Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері


Бөлімнің Жауынгерлік Туы – Жауынгерлік абыройдың, айбын мен даңқтың рәмізі



бет21/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
Байланысты:
КІТАП ҚРҚК

Бөлімнің Жауынгерлік Туы – Жауынгерлік абыройдың, айбын мен даңқтың рәмізі.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскер бөлімінің жауынгерлік туы екі бетті матадан, сап пен шашақты баудан тұрады.
Тудың матасы тік бұрышты, өлшемі ұзындығы 145 см, ені115 см, екі бүктелген көк жібектен жасалады және үш жағынан шеттері алтын түстес жібек шашақтамамен әдіптеледі.
Беткі жағында матаның ортасында алтын түстес жібекпен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының контуры тігілген, бейненің өлшемі биіктігі бойынша 50 см.
Матаның жоғарғы шеті бойымен алтын түстес жібекпен «Қазақстан Республикасы» деген жазу, ал төменгі шеті бойымен «Отан үшін» деген жазу тігілген, жазу әріптерінің биіктігі 7,5 см,
Матаның сыртқы жағында ортасында – аппликация: контурдың орталығында күн мен сәулелері және қалықтаған бүркіт бейнеленген қызыл- күрең түсті жібектен бес бұрышты жұлдыз. Жұлдыздың қарама-қарсы ұштары арасындағы өлшем – 56 см, жұлдыздың үстінде алтын жібекпен «міндет, абырой, ерлік» деген ұран, ал жұлдыздың астында әскер бөлімінің нөмірі мен аталымы тігілген. Цифрлардың өлшемі биіктігі бойынша 10см, жазу әріптерінің өлшемі – 7,5 см. Әскер бөлімінің аталымына кіретін сөздерінің санына қарай цифрлардың өлшемі 6 см-ге дейін, ал әріптердің өлшемі 4см-ге дейін кішірейтілуі мүмкін. Бұл орайда жұлдыздың бейнесі Жауынгерлік Ту матасының орталығынан жоғары қарай 12 см-ге дейінгі аралыққа жоғары жылжытылуы мүмкін
Матаның сол жағынаи оны сабына кіргізуге арналған тесік бар, тесіктің диаметрі 4см.
Тудың сабы қимасы дөңгелек ағаш, диаметрі 4см., ұзындығы 2,5 см. Ағаш сап күңгірт қоңыр түспен сырланып лактеледі, төменгі ұшында метал шығыршық, ал жоғары ұшында алтын түстес фигуралы ұштығы болады. Тудың бауы ширатылған, алтын түстес жібектен шеттерінде екі шашағы болып жасалады. Баудың ұзындығы 270-285 см.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің рәмізі орталығында күн мен сәулелердің контуры, астында қалықтаған қыран бас бесбұрышты жұлдыз бейнесі болып табылады. Түсті бейнеленуінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің рәмізі қызыл-күрең түстес және алтын түстен тұрады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің рәмізінің көшірілетін бейнесі оның өлшемдеріне қарамастан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің рәмізінің Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғимаратында сақтаулы эталонының түсті немесе қара-ақ бейнелерінде дәлме-дәл сәйкес болуға тиісті.

Қызмет уақыты және демалыс. Еңбек демалысы


Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) апта сайынғы қызмет уақытының жалпы ұзақтығы жұмысшылар мен қызметшiлер үшiн заңмен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығынан аспауға тиiс, ал мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлер үшiн ол әскери жарғылардың талаптарына сәйкес белгiленедi.
Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) аптасына кемiнде бiр тәулiк, бiрақ айына кемiнде алты тәулiк демалыс берiледi.
Тiзбесiн құрылымында әскери қызметшiлер әскери қызметте тұратын Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың басшылығы белгiлейтiн жауынгерлiк кезекшiлiк (жауынгерлiк қызмет), жаттығулар мен басқа шаралар қызмет уақытының жалпы ұзақтығы шектеусiз өткiзiледi.
Әскери қызметшiлер апта сайынғы қызмет уақытының белгiленген ұзақтығынан тыс, сондай-ақ демалыс, мереке және жұмыс iстемейтiн күндерi әскери қызмет мiндетiн атқаруға қатыстырылған жағдайда оларға командир (бастық) аптаның басқа күндерiнде демалыс бередi.
Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жыл сайынғы негiзгi еңбек демалысы берiледi, оның ұзақтығы жалпы қызмет еткен жылына, әскери қызметтiң ерекшелiктерi мен жағдайларына байланысты болады және төмендегiдей болып белгiленедi:
Әскери қызметте 10 күнтiзбе жыл еңбек сiңiрсе - 30 тәулiк;
10 жылдан 15 жылға дейiн - 35 тәулiк;
15 жылдан 20 жылға дейiн - 40 тәулiк;
20 жыл және одан көп болса - 45 тәулiк;
жауынгерлiк кезекшiлiк атқарушы ұшу жұмысындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тiзбедегi орындарда әскери қызмет атқарушы адамдарға - 45 тәулiк.
Еңбек демалысы ұзақтығына демалысын өткiзу орнына беру мен қайтуға қажеттi уақыт кiрмейдi.
Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа) демалысы әскери қызмет мүддесiн және әскери қызметшiнiң тiлегiн ескере отырып екi бөлiп берiлуi мүмкiн.
Әскери қызметшiлердiң мына категорияларына:
-өз мiндетiн денсаулыққа зиянды (ауыр) жағдайда атқарғаны үшiн, қызметiнiң ерекше сипаты (ұзақ мерзiмдi iссапар, вахталық әдiспен жауынгерлiк кезекшiлiк атқару және олардың тұрақты орналасқан орнынан тыс жерлерге ұзақ уақытқа жiберiлген реттерi) үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде;
-экологиялық апат аймақтарында қызмет атқарғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қосымша еңбек демалысы (демалыс) берiледi.
Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге көтермелеу түрiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларында белгiленген тәртiппен қысқа мерзiмдi демалыс берiледi.
Әскери қызметшiлерге қажет болған жағдайда сырқаттануына байланысты, отбасы жағдайына байланысты қысқа мерзiмдi демалыс, ал әскери (арнаулы) оқу орындарында оқитындарға каникул берiледi.
Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасына) адъюнктураға, әскери докторантураға дайындалу және түсу емтихандарын тапсыру үшiн, сондай-ақ жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын тапсыру үшiн оқу демалыстары берiледi, ал ғылым кандидаты немесе докторы ғылыми дәрежесiне талаптанушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп бойынша шығармашылық демалыстар берiледi.
Әскери қызметшiлердiң жұмыс iстейтiн зайыптарына (жұбайларына) жыл сайынғы демалыс олардың жұбайларының (зайыптарының) кезектi демалысымен бiр мезгiлде берiлуге тиiс. Бұл орайда демалыстың ұзақтығы жалақысын сақтамай қосымша демалыс беру есебiнен жұбайы (зайыбы) демалысының ұзақтығына тең болуы мүмкiн.
Ақшамен және материалдық жағынан қамтамасыз ету
Мемлекет әскери қызметшiлердi азаматтардың әскери қызметке ынта-ықыласын арттыратын мөлшерде ақша қаражатымен қамтамасыз етедi.
Әскери қызметшiлерге ақшалай үлес Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi негiзiнде белгiленедi және ол қызметтен өтудiң Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген ерекше жағдайлары үшiн төленетiн ақшалай қаражат пен үстеме ақыны қамтиды.
Әскери қызметшiлердiң ақшалай қаражаты лауазымдық айлықақыдан және әскери атағы бойынша айлықақыдан тұрады.
Әскери қызметшiлердiң ақша қаражаты тiршiлiк құнының өзгеруiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiпке сәйкес қайта қаралуға тиiс.
Солдаттар (матростар), сержанттар (старшиналар) лауазымдарына келiсiмшарт бойынша әскери қызметке алғаш түскен азаматтарға жасалатын келiсiмшарт мерзiмiне байланысты мынадай мөлшерде бiржолғы ақшалай сыйақы төленедi:
3 жылға - 1 лауазымдық айлықақы мөлшерiнде;
5 жылға - 10 лауазымдық айлықақы мөлшерiнде;
10 жылға - 20 лауазымдық айлықақы мөлшерiнде.
Көрсетiлген ақшалай сыйақыларды төлеу келiсiмшарт жасалған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

Алынған бiржолғы ақшалай сыйақы:


1) "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 1-тармағының 4), 5), 7) тармақшаларында және 2-тармағының 3), 4), 5), 6) тармақшаларында көзделген жағдайларда келiсiмшарт мерзiмi аяқталғанға дейiн әскери қызметтен босатылған кезде;
2) егер бұдан әрi әскери қызметтi атқара алмайтындай жаралану, контузия, жарақат алу, мертiгу немесе ауру әскери қызметшiнiң заңға қайшы iс-әрекет жасауынан немесе алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан мас болу немесе өзiне қандай да бiр дене жарақатын түсiру (денесiне зиян келтiру) себебiнен болғаны немесе әскери қызметтен жалтару мақсатында өз денсаулығына өзге де зиян келтiргенi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, қайтаруға жатады.
Төленген бiржолғы ақшалай сыйақыны қайтару әскери қызметшi әскери қызметiн өткерген мемлекеттiк органға ол әскери қызметтен босатылған күнiнен бастап бiр ай мерзiмде жүргiзiледi.
Әскери қызметшi әскери қызметiн өткеру кезеңiнде қаза тапқан (қайтыс болған), бұдан әрi әскери қызметтi атқара алмайтындай жараланған, контузия, жарақат алған, мертiккен немесе ауырған жағдайда бiржолғы ақшалай сыйақыны қайтару жүргiзiлмейдi.
Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы) бiр жерден екiншiсiне көшуiне байланысты (соның iшiнде әскери бөлiм немесе бөлiмше құрамында) қызметiн ауыстырған жағдайда оларға әскери қызметшiнiң өзiне екi айлық ақшалай үлес және онымен бiрге көшкен әрбiр отбасы мүшелерiне айлық ақшалай үлесiнiң жартысы көтерме жәрдемақы төленедi.
Әскери қызметшiлер мемлекет есебiнен заттай мүлiкпен қамтамасыз етiледi.
Казармалық жағдайдағы мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлердiң, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарының, сондай-ақ ұшқыштар, ұшуларды дайындау жөнiндегi инженерлiк құрамның әскери қызметшiлерiнiң қызметтен өту жағдайы ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi.
Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарына демалысқа кеткен кезде Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген нормалар бойынша азық-түлiк сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төленедi.
Парашютпен секiрудi әскери кемелерде (катерлерде), әскери-қосымша кемелерде теңiзде қызмет атқаратын, олардың база орындарында дауылға қарсы дайындық барысы кезiнде iс-шараларды жүзеге асыратын, маяктарда вахтада тұратын әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери қызметшiлер әскери кезекшiлiктi атқарған, әскери эшелондарға iлесiп жүрген, дала iс-қимылдары шараларына қатысқан және стационарда емделуде болған кезде осы кезеңге Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген норма бойынша азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi.
Шалғайдағы аудандарда орналасқан жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда қызметтен өтiп жүрген әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқа), олардың отбасы мүшелерi ақылы азық-түлiкпен қамтамасыз етiледi. Азық-түлiкпен қамтамасыз етудiң тәртiбi мен нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi .
Әскери қызметшiлердiң қалауы бойынша (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы) оларға киiм-кешек орнына ақшалай өтем төленуi мүмкiн.
Меншiк құқығы
Әскери қызметшi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес меншiк иесi болуға, өз мүлкi мен басқа да меншiк объектiлерiн иеленуге, пайдалануға және оларға билiк етуге құқылы.
Әскери қызметшiлердiң меншiгi олардың ақшалай және заттай үлес алуы (мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерден басқасы), жеке үй жанындағы шаруашылығын жүргiзу, әскери қызметке шақырылғанға (кiргенге, белгiлегенге) дейiн алынған кiрiсi, мұрагерлiк, сый ретiнде көшкен мүлiк, сондай-ақ осы Заңмен тыйым салынбаған басқа да қызмет есебiнен құрылады және көбейтiледi.
Мемлекет әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының азаматтары ретiнде меншiктi жекешелендiру процесiнде одан басқа азаматтармен тең үлес алуға кепiлдiк бередi.
Тұрғын үй алу құқығы
Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) мен олардың отбасы мүшелерi мемлекет есебiнен тұрғын жайлармен (пәтерлермен) қамтамасыз етiледi.
Әскери қызметшiлер (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) мен олардың отбасы мүшелерiне тұрғын жаймен (пәтермен) қамтамасыз етiлгенге дейiн уақытша тұру үшiн қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлер, қызметтiк тұрғын үйлер немесе жатақханаларда тұрғын жайлар мiндеттi түрде берiледi.
Әскери қызметшiлердi (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жасы бойынша әскери қызметтен босатылғанға дейiн үш жыл бұрын не денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттың қысқаруына байланысты әскери қызметтен босатылатын жылы әскери қолбасшылықтың ұсынысы бойынша облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары олардың таңдаған тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй бөлу кезектiлiгiнiң тiзiмiне енгiзедi.
Шетелге және климат жағдайы ауыр жерлерге әскери қызметтен өту үшiн жiберiлген әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) өздерi тұратын тұрғын жайлары олардың шетелде және аталған жерлерде болған бүкiл уақытына сақталады.
Қызмет бойынша ауысқан кезде тұратын тұрғын жайы сақталатын әскери қызметшiлерге жаңа қызмет орны бойынша қызметтiк тұрғын үйлер берiледi.
Әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы орталықтандырылған жылуды қоспағанда, коммуналдық қызмет көрсету шығындарын төлеу үшiн тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгiленген мөлшерде Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тәртiппен ақшалай өтемақы төленедi.
Жабық және оқшауланған әскери қалашықтардағы, шекара заставаларындағы және комендатуралардағы тұрғын үйлердi ұстау мен орталықтандырылған жылуды беру Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тiзбелер бойынша мемлекет есебiнен қамтамасыз етiледi.
Мемлекеттiк тұрғын үй қорының үйлерiнен тұрғын жаймен қамтамасыз етiлген әскери қызметшiлер, жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара заставаларында және комендатураларда орналасқан тұрғын жайларды қоспағанда, әскери қызметтен босатылғаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен оны меншiгiне алуға құқылы. Әскери қызметтен босатылған және күнтiзбелiк есеппен 20 және одан да көп еңбек сiңiрген жылдары бар әскери қызметшiлер тұратын тұрғын жайын өтеусiз меншiгiне алуға құқылы.
Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарын тұрғылықты жерi немесе жұмыс орны бойынша тұрғын жай (пәтер) алуға кезектiлiк тiзiмiнен шығаруға болмайды және олардың әскери қызметке шақырылғанға немесе әскери (арнаулы) оқу орнына түскенге дейiн тұрған тұрғын жайы сақталады.
Тұрғын жай сатып алу үшiн немесе жеке тұрғын үй салу үшiн кредит алған әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлер мен әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттарынан басқа) Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген мөлшерде және тәртiппен кредит сомасы өтеледi.
Асыраушысынан айрылған әскери қызметшiлердiң отбасыларын, оларға тұрмысқа жайлы тұрғын жайды өтеусiз бермейiнше өздерi тұратын тұрғын жайдан шығаруға болмайды.
Өмiр мен денсаулықты сақтау. Медициналық қамтамасыз ету
Әскери қызметшiлердiң өмiрi мен денсаулығын сақтауға қамқорлық жасау - командирлердiң (бастықтардың) мiндетi. Оларға жаттығулар, басқа да жауынгерлiк әзiрлiк шараларын өткiзу, қызмет ету, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану кезiнде, жұмыс жүргiзген және күнделiктi қызмет кезiнде қауiпсiздiк шараларын қамтамасыз ету жүктеледi.
Әскери қызметшiлердiң әскери-медициналық бөлiмшелерде, бөлiмдер мен мекемелерде (бұдан әрi әскери-медициналық мекемелер) медициналық тегiн қамтамасыз етiлуге құқығы бар. Әскери қызметшiлердiң қызмет ететiн немесе тұратын жерiнде әскери-медициналық мекемелер жоқ болса, не оларда тиiстi бөлiмшелер не медициналық көрсеткiштер бойынша арнаулы жабдықтар жоқ болса, ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарында, жеке медициналық ұйымдарда және жеке медициналық практикамен айналысатын адамдар арқылы тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шегiнде медициналық көмек көрсетiледi.
Жеке денсаулық сақтау ұйымдары мен жеке медициналық практикамен айналысатын адамдардың әскери қызметшiлерге тегiн медициналық көмектiң кепiлдi көлемi шегiнде медициналық көмек көрсетуi бойынша шығындары Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен өтеледi.
Әскери қызметшiлерге емделуге жұмсаған қаражатын олар құрылымында әскери қызметтен өтетiн Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құрамалар өтейдi.
Офицерлердiң отбасы мүшелерi (зайыбы, жұбайы, 18 жасқа дейiнгi балалары) әскери-медициналық мекемелерде тегiн медициналық жәрдем алуға құқылы. Емханаларда емделген кезiнде отбасы мүшелерiне дәрi-дәрмек ақы төлетiп берiледi, бұған заңға сәйкес ақы алынбайтын реттер кiрмейдi.
Әскери қалашықтарда, шекара заставалары мен комендатураларда орналасқан әскери қызметшiлердi санитарлық-эпидемиологиялық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. V043027
Әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде жарақаттанған, контузия алған, зақымданған, мертiккен немесе ауруға шалдыққан әскери қызметшiлер өздерi құрылымында әскери қызметтен өткен Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың қаражаты есебiнен санаторийлерге жiберiледi.
Осы баптың екiншi, үшiншi бөлiктерiнде аталған әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң құқықтары және оларға берiлетiн жеңiлдiктер әскери қызметтен жасына, денсаулық жағдайына немесе штат қысқартылуына байланысты босатылған, әскери қызметiнiң жалпы ұзақтығы 20 және одан да көп жыл болатын офицерлер мен олардың отбасы мүшелерiне де қолданылады.
Соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектерi, соғыс қимылдарына басқа да қатысушылар, әскери қызмет мiндетiн атқару кезiнде алған жарақаты, контузиясы, мертiгуi немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болып, әскери қызметтен босатылған әскери қызметшiлер, полковник атағымен және одан жоғары атақпен запасқа немесе отставкаға шыққан офицерлер медициналық және санаториялық-курорттық емделуден бiрiншi кезекте өтуге құқылы.
Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлер, әскери (арнаулы) оқу орындарының курсанттары мен әскери мектеп-интернаттардың тәрбиеленушiлерi медициналық көрсеткiштерi болған жағдайда әскери санаторийлерде санаториялық-курорттық тегiн емделумен қамтамасыз етiледi.
Әскери қызметшi әйелдер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген әйелдердi, ана мен баланы қорғау мәселелерi жөнiндегi барлық жеңiлдiктердi пайдаланады. Бұл жеңiлдiктер анасы жоқ балаларды (анасы қайтыс болған, аналық құқынан айрылған жағдайда және заңдарда белгiленген басқа да жағдайларда) тәрбиелеп отырған әскери қызметшiлерге де қолданады.
Әскери қызметшiлерге қаза тапқан (қайтыс болған) немесе жарақат алған жағдайда берiлетiн кепiлдiктер
Әскери қызметшi немесе әскери жиынға шақырылған әскери мiндеттi адам әскери қызметтен өту кезеңiнде қаза тапқан (қайтыс болған), жарақат алған жағдайда оларға бiр жолғы өтем төленедi.
Бiр жолғы өтемдi төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Әскери қызметшi қызметiн атқару (жиын) кезiнде не қызметтен өту кезеңiнде алған жарақат (контузия), ауру салдарынан қызметтен босағаннан кейiн қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда оның мұрагерлерiне (мұрагерлiкке құқығын дәлелдейтiн куәлiгiн табыс еткеннен кейiн) соңғы атқарған қызметi бойынша қаза тапқан (қайтыс болған) күнiне дейiнгi бiр жолғы өтемдi алпыс айлық ақшалай қаражатының мөлшерiнде төлейдi.
Әскери жиынға шақырылып, әскери қызметтен өту кезiнде қаза тапқан немесе мертiгу (жаралану, жарақ алу, контузия), ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшiлер, әскери мiндеттiлер әскери қызмет (әскери жиын) өткiзiлген жерде немесе олардың туған-туысқандарының қалауы бойынша басқа жерде жерленедi. Мәйiттi жеткiзуге әзiрлеумен, мәйiттi жеткiзумен, жерлеумен, құлпытас дайындаумен және оны орнатумен байланысты барлық шығындар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мөлшерде әскери қызметшiлер, әскери қызметке шақырылған әскери қызметке мiндеттiлер әскери қызметтен өткен (жиында болған) Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың есебiнен жасалады.
Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген ережелер әскери қызметтегi шектi жасқа жетуi, денсаулық жағдайы бойынша немесе штат қысқартылуына байланысты әскери қызметтен босатылған, әскери қызметiнiң жалпы ұзақтығы 25 және одан да көп жыл болған азаматтарға, сондай-ақ әскери қызметiнiң жалпы ұзақтығына қарамастан соғысқа қатысқандарға қолданылады.
Әскери қызметшiнiң әскери қызметтен өту кезеңiнде немесе әскери қызметтен өтуге байланысты контузия, мертiгу, ауыру салдарынан әскери қызметтен босатылғаннан кейiн бiр жыл өткенге дейiн мүгедектiгi анықталған жағдайда бiр жолғы өтем:
I топтағы мүгедекке - отыз айлық ақшалай қаражаты;
II топтағы мүгедекке - он сегiз айлық ақшалай қаражаты;
III топтағы мүгедекке - алты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде төленедi.
Әскери қызметшiлер, әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде мүгедектiкке әкеп соқпайтындай қатты мертiккен (жараланған, жарақат, контузия алған) ретте оларға бiр жарым айлық ақшалай қаражаты; жеңiл жарақат алған ретте жарты айлық ақшалай қаражаты мөлшерiнде бiр жолғы өтем төленедi.
Егер өлiмнiң себебi өзiне-өзi қол жұмсаудан болғаны, өзiне-өзi қол жұмсауға жеткiзген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, сондай-ақ егер қаза (өлiм), жаралану, контузия, жарақат алу, мертiгу адамның заңға қайшы iс-әрекетiнен немесе алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан мас болу себебiнен немесе өзiне қандай да бiр жарақат түсiру (денесiне зиян келтiру) арқылы болса және бiр жолғы өтем алу немесе әскери қызметтен жалтару мақсатымен өз денсаулығына өзгедей зиян келтiрсе, бiр жолғы өтем төленбейдi.
Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, әскери (арнайы) оқу орындарының стипендия алатын курсанттарына, әскери жиынға шақырылған әскери мiндеттiге мынадай жағдайларда:
- осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделгендей жағдайда - 500 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
- осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделгендей жағдайда:
I-топтағы мүгедекке 250 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
II-топтағы мүгедекке 150 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
III-топтағы мүгедекке 50 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;
осы баптың жетiншi бөлiгiнде көзделгендей жағдайда: ауыр жарақат үшiн 12 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, жеңiл жарақат үшiн 4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бiр жолғы өтемдерi төленедi.
Мемлекет әскери қызметшiлерге мемлекеттiк органдардың, меншiк түрлерiне қарамастан кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң, сондай-ақ лауазымды адамдардың қылмыстық және өзге де жауапкершiлiкке заңсыз тартуы;
- тыйым салу жазасы ретiнде қамауға алуды заңсыз қолдануы;
- заңсыз соттауы;
- оның өз мүлкiн бүлдiруi, жоюы немесе жоғалтуы;
- денесiне зақым келтiруi;
- қызметiн немесе әскери атағын заңсыз төмендетуi;
- құқықтарынан, жеңiлдiктер мен артықшылықтардан заңсыз айыруы;
- шарт ережелерiн сақтамауы салдарынан келтiрiлген моральдық және материалдық нұқсанды өтеуге кепiлдiк бередi.
Аталған жағдайларда соттың немесе жоғары тұрған қолбасшылықтың шешiмi бойынша әскери қызметшiлердiң қызметтiк, зейнеткерлiк және басқа да жеке әрi мүлiктiк құқықтары қалпына келтiрiледi әрi келтiрiлген зиян оны келтiрген кiнәлi тұлғалардың есебiнен немесе бюджет қаражатының есебiнен қалпына келтiрiледi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет