Әлеуметтік – экономикалық бағыттың "География" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Әлеуметтік – экономикалық бағыттың "География" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8170 тіркелген) және "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 29031 тіркелген) бұйрықтарына сәйкес әзірленді.
2. "География" пәнін оқыту мақсаты - білім алушылардың қоғам мен географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерінде туындаған геоэкологиялық, геоэкономикалық, әлеуметтік, геосаяси және ғаламдық проблемаларды шешуге бағытталған географиялық білімдерін, біліктері мен дағдыларын қолдану үшін жағдай жасау.
3. Бағдарламаны іске асыру келесі міндеттерді көздейді:
1) білім алушылардың бойында географиялық кеңістіктік ойлауды, географиялық мәдениет пен тілді дамыту;
2) геоэкологиялық, геосаяси, геоэкономикалық, әлеуметтік үдерістер мен құбылыстарды зерттеу үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті ұстанымдардың түсінуін дамыту;
3) білім алушыларға картографияны, геоэкологияны, геоэкономиканы, геосаясатты, елтану мен адамзаттың ғаламдық проблемаларын зерттеу барысында геокеңістіктік деректерді өңдеудің заманауи әдістерін қолдану үшін жағдай жасау;
4) білім алушының бойында қазіргі дүниенің географиялық көрінісін іс-әрекеттер арқылы зерттеп-тану барысында құндылықтар жүйесін қалыптастыру.
4. Пәннің мазмұны 7 бөлімнен тұрады: "Географиялық зерттеу әдістері", "Картография және геоинформатика", "Табиғатты пайдалану және геоэкология", "Геоэкономика", "Геосаясат", "Елтану", "Адамзаттың ғаламдық проблемалары".
1 бөлім. "Географиялық зерттеу әдістері" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) жалпы географиялық әдістер;
2) өзекті географиялық зерттеу әдістері;
2 бөлім. "Картография және геоинформатика" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) картография;
2) заманауи картографиялық әдістер;
3) геоинформатика негіздері;
3 бөлім. "Табиғатты пайдалану және геоэкология" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) табиғатты пайдалану;
2) геоэкологиялық зерттеу әдістері;
3) табиғатты пайдалануды реттеу;
4) геологиялық зерттеулер негіздері;
4 бөлім. "Геоэкономика" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) геоэкономика негіздері, геоэкономиканың зерттеу пәні мен өзектілігі;
2) шаруашылықты ұйымдастырудың факторлары мен шарттары;
3) дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы;
4) дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері;
5) дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері;
6) экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе;
7) Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті;
8) Геоэкономикалық даму стратегиялары.
5 бөлім. "Геосаясат" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) геосаясат негіздері, геосаясаттың өзектілігі;
2) дүниежүзінің геосаяси кеңістігі;
3) геосаясаттағы географиялық факторлар;
4) мемлекеттік аумақтың морфологиясы;
5) мемлекеттік шекара;
6) заманауи геосаяси үдерістер;
7) Қазақстанның геосаяси жағдайы;
8) Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігі;
9) Қазақстанның геосаяси интеграциясы;
6 бөлім. "Елтану" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) дүниежүзі аймақтары, кешенді географиялық аудандастыру;
2) дүниежүзі елдерін салыстыру әдістері, салыстырмалы елтану;
3) дүниежүзі аймақтары картасындағы Қазақстанның орны;
4) дүниежүзі елдерін салыстыру;
7 бөлім. "Адамзаттың ғаламдық проблемалары" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) ғаламдық мәселелерді шешу;
2) ғаламдық мәселелерді шешу жолдары.
"География" пәнінің негізгі мазмұны:
1) "Географиялық зерттеу әдістері". Жалпы географиялық әдістер; география бойынша зерттеу тақырыбын таңдау; географиялық мониторинг әдістері; географиядағы салыстыру әдістері; географиядағы сандық әдістер; географиялық сараптама әдістері; географиялық аудандастыру әдістері. Өзекті географиялық зерттеу әдістері; Географиялық сараптаманың алгоритмі және түрлері; эксперттік бағалау әдістері; географиядағы модельдеу әдістері.
2) "Картография және геоинформатика". Картография; заманауи картографиялық әдістер; геоинформатика негіздері; географиялық мәліметтер базасы; географиялық деректерді визуализациялау. Құрылыс және архитектура индустриясында заманауи картографиялық әдістерді қолдану жолдары. Заманауи картографиялық әдістер; карталардың сандық моделі. Геоинформатика негіздері; геоақпараттық жүйелердің геоақпараттық әдістері мен технологияларының ерекшеліктері; геоақпараттық жүйелер технологияларының басқа ғылымдармен және өндіріс салаларымен байланысы; геоақпараттық жүйелер технологиясын архитектура мен құрылыс жұмыстарында қолдану, болашақ дизайнерлерді кәсіби даярлаудағы графикалық қызмет және компьютерлік технологиялар, баспа-полиграфия ісінде геоақпараттық жүйелерді қолдану.
3) "Табиғатты пайдалану және геоэкология". Табиғатты пайдалану; табиғатты пайдалану түрлері; табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау; табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттары. Геоэкологиялық зерттеу әдістері; геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі; геосфералардың ластануы; геоэкологиялық аудандастыру; геоэкологиядағы антропогендік факторлар; ғаламдық экологиялық мәселелер; геоэкологиялық үдерістерде географиялық қабық заңдылықтарының рөлін анықтау; ғаламдық экологиялық мәселелерді шешудегі әлемдік тәжірибе; экологиялық мәселелерді шешудегі инновациялық технологиялар; Қазақстанның экологиялық мәселелері. Табиғатты пайдалануды реттеу; табиғатты пайдалану үдерістерін шаруашылық және тұтыну салаларында реттеу; мұнай-газ саласындағы табиғатты пайдалануды реттеу механизмі; мемлекеттік және жергілікті табиғатты пайдаланудың заңнамалық аспектілері; жергілікті күн тәртібі – XXI ғасыр, әлеуметтік, экологиялық және экономикалық тиімділік; табиғатты пайдалануды жергілікті басқару; "Экологиялық із" және тұрақты даму; Қазақстан Республикасы қолөнер шаруашылығында табиғи ресурстарды тиімді пайдалану. Геологиялық зерттеулер негіздері; табиғатты пайдалану тұжырымдамасы; қоршаған ортаның антропогендік өзгерістері; табиғатты пайдалану; қоршаған ортаның сапасын бағалау; экология және адам денсаулығы, дүниежүзіндегі қоршаған орта сапасының кеңістік сипаты; өнеркәсіптік өндірістің антропогендік факторларының қоршаған ортаға әсерін талдау (жеңіл өнеркәсіп, мамандық бойынша); дүниежүзі халқының саны – маңызды геоэкологиялық фактор; геоэкологиялық индикаторлар; 3кологиялық менеджмент; тұрақты дамуға көшу.
4) "Геоэкономика". Геоэкономика негіздері, геоэкономиканың зерттеу пәні мен өзектілігі; геоэкономика негіздері, геоэкономиканың зерттеу пәні мен өзектілігі; геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттері, негізгі түсініктері; елдер мен аймақтардың экономикалық дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлі. Шаруашылықты ұйымдастырудың факторлары мен шарттары; шаруашылықты ұйымдастырудың аумақтық факторлары; дүниежүзілік шаруашылық салаларын заманауи орналастыру факторлары. Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы; дүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымы; Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері; дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық құрылымы және модельдері; дамыған елдердегі шаруашылықтың (жеңіл өнеркәсіптің, соның ішінде тоқыма, киім, аяқ киім және былғары өнеркәсіптерінің) аумақтық құрылымы; дамушы елдердегі шаруашылықтың (жеңіл өнеркәсіптің, соның ішінде тоқыма, киім, аяқ киім және былғары өнеркәсіптерінің) аумақтық құрылымы. Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері; дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру; дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу, дамыған елдер; дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық даму модельдері; өтпелі экономика елдері; дамушы елдердің топтары. Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе; дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегиялары; Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясының мақсатты көрсеткіштері. Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті; Қазақстан экономикасының салалық құрылымы; Қазақстан аймақтарының экономикасы; экономикалық-географиялық аудандастырудың теориясы мен практикасы; инвестициялық тартымдылық – Қазақстан экономикасының даму механизмі. Қазақстан аймақтарының экономикалық дамуын теңестіру; мамандану және әртараптандыру – аймақтық экономиканың даму әлеуеті; Қазақстанның өнеркәсіптерінің мамандануы мен әртараптандыруы. (тоқыма, киім тігу, аяқ киім және былғары өнеркәсіптері бойынша талдау). Геоэкономикалық даму стратегиялары; қосылған құны жоғары тауарлар өндірісі; Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары мен технопарктері; Қазақстанның кластерлік бастамалары; импортты алмастыру арқылы отандық өндірушілерді қолдау; Бренд-менеджмент – тауарлар мен қызметтерді танымал ету шарты.
5) "Геосаясат". Геосаясат негіздері, геосаясаттың өзектілігі; геосаясаттың мақсаты мен міндеттері, зерттеу пәні, негізгі категориялары; негізгі геосаяси объектілері мен субъектілері, геосаяси ықпал көрсетудің негізгі құралдары. Дүниежүзінің геосаяси кеңістігі; қазіргі заманғы дүниежүзінің геосаяси кеңістігі; Азиядағы геосаяси кеңістік; Еуропадағы геосаяси кеңістік; Америкадағы геосаяси кеңістік. Геосаясаттағы географиялық факторлар; геосаясаттағы физикалық-географиялық және экономикалық факторлардың маңызы; геосаясаттағы әлеуметтік және демографиялық факторлардың маңызы; геосаясаттағы саяси, әскери және технологиялық факторлардың маңызы. Мемлекеттік аумақтың морфологиясы; мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктері; мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктері бойынша жіктеу. Мемлекеттік шекара; мемлекеттік шекаралардың функциясы, түрлері, анықтау және белгілеу шаралары, динамикасы; Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекаралары, көрші мемлекеттермен қарым қатынасы, басты көрсеткіштері мен динамикасы.Заманауи геосаяси үдерістер; қазіргі дүниедегі геосаяси үдерістер. Қазақстанның геосаяси жағдайы; Қазақстанның геосаяси жағдайы. Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігі; Қазақстан Республикасының геосаяси қауіпсіздігіне әсер ететін факторлар. Қазақстанның геосаяси интеграциясы; Қазақстанның халықаралық және аймақтық ұйымдармен байланыстары.
6) "Елтану". Дүниежүзі аймақтары, кешенді географиялық аудандастыру; дүниежүзі физикалық- географиялық аудандастыру; заманауи бейнелеу өнерінің ерекшеліктері, Қазақ театр өнерінің қалыптасуы; дүниежүзі саяси-географиялық аудандастыру, геосаяси аудандар; дүниежүзі тарихи – географиялық аудандастыру. Дүниежүзі елдерін салыстыру әдістері, салыстырмалы елтану; дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштер; жиынтық ішкі өнім көрсеткішін есептеу; дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын демографиялық көрсеткіштер; дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын әлеуметтік көрсеткіштер; дүниежүзі елдерінде ақпараттық технологиялардың даму ерекшеліктері; жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі елдерінің индекстері мен рейтингі; ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі. Дүниежүзі аймақтары картасындағы Қазақстанның орны; ғарыштық түсірілімнен Қазақстанның Жер серіктен түсірілген картасына дейін; мемлекеттердің географиялық жағдайы: мүмкіндіктер мен қатерлер; Азия жүрегіндегі Ұлы дала елі. Дүниежүзі елдерін салыстыру; Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік рейтингі; қолданбалы елтану ақпаратының маңыздылығы, субъектілері мен тұтынушылары.
7) "Адамзаттың ғаламдық проблемалары". Ғаламдық мәселелерді шешу; адамзат дамуындағы мәселелер және оларды анықтау критерийлері; бейбітшілікті сақтау мәселелері; энергетика және шикізат мәселелері; дамушы елдердегі ғаламдық мәселелер; дүниежүзілік мұхит мәселелері; геглобалистика. Ғаламдық мәселелерді шешу жолдары; адамзаттың ғаламдық проблемаларын шешудегі әлемдік тәжірибе; ғаламдық проблемалардың Қазақстан аумағындағы көріністері.
5. Оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде білім беру ұйымының мүмкіндігі бар:
1) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін және бақылау түрлерін таңдау;
2) оқу уақыты сағаттарының жалпы көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлу (пәнді оқуға бөлінген сағат көлемінен);
3) нақты дәлелдер мен фактілерге негізделген пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгерту;
4) жұмыс берушілердің талаптары және бөлімдер мен тақырыптар тізбесін тереңдету және кеңейту мақсатында өңірлік компонентті енгізу және бөлімдер, бөлімшелер мен тақырыптарды дайындық бағыты бойынша элементтерді енгізуге байланысты тақырыптардағы сағат көлемі мен пәннің мазмұнын 25% - дан аспайтындай өзгерту.
6. Оқу жүктемесінің көлемі даярлау бағыты мен біліктілігіне байланысты 72-96 сағатты (3-4 кредит) құрайды.
2-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
№ Бөлім, бөлімше және тақырып атаулары
Сағат саны
Барлығы
Сабақтар
теориялық
практикалық
1 бөлім.Географиялық зерттеу әдістері.
1.1 Жалпы географиялық әдістер.
+
+
+
Тақырып 1.1.1. Географиядан зерттеу тақырыбын таңдау.
Тақырып 1.1.2. Географиялық мониторинг әдістері.
Тақырып 1.1.3. Географиядағы салыстыру әдістері.
1.2. Өзекті географиялық зерттеу әдістері.
+
+
+
Тақырып 1.2.1. Географиялық сараптаманың алгоритмі және түрлері.
Тақырып 1.2.2. Эксперттік бағалау әдістері.
Тақырып 1.2.3. Географиядағы модельдеу әдістері.
2 бөлім. Картография және геоинформатика.
2.1. Картография.
+
+
+
Тақырып 2.1.1. Заманауи картографиялық әдістер.
Тақырып 2.1.2. Геоинформатика негіздері.
Тақырып 2.1.3. Географиялық деректер базасы. Географиялық деректерді визуализациялау.
Тақырып 2.1.4. Құрылыс және техника индустриясында заманауи картографиялық әдістерді қолдану жолдары.
2.2. Заманауи картографиялық әдістер.
+
+
+
Тақырып 2.2.1. Карталардың сандық моделі.
2.3. Геоинформатика негіздері.
+
+
+
Тақырып 2.3.2. Геоақпараттық жүйелер технологияларының басқа ғылымдармен және өндіріс салаларымен байланысы. Техникалық мамандықтарда геоақпараттық жүйелер технологиясын қолдану.
3 бөлім. Табиғатты пайдалану және геоэкология.
3.1. Табиғатты пайдалану.
+
+
+
Тақырып 3.1.1. Табиғатты пайдалану түрлері.
Тақырып 3.1.2. Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау.
Тақырып 3.1.3. Табиғатты тиімді пайдаланудың қағидаттары, оқыту және тәрбиелік мәні.
3.2. Геоэкологиялық зерттеу әдістері.
+
+
+
Тақырып 3.2.1. Геоэкологияның зерттеу пәні мен өзектілігі.
6.2. Дүниежүзі елдерін салыстыру әдістері. Салыстырмалы елтану.
+
+
+
Тақырып 6.2.1 Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштер.
Тақырып 6.2.2 Жиынтық ішкі өнім көрсеткішін есептеу.
6.3. Дүниежүзі аймақтары картасындағы Қазақстанның орны.
+
+
+
Тақырып 6.3.1 Ғарыштық түсірілімнен Қазақстанның Жер серіктен түсірілген картасына дейін.
Тақырып 6.3.2 Мемлекеттердің географиялық жағдайы: мүмкіндіктер мен қатерлер.
Тақырып 6.3.3 Азия жүрегіндегі Ұлы дала елі.
6.4. Дүниежүзі елдерін салыстыру.
+
+
+
Тақырып 6.4.1 Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік рейтингі.
Тақырып 6.4.2 Қолданбалы елтану ақпаратының маңыздылығы, субъектілері мен тұтынушылары.
7 бөлім. Адамзаттың ғаламдық проблемалары.
7.1. Ғаламдық мәселелерді шешу.
+
+
+
Тақырып 7.1.1 Адамзат дамуындағы мәселелер және оларды анықтау критерийлері.
Тақырып 7.1.2 Бейбітшілікті сақтау мәселелері.
7.2. Ғаламдық мәселелерді шешу жолдары.
+
+
+
Тақырып 7.2.1 Адамзаттың ғаламдық проблемаларын шешудегі әлемдік тәжірибе.
Тақырып 7.2.2 Ғаламдық проблемалардың Қазақстан аумағындағы көріністері.
3-тарау. Оқытудың нәтижелері және бағалау критерийлері
Бөлім атауы
Бөлімше атауы
Оқыту нәтижелері
Бағалау критерийлері
Географиялық зерттеу әдістері
Жалпы географиялық әдістер
1) Жалпы географиялық зерттеу әдістерін
меңгеру.
1) Зерттеу тақырыбына сәйкес географиялық мониторинг әдісінің элементтерін сандық
салыстырмалы, әдістерді қолданады.
Өзекті географиялық зерттеу әдістері
1) Зерттеу тақырыбындағы өзекті географиялық әдістерді тиімді және сауатты пайдалану;
2) зерттеудің ерекшеліктерін меңгеру.
1) Зерттеу тақырыбына сәйкес эксперттік модельдеуді бағалау әдістерін қолданады;
2) зерттеу нәтижелерінің электрондық нұсқаларын дайындайды;
3) зерттеу тақырыбына сәйкес әдістерді талдайды.
Картография және геоинформатика
Картография
1) Заманауи картографиялық әдістерге сипаттама бере отырып
геоинформатика негіздерімен таныстыру;
2) географиялық деректер базасын пайдалана отырып сандық т.б
карталарды оқу және талдау.
1) Картографиялық әдістерді қолдана отырып электронды карталармен жұмыс істейді;
2) тақырыпқа сай компьютерлік бағдарламаларды, соның ішінде, Microsoft Excel-ді қолдану және географиялық деректер базасын құрады.
1)Компьютерлік бағдарламалардың артықшылықтарын салыстырып географиялық деректерді жинақтап, таңдаулы мамандықтары бойынша геоинформатиканы қолданады.
Табиғатты пайдалану және геоэкология
Табиғатты пайдалану
1) Табиғатты пайдалану түрлерінің қоршаған ортаға тигізетін әсерін анықтап, бағалап тиімді пайдаланудың қағидаттарын білу;
2) мамандыққа байланысты табиғатты пайдалану түрлерімен тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар беру.
1) Табиғатты пайдалану және мамамдық арасындағы қажеттілікті түсінеді;
2) экологиялық таза өндірістік жобаларды дайындайды.
Геоэкологиялық зерттеу әдістері
1) Геоэкологиялық зерттеу пәнінің өзектілігін түсіну;
2) геоэкологиялық кеңістіктегі антропогендік факторларды білу;
3) экологиялық жағдайдың мамандыққа қатысты мәселелерін шешудегі инновациялық технологияларға сипаттама беру.
1) Геоэкологиялық үдерістерде географиялық қабық заңдылықтарының рөлін анықтайды;
2) ғаламдық экологиялық мәселелерді біледі, оны шешудегі инновациялық технологиялардың рөлін анықтай алады.
Табиғатты пайдалануды реттеу
1) Мемлекеттік және жергілікті табиғатты пайдаланудың заңнамалық аспектілерімен танысу және әлеуметтік, экологиялық және экономикалық тиімділікті жіктеу;
2)табиғатты пайдалануды жергілікті басқарудың жолдарын анықтап, мамандық бойынша табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды білу.
1) Табиғатты пайдалану түрлерінің нормаларға сәйкестігін анықтайды;
2) табиғатты пайдаланудағы жергілікті басқарманың құрылымын, рөлін түсінеді;
3) табиғатты қорғау саласындағы құқықтар мен міндеттерін мамандық бойынша күнделікті тұрмыста пайдалана алады.
Геологиялық зерттеулер негіздері
1)Қоршаған ортаның антропогендік өзгерістерін талдап, орта сапасының көрсеткіштерін жіктеу және бағалау;
2) антропогендік факторларының қоршаған ортаға әсерін талдау барысында мамандық бойынша маңызды геоэкологиялық фактор екенін түсіну.
1) Табиғатқа әсер етуші антропогендік өзгерістердің адамзат қоғамының қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің тарихи аспектілерін, табиғатты пайдалану жолдарын біледі;
2) қоршаған орта сапасының нормалары мен түрлерін тіршілік үшін қажеттілігін біледі.
Геоэкономика
Геоэкономика негіздері. Геоэкономиканың зерттеу пәні мен өзектілігі
1) Геоэкономика бағытының мақсаты мен міндеттері, негізгі түсініктерін сипаттау;
2) Қазақстан аймақтарының экономикалық әлеуметтік дамуындағы географиялық кеңістіктің рөлін айқындау.
1) Геоэкономиканың мақсаттары мен міндеттерін, негізгі категорияларын түсінеді;
2) Қазақстан аймақтарының экономикалық әлеуметтік және демографиялық жағдайын географиялық кеңістіктегі ролін айқындайды.
Шаруашылықты ұйымдастырудың факторлары мен шарттары
1) Шаруашылықты ұйымдастырудың негізгі факторларын айқындау және заманауи орналасу факторларын сипаттау.
1) Шаруашылықтың түрлі салаларындағы кәсіпорындарды орналастыру факторлары мен шарттарының жиынтығын талдайды.
Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы
1) Дүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымын білу.
1) Шекаралас елдерінің шаруашылық құрылымын салыстырмалы түрде Қазақстан экономикасымен байланысын біледі.
Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық модельдері
1)Дүниежүзілік шаруашылықтың аумақтық құрылымы мен модельдерімен танысу;
2) шаруашылықты мамандықтар бойынша аумақтық құрылымына сипаттама беру және аумақтық құрылымының ерекшеліктерін сипаттау.
1)Дүниежүзі шаруашылығының аумақтық модельдерімен танысу;
2) мамандық бойынша аумақтық құрылымының сипаттамасын және ерекшіліктерін біледі.
Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштері
1) Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерімен танысу, даму деңгейі бойынша жіктеу, сипаттама беру.
1)Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстырады, жіктейді және сипаттай алады, Қазақстаның экономикасын әлемдегі орнын біледі.
Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе
1) Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегияларын мақсатты көрсеткіштерін талдау.
1) Дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегияларына баға береді және мақсатты көрсеткіштерін біледі.
Қазақстан Республикасы аймақтарының геоэкономикалық жағдайы мен әлеуеті
1) Қазақстан экономикасының салалық құрылымын сипаттау;
2) мамандану және әртараптандыру – аймақтық экономиканың даму әлеуетінің негізгі жолына баға беру;
3) Қазақстан шаруашылығының мамандануы бойынша оқу мақсаттарына сай әртараптандыруын сипаттау (тоқыма, киім тігу, т.б) бойынша талдау.
1) Тиімді шаруашылық құрылымын, салаларының арақатынасын, аумақтық құрылымын және экономикалық дамудың тиімді көрсеткіштерін айқындайды;
2) Қазақстан өңірлерінің экономикалық даму әлеуетін айқындайды (өз өңірі мысалында);
3) мамандану және әртараптандыру түрлерін біледі. Әртараптандырудың басымдығын түсінеді.
Геоэкономикалық даму стратегиялары
1) Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары мен технопарктеріне сипаттама беру;
2) Қазақстан өнер кәсіптік кластерлік бастамаларын талдау.
1) Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары мен технопарктердің қызметін біледі;
2)кластер тұжырымдамаларын түсінеді, стратегиялық жобаларын ұсына алады.
Геосаясат
Геосаясат негіздері. Геосаясаттың өзектілігі
1) Геосаясаттың мақсаты мен міндеттерін білу. негізгі;
2) геосаяси объектілері мен субъектілерін талдау. Геосаяси ықпал көрсетудің негізгі құралдарын сипаттау.
1) Қазіргі геосаясаттың негізгі мақсаттары мен мәнін түсінеді;
2) геосаясаттың негізгі объектілері мен субъектілерін айқындай алады.
Дүниежүзінің геосаяси кеңістігі
1) Қазіргі заманғы дүниежүзінің геосаяси кеңістігіне баға беру.
Қазақстанның геосаяси кеңістік ерекшеліктерін анықтау және сипаттама беру.
1) Дүниежүзінің геосаяси кеңістігінің алуан-түрлілігімен танысып, оны талдайды;
2) Қазақстанның геосаяси факторлар жағдайымен танысады, геосаяси қарым-қатынастарын біледі.
Геосаясаттағы географиялық факторлар
1) Геосаясаттағы физикалық-географиялық және экономикалық факторлардың маңызын түсіну;
2) геосаясаттағы әлеуметтік және демографиялық факторлардың маңызына түсініктеме беру;
3) геосаясаттағы саяси, әскери және технологиялық факторлардың маңыздылығына баға беру.
1)Физикалық-географиялық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, саяси, әскери, технологиялық факторлардың геосаясатындағы рөлін бағалайды;
2) қазіргі геосаяси процестерді талдайды.
Мемлекеттік аумақтың морфологиясы
1) Мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін сипаттау және жіктеу.
1) Мемлекеттік аумақтың морфологиялық ерекшеліктерін талдайды және ерекшеліктері бойынша жіктей алады.
Мемлекеттік шекара
1) Мемлекеттік шекаралардың функциясын, түрлерін, анықтау және белгілеу;
2) Қазақстанның мемлекеттік шекараларының қалыптасу үдерісін, басты көрсеткіштерін айқындау.
1) Мемлекеттік шекараны анықтау және өткізу жөніндегі функцияларды, түрлерді, іс-шараларды талдайды;
2) мемлекеттік шекараның қалыптасуын оның негізгі көрсеткіштерін, серпінін және нығайту жөніндегі шараларды біледі.
Заманауи геосаяси үдерістер
1) Қазіргі дүниедегі геосаяси үдерістерге сипаттама беру.
1) Қазіргі дүниедегі геосаяси үдерістердің ерекшеліктерін айқындап, оларды сипаттай алады.
Қазақстанның геосаяси жағдайы
1) Қазақстанның геосаяси жағдайына түсініктеме беру.
1) Қазақстан Республикасының геосаяси жағдайына кешенді баға береді.
Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігі
1) Қазақстан Республикасының геосаяси қауіпсіздігіне әсерететін факторларды анықтап, талдау жасау.
1)Қазақстан Республикасының геосаяси қауіпсіздігіне ықпал ететін факторларды айқындайды.
Қазақстанның геосаяси интеграциясы
1) Қазақстанның халықаралық және аймақтық ұйымдармен байланыстарын оқып-үйреніп, оларды күшейту жолдарымен танысу.
1) Қазақстанның халықаралық және аймақтық ұйымдармен байланыстарын оқып-үйренеді, оларды күшейту жолдарын біледі;
2) сыртқы саяси бастамаларды талдай отырып, халықаралық саяси ұйымдармен байланыстарына баға береді.
Елтану
Дүниежүзі аймақтары. Кешенді географиялық аудандастыру.
1) Дүниежүзінің түрлі белгілері бойынша физикалық- географиялық аудандарға бөлінуін картадан көрсете білі және талдау;
2) қазақ мәдениетіндегі заманауи бейнелеу өнерінің сипатының тарихи-мәдени аудандастырумен байланысын анықтап, талдау.
3) дүниежүзінің тарихи – географиялық аймақтарын, олардың құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық сипаттамасын анықтау.
1) Әлемнің физикалық-географиялық, тарихи-мәдени, саяси-географиялық және геосаяси аудандарға бөлінуін түсіндіреді;
2) шығармашылық нысанда әлемнің тарихи-географиялық аймақтарын, олардың құрамы мен ерекшеліктерін, географиялық сипаттамасын біледі;
3) қазақ мәдениетіндегі заманауи бейнелеу өнерінің сипатының тарихи-мәдени аудандастырумен байланысын анықтап, талдайды.
Дүниежүзі елдерін салыстыру әдістері. Салыстырмалы елтану
1) Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштермен танысу;
2) дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын демографиялық көрсеткіштерін саралау.
Жиынтық көрсеткіштер бойынша есептелінетін дүниежүзі елдерінің индекстерімен танысу және рейтингін құрастыру;
3) ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексімен танысу.
1) Әлем елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштерді айқындайды;
2) салыстыруда қолданылатын көрсеткіштердің бірін есептеу әдістемесін түсінеді, халықтың жан басына шаққандағы, сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі, гендерлік теңдік және т.б.) біледі;
3) әлем елдерінің индекстері мен рейтингтерін сипаттай алады және біледі.
Дүниежүзі аймақтары картасындағы Қазақстанның орны
1) Қазақстанның географиялық аймақтар картасындағы орнының өзгеруін анықтау, жағдайы мен қатерлерін болжау.
1) Қазақстанның физикалық-географиялық, тарихи-географиялық және геосаяси аймақтарындағы жағдайын айқындай алады;
2) Қазақстан Республикасының геосаяси, тарихи және қазіргі жағдайының өзгеруін түсіндіре алады.
Дүниежүзі елдерін салыстыру
1) Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік рейтингін түсіну және баға беру;
2) қолданбалы елтану ақпаратының маңыздылығын, субъектілері мен тұтынушыларын анықтау.
1) Көрсеткіштер жиынтығы бойынша анықталатын индекстер мен рейтингтердегі Қазақстанның орнының динамикасын біледі (таңдау бойынша бір рейтинг мысалында) ;
2) көрсеткіштер жиынтығы бойынша есептелетін индекстер мен рейтингтерде Қазақстанның орнына әсер ететін географиялық, әлеуметтік, экономикалық және саяси факторларды айқындай алады.
Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Ғаламдық мәселелерді шешу
1) Адамзат дамуындағы мәселелер және олардың критерийлерін анықтау;
2) ғаламдық мәселелерінің пайда болу, себептерін және салдарын анықтау және топтастыру.
1) Адамзаттың дамуындағы ғаламдық проблемаларды жіктейді, біледі және айқындайды;
2) ғаламдық мәселелерді шешудегі геоглобалистика ұғымының рөлін және оның географиямен байланысын анықтайды.
Ғаламдық мәселелерді шешу жолдары
1) Адамзаттың ғаламдық мәселелерін шешудегі әлемдік тәжірибесін саралау, анықтау;
2)ғаламдық мәселелердің Қазақстан аумағындағы көріністерін анықтау;
3) Жаңа Қазақстанның жаңғыру жолындағы жас маман рөлін айқындау.
1) Адамзаттың ғаламдық мәселелерін шешуде әлемдік тәжірибені түсінеді;
2) ғаламдық, оның ішінде Қазақстан аумағында көрініс табатын мәселелерді шешу бойынша өз жобаларын ұсынады;
3) Жаңа Қазақстанның жаңғыру жолындағы жас маман рөлін айқындайды.
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 бұйрығына
36- қосымша
Әлеуметтік - экономикалық бағыттың "Графика мен жобалау" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы 1-тарау. Жалпы ережелер 1. Әлеуметтік - экономикалық бағыттың "Графика мен жобалау" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8170 тіркелген) және "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 29031 тіркелген) бұйрықтарына сәйкес әзірленді.
2. "Графика және жобалау" пәнін оқытудың мақсаты білім алушыларды проекциялау әдістерімен, графикалық модельдеу заңдылықтарымен және кескіндер теориясының негіздерімен таныстыру, жобалық және шығармашылық іс-әрекеттің дамуына әсері, графикалық мәдениетін қалыптастыруына әсер ету. және заманауи және дәстүрлі графикалық құралдарды қолдану дағдылары және оларды практикалық қызметте қолдану үшін жағдай жасау.
3. Оқу пәнін жүзеге асыру үшін келесі міндеттерді құрайды:
1) білім алушылардың бойында графикалық кескіннің бастапқы функциясы таным құралы, визуалды ақпарат беру құралы деген түсініктің қалыптасуына ықпал ету;
2) проекциялау әдістері заңдылықтары туралы білімдерінің, ақпартты көрсету, құру және берудің дәстүрлі және қазіргі құрал – жабдықтары туралы түсініктердің білімін қалыптастыруға ықпал ету;
3) білім алушылардың әр түрлі графикалық іс – әрекетпен байланысты интеллектуалды қабілеттері мен зерттеу дағдыларын дамыту және кеңейтуге, бейнелі, кеңістік, логиклық, абстрактілі және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ету;
4) білім алушылардың жобалау, графикалық моделдеу мен макеттеу әдістерін меңгерулеріне ықпал ету, сонымен қатар барлық оқу қызметтерінде АКТ қолдану дағдыларын қалыптастыру (жобалау, зерттеу, көрсетілім), графикалық формада ақпаратты оқу және визуализациялау дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
5) шығармашылық жобалау үрдісінде эстетикалық талғамдарын дамыту.
4. Әлеуметтік – экономикалық бағытына арналған "Графика және жобалау" пәнінің үлгілік оқу бағдарламасында 8 бөлім қарастырылған:
1) "Ақпаратты визуализациялаудың графикалық әдістері мен құралдары";
2) "Кескіндердің негізгі түрлері және оларды орындау";
3) "Кескіндерді түрлендіру";
4) "Пішін қалыптастыру және құрылымдау";
5) "Пішінді түрлендіру";
6) "Техникалық, сәулет– құрылыс және ақпараттық графика элементтері";
7) "Жобалау. Жоба графикасы";
8) "Шығармашылық тапсырмалар".
"Ақпаратты визуализациялаудың графикалық әдістері мен құралдары" I -бөлімі келесідей бөлімшелері қамтиды:
1) Ақпаратты визуализациялаудағы кескіндердің ролі;
2) Ақпаратты визуализациялау құралдары;
3) Сызбаны орындаудағы негізгі ережелер;
4) Сызбадағы геометриялық құрылым.
"Кескіндердің негізгі түрлері және оларды орындау" II - бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) Проекциялау әдістері;
2) Графикалық кескіндердің негізгі түрлерін құрастыру әдістері;
3) Нәрселердің сызбаларын орындау және оқу;
4) Қима мен тіліктер.
"Кескіндерді түрлендіру" III-бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) Кескіндердің түрі мен құрамын түрлендіру.
"Пішін қалыптастыру және құрылымдау" IV- бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) Геометриялық денелердің пішіндерін қалыптастыру зандылықтары;
2) Беттердің жазбасы;
3) Пішін құрылымдау.
"Пішінді түрлендіру" V-бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) Нәрсенің немесе оның бөліктерінің кеңістіктегі жағдайын түрлендіру.
"Техникалық, сәулет– құрылыс және ақпараттық графика элементтері" VI-бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) Стандарттау;
2) Тетіктерді біріктіру, құрастыру сызбасы;
3) Сәулет-құрылыс графикасының элементтері;
4) Инфографика /сұлбалар, графикалар және диаграммалар.
"Жобалау және жобалау графикасы" VII- бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) Жобалау әдістері, жобалаудың негізгі кезеңдері;
2) Жобалық ұсыныстарды визуалдау.
"Шығармашылық тапсырмалар" VIII-бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) Жобалық әрекеттерге жалпы дайындықты дамытатын тапсырмалар;
2) Жобалық іс – әрекет элементтері бар шығармашылық тапсырмалар.
"Графика және жобалау" пәнінің негізгі мазмұны
1) "Ақпаратты визуализациялаудың графикалық әдістері мен құралдары". Кескіндердің ақпараттық визуализациялаудың рөлі мен кескін тарихы, адам қызметінің әртүрлі салаларындағы (ғылымда, техникада және өнерде) кескіндердің рөлі туралы түсінік берe. Графикалық кескіндерді орындау әдістері; ақпаратты визуализациялау құралдары; негізгі сызу құралдары; олармен жұмыс істеу тәсілдері және жұмыс орнын ұйымдастыру; сонымен қатар сызбаны орындаудағы негізгі ережелер; сызық түрлері; сызбаны жобалау ережелері; стандарт, формат, масштаб, негізгі жазба; практикалық жұмыс: сызба сызықтарының түрлері, сызба қаріптері, сызбағы өлшемдерді түсіру; сызбалардағы геометриялық конструкциялар; кесіндіні, шеңберді және бұрышты тең бөліктерге бөлу; түйіндесуді орындау жайында түсінік беру. Компьютерлік графиканың негізгі түрлері; растрлық және векторлық графикаға арналған бағдарламалар; 2D кескіндерді жасауға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету; 2D кескіндерді жасау; растрлық және векторлық графиканың түсті модельдері; растрлық және векторлық графиканың графикалық операциялары; графикалық редактордың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сызбаны жобалау; примитивтерді (кітапханаларды) пайдаланып 2D объектілерін құру; примитивтерді қолданып геометриялық құрылымдар жасау; 2D нысандарын қажетті пішімде сақтау, 2D нысанында кескіндерді басып шығару.
2) "Кескіндердің негізгі түрлері және оларды орындау". Проекция, проекциялаудың негізгі әдістері; екі және үш проекциялық жазықтықтағы тікбұрышты проекция; графикалық кескіндерді құрастырудың негізгі тәсілдері; аксонометриялық проекциялар; техникалық сызба және эскиз; заттардың (геометриялық денелердің) сызбаларын оқу және сызу; сызбаға өлшемдерді түсіру; сызбалардағы шарттылықтар мен ықшамдаулар; сызбаны оқу және сызу. Қималар мен тіліктер; қималар мен тіліктердің түрлері; сызбалардағы қималар мен тіліктерді қолдану ережелері. Компьютерлік графиканың көмегімен көлемді модельдеудің негізгі әдістері; 3D моделін құрудың негізгі кезеңдері; 3D модельдерді құруға арналған растрлық және векторлық бағдарламалардың мүмкіндіктері (аксонометриялық проекция, техникалық сурет); көлемді модельдеу операциялары негізінде 3D моделін құру; 3D модельдің визуализация түрлерін анықтау; 3D модельдерді құру әдістерін таңдау; 3D модельдің текстурасы мен фактурасы; 2D объектінің қималары мен тіліктерін орындау үшін бағдарламалық құралды таңдау; қималар мен тіліктерді сызу үшін көлемді модельдеу әдістерін қарастыру.
3) "Кескіндерді түрлендіру". Кескіндердің түрі мен құрамын түрлендіру (графикалық жұмыс); Кескіндерді қайта құру (графикалық жұмыс). Кескіндердің түрі мен құрамын түрлендіру (графикалық редакторда жұмыс).
4) "Пішін қалыптастыру және құрылымдау". Геометриялық денелердің пішінін құрылымдау заңдылықтары; геометриялық денелердің (заттардың) жазбасы; заттардың (геометриялық денелердің) пішіндерін құрылымдау; нысанның пішінін өзгерту; объектінің кеңістіктегі орны мен бөліктерін түрлендіру. Компьютерлік графиканың көмегімен геометриялық денелердің (заттардың) жазбасын орындау; пішін құрылымдау; "құрылымдау" - ұғымын талдау; берілген параметрлер бойынша нысанның пішінін құрылымдау.
5) "Пішінді түрлендіру". Заттың кеңістіктегі орнын өзгерту арқылы пішінін түрлендіру, объект бөліктерінің кеңістіктегі қатынасын өзгертумен пішінді түрлендіруді жүзеге асырады; Бөлшектерді ығыстыру және өшіру әдістері арқылы 3D моделін түрлендіру; бөлшектерді жылжыту арқылы 3D моделін түрлендіру.
6) "Техникалық, сәулет– құрылыс және ақпараттық графика элементтері". Стандарттау; стандарттау жайында жалпы мағлұматтар, өзара алмастыру, бөлшектер мен құрастыру бірліктерінің жалпы түсініктері; құрастыру сызбасы; бөлшектерді қосу; ажыратылатын және ажыратылмайтын қосылыстар; құрастыру сызбасын орындау және рәсімдеу ережелері; архитектуралық құрылыс графика - элементтері; құрылыс сызбалары туралы жалпы мәліметтер (жоспар, бас жоспар, қасбет, тілік); қарапайым құрылыс сызбаларын орындау және оқу. Құрастыру сызбасының 3D моделі; графикалық бағдарламалар кітапханасымен жұмыс істеу; графикалық редактордағы құрылыс сызбалары; инфографика (схемалар, графиктер, диаграммалар). Әр түрлі қызмет салаларындағы инфографика.
7) "Жобалау. Жоба графикасы". Жобалау әдістері; жобалаудың негізгі кезеңдері; жобаланған объектілерге қойылатын талаптар (функционалдық, эстетикалық); жобалық ұсыныстарды визуализациялау; графикалық құжаттар; техникалық құжаттаманың құрамы және олардың ерекшеліктері; шығармашылық идеяларды визуализациялау; жобалық ұсыныстарға арналған графикалық визуализация құралдары (эскиз, сызба, макет).
8) "Шығармашылық тапсырмалар". Жобалық әрекеттерге жалпы дайындықты дамытатын тапсырмалар; шығармашылық тапсырмалардың ерекшеліктері; идеядан жобаға дейінгі тапсырмалар; жобалық іс – әрекет элементтері бар шығармашылық тапсырмалар; техника/дизайн/ сәулет салалары бойынша жобалық іс – әрекет элементтері бар шығармашылық тапсырмаларды түрлі графика құралдарымен (қолмен орындалатың/ компьютерлік графика/ макеттеу) орындау; берілген тақырып бойынша шығармашылық жоба; жобалық іс – әрекет элементтері бар шығармашылық тапсырмалар; киригами техникасы арқылы мәзірдің қызмет көрсету формасының түрлерін жасау; киригами техникасы арқылы сәулет нысанын салу; маркетингтік зерттеулер әдістерін туризм өнімдері мен қызметтерін жылжытуға бағытталған көрме сөресін модельдеу; "Жер шары" туристік орталық кіру алаңының дизайнын әзірлеу; әлуметтің маңызы бар нысандардың бірінің демалыс аймағын жобалау; әлеуметтік саланы, әлеуметтік психологияны ұйымдастыру және басқаруға бағытталған бағдарламалар презентациясы алаңының дизайнын әзірлеу; шаштараз және косметологиялық қызметтер жанрамасының дизайнын әзірлеу; менің арманымдағы үй" жобасын әзірлеу.
5. Оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде білім беру ұйымының мүмкіндігі бар:
1) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін және бақылау түрлерін таңдау;
2) оқу уақыты сағаттарының жалпы көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлу (пәнді оқуға бөлінген сағат көлемінен);
3) нақты дәлелдер мен фактілерге негізделген пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгерту;
4) жұмыс берушілердің талаптары және бөлімдер мен тақырыптар тізбесін тереңдету және кеңейту мақсатында өңірлік компонентті енгізу және бөлімдер, бөлімшелер мен тақырыптарды дайындық бағыты бойынша элементтерді енгізуге байланысты тақырыптардағы сағат көлемі мен пәннің мазмұнын 25% - дан аспайтындай өзгерту.
6. Оқу жүктемесінің көлемі даярлау бағыты мен біліктілігіне байланысты 48-72 сағатты (2-3 кредит) құрайды.
7. Оқу пәнін іске асыру кезінде дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексеру қарастырылады.
2-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны
Бөлім, бөлімшелер және - тақырыптардың атаулары
Сағат саны
Барлығы
Сабақтар
теориялық
практикалық
1 бөлім. Ақпаратты визуализациялаудың графикалық әдістері мен құралдары.
1.1. Ақпаратты визуализациялаудағы кескіндердің ролі.
+
+
+
Тақырып 1.1.1. Кескіннің мәні мен тарихы.
Тақырып 1.1.2. Графикалық кескінді орындау әдістері.
Тақырып 1.1.3. Компьютерлік графиканың негізгі түрлері.
1.2. Ақпаратты визуализациялау құралдары.
+
+
+
Тақырып 1.2.1. Сызу аспаптары мен құрал жабдықтары.
Тақырып 1.2.2. Жұмыс орнын ұйымдастыру және сызу құралдарымен жұмыс істеудің тиімді әдістері.
Тақырып 1.2.3. 2D кескінін құру үшін БҚ (бағдарламамен қамтамасыз ету).
Тақырып 1.2.4. 2D кескіндерді құруға арналған графикалық редакторлар.
Тақырып 1.2.5. Векторлық және растырлық графикадағы түстік модельдерді талдау.
Тақырып 1.2.6. 2D нысандарды құруға арналған графикалық операцияларды қолдану.
1.3. Сызбаны орындаудағы негізгі ережелер.
+
+
+
Тақырып 1.3.1. Стандарттар туралы түсінік. КҚБЖ. Пішімдер және негізгі жазулар.
Тақырып 1.3.2. Сызба сызықтарының түрлері.
Тақырып 1.3.3. Сызба қаріптері.
Тақырып 1.3.4. Сызбаға өлшемдерді түсірудің негізгі ережілері.
Тақырып 1.3.5. Сызбаны рәсімдеу ережелері (пішім, масштаб, негізгі жазба).
1.4. Сызбадағы геометриялық құрылым.
+
+
+
Тақырып 1.4.1. Параллель және өзара перпендикуляр түзулерді салу. Кесіндіні және бұрыштарды, шеңберлерді тең бөліктерге бөлу.
Тақырып 1.4.2. Түйіндесу. Түйіндесудің түрлері.
Тақырып 1.4.3. 2D объектінің примитивтерін пайдаланып қаржы нарығының негізгі ұғымдары мен функцияларын ажыратып тізімін құру.
Тақырып 1.4.4. 2D нысандарының примитивтерін пайдалана отырып есеп регистрлеріндегі бухгалтерлік есеп пен салықтық есеп арасындағы айырмашылықты болжап мәтін жасау.
Тақырып 1.4.5. 2D нысандарды әзірлеу кезінде қолданылатын құжат-үлгілер, клип-арттар, кiтапханалар.
2 бөлім. Кескіндердің негізгі түрлері және оларды орындау.
2.1. Проекциялау әдістері.
+
+
+
Тақырып 2.1.1. Проекциялаудың негізгі әдістері. Екі және үш жазықтыққа тік бұрыштап проекциялау.
Тақырып 2.1.2. Техникалық сызбаларда нәрселердің кескіндерін орындау ережелері. Сызбадағы негізгі, қосымша және жергілікті көріністер.
2.2. Графикалық кескіндердің негізгі түрлерін құрастыру әдістері.
+
+
+
Тақырып 2.2.1. Аксонометриялық проекциялар тулалы жалпы мағлұмат.
Тақырып 2.2.2. Көпбұрыштар мен айналу денелерінің аксонометриялық проекциялары.
Тақырып 2.2.3. Техникалық сурет. Нобай туралы түсінік.
Тақырып 2.2.4. 3D моделін құрудың негізгі кезеңдері.
Тақырып 2.2.5. Қарапайым геометриялық денелердің 3D моделін салу.
Тақырып 2.2.6. 3D моделін құрудағы расторлық және векторлық бағдарлама мүмкіндіктері.
Тақырып 2.2.7. Көлемді моделдеу операциясының негізіне сүйеніп 3D моделін құру.
2.3. Нәрселердің сызбаларын орындау және оқу.
+
+
+
Тақырып 2.3.1. Сызбаларға өлшемдерді түсіру. Сызбаны орындау кезіндегі шарттылықтар мен ықшамдаулар.
Тақырып 2.3.2. 3D моделдердің визуалдау түрлерін анықтау.
Тақырып 2.3.3. 3D моделдерін тұрғызу тәсілдерін таңдау.
Тақырып 2.3.4. 3D моделдерін текстурасы мен фактурасы.
2.4. Қима мен тіліктер.
+
+
+
Тақырып 2.4.1. Тіліктер туралы жалпы мағлұмат.
Тақырып 2.4.2. Қарапайым және күрделі тіліктер.
Тақырып 2.4.3. Көрініс пен тілікті біріктіру.
Тақырып 2.4.4. Қималар. Тіліктер мен қималардың айырмашылығы.
Тақырып 2.4.5. 2D нысанның тілігін және қимасын орындау үшін БЖ(бағдарламалық жасақтаманы) таңдау.
3 бөлім. Кескіндерді түрлендіру.
3.1. Кескіндердің түрі құрамын түрлендіру мен.
+
+
+
Тақырып 3.1.1. Кескіндерді қайта құру.
Тақырып 3.1.2. Кескіндердің түрі мен құрамын түрлендіру .
4 бөлім. Пішін қалыптастыру және құрылымдау.
4.1. Геометриялық денелердің пішіндерін қалыптастыру зандылықтары.
+
+
+
Тақырып 4.1.1. Нәрсе және оның пішімі туралы ұғым.
Тақырып 4.1.2. Геометриялық денелердің пішіндерін қалыптастыру зандылықтары.
4.2. Беттердің жазбасы.
+
+
+
Тақырып 4.2.1. Жазбалар туралы мәліметтер. Геометриялық дене беттерінің жазбасы.
Тақырып 4.2.2. Қағаз модельдің жазбасы: алғыс хат және құттықтау хаты, сертификат, конверт және ашық құттықтау хат.
4.3. Пішін құрылымдауы.
+
+
+
Тақырып 4.3.1. Пішін құрылымдауы.
5 бөлім. Нәрсенің пішінін түрлендіруі.
5.1. Нәрсенің немесе оның бөліктерінің кеңістіктегі жағдайын түрлендіруі.
+
+
+
Тақырып 5.1.1. Нәрсенің пішінін түрлендіруі.
5.1.2-тақырып. Кескіндер арқылы заттардың формаларын түрлендіруі.
6 бөлім. Техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері.
6.1. Стандарттау.
+
+
+
Тақырып 6.1.1. Стандарттау. Бұйым, бөлшек және оның элементтері.
6.2. Тетіктерді біріктіру Құрастыру сызбасы.
+
+
+
Тақырып 6.2.1. Біріктірулер туралы жалпы мәлімет. Ажырайтын біріктірулер.
Тақырып 6.2.2. Бұранда туралы жалпы мәлімет. Бұранданы кескіндеу және сызбада белгілеуі.
Тақырып 6.2.4. Құрастыру сызбалары және бөлшектеу туралы жалпы түсінік.
Тақырып 6.2.5. Құрастыру бiрлiгінің 3D-моделі.
6.3. Сәулет-құрылыс графикасының элементтері.
+
+
+
Тақырып 6.3.1. Құрылыс сызбалары туралы жалпы мағлұмат.
Тақырып 6.3.2. Ғимараттың жоспары, қасбеті мен тілігі.
Тақырып 6.3.3. Құрылыс сызбаларындағы шартты белгілер.
Тақырып 6.3.4. Құрылыс сызбаларын оқу және орындау.
Тақырып 6.3.5. Құрылыс сызбаларының элементтері.
6.4. Инфографика /сұлбалар, графикалар және диаграммалар.
Тақырып 6.4.1. Инфографика туралы жалпы мәлімет. Әр түрлі саладағы инфографика.
7 бөлім. Жобалау және жобалау графикасы.
7.1. Жобалау әдістері. Жобалаудың негізгі кезеңдері.
+
+
+
Тақырып 7.1.1. Жобалау әдістері. Жобалау үрдісінің кезендері.
Тақырып 7.1.2. Жобалау нысандарға қойылатын талаптар .
7.2. Жобалық ұсыныстарды визуалдау.
Тақырып 7.2.1. Графикалық құжаттар. Спецификация, есеп жүргізу және түсіндірме жазба.
Тақырып 7.2.2. Шығармашылық идеяларды визуалдау. Электрондық техникалық құжаттардың түрлері.
8 бөлім. Шығармашылық тапсырмалар.
8.1. Жобалық әрекеттерге жалпы дайындықты дамытатын тапсырмалар.
+
+
+
Тақырып 8.1.1. Шығармашылық тапсырмалардың ерекшеліктері.
8.2. Жобалық іс – әрекет элементтері бар шығармашылық тапсырмалар.
+
+
+
Тақырып 8.2.1. Жобалық іс – әрекет элементтері бар шығармашылық тапсырмалар.
Тақырып 8.2.2. Киригами техникасы арқылы мәзірдің қызмет көрсету формасының түрлерін жасау.
Тақырып 8.2.3. Киригами техникасы арқылы сәулет нысанын салу.
Тақырып 8.2.4. Маркетингтік зерттеулер әдістерін туризм өнімдері мен қызметтерін жылжытуға бағытталған көрме сөресін модельдеу.
Тақырып 8.2.5. "Жер шары" туристік орталық кіру алаңының дизайнын әзірлеу.
Тақырып 8.2.6. Әлуметтің маңызы бар нысандардың бірінің демалыс аймағын жобалау.
Тақырып 8.2.7. Әлеуметтік саланы, әлеуметтік психологияны ұйымдастыру және басқаруға бағытталған бағдарламалар презентациясы алаңының дизайнын әзірлеу.
Тақырып 8.2.8. Шаштараз және косметологиялық қызметтер жанрамасының дизайнын әзірлеу.
3-тарау. Оқытудың нәтижелері және бағалау критерийлері
Бөлім атауы
Бөлімше атауы
Оқыту нәтижелері
Бағалау критерийлері
1.Ақпаратты визуализациялаудың графикалық әдістері мен құралдары
Ақпаратты визуализациялаудағы кескіндердің ролі
1) Бейнелеудегі, адам өміріндегі және қызметінің әртүрлі салаларындағы ақпаратты берудегі бейнелеудің рөлін түсіндіру;
2) графикалық бейнені орындаудың әртүрлі тәсілдері мен құралдарын практикада қолдану;
3) компьютерлік графиканың түрлерін ажырату және оларды іс жүзінде қолдану.
1) "Графика", "карталар", "схема", "диаграмма", "сызбалар", "сызбалар" ұғымдарын айқындайды;
2) "компьютерлік графика" ұғымын айқындайды, компьютерлік графиканың 4 түрін бөледі: растрлық графика, векторлық графика, үш өлшемді графика және фракталдық графика;
3) растрлық және векторлық графиканың қадір-қасиеті мен кемшіліктерін, сондай-ақ айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айқындайды;
4) растрлық графикада, векторлық графикада, үш өлшемді графикада және фракталдық графикада мысалдар орындайды.
Ақпаратты визуализациялау құралдары
1) Графикалық жұмыстарды орындау кезінде сызу құралдарымен және құрылғылармен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын көрсету;
2) 2D кескін жасауға арналған бағдарламалық жасақтаманы анықтау, векторлық және растрлық графиканың мүмкіндіктерін анықтау.
1) Мақсаты бойынша және талаптарға сәйкес сызу құралдары мен жабдықтарын дұрыс пайдалана алады;
2) 2D объектілерін құру үшін графикалық редактордың құралдарымен және мүмкіндіктерімен жұмысты пайдаланады және орындалған практикалық жұмыстарды принтерге басып шығарады;
3) векторлық және растрлық графикадағы түс модельдерін талдайды және ажыратады;
4) 2D нысандарын құру үшін графикалық операцияларды қолданады.
Сызбаны орындаудағы негізгі ережелер
1) Сызбаны стандарт бойынша ресімдеу және орындау ережелерін сақтауға.
1) ГОСТ стандарттарын түрлері бойынша жіктейді;
2) "форматтар" және "масштабтар" ұғымдарын есте сақтайды және ажыратады;
3) тапсырма бойынша сызба сызықтарын сызады, оларды мақсаты бойынша анықтайды, практикалық жұмыстар кезінде дұрыс атайды және орындайды;
4) Б типіндегі қаріпті тік және 750 көлбей сызу.
Сызбадағы геометриялық құрылым
1)сызбаларда геометриялық құрылыстарды әртүрлі құралдармен орындау;
2) әртүрлі конъюгацияларды, сопақшаларды және қисық сызықтарды салу тәсілдерін көрсету;
3) геометриялық құрылымдар жасаңыз примитивтерді қолдану.
1)Циркуль мен тікбұрышты бұрыштықтарды қолданып шеңберді екі немесе одан да көп тең бөліктерге бөледі;
2)ішкі, сыртқы, аралас түйіндесуді түрлері бойынша анықтайды;
3)түйіндесуді сызады, түйіндесудің қоршаған кеңістікте, жиһазда, құрылыста, машина жасауда, киімде, тұрмыстық техникада, өнеркәсіпте қолдану мысалдарын анықтайды;
4)примитивтерді қолданып, 2D нысандарды құрады;
5)примитивтерді қолданып геометриялық сызбаны сызады;
6)модульдер арқылы шеңбер мен шаршыларды тең бөліктерге бөледі, 2D нысанының шаблондарын қолданып абстрактілі және дұрыс пішіндерді жасайды;
7)2D объектінің примитивтерін пайдаланып қаржы нарығының негізгі ұғымдары мен функцияларын ажыратып тізімін құрады;
8)2D нысандарының примитивтерін пайдалана отырып есеп регистрлеріндегі бухгалтерлік есеп пен салықтық есеп арасындағы айырмашылықты болжап мәтін жасайды.
2.Кескіндердің негізгі түрлері және оларды орындау
Проекциялау әдістері
1) Проекциялау әдістері мен тәсілдерін біледі және түсіну;
2) техникалық сызбаларда нәрселердің кескіндерін орындау ережелерін сызбаны сызу барысында қолданады, анықтау.
1)Проекциялаудың негізгі әдістері (орталық проекциялау, аксонометриялық проекциялау, тікбұрышты проекциялау, сандық өлшемдік проекция) түсіндіреді;
2)екі және үш проекция жазықтығында тікбұрышты проекцияны орындайды;
3)нүктенің, кесіндінің, үшбұрыштың тікбұрышты проекция сызады;
4)техникалық сызбаларда нәрселердің кескіндерін орындау ережелерін графикалық жұмысты орындау барысында қолданады.
Графикалық кескіндердің негізгі түрлерін құру
1) Жазық геометриялық денелер мен көлемді пішіндердің (аксонометрия) бейнеленуін біледі және түсіну;
2) заттың берілген көріністеріне қарап аксонометриялық проекцияларын анықтау;
3) аксонометриялық проекцияны сыза білу;
4) техникалық сурет пен заттың нобайын сызудың ерекшеліктерін біледі және анықтау;
5) графикалық есептерді шешу;
6) қарапайым геометриялық денелердің 3D моделін сыза білу.
1)"Аксонометрия", "аксонометриялық проекциялар", "изометрия", "диметрия", "триметрия" ұғымдарын түсіндіреді және анықтайды;
2)кубтың, шеңбердің изометриясын және диметриясын сызады;
3)заттың берілген көріністеріне сүйене отырып аксонометриялық проекциясын сызады;
4)техникалық сурет пен нобайдың ерекшеліктерін анықтайды;
5)нақты заттың нобайын сызады;
6)қарапайым геометриялық денелердің 3D моделін сызады;
7)3D моделін құру үшін растрлық және векторлық графиканың мүмкіндіктерін анықтайды және тәжірибелік тапсырмаларды орындайды;
8)қатты модельдеу операциялары негізінде 3D моделін құру бойынша практикалық жұмыстарды орындайды.
Нәрселердің сызбаларын орындау және оқу
1) Нәрселердің геометриялық пішінінің қасиеттерін ескере отырып, өлшем қою туралы білімдерін және өлшемдерді түсіру шеберлігін көрсете білу;
2) сызбада шартты белгілер және ықшамдауларды пайдаланып, проекциялау тәсілдері негізінде сызбаларды орындау;
3) бұйымдардың геометриялық формаларын талдай отырып, сызбаларды оқу, сызу;
4) 3D моделдердің визуалдау түрлері мен тәсілдерін таңдау, анықтау;
5) 3D моделдерін текстурасы мен фактурасын оқып үйрену.
1)Заттардың геометриялық пішінін талдайды және сызбаларға өлшемдерді түсіреді;
2)сызбадағы шартты белгілер және ықшамдауларды қолданып сызбаларды орындайды;
3)МЕСТ бойынша сызбаларға өлшемдерді түсіреді;
4)сызбаларды оқи алады және сыза алады;
5)3D модельдерді құру әдістерін таңдайды және талдайды;
6)3D моделінің текстурасы мен фактурасын анықтайды.
Қима мен тіліктер
1) Сызбалардағы қималар мен тіліктерді қолданудың мақсатын білу;
2) сызбада қималар мен тіліктерді орындау ережелерін біледі және қолдану;
3) қималар мен тіліктерді орындаудың шарттылықтары мен ықшамдаулардын қолдану;
4) 2D нысанның қимасы мен тілігін орындау үшін БЖ(бағдарламалық жасақтаманы) таңдау;
5) 2D обьектіде тіліктер мен қималардың құрылуы үшін көлемді денелерді модельдеудің негізгі үрдістерін анықтау.
1)Тіліктердің барлық түрін анықтайды, сонымен қатар оның арналуын және сызбада сызылу жолдарын біледі;
2)тіліктің графикалық рәсімделуін біледі;
3)қарапайым және күрделі тіліктерді ажыратады;
4)сызбада жергілікті және қиғаш тіліктерді анықтап сызады;
5)жүргізілген және қабаттасқан қималарды анықтайды;
6)сызбалар бойынша ресімдеу және белгілеу ережелерін біледі;
7)қималар мен тіліктерді орындау кезінде шарттылықтар мен ықшамдауларды қолданады;
8)тәжірибелік жұмыста шарттылықтар мен ықшамдауларды қолданып көрсетеді;
9)2D обьектіні (қималар мен тіліктер) жасау үшін (растырлық немесе векторлық) бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдайды;
10)қималар мен тіліктерді орындау үшін көлемді модельдеу әдістерін анықтайды және тәжірибелік жұмыста қолданады.
3.Кескіндерді түрлендіру
Кескіндерді қайта құру
1) Проекциялау әдістерін өзгерту арқылы заттардың сызбаларын орындау;
2) кескіндердің түрі мен құрамын немесе масштабын өзгерте отырып, заттардың сызбаларын орындау;
3) кескіндерді қайта құру әдістерін меңгереді және білу.
1)"Қайта құру" түсінігіне анықтама береді және талдайды;
2)кескіннің бөліктері арқылы обьектінің кескінін қайта құрай алады;
3)сөздік сипаттамаға сүйеніп обьектінің сызбасын немесе графикалық кескінін сызады;
4)кескіннің түрі мен құрамын түрлендіруді орындайды (графикалық жұмыс);
5)кескінді қайта құрып сызады(графикалық жұмыс);
6)графикалық редакторда кескіннің түрі мен құрамын түрлендіріп сызады.
4.Пішін қалыптастыру және құрылымдау
Геометриялық денелердің пішіндерін қалыптастыру зандылықтары
1) Геометриялық денелерді және басқа да заттарды кескіндеудің негізгі заңдылықтары мен принциптерін меңгеру;
2) әр түрлі беттердің пішінін қалыптастыру туралы білімі мен түсінігін көрсете білу.
1)Геометриялық денелерді кескіндеу заңдылықтары мен әдістерін түсінеді және анықтайды;
2) "ұлғайту", "жою", "кезектестіру" тәсілдерін қолданып пішін құрастырады;
3)пішінін өзгерте отырып, тіліктерді пайдаланып бөлшектің нобайын сызады.
Беттердің жазбасы
1) Жазылатын және жазылмайтын беттердің кескін ерекшеліктерін білу және түсіну;
2) қарапайым геометриялық денелердің жазбасын
3) сыза білу және орындау;
4) Компас-3D кітапханасының не екенін біледі;
5) жылжыту, айналдыру, кинематикалық тәсілді қолданып геометриялық денелер модельдерін салу ретіне сипаттама беру.
1)"Жазба" терминінің қолданылуын талдайды және анықтайды;
2)қарапайым геометриялық денелердің жазбасын анықтайды және сызады;
3)жазылатын және жазылмайтын беттердің кескін ерекшеліктерін анықтайды;
4)шырша әшекейлерінің, кондитерлік өнімдердің, косметикалық немесе басқа да өнімдердің қаптамаларын жазуды жүзеге асырады;
5)компьютерлік графика құралдары арқылы қисық беттердің және қарапайым геометриялық денелердің жазбасын сызады;
6) қағаз модельдің жазбасын жасайды: алғыс хат және құттықтау хаты, сертификат, конверт және ашық құттықтау хат.
Пішін құрылымдау
1) Құрылымдау және жобалау, техникалық жобаны құру кезеңдері туралы бастапқы мәліметтерді алу.
1)"Құрылымдау" түсінігіне талдау жасайды;
2)берілген параметрлер бойынша заттың пішінін құрылымдап сызады;
3)жобаны біріктірудің техникалық кезеңдерін түсінеді және талдайды;
4)көрсетілген параметрлер бойынша нысанының құрылымдалуын анықтайды.
5. Нәрсенің пішінін түрлендіру
Нәрсенің немесе оның бөліктерінің кеңістіктегі жағдайын түрлендіру
1) Қосу және кесіп алу тәсілін қолданып нәрсенің пішінін түрлендіру;
2) бөлшектерді ауыстыру арқылы 3D моделін түрлендіру.
1)Заттың кеңістіктегі орын өзгерту арқылы пішін түрлендіруді орындайды;
2)нәрсенің немесе оның бөліктерінің кеңістіктегі жағдайын түрлендіру арқылы пішінін өзгертеді;
3)бөлшектерді ығыстыру және өшіру әдістерін қолдану арқылы 3D модельді түрлендіруді орындайды;
4)бөлшектерді қою және басып шығару арқылы 3D модельді түрлендіруді графикалық түрде ұсынады.
6.Техникалық, сәулет – құрылыс және ақпараттық графика элементтері
Стандарттау
1) Стандарттау, өзара алмастыру, бұйым, бөлшек және оның құраушы элементтері туралы жалпы түсініктерді меңгеру.
1)"Стандарттау", "өзара алмастыру", "біріктіру", "құрастыру сызбасы" жалпы ұғымдарын анықтайды;
2)"бұйым", "бөлшек", "құрастыру бірлігі", "жиынтық", "кешен" ұғымдарын талдайды және түсінеді;
3)"тетікбөлшек", "құрастыру бірліктері" ұғымының өзара байланысы мен айырмашылығын талдайды;
4)бұйымның кескіндеріне талдау жасайды;
5)тетіктің немесе құрастыру бірлігінің бейнесін анықтайды.
Тетіктерді біріктіру Құрастыру сызбасы.
1) Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер және оларды бейнелеу ережелерін білу;
2) құрастыру сызбасын рәсімдеу және орындау ережелерін білу және орындау;
3) құрастыру сызбасының нобайы мен бұйым тетіктерінің сызылуын білу және орындау;
4) жиынтық бірлігінің 3D моделін орындау.
1)Құрастыру сызбалары туралы жалпы ақпарат береді;
2)ажырайтын және ажырамайтын біріктірулерді анықтайды;
3)бұрандалы қосылымды, бұрамда профилінің пішіндерінің түрлерін, бұрамданың белгіленуін және бөлшектерін талдайды;
4)бұрандалы біріктірулерді сызады;
5)құрастыру сызбасының нобайы мен бұйым тетіктерінің сызбасын орындайды;
6)МЕСТ бойынша спецификацияны сызады;
7)құрастыру бірлігінің 3D модельін анықтайды және талдайды.
Сәулет-құрылыс графикасының элементтері
1) Сәулет-құрылыс сызбасының ерекшеліктерін және оның мақсатын білу;
2) шартты белгілер арқылы қарапайым құрылыс сызбаларын орындау және оқу;
3) жалпы ережелер мен анықтамалық әдебиеттерді оқып талдау.
1)Құрылыс сызбалары туралы жалпы мәліметтерді, сәулет-құрылыс сызбасының ерекшеліктерін және оның мақсатын анықтайды;
2)"бас жоспар", "жоспар", "қасбет" және "ғимарат тілігі", "құрылыс сызбаларындағы шартты белгілер" ұғымдарын анықтайды;
3)азаматтық және өндіріс ғимараттарының құрылыс кезеңдерін біледі және талдайды;
4)құрылыс материалдары туралы жалпы мағлүмат алады;
5)құрылыс сызбасында қолданылатын құрылыс терминдерін анықтайды;
6)шартты белгілерді пайдалана отырып, графикалық редакторда құрылыс сызбаларының сызбасын сызып, талдайды.
Инфографика /сұлбалар, графикалар және диаграммалар
1) Инфографика, сұлба, графикалар және диаграммалар жөнінде жалпы мағлұматтарды білу.
1)"Инфографика", "зерттеу", "эскиз", "бағаналы диаграмма" ұғымдарына анықтама береді;
2)қызметтің әртүрлі салаларындағы инфографиканың рөлін анықтайды;
3)инфографика зерттеу нәтижесі туралы ақпаратты (графикалар, диаграммалар, сұлбалар) арқылы көрнекі түрде көрсетеді;
4)инфографика символ мен белгілерін қолдана отырып, әңгіме немесе эссе жасайды;
5)эсселерді, жарияланымдарды, презентацияларды қорғаудағы инфографиканың рөлін анықтайды.
7. Жобалау және жобалау графикасы
Жобалау әдістері
1) Әр түрлі саладағы жобалау әдістерімен танысу және кезеңдерін анықтау.
1)"Жоба", "жобалау", "жобалау әдістері", "жобалау кезеңдері" ұғымдарын талдайды және анықтайды;
2)жобаланатын объектілерге қойылатын негізгі функционалдық, эстетикалық және басқа талаптарды анықтайды.
Жобалық ұсыныстарды визуалдау
1) Техникалық құжаттаманың түрлері мен құрамын, олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын білу.
1)Графикалық құжаттарды, техникалық құжаттаманың құрамын және олардың ерекшеліктерін таниды және анықтайды;
2)шығармашылық идеялардың көрнекілігін анықтайды;
жобалық ұсыныстардың графикалық визуализация құралдарын талдайды (эскиз, сызба, макет).
8. Шығармашылық тапсырмалар
Жобалық әрекеттерге жалпы дайындықты дамытатын тапсырмалар
1) Жобалаудың мақсаттары мен міндеттерін, кезеңдерін анықтау.
1) Жобалау қызметін таңдау мен жобалаудың маңыздылығын талдайды және айқындайды.
Жобалық іс – әрекет элементтері бар шығармашылық тапсырмалар
1) Әр түрлі графикалық құралдарды( қолмен/ компьютерлік графика/ макеттеу)қолдана отырып, инженерлік / дизайн / сәулет саласындағы жобалау және жобалау элементтерімен тапсырмаларды орындау
1) Жобалау қызметін таңдау мен жобалаудың маңыздылығын талдай және анықтай алады, әр түрлі графикалық құралдарды қолдана отырып (қолмен/ компьютерлік графика/ макет) берілген тақырып бойынша шығармашылық жоба жасайды;
2) киригами техникасы арқылы мәзірдің қызмет көрсету формасының түрлерін жасайды;
3) киригами техникасы арқылы сәулет нысанын салады;
4) маркетингтік зерттеулер әдістерін туризм өнімдері мен қызметтерін жылжытуға бағытталған көрме сөресін модельдейді;
5) "Жер шары" туристік орталық кіру алаңының дизайнын әзірлейді;
6) әлуметтің маңызы бар нысандардың бірінің демалыс аймағын жобалайды;
7) әлеуметтік саланы, әлеуметтік психологияны ұйымдастыру және басқаруға бағытталған бағдарламалар презентациясы алаңының дизайнын әзірлейді;
8) шаштараз және косметологиялық қызметтер жанрамасының дизайнын әзірлейді;
9) Менің арманымдағы үйдің жобасын жасайды.
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 бұйрығына
37-қосымша