bummer ['bʌmə(r)] n (slang) пəле, күйік,
қырсық ♦It’s a real ~ being ill on holiday. –
Демалыс кезінде ауырған – барып тұрған
қырсық.
bump [bʌmp] A.v 1. ~ against/into smb/smth
(ақырын əрі гүрс ете) соғылу, соқтығысу
♦In the dark I ~ed into a chair. – Қараңғыда
креслоға соқтығысып қалдым. 2.~ smth
(against/on smth) ұрып алу, ұру, соғып алу,
соғу ♦to ~ one’s head (on the ceiling) – басын
(бөлменің төбесіне) ұрып алу ♦The driver ~ed
the kerb while reversing. – Жүргізуші артқа
берем деп машинаны жол кірбегіне соқты.
3. (phr v) *~ along, down белгілі бір бағытта
бүлкілдей, қоқаңдай, секеңдей жүру ♦The old
bus ~ed along the mountain road. – Ескі автобус
тау жолымен секеңдей жүріп бара жатты.
*~ into smb біреумен кездейсоқ жолығысып
қалу, біреумен ұшырасып қалу ♦Guess who I
~ed into today? – Бүгін мен кімді кезіктірді
деп ойлайсың? *~ smb off (slang) біреуді
өлтіру *~ smth up бірнəрсені көбейту, көтеру
♦to ~ up prices, salaries – бағаны, жалақыны
өсіру, көтеру B.n 1. (ақырын гүрс еткен)
соғылыс, соқтығыс ♦Two children collided with
a ~. – Екі бала гүрс етіп соқтығысты. ♦The
passengers felt a violent ~ as the plane landed.
– Ұшақтың гүрс ете қонғаны жолаушыларға
сезілді. 2.(соқтығыстан, соғудан пайда болған
денедегі) ісік, томпақ, қызарған тұс ♦covered
in ~s and bruises – үсті-басы ісіп көгерген
3.кедір-бұдыры, ой-шұқыры көп жер ♦a road
with a lot of ~s in it – кедір-бұдыры көп жол
C.adv 1. гүрс ете, кенет ♦He fell off the ladder
and landed ~ on the ground. – Ол сатыдан жер-
ге гүрс ете құлады. 2. (idm) *things that go ~
in the night thing
bumper I [‘bʌmpə(r)] n (Brit) бампер,
амортизатор = (US) fender
bumper II [‘bʌmpə(r)] adj үлкен, зор; мол,
ағыл-тегіл ♦a ~ of crop/harvest – ағыл-тегіл
астық ♦a ~ issue – айрықша көп басылым
bumper III ['bʌmpə(r)] = bouncer 1
bumper-to-bumper [,bʌmpə(r) tə ‘bʌmpə(r)]
adj, adv (көліктер ж) тіркесе, түйісе, иін тіресе
[қ-з: bumper I]
bumper car [‘bʌmpə(r) kα:(r)] аттракциондағы
ойын машиналары
bumph [bʌmf] = bumf
bumpily adv [қ-з: bumpy]
bumpiness n [қ-з: bumpy]
bumpkin [‘bʌmpkin] n (əдетте жақтырм)
(ауылдан келген) епсіз я қарапайым адам
bumptious [‘bʌmp∫əs] adj (жақтырм)
такаппар, өркөкірек, мен-мен, кеудемсоқ
bumptiously [‘bʌmp∫əsli] adv
bumptiousness [‘bʌmp∫əsnis] n
bumpy [‘bʌmpi] adj (-ier, -iest) 1.ойқы-шойқы,
кедір-бұдыр ♦a ~ road – ойқы-шойқы жол 2.
секеңдеген, шорқақтаған ♦a ~ drive – маши-
намен шоқаңдаған жүріс 3. (idm) *to have
a ~ ride/time қиын кезеңді бастан өткеру
♦Professional soccer has had a ~ ride in the
US. – АҚШ-та кəсіби футбол ұзақ уақыт
қиыншылықты бастан кешті.
272
273
bun [bʌn] n 1. бан (кішкентай, дөңгелек
тəтті кейк, нан) 2. əйелдердің артқа
түйілген шашы, шөмелесі ♦to put one’s hair
in a ~ - шашын (шөмеле ғып) түю 2. (idm)
*to have a ~ in the oven (ауызекі қалж)
ауыр аяқ болу
bun-fi ght [‘bʌnfait] n (ауызекі) жиналып шай
ішу
bunch [bʌnʧ] A.n 1. шоқ, бау, буда, бума,
құшақ ♦a ~ of bananas, grapes – бір шоқ банан,
жүзім ♦~s of fl owers – құшақ-құшақ гүлдер ♦a
~ of keys – бір бау кілт 2. (ауызекі) топ, тобыр
B.v ~ (smth) up топта(л)у, жина(л)у ♦a blouse
that ~es at the waist – белі жиырылатын блузка
♦runners all ~ed together – топ болып жиылған
желаяқтар
bunchily ['bʌnʧili] adv [қ-з: bunchy]
bunchiness [‘bʌnʧinis] adv [қ-з: bunchy]
bunchy [‘bʌnʧi] adj (-ier, -iest) шоқ-шоқ,
құшақ-құшақ (болып тұрған) 2.томпақ,
томпиған, торсиған
bunco [‘bʌŋkəu] (US) = bunko
buncombe [‘bʌŋkəm] = bunkum
bund [bʌnd] n (Үндістан, Қытай, Жапонияда
теңіз, су жағасындағы) (a) бөгет, дамба (b)
айлақ
bundle [‘bʌndl] A.n 1. орама, түйме, түйіншек,
буда, бау, бума, тізбек, байлам ♦a ~ of sticks –
бір бума таяқ ♦a ~ of clothes – бір түйіншек
киім ♦a ~ of newspapers – бір бума газет
♦books tied up in ~s of twenty – жиырма-
жиырмадан буылған кітаптар ♦a ~ of
hey – бір бау шөп 2. a ~ of smth (ауызекі)
(соншама көп, ірі дег мағ) ♦That child is a ~
of mischief! – О баланың тентектігі ағыл-
тегіл! (О бала жатқан бір тентек!) 3.
(ауызекі) көп ақша ♦That car must have cost
a ~. – Мына машина қыруар ақшаға түскен
болар. 4. (idm) *a ~ of nerves қобалжыған,
құты қашқан, мазасызданған *to go a ~ on
smb/smth (ауызекі) біреуді/бірн-ні жақсы
көру, -ге бүйрегі бұру ♦I don’t go a ~ on her
new husband, do you? – Оның қазіргі күйеуіне
бүйрегім бұрмайды, сенікі ше? B.v 1.~ smth
(up) орау, түю, түйіншек етіп орау, буу, байлау,
баулау ♦The fi rewood was cut and ~d (together).
– Отынға жағатын ағаштарды кесіп, буды.
2. (phr v) *~ smth into smth бірн-ні жалма-
жан, қалай болса солай бір жерге тастау, қою,
сүңгіту, ытқыту ♦She ~d her clothes into the
drawer without folding them. – Ол киімдерін
бүктеместен суырмаға сүңгітіп жіберді. *~
(smb) out, off, into, etc асыға, алқын-жұлқын
жүру, кету; біреуді шұғыл, алқын-жұлқын
жөнелту, жіберу ♦We all ~d into the tiny car.
– Біздің бəріміз құртақандай машинаға
апыр-топыр ұмтылдық. ♦She ~d her son off
to school. – Ол жалма-жан ұлын мектепке
жөнелтті. *~ (smb) up жылы киімдерін кию,
кигізу
bung I [bʌŋ] A.n (күбіні, құмыраны бітейтін)
тығын B.v 1.~ smth (up) (with smth)
(тығынмен бітегендей) бітелу, кептелу ♦My
nose is (all) ~ed up. I must be getting a cold.
– Мұрным біт(ел)іп қалыпты. Суық тиейін
деген шығар. ♦The drains are ~ed up with dead
leaves. – Қалдық су құбарлары (канализация)
жапырақтармен кептеліп қалыпты. 2. (Brit
ауызекі) тастау, лақтыру ♦Bung the newspaper
over here, will you? – Газетті бері тастай
салшы?
bung II [bʌŋ] adj (Austral) 1.бұзық, істен
шыққан 2. банкрот, тақырға отырған 3. (slang)
өлі, өлген
bungalow ['bʌŋgələu] n баңгалоу, бунгало (бір
қабатты шағын үй)
bung hole ['bʌŋ həul] n бөшкенің, күбінің
құятын я ағызатын тесігі
bungle ['bʌŋgl] A.v (бірн-ні) нашар істеп
бүлдіру, бұзу ♦It looks as though you’ve ~d
again. – Сен тағы да бірдеңе бүлдірген
сияқтысың. B.n (нашар істеліп) бүлінген
нəрсе, бүлдіргі, қиранды ♦The whole job was
a gigantic ~. – Бүткіл істің бəрі белшесінен
батпаққа батқан еді.
bungler ['bʌŋglə(r)] n нашар істеуші, нашар
жұмысшы, бүлдіруші ♦You incompetent ~! - Өй,
епсіз неме!
bunion ['bʌnjən] n аяқтың бас бармақ
буынындағы шаншымалы ісік
bunk I [bʌŋk] n 1. (кемеде, поезда қабырғаға
орнатылған) төсек 2. (кейде bunk bed)
(көбінесе балаларға арналған, бірінің үстіне
бірі қойылатын) төсек
bunk II [bʌŋk] n (idm) *to do a ~ (Brit ауызекі)
қашып кету ♦The cashier has done a ~ with the
day’s takings. – Кассир бір күнгі ақшаны алып
тайып отырыпты.
bunk III [bʌŋk] n (ауызекі) былшыл, бос сөз =
bunkum ♦Don’t talk ~! – Жөні жоқ сөйлемеші!
bunker ['bʌŋkə(r)] A.n 1. көмір қоймасы, бун-
кер 2. (əскери) бункер, блиндаж, пана B.v
(кеменің бункерін) көмірге, отынға толтыру
bunko ['bʌŋkəu] n (карта, құмар ойынындағы)
алдау, көз бояушылық
bunko steerer ['bʌŋkəu,stiərə(r)] n карта, құмар
ойынына біреуді еліктіріп тартып қалтасын
қағушы
bunkum ['bʌŋkəm] (кейде bunk) n (ауызекі)
былшыл, бос сөз
bunny ['bʌni] n 1.(сəби, бөбектерді еркелет-
кенде айтылады) «қоян(ым)», «көжек(-гім)»
2.(кейде ~ girl) «қоян», түнгі клубтардағы
қызметші бикеш (əдетте жұмыс кезінде
қоянның жасанды құлағы мен құйрығын
тағып жүреді)
Bunsen burner [,bʌnsn'bз:ə(r)] n (лаборатория-
да қолд-н) май шам
bunt I [bʌnt] v, n (ешкі, бұзау ж) сүзу
bunt II [bʌnt] n 1. (теңіз) шаршы желкеннің
ортасы 2. (балық аулайтын аудың я т.б.
матаның) қалталанған жері; үлкен аудың
ортасындағы балық жиналатын қап
bunt III [bʌnt] n (бот) қара күйе (өсімдіктерде
паразит құрттардан зақымданғандағы пайда
болатын қара күйе сияқты зат)
bunting I ['bʌntiŋ] n сары шымшық (құс)
bunting II ['bʌntiŋ] n (a) түрлі-түсті тулар мен
кермелер (баннерлер) (b) осыларды жасауға
қажет мата
buoy [bɔi] A.n 1. қалытқы, қалқыма (теңіз я су
түбіне зəкірленген, хауіпті жерлерді я бағытты
көрсетуге арналған су бетінде қалқып тұратын
белгі зат) 2. = lifebuoy B.v 1.~ smth (out) (суда
бірнəрсенің тұрған я бар жерін) қалытқымен
белгілеу, көрсету, қалытқылау ♦to ~ submerging
rocks – суға шөгіп тұрған жартастарды
қалытқылау (яғни, үстіне қалытқы қойып
белгілеу) 2. (phr v) *~ smb/smth up (a) біреуді/
бірн-ні су бетінде қалқытып ұстау ♦The raft
was ~ed up by empty petrol cans. – Бензин-
нен босаған канистрлер салды қалқытып
ұстау үшін қолданылды. (b) (ауысп. мағ.)
бағаларды жоғары əрі қажет деңгейде ұстау
♦Share prices were ~ed up by hopes of an end to
the recession. – Дағдарыс бітуге жақын де-
ген үміт акциялардың бағасын бір серпілтіп
тастады. (c)(ауысп. мағ.) біреуге үміт бітіру,
жігерлендіру ♦We felt ~ed by the good news. –
Жақсы хабар бізді бір серпілтіп тастады.
buoyage ['bɔiiʤ] n (теңіз) 1. қалытқылар,
қалқыма белгілер (жүйесі) 2.қалытқылар,
қалқыма белгілер қою, орнату 3. (қайық
байлауға болатын) қалытқыны қолданғаны
үшін ақша
buoyancy ['bɔiənsi] n 1. (су бетінде)
қалқымалылық, қалқу қабылеті ♦the ~ of light
wood – жеңіл ағаштың қалқымалылығы 2.
сұйықтың затты қалқыту күші, қалқытулық
♦Salt water has more ~ than fresh water. – Тұзды
судың қалқыту күші тұщы судыкінен көп. 3.
жайдарылық, жігер, рух 4.(дағдарыстан соң)
бағаның, бизнестің жоғарғы деңгейге тез
қайта оралуы; серпілу
buoyant ['bɔiənt] adj 1.(a) (су бетінде) қалқи,
қалықтай алатын ♦The raft would be more ~
if it was less heavy. – Сал жеңіл болсағ суда
жақсы жүзеді. (b) затты суда қалқыта алатын,
су бетінде ұстап тұра алатын ♦Salt water is
more ~ than fresh water. – Ащы су тұщы судан
гөрі тығыз (затты су үстінде жақсы ұстай
алады). 2. ширақ (яғни, көтерілуге бейім қор
биржасы бағасы) ♦Share prices were ~ today in
active trading. – Бүгінгі қызған саудада акция
(үлес) бағалары ширақ болды. 3.жайдары,
мойымайтын, жүнжімейтін
buoyantly ['bɔiəntli] adv
bur I [bз:(r)] = burr I
bur II [bз:(r)] n (бот) бүр, (кейбір
ағаштардың (м: талшын (каштан),
түйе жапырақ) дəнінің (тұқымының)
сыртындағы я гүл бастарындағы) тікенек
♦(ауысп. мағ.) She tried to get rid of him at
the party but he stuck to her like a ~. – Қыз
жігіттен той кезінде құтылуға тырысып
көріп еді, бірақ анау тікенге ұқсап жабы-
сты да қалды.
Burberry ['bз:(r)beri] n (pl -ries) 1.(су
өткізбейтін я жібектелген (mercerized) мақта
матадан тігілген) жаңбыр өткізбейтін жеңіл
киім 2. «бөрберри» су өткізбейтін матасы (сөз
тарихы: Burberry (фирманың атауы)
burble ['bз:(r)bl] v 1.былдырлау, міңгірлеу 2.
~ (on) (about smth) бірнəрсе жайлы былдыр-
лау, үздік-создық сөйлеу ♦What’s he ~ing (on)
about? – Ол не деп міңгірлеп тұр?
274
275
burbot ['bə:(r)bət] n лақа (тұщы су балығы)
burden ['bз:(r)dn] A. n 1. ауыр жүк, ауыр тең 2.
( ауысп. мағ.) тауқымет, жауапкершілігі ауыр
нəрсе ♦ the ~ of heavy taxation on the tax-payer
– салық төлеушінің иығына түскен салықтың
ауыр жүгі 3. ~ of smth сөздің, мақаланың
өзегі, түйіні ♦ The ~ of his argument was that
… - Оның дəлелінің өзегі … болды. 4.кеменің
тоннажы (тасу, тиеу мүмкіндігі) B. v ~ smb/
oneself (with smth) (біреуге/өзіне) жүк арту,
арқалату ♦ refugees ~ed with all their possessions
– артынып-тартынған босқындар ♦( ауысп.
мағ.) I don’t want to ~ you with my problems.
– Мен саған өз мəселелерімді арқалатқым
(артқым) келмейді.
burden of proof, the [,bз:(r)dn əv 'pru:f]
( заң) (сөзбе-сөз: дəлелдеу тауқыметі,
ауырлығы, жүгі) айтқанын дəлелдеу міндеті,
жауапкершілігі
burdensome ['bз:(r)dnsəm] adj ауыр,
тұралататын, иыққа ауыр түсетін ♦ ~ duties
– ауыр міндеттер ♦ ~ responsibilities – жүгі
ауыр жауапкершіліктер
burdock ['bə:(r)dɒk] n ( бот) түйе жапырақ
(жапырақтары кең əрі қатқыл, тұқымы
тікенекті, киімге жабысқақ арам шөп)
bureau ['bjuərəu; US bju'rəu] n ( pl –reaux
не –reaus [-rəuz]) 1. ( Brit) (тартпалары бар)
жазу столы, бюро 2.( US) = chest of drawers
3. (көбінесе АҚШ-та) бюро, үкімет бөлімі,
басқармасы ♦ the Federal Bureau of Investigation
– Федералдық Тергеу Бюросы 4. бюро,
агенттік ♦ a travel ~ - саяхат (туризм) бюросы
♦ an information ~ - информациялық (ақпарат)
бюро(сы)
bureaucracy [bjuə'rɒkrəsi] n (көбінесе
жақтырм) 1.(a) бюрократия (мемлекеттік
қызмет жүйесі) (b) бюрократтар, мемлекет
қызметкерлері 2. бюрократизм, бюрократия
(мем-к қызметкерлердің бойкүйездігі, істі
тұралатуы)
bureaucrat ['bjuərəkræt] n (көбінесе жақтырм)
бюрократ, мемлекеттік қызметкер ♦ insensitive
~s - сезімсіз бюрократтар
bureaucratic [,bjuərə'krætik] adj бюрократ(тық)
bureaucratically [,bjuərə'krætikli] adv
bureaux [‘bjuərəuz] pl of bureau
burette [bjuə’ret] n ( хим) бюрет (түтігі бар
шыны ыдыс)
burg [bə:(r)g] n 1.қала, қалашық 2. ( тарих)
бекініс-қалашық
burgee ['bə:ʤi] n ( теңіз) үш бұрышты жалау
burgeon ['bз:ʤən] A. v 1. ( архаизм) көктеу,
жапырақ жаю 2. ( кітаби) қаулай өсе бастау,
гүлдену ♦ a ~ing population – қаулап өсіп келе
жатқан халық саны B. n бүршік, қауыз, өркен,
өскін
burger ['bз:gə(r)] n ( ауызекі) = hamburger
-burger ['bз:gə(r)] (күрделі з. есімдер түзеді)
гамбургер (hamburger) сияқты əзірленген
тағам (м: steakburger, cheeseburger)
burgess ['bə:ʤis] n 1. (Англияның) өзін-өзі
билейтін қаласының тұрғыны 2. ( тарих) өзін-
өзі билейтін қаланың, университеттің Британ
парламентіндегі өкілі
burgh ['bʌrə] n ( Scot) borough
burgher ['bз:gə(r)] n ( архаизм не қалж) қала
тұрғыны, бюргер
burglar ['bз:glə(r)] n ұры, тонаушы (үйге
бұзып кіріп тонаушы) ♦ The ~ got into the
house through the bedroom window. – Ұры үйге
ұйықтайтын бөлменің терезесінен түсіпті.
burglar-alarm ['bз:glə(r) əlα:(r)m] n ұрлық
қоңырауығ дабылы (ұрлықшы енгенде шы-
рылдайтын құрылғы)
burglarize, -ise ['bз:gləraiz] = burgle
burglary ['bз:gləri] n ұрлық, тонаушылық,
ұрлық-қарлық
burglar-proof ['bз:glə(r) pru:f] adj (ғимарат, ме-
кеме ж) ұры түсе алмайтын(дай етіп жасалған)
burgle ['bз:gl] ( US burglarize, -ise) v (бұзып
кіріп) ұрлау, тонау ♦ to ~ a shop – дүкенді то-
нау
burgomaster ['bз:gəmα:stə(r)] n бургомистр,
бургомастер (голланд, фламанд қалаларының
бастығы, мэрі)
burgoo [bə:'gu:] n 1. (теңізшілер жейтін)
қою сұлы жармасының ботқасы 2.( US)
(a) қою, əртүрлі тұздық қосылған суп я
бұқтырма (b) осындай тағам желінетін сая-
хат, серуен
Burgundy ['bз:gəndi] n 1. бургунди
(Францияның Бургундия провинциясында
шығатын қызыл не ақ шарап) 2. қарақошқыл
рең
burial ['beriəl] n (қабірге) жерлеу ♦ The ~
took place on Friday. – Жерлеу жұма күні
болды.
burial-ground ['beriəl graund] n зират, бейіт,
мола, қабірхана, мүрде ♦ a prehistoric ~ -
ежелгі заманғы мүрде
burial-mound ['beriəl maund] n мола, мүрде,
қорған
burin ['bjuərin] n қашау (темір я мəрмəр
зергерінің құралы)
burk [bз:(r)k] = berk
burke [bə:(r)k] v 1.тұншықтырып,
қылғындырып өлтіру 2. ың-шыңын білдірмей
құтылу
burl [bə:(r)l] A. n 1. (жүндегі, жібектегі
я матадағы) түйін, түйіншек 2. без, шор
(ағаштың діңіндегі жұмыр өскін) B. v матадағы
түйін(шек)ті алып тастау
burlap ['bə:læp] n кендірден істелген қатты
мата
burlesque [bз:'lesk] A. n 1.бурлеск (əзіл, сықақ,
мысқыл, комедия, пародия түрінде қойылған
я жазылған шығарма) 2. ( US) стриптизі
(striptease) бар бəдік комедиялық шоу B. adj
бурлеск, күлдіргі, т.с.с. ♦ a ~ actor – күлдіргі
актер C. v пародия жасау, келекелеу, біреуді
əзіл-оспақтау, мысқылдау
burly ['bз:li] adj ( -ier, -iest) мығым, ірі денелі
♦ a ~ policeman – ірі денелі полицай
burliness [‘bз:linis] n
burn I [bз:n] n ( Scot) жылға, бұлақ
burn II [bз:n] A. v ( pt, pp burnt [bз:nt] не
burned [bз:nd]) 1. жану, күю, өртену; күйдіру,
жағу, өртеу ♦ to ~ dead leaves, waste paper –
түскен жапырақтарды, қалдық қағаздарды
өртеу (жағу) ♦ The house was burnt to the
ground. – Үйдің түгі қалмай жанып кетті
(өртеніп кетті). ♦ His face was badly burnt
by the hot sun. – Оның беті күнге қатты
күйіпті. ♦ The soup is very hot. Don’t ~ your
mouth. – Суп - өте ыстық. Аузыңды күйдіріп
алма. ♦ I can smell something ~ing. – Бір жер-
ден күйік иісі мұрныма келіп тұр. 2. күйдіріп
ой, тесу, күйдіріп жасау ♦ The cigarette burnt a
hole in the carpet. – Темекі төсенішті күйдіріп
ойып жіберіпті. 3. отын ретінде жағу ♦ a
central heating boiler that ~s gas/coal – газ/
көмір жағатын орталық жылу қазандығы
4. жанып, күйіп өлу ♦ Ten people burnt to death
in the hotel fi re. – Қонақ үй өртінде он адам
қайтыс болды. 5.(a) жанып жату, жарқырап
тұру ♦ The house ~ed for hours before the blaze
was put out. - Өрт жалыны сөндірілгенше
үй бірнеше сағат жанып жатты. ♦ A single
light ~ed in the empty house. – Қаңыраған үйде
жалғыз жарық жанып тұрды. (b) ♦ Paper ~s
easily. – Қағаз тез жанады. 6.күйдіріп жасау
♦ to ~ charcoal – ағаш көмірін жасау 7. денесі
қызу, жану ♦ Your forehead is ~ing. Have you got
a fever? – Маңдайың өртеніп тұр ғой. Суық
тигізіп алмадың ба? 8. ~ with smth сезімнен
толқып тұру ♦ to be ~ing with rage, desire –
ашудан, ынтық сезімнен жанып жату 9. ~
for smth бірнəрсе істегісі келіп есі кету ♦ He
was ~ing to avenge the death of his father. – Ол
əкесінің (өлімінің) кегін қайтаруға буынып-
түйінген еді. 10. (idm) *~ one’s boats/bridges
(сөзбе-сөз: қайығын/көпірін жағу) келме-
ске кету, ат құйрығын кесу ♦ Think carefully
before you resign – if you do that you will have
burnt your boats. – Қызметіңді тастамас
бұрын мұқият ойлан – егер өйтсең, онда
ат құйрығын кескенің. *~ the candle at both
ends (сөзбе-сөз: май (парафин) шамның екі
жағын да жағу) əр нəрсені бір істеймін деп
сансырау *~ one’s fi ngers/get one’s fi ngers
burnt ақымақтықтың я жөнсіз араласудың
арқасында опық жеу, ақшасынан айырылу
*~ the midnight oil түн ортасы ауғанша оқу,
жұмыс істеу *~ smth to a crisp күйгенше
пісіру, қуыру *smb’s ears are ~ing ear *to
feel one’s ears are ~ing feel *to have money
to ~ money 11. (phr v) *~ away жанып жату
♦ a fi re ~ing away in the grate – пеште жанып
жатқан от *~ (smth) away (a) жанып біту,
жанып кету ♦ Half the candle had burnt away. –
Май (білте) шамның жартысы жанып бітті.
(b) жанып түсу, жанып кету ♦ Most of the skin
on his face got burnt away in the fi re. - Өрт
кезінде оның бет терісінің көбі жанып кетті.
*~ down (от ж) азаю, қоламталану ♦ The room
grew colder as the fi re burnt down. – От азайған
сайын бөлме суи түсті. *~ (smth) down жа-
нып, өртеніп кету ♦ The house burnt down in half
an hour. – Үй жарты сағатта жанып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |