Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.
Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.
Тәрбиелік: басқалардың еңбегін бағалауға, табиғи ресурстарды үнемдеуге үйренеді.
Мұғалім айтып отырғанда оқушылар елесте отырып, ым-
ишарамен көрсетеді.
Қолдау
Жағымды әуен
294
елестетеді. Қараңғыда өздерін қалай сезінгендерін іс-қимыл, мимикамен көрсетеді. Ал енді айнала жарық болып кетті. Өзімізді
еркін сезініп, кең тыныс аламыз.
Сабақтыңортасы(26мин)
Сабақтыңкүтілетіннәтижесіментаныстыру:
– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ë» қосарлы дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«Ё ё» қосарлы дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«Ё ё» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.
(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларындамытужұмысы. Сурет бойынша әңгіме құрау.
Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.
Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «монтёр» сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Мынау – монтер. Ол күні-түні жұмыс істейді. Халықты электр жарығымен қамтамасыз етеді».