Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері


Оқушылардың бойында Отанды қорғауға дайындықты қалыптастырудағы оқу үдерісінің қызметі



бет26/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
Байланысты:
КІТАП ҚРҚК

Оқушылардың бойында Отанды қорғауға дайындықты қалыптастырудағы оқу үдерісінің қызметі. Әскери-патриоттық тәрбиелілік - қоғам үшін адамға қажетті қасиеттер, оның қалыптасуы оқу үдерісінің ең маңызды міндеттерінің бірі болуы тиіс. Дегенмен мектептегі жұмыс тәжірибесін бақылау мұғалімдердің көпшілік бөлігінің жеке тұлғада аталған қабілетті қалыптастыруда оқыту пәндерінің қызметі туралы мәліметінің нашар екенін көрсетеді. Осының салдарынан әскери-патриоттық деректер оқу үдерісінде тиісті жүйесіз, оқушылардың жас ерекшелігі мен Отанды қорғауға олардың дайындығын қалыптастыру мүмкіндігін ескермей қолданылады.
Күн - барлық тіршіліктің құдіретті тірегі. Адамзат күнге табынып, сыйынып барлық тіршілікте күннің құдіретіне сүйенген. Сондықтан халқымыз күн тұрған аспан әлемін қасиеттеп «аспанға қарап түкірме», «аспанға қарап тас лақтырма», ырым-тыйым жасайды. Қазақ халқы жер ананы әулие тұтады, «Жері байдыңелі бай», «Туған жералтын бесік», «Жеміс жерде, жеңіселде» деп, халық жер ананы аялайды баптайды құдірет тұтады. Қазақта «Ер туған жерінде, ит тойған жерінде» деген мақал бар әрбір адамның туған жерібәрінен де қымбатты. Өйткені ол сол жердің топырағында өсіп, суын ішіп, ауасымен тыныстайды, табиғатымен бірге қайнасып, адам болып қалыптасады. Сондықтан да әрбір адам туған жерін қорғайды, аялайды, күтеді қастерлейді.
Жер жаһандағы тіршіліктің нәрін сіңіріп, өмір сүрудің тірегі болып туған құдырет - су. Өсімдік жан-жануар, түрлі жәндіктер сусыз өмір сүре алмайды. Өмірге ең қымбат, ең қажетті нәрсе болғандықтан, халық суды әулие тұтып, судың шығып жатқан жерін «әулие бұлақ», «әулие көл» - дейді.
«Судың да сұрауы бар» - деп, суды ысырап жасамау керек екенін халық өз ұрпақтарына ескертіп отырған. «Сулы жер - нулы жер», «Өзен бар жерде өмір бар», «Бұлақ көрсең, көзін аш», «Судай таза, сүттей ақ бол» - деп халық өмір тұрмысының жақсы болуын уағыздап отырған.
Жан дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған құдіретті нәрсе - ауа. Ең қымбатты нәрсені «ауадай қажет» - деп халық ауаны қымбаттың қымбаты деп бағалаған. Тіршіліктің төрт тірегін қастерлеу - халық салты, өмір заңы.
Халық арасындағы туған жер туралы әндер мен күйлер халқымыздың туған жерді аялай біліп, ардақтай сүйетінін дәлелдейді. Құрманғазының «Сарыарқа», «Алатау», Тәтімбеттің «Сарыжайлау» күйлері туған жеріміздің тамаша табиғатын әдемі әсерлендіріп, жанды жадыратады.
Отан десек, оның мазмұны  туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар.
Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы жастар тұлғасын қалыптастыруда ұлтжандылыққа тәрбиелеудің арқауы.
«Тікен гүлін қорғайды, ара балын қорғайды», «Әркімнің өз жеріШам шаһары», «Мәуелі ағаш майысқақ», «Саяз су сарқырап ағады», - деген пәлсапаға ұйыған халқымыз табиғаттан қуат алып, ләззатқа бөленуге, әсемдікті сезіне білуге үйренеді. Халқымыздың сандаған ғасырлар бойы қалыптасқан этнопедагогикасының мәуелі жемістері болып табылады. Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттердің тұлғасын қалыптастыруда отан сүйгіштікке тәрбие беруді қалыптастыру, дамытуда даңғыл жол көрсетіп, рухани күштің жарқын бір мысалы осылар.
Оқу үдерісінде танымдық қызметтің пассивті үлгілері басым, бейбітшілік пен соғыс мәселесі жөніндегі теориялық конференцияларды, лекцияларды, семнарларды өткізудің, оқушылардың өзбетімен, шығармашылық жұмысын ұйымдастырудың орнына дайын білімді тікелей хабарлау әдістерімен айналысады.
Әскери-патриоттық тәрбиеде оқу үдерісінің қызметін толықтай жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін одан шығатын әдіснамалық ұстанымды белгілеу қажет. Мектептегі оқу үдерісі жетекші, дамытушы қызметті атқарады, болашақ Отан қорғаушының қалыптасуына басты әсер етеді. Бірақ бұл үдеріске ӘПТ мазмұнының жекелеген компоненттерін енгізу аз. Отанды қорғауға дайындықтың барлық компоненттерінің жағдайына оның тұтастай белсенді, әрекетті әсер етуі маңызды.
Оқу үдерісі өз қызметін адам қызметінің негізгі түрлерін бейнелеу кезінде жүзеге асырады. Оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесіне ықпал етуші оқытудың маңызды қызметі соғысқа қарағанда бейбітшіліктің артықшылығына сенушілікті, оларда дүниетанымының қалыптасуынан құралады.
Тез әсерленгіш факторы көп рөл атқарады, өйткені сенушілік білім мен Отанға деген сүйіспеншіліктің, уайымының бірлігі. Білімнің терең ғылыми мазмұны мен тез әсерленгіштігімен қатар, оның қоғамдық пайдалы бағыттылығының болуы маңызды. Бұның негізінде Отанды қорғауға өте кең, әлеуметтік ұмтылысы туындайды.
Оқушылардың Отанды қорғаудың жалпы ғылыми негіздерін меңгеруді қамтамасыз ететін білім жүйесімен қарулануы – табанды және батыл Отан қорғаушыларын оқыту үдерісінің ең маңызды қызметтерінің бірі. Түрлі ғылымдар ұғымының жиынтығын білдіре отырып, олар Отанды қорғау жөніндегі ілімнің ғылыми негізін құрайды. Оқу үдерісінде оқушылардың әскери-патриоттық тәрбие мазмұнының негізін Отанды қорғау жөніндегі ілім, ғылыми заңдар және тәрбие түсінігі, сондай-ақ әскери қызметтің негізгі қағидаларын ашатын арнайы пәндер құрайды. ӘПТ оқу-тәрбие үдерісінің барлық үдерісінде жүзеге асырылуы қажет. Оқушылардың ӘПТ оқу үдерісінің бірі Жердегі бейбітшілікті қорғау бойынша қажетті олардың іскерліктің қалыптасуында.
Оқу үдерісінде оқушылардың бойында ҚР ҚҚ сарбаздарының, еңбек және соғыс қаһармандарының, Отанды қорғауға дайындығын көрсеткен адамдардың әрекеттері мен қылықтарына жағымды әсер тудыруы керек. Оқу үдерісі өз қызметін орындау үшін таза ақпараттық, академиялық оқыту аз. Оның өндірістік еңбекпен, қоғам дамуымен, техникалық шығармашылықпен, спорт түрлерімен тығыз байланысы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет