Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері



бет20/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37
Байланысты:
КІТАП ҚРҚК

Әдебиеттер тізімі:
1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпан №561-ІV Заңы.
2. "Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару" мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 848 Қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен бекітілген.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №200 Жарлығы.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары. ҚР Президентінің 19.05.2009 жылғы № 805 Жарлығымен бекітілген.


11-тақырып: Әскери анттың офицерлердің өмірі мен қызметіндегі маңызы. Бөлімнің Жауынгерлік Туы.

Әскери анттың офицерлердің өмірі мен қызметіндегі маңызы және оны қабылдау реті. Бөлімнің Жауынгерлік Туы-жауынгерлік абыройдың, айбын мен даңқтың рәмізі.




Әскери ант – мемлекеттік маңыздылығы зор құжат, Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25 тамыздағы Жарлығымен бекітілген және заң күші бар.
Антта егемен демократиялық мемлекеттің, халықтың өзінің қарулы қорғаушыларына қояр талаптары білдірілген, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінідегі қызметтің оларға жүктейтін негізгі міндеттері және Отанды оның жауларынан сенімді қорғау үшін Қазақстан жауынгері ие болуға тиіс маңызды қасиеттер белгіленген.
Антта Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті борышы мен міндеті болып табылады, ал Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарындағы әскери қызмет Қазақстан Республикасы азаматтарының тимемлекеттік қызметінің мемлекет пен халық алдындағы қасиетті борышы мен міндетін атқарумен байланысты ерекше түрі делінген Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидасы бейнеленген.
Ант қабылдау – жоғары патриоттық акт. Жауынгерлердің өзі қол қойған ант оның өмірі мен қызметінің бұлжымас заңына айналды.
Сарбаздар мен матростар антты жас сарбазды (матросты) үйрету бағдарламасын өтіп, өзінің негізгі міндеттерін, әскери анттың, бөлімнің жауынгерлік Туының және әскер тәртібінің мән-маңызын ұғынғаннан кейін, әскер бөліміне келген күннен бастағанда 1,5 айдан кешіктірмей қабылдайды.
Ант қабылдау салтанатты жағдайда, бөлімнің жауынгерлік Туы астында өткізіледі. Ант қабылдау күні бөлім үшін жұмыс болмайды. Және мейрам ретінде өткізіледі.
Қазақстандық әскери антта жауынгерлердің Отанды қорғау және ұрыста жеңу үшін қажет моральдік-жауынгерлік сапарларына қойылатын аса маңызды талаптар тұжырымдалған. Қазақстан халқына және оның заңды сайланған Президентіне берілгендік – Қазақстан халқының ізгі қасиеттері, мұның мәнісі, ең алдымен, өз халқына Отанына - Қазақстан Республикасына қалтқысыз, адал қызмет ету, еңбекке, қоғам алдындағы өз міндеттерін орындауға адал ниетпен қарау, өз командирлері алдында барынша шыншыл болу, олардың бұйрықтарын орындауы туралы дәлме-дәл баяндау қазақстан жауынгерінің сезімдерін мінсіз, қырағы қызметте, ыждағатты оқуда, басшылықтың тапсырмсаларын үлгілі орындауда, Отанды қорғауға үнемі дайын болу арқылы көрсетіп отыру.
Анттың әскери және халықтық мүлікті сақтау туралы талабы Қазақстан Республикасы мен оның Қарулы Күштерінің күш-қуатын барынша нығайтуға бағытталаған. Қазақстан жауынгерлері ққаруға , техника мен әскери мүлікке әр кезде қамқорлықпен қарады. Тәуелсіз мемлекеттің тұруы мен қарулы Күштердің қалыптасуының ең ауыр жылдарында олар қару мен техниканы мінсіз күйде, іс-қимылға үнемі дайын жағдайда ұстауға тырысты.
Отанның ержүрек және батыл қорғаушысы болу – халқымызға ежелден тән қасиет және ол бостандық пен Кеңес өкіметінің қалыптасуы жолындағы күресте, Ұлы Отан соғысы жылдарында және аға ұрпақ қазіргі қазақстандық жауынгерлерге дарытқан қалпында тәуелсіз мемлекет құру кезеңінде айқын көрінеді. Қазақстан жауынгерлері бұл қасиетті бейбіт уақытта да – жаттығуларда, жорықтарда, жаңа әскери техниканы игеру кезінде және ТМД құрамында бейбітшілік миссияларын атқару кезінде көрсетті.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әрбір жауынгері үшін әскери антты орындау – абырой мен ар ісі, оның бүкіл өмірінің заңы. Ант қабылдап тұрып Қазақстан Республикасының азаматы бүкіл халық алдында былай деп мәлімдейді: «Егер мен өзім қабылдаған антты бұзсам, онда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген қатаң жазаны кешуге әзірмін». Антты ең ауыр және масқаралық бұзушылық – Отанға опасыздық. Қазақстан Республикасының заңы оны қатаң жазамен жазалайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет