Әлеуметтік- экономикалық бағыттың "Математика" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы


Әлеуметтік-экономикалық бағыттың "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы



бет6/28
Дата30.09.2024
өлшемі1,09 Mb.
#146216
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
6. Әлеуметтік-экономикалық (1)

Әлеуметтік-экономикалық бағыттың "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Әлеуметтік-экономикалық бағыттың "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 8170 тіркелген) және "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 29031 тіркелген) бұйрықтарына сәйкес әзірленді.
2. "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәнінің оқу мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін кіріктіріп оқыту негізінде білім алушылардың тілдік дағдыларын жетілдіру, тіл нормаларын сақтап, еркін сөйлеу және сауатты жазу дағдыларын дамыту, мемлекеттік тілге құрметпен қарауын қалыптастыру.
3. Бағдарламаны іске асыру келесі міндеттерді көздейді:
1) білім алушының мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қазақ халқының мәдениетімен танысу арқылы тәрбиелеу;
2) адамзаттық ойдағыдай кірігу үшін қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту;
3) қазақ тілі мен әдебиеті пәніне құндылық ретінде қарауды қалыптастыру;
4) коммуникативтік оқыту негізінде барлық сөйлеу әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдану дағдыларын дамыту;
5) қазақ әдебиетінің стилистикалық және жанрлық ерекшеліктерін тану негізінде шығармашылық тұрғыда жұмыс істеу, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
6) көпмәдени ортада лингвистикалық қажеттілікті іске асыруға дайын жеке тұлғаны тәрбиелеу;
7) білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлғаны қалыптастыру.
4. Жалпы орта білім беру деңгейіндегі "Қазақ тілі мен әдебиеті" пәні бойынша білім алушылардың білім, білік және дағдыға қойылатын талаптары СEFR -Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті деңгейлерін (B2-С1) негізге ала отырып айқындалған.
4. Пәннің мазмұны келесі бөлімдерден тұрады: "Еңбек нарығы және сұраныс", "Отандық өнеркәсіп өнімі Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті", "Ұлттық экологиялық мәдениет", "Мұхит – тіршілік мекені", "Ұлттық таным және мерекелер", "Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда", "Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне", "Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар", "Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек", "Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы", "Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік", "Қоғам және заң", "Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік", "Экология. Мұнай және атомдық индустрия", "Тіл. Өнер. Әдебиет", "Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесі", "Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі", "Ұлттық театр – өнер ордасы", "Туризм: Экотуризм", "Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі", "Жастар мәселесінің түйіткілдері", "Жастар мәселесінің түйіткілдері", "Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты", "Толеранттылық-ел бірлігі", "Ұлт мұраты - ұлттық қауіпсіздік", "Бос уақыт – қоғам дамуының көрсеткіші".
Мазмұны:
1) тыңдалым: мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тыңдалған мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды түртіп жазу және ақпараттарды жүйелеу, оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында және мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегісөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну, көркем шығарманы тыңдау, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасау, мәтін бойынша автор позициясын және көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдай отырып, негізгі ойды анықтау, көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдау және салыстыру, өз ойын логикалық дұрыс, аргументті және айқын жеткізу;
2) айтылым: ғылыми және кәсіби мәтіндердегі күрделі сөздер мен терминдердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану, ғылыми және кәсіби мәтіндерге сүйеніп, монолог пен диалогті үйлестіре қолдану, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушылармен қарым-қатынас орнату, сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану, кәсіби бағыттағы түпнұсқа мәтіндерден қажетті ақпаратты (деректерді, сипаттамаларды, сандық көрсеткіштерді, сілтемелерді) анықтау, олардың қолданылу мақсатын талдау, көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орын алатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдық элементтерді қолданып, сенімді және еркін сөйлеу, әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдау, негізгі үрдістерді анықтау;
3) оқылым: мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен көзқарасты, астарлы ойды анықтау, ақпараттың оқырманға әсерін және автор позициясын талқылау, ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, аннотация, үндеу, очерк, дәріс, баспасөз парағы) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау, әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселеге баға беру және әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру, ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндер (мақала, аннотация, үндеу, очерк, дәріс, баспасөз парағы) бойынша салыстырмалы (құрылымы, қызметі, мақсатты аудиториясы, оқырманға әсері) талдау жасау, қосымша ғылыми-анықтамалық ақпарат көздерінен алынған материалдар негізінде мәтін мазмұнына сыни тұрғыдан талдау жасау, мәтінді негізгі мәселеге баға бере отырып, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізу;
4) жазылым: ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала, аннотация, баспасөз парағы, тезис, үндеу жазу, қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазу ("келісу, келіспеу" эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе), шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазу, тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтау, дереккөздерге сілтеме көрсетіп таныстыру (тірек-схема, менталды карта, презентация), кәсіби және публицистикалық бағыттағы мәтіндердегі басты лексикалық бірліктерді нақтылап, мәтіннің ақпараттық-маңызды фрагменттерін анықтап, (компрессия) жинақы мәтін құрастыру, мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу; мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу;
5) тілдік бағдар: сөз таптары, ғылыми және кәсіби мәтіндер құрауда грамматикалық омонимдерді ажырата танып, ауызша және жазбаша дұрыс қолдану, сын есім сөздердің синонимдік қатарын стильдік ерекшеліктеріне сәйкес қолдану, мәтін құрауда сан есімнің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай қолдану, есімдіктердің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай қолдану, мәтіндерден көсемше оралымды сөйлемдерді анықтап,оларды ауызша және жазбаша мәтіндер құрауда орынды қолдану, үстеудің мағыналық түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай орынды қолдану, мәтін құрауда шылаудың мағыналық түрлерін стильдік қызметіне сай орынды қолдану, сөйлем, оқшау сөздердің қызметін білу, айқындауыш мүшелер (қосалқы, қосарлы, оңашаланған) жасалу жолдарын білу, жазба жұмыстарында орынды қолдану.
5. Оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде білім беру ұйымының мүмкіндігі бар:
1) оқытудың әртүрлі технологияларын, оқу процесін ұйымдастырудың нысандарын, әдістерін және бақылау түрлерін таңдау;
2) оқу уақыты сағаттарының жалпы көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлу (пәнді оқуға бөлінген сағат көлемінен);
3) нақты дәлелдер мен фактілерге негізделген пәннің бөлімдері мен тақырыптарының реттілігін өзгерту;
4) жұмыс берушілердің талаптары және бөлімдер мен тақырыптар тізбесін тереңдету және кеңейту мақсатында өңірлік компонентті енгізу және бөлімдер, бөлімшелер мен тақырыптарды дайындық бағыты бойынша элементтерді енгізуге байланысты тақырыптардағы сағат көлемі мен пәннің мазмұнын 25% - дан аспайтындай өзгерту.
6. Оқу жүктемесінің көлемі даярлау бағыты мен біліктілігіне байланысты 96-120 сағатты (4-5 кредит) құрайды.
7. Оқу пәнін іске асыру кезінде дәптерлер мен жазбаша жұмыстарды тексеру қарастырылады.
2-тарау. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны

Бөлім, бөлімше мен тақырыптар атауы

Сағат саны

Барлығы

Сабақ

Теориялық

Практикалық

1 бөлім. Еңбек нарығы және сұраныс.

+

+

+

1.1. Қазақстандағы еңбек нарығы.







Тақырып 1.1.1. Қазақстандағы еңбек нарығы: сұраныс пен ұсыныс.







Тақырып 1.1.2. Іскерлік әлемі. Келіссөз жүргізу әдебі.







Тақырып 1.1.3. Әлеуметтік-экономикалық сұраныс және отандық өнім.







1.2. Еңбек ер атандырады.

Тақырып 1.2.1. Балғабек Қыдырбекұлы – танымал жазушы. Еңбек ер атандырады.







Тақырып 1.2.2. Кәсіпкерлік – табыс көзі. Кәсіпкерлік – шеберлік.







2 бөлім. Отандық өнеркәсіп өнімі.

+

+

+

2.1. Отандық өнімді пайдаланамыз.







Тақырып 2.1.1. Отандық өнімді пайдаланамыз.







Тақырып 2.1.2. Орталық Қазақстан – кенді аймақ.







Тақырып 2.1.3. Қарағанды – кеншілер қаласы. Ғабиден Мұстафин. "Қарағанды" романынан үзінді.







Тақырып 2.1.3. Нәтиже сабақ. Әлеуметтік жарнама жасау. (сынақ сабақ).







3 бөлім. Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті.

+

+

+

3.1. Қазақ киносы.







Тақырып 3.1.1. Қазақ киносының атасы.







Тақырып 3.1.2. Қазақстанның мәдени өмірі.







3.2. Қазақ театры.







Тақырып 3.2.1. Театр фестивальдары.







Тақырып 3.2.2. Дулат Исабеков "Әпке" шығармасы.







Тақырып 3.2.3. Нәтиже сабақ. "Қазақ киносының қазіргі даму кезеңі" эссе жазу.







4 бөлім. Ұлттық экологиялық мәдениет.

+

+

+

4.1. Ұлттық экология.







Тақырып 4.1.1. Ұлттық экология бастаулары.







Тақырып 4.1.2. Қадыр Мырза Әлі – философ ақын. "Аралым..." өлеңі.







4.2. Экологиялық мәдениет.







Тақырып 4.2.1. Экологиялық мәдениет және тыйым сөздер.







Тақырып 4.2.2. Экологиялық және әлеуметтік-экономикалық мәдениеті







Тақырып 4.2.3. Нәтиже сабақ. "Қазіргі экологияның және әлеуметтік-экономиканың өзекті мәселелері" (диспут сабақ).







5 бөлім. Мұхит – тіршілік мекені.

+

+

+

5.1 Мұхит әлемі.







Тақырып 5.1.1. Мұхиттағы жануарлар әлемі. Мұхиттағы өсімдік әлемі.







5.2. Мұхиттағы экологиялық проблемалар.







Тақырып 5.2.1. Мұхит және экологиялық проблемалар.







Тақырып 5.2.2. Әбдіжәміл Нүрпейісов. "Қан мен тер" романы.







Тақырып 5.2.3. Нәтиже сабақ." Адамзат тағдырының жыршысы" (талқылау сабағы).







6 бөлім. Ұлттық таным және мерекелер.

+

+

+

6.1. Ұлттық мерекелер.







Тақырып 6.1.1. Ұлттық мерекелер. Айт қабыл болсын!







Тақырып 6.1.2. Жүсіпбек Аймауытов. "Әнші" әңгімесі.







7 бөлім. Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда.

+

+

+

7.1. Сауда тарихы.







Тақырып 7.1.1. Сауда тарихы. Ұлы Жібек жолы – сауда мәдениетінің өркендеу биігі.







Тақырып 7.1.2. Екіжақты келісімді сауда.







7.2. Сауда мәдениеті.







Тақырып 7.2.1. Сауда мәдениеті және тұтынушы құқығы.







Тақырып 7.2.2. Ыбырай Алтынсарин. "Дүние қалай етсең, табылады?".







Тақырып 7.2.3. Нәтиже сабақ. "Ұлы Жібек жолы тарихы" Саяхат сабақ.







8 бөлім. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне.

+

+

+

8.1. Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары.







Тақырып 8.1.1. Радиоарналарды тыңдаймын.







Тақырып 8.1.2. Қазақтың тұңғыш журналист қыздары.







Тақырып 8.1.3. Қазақтың тұңғыш дикторы.







8.2. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік саясат.







Тақырып 8.2.1. Отбасы және гендерлік саясат.







Тақырып 8.2.2. Телефон – байланыс құралы.







9 бөлім. Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар.

+

+

+

9.1. Қауіпті қалдықтар.







Тақырып 9.1.1. Тұрмыстық қалдықтар.







Тақырып 9.1.2. Өндірістік қалдықтар. Қауіпті қалдықтар.







9.2. Жер тағдыры ел тағдыры.







Тақырып 9.2.1. Қайнар Олжай. "Жер мен аспан арасындағы дастан".







Тақырып 9.2.2. Думан Рамазан. "Соңғы дем" әңгімесі.







10 бөлім. Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек.

+

+

+

10.1. Әлеуметтік теңсіздік.







Тақырып 10.1.1. Қоғамдағы экономикалық-әлеуметтік теңсіздіктің жіктелуі. Әлеуметтік теңсіздік және әлеуметтік топтар.







Тақырып 10.1.2. Жұмыссыздық және әлеуметтік теңсіздік.







10.2. Әлеуметтік теңсіздік тудыратын факторлар.







Тақырып 10.2.1. Ұлықбек Есдәулет – ақын, қайраткер. "Қара пима" поэмасы.







Тақырып 10.2.2. "Қара пима" – трагедиялық шығарма.







Тақырып 10.2.3. Нәтиже сабақ. "Әлеуметтік, экономикалық теңсіздік тудыратын факторлар". Пікірталас-полилог ұйымдастыру.







11 бөлім. Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы.

+

+

+

11.1. Зиянды әдеттер.







Тақырып 11.1.1. Нашақорлық – қоғамдық дерт.







Тақырып 11.1.2. Темекі тарту – зиянды әдет.







11.2. Салауатты өмір салты.







Тақырып 11.2.1. Бердібек Соқпақбаев. "Он алты жасар чемпион" (әңгіме).







Тақырып 11.2.2. Саламатты өмір салтын ұстанамын.







Тақырып 11.2.3. Нәтиже сабақ. "Спорт – денсаулық кепілі". Аргументативті эссе.







12 бөлім. Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік.

+

+

+

12.1. Сандық технология.







Тақырып 12.1.1. Сандық технология. Сандық теңсіздік. Электронды үкімет.







12.1.2. Интернеттің пайдасы мен зияны.







Тақырып 12.1.3. Мұхтар Шахановтың "Компьютербасты жарты адамдар" романындағы адам концепциясы.







Тақырып 12.1.4. "Өркениеттің адасуы" (романнан үзінді).







Тақырып 12.1.5. Нәтиже сабақ. "Интернеттің пайдасы мен зияны?" Дебат-сабақ.







13 бөлім. Қоғам және заң.

+

+

+

13.1. Ата Заң.







Тақырып 13.1.1. "Тәртіпке бағынған ел құл болмайды".







Тақырып 13.1.2. Ата Заң.







Тақырып 13.1.3. Ермек Өтетілеуұлы "Ата Заң " өлеңі.







13.2. Құқықбұзушылық және қылмыс.







Тақырып 13.2.1. Құқықбұзушылық, қылмыс жақсылыққа апармайды.







Тақырып 13.2.2. Тәртіпсіздік неден басталады?







14 бөлім. Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздік.

+

+

+

14.1. Әлеуметтік теңсіздік.







Тақырып 14.1.1. Әлеуметтік-экономика мәселе туралы не білесің? Лексика-грамматикалық омонимдер.







Тақырып 14.1.2. Отбасы – құндылық.







14.2. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.







Тақырып 14.2.1. Қоғамның әлеуметтік-экономика құрылымы.







Тақырып 14.2.2. Ерболат Әбікенұлы. "Пәтер іздеп жүр едік" әңгімесі.







Тақырып 14.2.3. Нәтиже сабақ. "Жігітті намыс өлтірер..." сұхбат сабақ.







15 бөлім. Экология. Мұнай және атомдық индустрия.

+

+

+

15.1. Қазақстандағы мұнай өндірісі.







Тақырып 15.1.1. Табиғатты аяла.







Тақырып 15.1.2. "Жасыл ел" бағдарламасына қатысaмын.







Тақырып 15.1.3. Мұнай – еліміздің шикізат байлығы.







Тақырып 15.1.4. Гүлжауһар Сейітжан. "Қара алтыны халқымның...".







15.2. Қазақстандағы атом өнеркәсібі.







Тақырып 15.2.1. Атомдық индустрияның болашағы.







Тақырып 15.2.2. Туған өлкенің экологиясы.







16 бөлім. Тіл. Өнер. Әдебиет.

+

+

+

16.1. Өнер алды – қызыл тіл.







Тақырып 16.1.1. Екі тілді білген – екі адам.







Тақырып 16.1.2. Қазақ тілі – қандай тіл?







Тақырып 16.1.3. Шешендік сөз өнері.







16.2. Әдебиет – өнер айнасы.







Тақырып 16.2.1. Қазақ поэзиясының сұлу сарайы. Ілияс Жансүгіров.







Тақырып 16.2.2. Ілияс Жансүгіров. "Күй" поэмасы (үзінді).







Тақырып 16.2.3. Нәтиже сабақ. "Әдебиет – өнер айнасы" эссе жазу.







17 бөлім. Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесі.

+

+

+

17.1. Жұмыссыздық мәселесі.







Тақырып 17.1.1. Жұмыс және табыс. Жұмыс табу – мәселе. Сан есім.







Тақырып 17.1.2. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымы.







Тақырып 17.1.3. Кедейлік неден туады?







17.2. Еңбек етсең ерінбей.







Тақырып 17.2.1. Ыбырай Алтынсарин. "Атымтай Жомарт" әңгімесі.







Тақырып 17.2.2. Қазіргі заманның атымтайлары.







Тақырып 17.2.3. Нәтиже сабақ. "Жұмыссыздық - әлеуметтік мәселеле". Рөлдік ойын.







18 бөлім. Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі.

+

+

+

18.1. Тәуелсіздік тарихы.







Тақырып 18.1.1. Ұлы даланың жеті қыры.







Тақырып 18.1.2. Атқа міну мәдениеті. Заманауи ат спорты.







Тақырып 18.1.3. Құсбегілік – ұлттық өнер.







18.2. Тәуелсіз ел келешегі.







Тақырып 18.2.1. Дүкенбай Досжан. "Төрт патшаны көрген кейуана" (хикаят).







Тақырып 18.2.2. Нәтиже сабақ. "Жаңа Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық келешегі". Пікір алмасу.







19 бөлім. Ұлттық театр – өнер ордасы.

+

+

+

19.1. Сахна –өмір айнасы.







Тақырып 19.1.1. Қазақ театрының қайнары. Көсемше.







Тақырып 19.1.2. Сахна – өмір айнасы.







Тақырып 19.1.3. Ұлттық өнердің тарландары.







Тақырып 19.1.4. Сәбит Оразбай. "Өмірдің өзі – театр" (үзінді).







20 бөлім. Туризм: Экотуризм.

+

+

+

20.1. Туризм.







Тақырып 20.1.1. Туризм тарихын білесің ба? Туризмнің түрі көп... Көсемше.







20.2. Қазақстандағы экотуризм.







Тақырып 20.2.1. Қазақстандағы экотуризмнің дамуы. Ойталқы.







Тақырып 20.2.1. Сені экстремалды туризм қызықтыра ма?







Тақырып 20.2.2. Сәкен Сейфуллин. "Көкшетау" поэмасы.







Тақырып 20.2.3. Ілияс Жансүгіров. "Жетісу" суреттері.







Тақырып 20.2.4. Нәтиже сабақ. "Қазақстанда әлеуметтік-экономика саласының даму мүмкіндіктері". Аргументативті эссе жазу.







21 бөлім. Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі.

+

+

+

21.1. Отбасы құрылымы.







Тақырып 21.1.1. Әкеге қарап ұл өсер... Үстеудің мағыналық түрлері.







Тақырып 21.1.2. Асыл текті аналар.







21.2. Қазақ отбасыларындағы гендерлік мәселелер.







Тақырып 21.2.1. Гендер және тіл.







Тақырып 21.2.2. Қазақ отбасындағы гендерлік ерекшеліктер.







Тақырып 21.2.3. Мұхтар Әуезов. "Абай жолы" роман-эпопеясы, 1-кітап. Қайтқанда.







Тақырып 21.2.4. Мұхтар Әуезов. "Абай жолы" роман-эпопеясы, 2-кітап. Тайғақта.







Тақырып 21.2.5. Нәтиже сабақ. "Ата-анасын сыйлаған абыройға бөленер". Эссе жазу.







22 бөлім. Жастар мәселесінің түйіткілдері.

+

+

+

22.1. Ел болашағы – жастар.







Тақырып 22.1.1. Ел болашағы. Шылаулар және мағыналық түрлері.







Тақырып 22.1.2. Талаптыға нұр жауар. Наноспутник жасаған жас ғалымдар. Септеулік шылаулар.







22.2. Жастар мәселесінің түйіткілдері.







Тақырып 22.2.2. Жастар мәселесінің түйіткілдері. Демеулік шылаулар.







Тақырып 22.2.3. Мұхтар Әуезов. "Абай жолы" (романнан үзінді), 3-кітап.







23 бөлім. Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты.

+

+

+

23.1. Жаһандық миграция.







Тақырып 123.1.1. "Жаһандық миграция" деген не?







Тақырып 23.1.2. Иммиграция – үздіксіз процесс.







23.2. Қазақ халқының көші-қон тарихы.







Тақырып 23.2.1. Көші-қон тарихы.







Тақырып 23.2.2. Қабдеш Жұмаділов – қаламгер.







Тақырып 23.2.3. "Қаздар қайтып барады" повесі.







Тақырып 23.2.4. Нәтиже сабақ. "Жаһандық миграция жағдайы". Презентация жасау.







24 бөлім. Толеранттылық-ел бірлігі.

+

+

+

24.1. Толеранттылық – бейбітшілік кепілі.







Тақырып 24.1.1. Толеранттылық – бейбітшілік кепілі. Оқшау сөздер.







Тақырып 24.1.2. Береке басы бірлікте. Ел бірлігін сақтау – бабалар аманаты.







Тақырып 24.1.3. Сайын Мұратбеков – шығармашыл тұлға.







Тақырып 24.1.4. Сайын Мұратбеков. "Телі өскен ұл" повесі.







Тақырып 24.1.4. Нәтиже сабақ. "Толеранттылық – бейбітшілік кепілі". Фотоколлаж дайындау.







25 бөлім. Ұлт мұраты - ұлттық қауіпсіздік.

+

+

+

25.1. Отан қорғау – парыз.







Тақырып 25.1.1. Ұлттық қауіпсіздік қызметкері болғым келеді.







Тақырып 25.1.2. Отан қорғау – парызым.







Тақырып 25.1.3. Сағадат Нұрмағамбетов – халық қаһарманы.







25.2. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі.







Тақырып 25.2.1. Білім – мемлекеттің қауіпсіздігі.







Тақырып 25.2.2. Тыныштық – елге аманат.







Тақырып 25.2.3. Несіпбек Айтұлы. "Бәйтерек" поэмасы.







Тақырып 25.2.4. Нәтиже сабақ. "Ұлт қауіпсіздігі – ұрпаққа қызмет". Диспут сабақ.







26 бөлім. Бос уақыт – қоғам дамуының көрсеткіші.

+

+

+

26.1. Бос уақытты жоспарлау.







Тақырып 26.1.1. Бос уақытты жоспарлау. Уақыт – сыншы. Айқындауыш.







Тақырып 26.1.2. Демалыс мәдениеті.







Тақырып 26.1.3. Мұқағали Мақатаев. "Сағатым қайда, сағатым?" өлеңі.







Тақырып 26.1.4. Нәтиже сабақ. "Бос уақытты жоспарлау". Ойкөкпар.







3-тарау. Оқыту нәтижелері және бағалау критерийлері

Бөлім атауы

Бөлімше атауы

Оқыту нәтижелері

Бағалау критерийлері

Еңбек нарығы және сұраныс

Қазақстандағы еңбек нарығы

1) Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру.

1) Мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастырады;
2) сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады;
3) мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Еңбек ер атандырады

1) Стильдер ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазу.

1) Публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазады;
2) мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрастырады.

Отандық өнеркәсіп өнімі

Отандық өнімді пайдаланамыз

1) Мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді тірек-схема, менталды карта, презентация түрінде ұсыну.

1)Тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап тірек-схема, менталды карта,жарнама, презентация қорғайды;
2) көптік мәнді есімдер мен көптік жалғауларды ажырата танып, дұрыс қолдана алады.

Қазақ киносы мен театрының қазіргі келбеті

Қазақ киносы

1) Автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтау. Көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолдану.

1) Драмалық шығарманы тыңдайды;
2) драмалық шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындайды;
3) мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдайды, астарлы ойды анықтайды;
4) шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданып жазады.

Қазақ театры

1) Ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер ету.

1) Мәтін мазмұны бойынша монолог және диалог құрастырады;
2) сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданады.
3) интонацияның құрамдас бөліктерін сөйлеу мәнеріне сай қолданады;

Ұлттық экологиялық мәдениет

Ұлттық экология

1) Поэзиялық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау.

1) Мәтіннің негізгі идеясын (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазады (конспектілейді), жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіреді;
2) поэзиялық шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындайды;
3) сан есімнің жасалу жолдарын біледі; 4) мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазады (конспектілеу).

Экологиялық мәдениет

1) Ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрау.

1)Сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданады;
2) "Пікірталас -монолог", "пікірталас-диалог", "пікірталас-полилог" түрлерінде сенімді және еркін сөйлейді;
3) сан есімнің жасалу жолдарын біледі, мәтін құрауда орынды қолданады.

Мұхит – тіршілік мекені

Мұхит әлемі

1) Мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру.

1) Ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (баспасөз парағы) құрылымы мен рәсімделуін, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін біледі;
2) оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздерді орынды пайдаланады.

Мұхиттағы экологиялық проблемалар

1) Мәтін ішіндегі күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану.

1)Ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтайды, ауызша мәтін құрауда орынды қолданады;
2) әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстырады, негізгі идеясын айқындайды;
3) есімдіктердің жасалу жолдарын мәтін құрауда орынды қолданады;
4) публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданады.

Ұлттық таным және мерекелер

Ұлттық мерекелер

1) Прозалық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау.

1)Шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындайды;
2) автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтайды;
3) ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндер (мақала, интервью) бойынша салыстырмалы (жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясы) талдау жасайды.

Сауда мен көмек: екі жақты келісімді сауда

Сауда тарихы

1) Оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіндіреді.

1)Қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын талдайды;
2) ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (мақала, баспасөз парағы) құрылымы мен рәсімделуін біледі.

Сауда мәдениеті

1) Мәтіндегі бөлімдердің, абзацтардың орналасу тәртібін, ақпараттың тақырыппен байланысын анықтау.

1) Бөлімдердің, абзацтардың орналасу тәртібін, ақпараттың тақырыппен байланысын анықтайды, оған түсініктеме береді;
2) әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстырады, негізгі идеясын түсіндіреді;
3)жанрлық және тілдік ерекшеліктерін айыра алады;
4)оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік бейне

Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары

1) Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру.

1)Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастырады;
2) автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтайды;
3) мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланысын анықтайды.

Бұқаралық ақпарат құралдарындағы гендерлік саясат

1) Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажырату, мәтін идеясымен байланысын анықтау.

1)Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланысын анықтайды;
2) мәтін тақырыбына байланысты қосымша материалдарды энциклопедиялардан тауып, ортақ қорытындылар жасайды;
3) шығармашылық жазба жұмыстарында көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді қолданады;

Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар

Қауіпті қалдықтар

1) Прозалық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау.

1)Прозалық шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындайды;
2) негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша конспектілейді, жазбаға сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіреді;
3) ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтайды, ауызша мәтін құрауда орынды қолданады.

Жер тағдыры ел тағдыры

1) Публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазу.

1)Деректі ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіреді және оны бағалайды;
2) ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден негізгі ұғымдарды анықтай отырып, жинақы мәтін (компрессия) құрастырады;
3) публицистикалық және ғылыми стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, шағын мақала жазады.

Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек

Әлеуметтік теңсіздік

1) Оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын ажырату.

1)Мәтіннен автордың көзқарасын (негізгі ойын) негіздейтін аргументтерді талдай отырып, астарлы ойды анықтайды;
2) мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланысын анықтайды.

Әлеуметтік теңсіздік тудыратын факторлар

1) Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдау және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау.

1) ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, монолог және диалог құрайды, сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер етеді;
2) әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені талдайды және кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалайды;
3) тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсынады (тірек-схема, менталды карта, презентация);
4) оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы

Зиянды әдеттер

1) Прозалық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау.

1) Шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындайды;
2) шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындайды;
3) ақпаратты толық анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіреді және оны бағалайды.

Салауатты өмір салты

1) Ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану.

1) Ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтайды, ауызша мәтін құрауда орынды қолданады;
2) мәтіндегі бөлімдердің, абзацтардың орналасу тәртібін, ақпараттың тақырыппен байланысын анықтап, түсініктеме береді.

Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік

Сандық технология

1) Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастыру.

1) Мәтін бойынша болжам жасайды, өз біліміне сүйеніп тақырыпты жалғастырады;
2) оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында қолданылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіндіреді;
3) әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстырады, негізгі идеясын түсіндіреді;

Интернеттің пайдасы мен зияны

1) Пікірталастың "пікірталас -монолог", "пікірталас-диалог", "пікірталас-полилог" түрлерінде сенімді және еркін сөйлеу.

1) Пікірталастың түрлері бойынша сенімді және еркін сөйлеу;
2) негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай отырып, факті мен көзқарасты ажыратады, мәтін идеясымен байланысын анықтайды;
3) тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтап ұсынады (тірек-схема, менталды карта, презентация).

Қоғам және заң

Ата Заң

1) Драмалық, прозалық, поэзиялық шығарманы тыңдау, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау.

1) Драмалық, прозалық, поэзиялық шығарманы тыңдайды, шығармада көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындайды;
2) көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдайды және салыстырады, өз көзқарасын аргументтер негізінде дәлелдейді;

Құқықбұзушылық және қылмыс

1) Ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану.

1)Күрделі сөздердің жасалу жолын анықтайды, ауызша мәтін құрауда орынды қолданады;
2) мәтіндегі бөлімдердің, абзацтардың орналасу тәртібін, ақпараттың тақырыппен байланысын анықтайды, оған түсініктеме береді;
3) ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндер (мақала, интервью, баспасөз парағы) бойынша салыстырмалы (жанры, құрылымы, тілдік құралдары, мақсатты аудиториясы) талдау жасайды.

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік

Әлеуметтік теңсіздік

1) Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселеге баға беру және әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру.

1) Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені анықтайды және әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырады;
2) ғылыми және публицистикалық стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды қолданады, шағын мақала мәтінін құрайды.

Қоғамның әлеуметтік құрылымы

1) Кәсіби бағыттағы түпнұсқа мәтіндерден қажетті ақпаратты (деректерді, сипаттамаларды, сандық көрсеткіштерді, сілтемелерді) анықтау, олардың қолданылу мақсатын талдау.

1) Кәсіби бағыттағы түпнұсқа мәтіндерден қажетті ақпаратты анықтайды, қолданылу мақсатын талдайды;
2) көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орын алатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдық элементтерді қолдана алады;
3) мақала құрылымы мен рәсімделуін біледі, жанрлық және тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды.

Экология. Мұнай және атомдық индустрия

Қазақстандағы мұнай өндірісі

1) Мәтін бойынша автор позициясын және көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдай отырып, негізгі ойды анықтау.

1)Оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында және мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіндіреді;
2) мәтін бойынша автор позициясын және көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдайды, негізгі ойды табады.

Қазақстандағы атом өнеркәсібі

1) Ғылыми және кәсіби мәтіндердегі күрделі сөздер мен терминдердің жасалу жолын анықтау, кәсіби бағыттағы түпнұсқа мәтіндерден қажетті ақпаратты (деректерді, сипаттамаларды, сандық көрсеткіштерді, сілтемелерді) анықтау.

1) Ғылыми және кәсіби мәтіндердегі күрделі сөздер мен терминдерді ажыратады, ауызша мәтін құрауда дұрыс қолданады;
2) кәсіби бағыттағы түпнұсқа мәтіндерден қажетті ақпараттардың (деректер, сипаттамалар, сандық көрсеткіштер, сілтемелер) қолданылу мақсатын айқындайды.

Тіл. Өнер. Әдебиет.

Өнер алды – қызыл тіл

1) Көркем шығарманы тыңдау, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасау.

1) Мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша жазады (конспектілейді);
2) көркем шығарманы басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырады, тақырып ортақтығын анықтай алады;
3)Мәтіндегі ақпарат бойынша өзіндік пікір білдіреді.

Әдебиет – өнер айнасы

1) Ғылыми және кәсіби мәтіндердегі күрделі сөздер мен терминдердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану.

1)Мәтіндердегі күрделі сөздер мен терминдердің жасалу жолын анықтайды;
2) сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданады;
3) мәтін мазмұны бойынша монолог және диалог құрайды.

Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесі

Жұмыссыздық мәселесі

1) Мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу) және берілген ақпараттарды жүйелеу.

1) Мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды (ақпараттарды) қанықтайды, қысқаша түртіп жазды (конспектілейді);
2) көтерілген мәселе бойынша берілген ақпараттарды анықтайды.

Еңбек етсең ерінбей

1) Ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндердің (үндеу) құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдау.

1) Берілген мәтіннің стилін анықтап, құрылымы мен рәсімделуін нақтылайды;
2) тақырып бойынша мәтінге жоспар құрады, әр тармақшаға қажетті негізгі және қосымша мәліметтерді жинақтайды;
3) мәтінді жанрлық және тілдік ерекшеліктерін талдайды, өзіндік пікір білдіреді.

Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі

Тәуелсіздік тарихы

1) Көркем шығарманы тыңдау, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасау, негізгі ойды анықтау.

1) Көркем шығарманы тыңдайды, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасайды;
2) мәтін бойынша автор позициясын және көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдай отырып, негізгі ойды саралайды.

Тәуелсіз ел келешегі

1) Ғылыми және кәсіби мәтіндерге сүйеніп, монолог пен диалог құрастыру, көпшілік алдында сөз сөйлеуде сенімді және еркін сөйлеу.

1) Ғылыми және кәсіби мәтіндерге сүйеніп, монолог пен диалог құрастырады;
2) сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушылармен қарым-қатынас орнатады;
3) көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орын алатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдық элементтерді қолданады.

Ұлттық театр – өнер ордасы

Сахна –өмір айнасы

1) Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу.

1) Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтайды;
2) көркем шығарманы тыңдап, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттайды.

Туризм: Экотуризм

Туризм

1) Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу.

1) Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтайды;
2) көркем шығарманы тыңдап, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттайды.

Қазақстандағы экотуризм

1) Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану.

1) Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолданады;
2) көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды орын алатын тілдік (вербалдық) және бейвербалдық элементтерді қолданып, сенімді және еркін сөйлейді.

Әлемдегі ерлер мен әйелдердің құқықтары мен теңдігі

Отбасы құрылымы

1) Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу.

1) Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды, тиісті ақпаратты анықтайды;
2) оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында және мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Қазақ отбасыларындағы гендерлік мәселелер

1) Мәтінді тыңдай отырып, негізгі берілген ақпараттарды жүйелеу.

1) Мәтінді тыңдай отырып, негізгі берілген ақпараттарды жүйелейді;
2) оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында және мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Жастар мәселесінің түйіткілдері

Ел болашағы - жастар

1) Көркем шығарманы тыңдау, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасау.

1) Көркем шығарманы тыңдау, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттайды;
2) көтерілген мәселе бойынша әртүрлі дереккөздерден алынған мәтіндерді тыңдайды және салыстырады, өз ойын логикалық дұрыс, аргументті және айқын жеткізеді.

Жастар мәселесінің түйіткілдері.

1) Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға беру, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізу.

1) Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген мәселеге баға береді, өзіндік көзқарасын жүйелі, дәлелді жеткізеді;
2) қажетті ақпараттарды орынды қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп эссе жазады.

Жаһандық мәселелер: көші-қон саясаты

Жаһандық миграция

1) Мәтінді тыңдай отырып, негізгі берілген ақпараттарды жүйелеу.

1) Мәтінді тыңдай отырып, негізгі берілген ақпараттарды жүйелейді;
2) оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында және мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегі сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Қазақ халқының көші-қон тарихы

1) Кәсіби бағыттағы түпнұсқа мәтіндерден қажетті ақпаратты (деректерді, сипаттамаларды, сандық көрсеткіштерді, сілтемелерді) анықтау, олардың қолданылу мақсатын талдау.

1) Кәсіби бағыттағы түпнұсқа мәтіндерден қажетті ақпаратты (деректерді, сипаттамаларды, сандық көрсеткіштерді, сілтемелерді) анықтап, олардың қолданылу мақсатын талдайды;
2) әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте, диаграмма, сызба, шартты белгі) мәліметтерді салыстырып талдап, негізгі үрдістерді анықтайды.

Толерант
тылық – ел бірлігі

Толеранттылық – бейбітшілік кепілі

1) Көркем шығарманы тыңдау, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасау.

1) Көркем шығарманы тыңдау, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасайды;
2) мәтін бойынша автор позициясын және көтерілген мәселеге қарым-қатынасын, тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдай отырып, негізгі ойды анықтайды.

Ұлт мұраты - ұлттық қауіпсіздік

Отан қорғау - парыз

1) Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу.

1) Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтайды;
2)оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени тақырыптар аясында және мамандандырылған тар аядағы арнайы мәтіндердегісөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі

1) Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселеге баға беру және әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыру.

1) Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселеге баға береді және әлем әдебиеті үлгілерімен салыстырады;
2) мәтіннен берілген ақпараттың оқырманға әсерін және автор позициясын талқылайды;
3) ғылыми және публицистикалық стильдегі мәтіндерден басты лексикалық бірліктерді нақтылап, мәтіннің ақпараттық-маңызды фрагменттерін анықтап, (компрессия) жинақы мәтін құрастырады.

Бос уақыт – қоғам дамуының көрсеткіші

Бос уақытты жоспарлау

1) Мәтін үзінділері бойынша болжам жасау, тиісті ақпаратты анықтай білу;

1) Мәтін үзінділері бойынша болжам жасайды, тиісті ақпаратты анықтай біледі;
2) көркем шығарманы тыңдау, басқа өнер туындыларымен (кино, театр, музыка, би, сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып, тақырып ортақтығына сипаттама жасайды.


Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
2023 жылғы 6 қаңтардағы
№ 1 бұйрығына
25-қосымша






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет