мектептегі білім берудің заманауи үлгілерін салыстырады;
4) ағартушылық пен ғылымды өрістетудегі алғашқы университеттердің рөлін айқындайды.
1) Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін шешу үшін ғылым мен техниканың заманауи түрлері дамуының маңызын тұжырымдау;
2) алғашқы баспаның шығу тарихын, дамуын, баспа материалдарын, баспа мамандарын, кітап көбейтудің әдістерін баяндау, баспа ісінің адамзат тарихында алатын тарихи маңыздылығын түсіндіру. Алғашқы баспаханаларды оның ішінде қазақ тілінде кітап басып шығару ісінің тарихымен байланыстыра отырып ақпараттар беру; баспахана ісінде қолданылатын терминдерді меңгеру.
1) Қазіргі заманның жаһандық мәселелерінің туындауына ғылыми-техникалық прогресстің әсерін зерттейді;
2) қазіргі кездегі өркениеттің дамуындағы ғылыми-техникалық революцияның маңыздылығын түсіндіреді;
3) ғылыми-техникалық революцияның маңызын, рөлін бағалайды;
4) адамзат өркениетінің дамуы үшін ақпараттық технологиялар саласындағы жетістіктердің ықтимал салдарын болжайды.
5) баспахана тарихын, баспахана өнімдерін, арнайы мамандар мен баспа ісіндегі қолданылатын терминдерді біледі; оның ішінде қазақ тілінде кітап басып шығару ісінің тарихын түсіндіреді; Қазан төңкерісінен кейінгі баспа жұмысының тарихымен және оның ірге тасын қалаған тарихи тұлғалардың есімдері мен қызметіне тарихи баға бере алады.
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 бұйрығына
35 - қосымша