Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері



бет25/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37
Байланысты:
КІТАП ҚРҚК

Әдебиеттер тізімі:
1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпан №561-ІV Заңы.
2. "Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару" мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 848 Қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен бекітілген.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №200 Жарлығы.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары. ҚР Президентінің 19.05.2009 жылғы № 805 Жарлығымен бекітілген.
6. Әскери психология және әскери педагогика, Ә.Р. Айтуғанов, И.Қ. Тұрметов. К.Д. Баетов, 2007ж
7. Офицердің педагогикалық мәдениеті, А.В. Барабанщиков, 1985ж.
8. Офицердің жеке тұлғасын қалыптастыру, В.П. Иванов, 1986ж.
9. Интербелсенді әдістемені жоғарғы оқу орындарында қолдану мәселелері. Әлімов А.Қ., Оқу құралы - Алматы, 2013жыл.
13. Жоғары кәсіби білім беру жүйесінде запастағы офицерлерді әскери-патриоттық рухта дайындау жолдары.

ЖОО әскери кафедраларында оқу процесін ұйымдастыру мен жүргізу үшін қажетті құжаттары. Оқу процесін ұйымдастыру мен жүргізу. Әскери мамандықтарды кәсіптік бағдарлау жолдары. Жоғары кәсіби білім беру жүйесіндегі офицерлік мамандықтарды кәсіптік бағдарлау жұмыстары.


Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша азаматтарды әскери даярлау әскери кафедраларда мемлекеттік тапсырысқа сәйкес алатын жоғары кәсіптік білімі негізінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының азаматтары – күндізгі (іштей) жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) студенттерін запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлау (бұдан әрі – студенттерді әскери даярлау) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін запастағы офицерлерді даярлау мақсатында ұйымдастырылады.
Әскери даярлықты жүргізу үшін ЖОО-лар жанында әскери кафедралар құрылады.
Әскери кафедраны ашу кезінде:
1) әскери кафедраны орналастыру үшін оқшауланған ғимарат;
2) белгіленген нормативтік құжаттардың талаптарына және нормаларына жауап беретін студенттермен сабақтар өткізу үшін қажетті оқу және қызметтік кабинеттер;
3) жалпыәскери жарғылардың және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі басшылық құжаттарының талаптарына сәйкес саптық плацты, АТБ (атлетизм, табандылық, батылдық) кедергілері жолақтарын және студенттермен оқу-жаттығу жиындарын өткізуге арналған оқу-жаттығу орталығын жабдықтауға арналған орындар;
4) қару-жарақ пен әскери техниканы сақтауға арналған бокстар;
5) оқу бағдарламаларымен көзделген әскери кафедра қызметінің барлық түрлеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі қаржыландыратын қызмет түрлерін қоспағанда, әскери кафедрада қажетті оқу материалдық-техникалық базаны құруға және ұстауға арналған ақшалай қаражат болуы қажет.
Жекелеген ЖОО-ларда Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің және қарамағында ЖОО-лар бар министрліктердің бірлескен бұйрығымен жоғары оқу орындары арасындағы әскери кафедралар құрылуы мүмкін.
Әскери даярлауға тартылатын студенттердің саны Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жұмылдыру қажеттілігіне сүйене отырып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімімен айқындалады.
Әскери кафедраларда оқыту үшін ЖОО басшысы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен және қарамағында ЖОО-лар бар министрліктермен келісу бойынша меншік және бағыныстылық нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру қызметін жүргізуге лицензиясы бар, бірақ әскери кафедралары жоқ басқа ЖОО-ның студенттерін тартуы мүмкін.
Студенттерді әскери даярлау әскери кафедрада теориялық және практикалық оқыту курстарынан және оқу-жаттығу жиынынан тұрады және ол екінші курстан басталады, ал оқу мерзімі бес жыл мамандықтар үшін үшінші курстан басталады, бірақ барлық жағдайларда ЖОО-ны бітіргенге дейін бір жыл бұрын оқу-жаттығу жиынымен аяқталады.
ЖОО-лар жанындағы әскери кафедраларда студенттерді әскери даярлау студенттердің міндетті дәрісханалық сабақтарын және оқытушылардың жетекшілік етуімен өздік даярлығын қамтиды. Әскери кафедрадағы сабақтар «әскери күн» әдісімен өткізіледі. Медициналық ЖОО-лардың әскери кафедраларында әскери кафедра бастығының ұсынысы бойынша ЖОО ректорының бұйрығымен ЖОО-дағы оқыту ерекшелігін ескере отырып, студенттерді әскери даярлауды басқаша ұйымдастыру белгіленуі мүмкін.
Студенттерді әскери даярлау оқытудың бір түрі болып табылады және ЖОО-лардың оқу жоспарларына оқу жылы басталғаннан бастап дербес оқу пәні ретінде енгізіледі.
Әскери кафедрада студенттерді әскери даярлауды бастаудың және аяқтаудың нақты мерзімдері ЖОО-ның оқу жоспарымен айқындалады.
Әскери даярлауға денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды 27 жасқа дейінгі студенттер – Қазақстан Республикасының азаматтары тартылады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі айқындайтын бірқатар әскери-есептік мамандықтар бойынша студент қыздар тартылады. Студенттерді әскери даярлықтан өту үшін іріктеуді ЖОО басшысының атына ұсынылатын олардың жеке өтініштері бойынша іріктеу комиссиясы жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет