Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері


Екіншіден, студенттер өз құкықтары мен міндеттерін анық білсе теріс қылықтар жасамас еді. Бұдан шығатын қорытынды



бет19/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Екіншіден, студенттер өз құкықтары мен міндеттерін анық білсе теріс қылықтар жасамас еді.
Бұдан шығатын қорытынды: студент өз құқықтары мен міндеттерін анық білуі және оларды нақты дәл орындауы.
Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің тәртіптік жарғысында әскери тәртіптің мәнін, әскери қызметшілердің оны сақтаудағы міндеттерін, көтермелеу және тәртіптік шаралардың түрлерін командирлердің оны қолдану жөніндегі құқықтарын айқындайды. Яғни, өз міндетін адал орындаған әскери қызметшіге көтермелеу қолданылады.
а) бұрын болған тәртіптік жазаны алып тастау;
б) алғыс жариялау;
в) әскери бөлімнің тұрған жерімен немесе кораблъден жағаға 2 тәулікке дейін мерзімге сейілдемеге рұқсат беру;
Көтермелеу қызметтік істің жоғары бағалануы, әскери қызметшілерді тәрбиелеу мен әскери тәртіпті нығайтудың маңызды құралы болып табылады. Бұдан студенттердің алатын тәрбиелік мәні: студент сабақтан қалмаса, белгіленген форманы киіп келсе, сабақта жауап беріп, рейтинг балдары жоғары болса оларға автоматты түрде сынақ, емтихан қою, оқу орының қоғамдық жұмыстарына белсене қатысқаны үшін мақтау қағазы мен басқада сыйлықтар беру, өте жақсы оқығаны үшін ата-анасына алғыс хат жіберу және т.б. осындай көтермелеулер арқылы оларды тәрбиелеу маңызды.
Әскери қызметшілерге тәртіптік жаза әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қолданылады.
Әскери қызметшілер осындай тәртіптік жазалардың
қолданылатынын білген соң тәртіп бұзып, теріс қылықтар жасамайды. Бұл да тәрбиелеудің бір шаралары. Бұдан студенттердің алатын тәрбиелік мәні егер ол өз міндетін дұрыс орындамаса онда тәртіптік жаза алуы керек. Мысалы: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, оқудан шығару туралы ата-анасына ескерту. Осы шараларды қолданылатын анық білетін студент кемшілік жібермеуге тырысады.
Қазақстан Республикасының қарулы күштері гарнизондық және қарауылдық қызметтерінің жарғысы тәуліктік нарядтың тағайындалуын, құрамын, қызметін ұйымдастырудың және оны өткерудің тәртібін тәуліктік және гарнизондық наряд лауазымды адамдардың міндеттерін анықтайды.
Тәуліктік наряд әскери даярлық пен ішкі тәртіпті сақтауға, әскери бөлімнің жеке құрамын қару-жарағын, әскери техника мен оқ-дәрілерін, материалдық қорларын, үй-жайлары мен мүліктерін күзетуге, иелердегі істің жай-күйін бақылауға және құқық бұзудың алдын алу жөнінде дер кезінде шаралар қабылдауға, сондай-ақ т.б. міндеттерді орындауға арналған. Бұдан студенттің алатын тәрбиелік мәні кезекшілік кезінде өз міндетін дұрыс орындауға, ішкі тәртіпті сақтауға, оқу орнының мүлкіне ұқыпты қарауға, өрт немесе басқа да жағдайлар бола қалса қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, тәртіп бұзушыларға дер кезінде шаралар қолдануға және т.б. міндеттерге жүктейді.
Саптық дайындық Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Саптық жарғысы негізінде ұйымдастырылып жүргізіледі және әскери қызметшілерді үйрету мен тәрбиелеудің негізгі пәндерінің бірі болып саналады. Саптық дайындықты оқыту әскери қызмет өміріне жан-жақты әсер беретін, әскери қызметшілердің ерік-жігерін мықтап, өз денесін толық игеруге және зейінділікті, ұжымшылдықты дамытуға, сондай-ақ әскери тәртіпті сақтауға септігін тигізеді.
Демек, әскери адамның сапта тұруының өзі жинақтылыққа, тәртіпке шақырса, ал саптық бұйрықтарды орындау оқытушыға бағынуға міндеттейді деген сөз.
Нақтылық, үйлесімділік тәсілдерді бір мезетте орындау рухты көтереді, өз іс-қимылдарына деген сенімділікті арттырады және әскери қызметшілерді зейінділікке орындаушылыққа тәрбиелейді.
Әскери қызметшілердің міндеттерін оқып-үйрену орта мектептердегі, республикалық әскери мектеп-интернаттардағы, арнайы жоғары оқу орындарының қосымша уақытта өзіндік жұмысқа тапсырма пункті жете қарастырылады, сонымен бірге оқу орындағы оқу процесінің барлық уақытында реттілік пен тәртіптілікті сақтау мақсатында студенттердің осы міндеттерді күнделікті орындауды талап етіледі.
Азаматтардың, лауазымды адамдардың жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк туралы заңды бұзғаны үшiн жауаптылығы

1. Әскери комиссариаттың шақыруы бойынша көрсетiлген мерзiмде келмеген, сондай-ақ дәлелдi себепсiз әскери есепке тұру тәртiбiн бұзған азаматтар әскери мiндетiн орындаудан жалтарған деп саналып, әкiмшiлiк жауапқа тартылады, ал әскери қызметке шақырудан жалтарған азаматтар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады.


2. Әскери мiндеттiлер жиындардан жалтарғаны үшiн, сондай-ақ жиындар өткеру кезiнде әскери қызмет өткерудiң белгiленген тәртiбiне қарсы құқық бұзғандығы үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.


3. Әскери қызметке шақыру мәселелерi жөнiнде заңды бұзуға жол берген шақыру комиссияларының мүшелерi, әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтарды медициналық куәландыруға және тексеруге қатысқан дәрiгерлер, сондай-ақ басқа да адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.


4. Азаматтардың жалпыға бiрдей әскери мiндеттi орындаудан жалтаруына көмектескен және олардың әскери қызметiн өткеруiне кедергi жасаған, сондай-ақ Заңда белгiленген мiндеттердi орындамаған адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.


5. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, меншiк нысанына қарамастан бiлiм беру ұйымдары мен өзге де ұйымдардың лауазымды адамдары осы Заңда белгiленген талаптарды орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауапқа тартылады.


Әскери қызметшiлердiң әскери қызмет өткеру ережесiн бұзғаны және құқық бұзғандығы үшiн жауаптылығы


1. Әскери қызметшiлер әскери тәртiптi бұзғаны, құқық бұзғандығы үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларына сәйкес тәртiптiк, материалдық, әкiмшiлiк және қылмыстық жауапқа тартылады.


2. Бөлiмдi өз бетiмен тастап кеткен мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiнiң бөлiмнен тыс жерде болған уақыты мерзiмдi әскери қызмет мерзiмiне есептелмейдi және оның бөлiмде болмаған уақытына ұзартылады. Қызмет мерзiмiн ұзартуды әскери прокуратура шешiм қабылдағаннан кейiн немесе әскери сот бас бостандығынан айырумен байланысты емес үкiм шығарған соң бөлiм командирi жүргiзедi. Әскери бөлiмдердi өз бетiмен тастап кеткендердi iздестiру мен әскери қызмет орнына жеткiзуге байланысты шығыстар заңда белгiленген тәртiппен өтеледi.


3. Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұратын басқа мемлекеттердiң азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың Республика заңдарында көзделмеген әскери (әскерилендiрiлген) құрамаларға қатысуы, сондай-ақ жалдамалылық заңмен қудаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет