Елубаев саржан иманбекович қазақстан Республикасы Қарулы Күштері



бет22/37
Дата08.09.2023
өлшемі2,05 Mb.
#106634
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
Байланысты:
КІТАП ҚРҚК

Әдебиеттер тізімі:
1. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпан №561-ІV Заңы.
2. "Запастағы офицерлерді әскери есепке алу және одан шығару" мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 848 Қаулысы.
3. «Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 11 қазандағы № 161 Жарлығымен бекітілген.
4. Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы №200 Жарлығы.
5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары. ҚР Президентінің 19.05.2009 жылғы № 805 Жарлығымен бекітілген.


12. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері.


Жауынгерлік дәстүрлер – бұл армия мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қағидалары, салтары мен құлық нормалары.


Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әжауынгерлік дәстүрлері - белгілі қоғамдық, құрылыстан туындаған дәстүрлер; оларда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің міндет-мақсатының ерекшеліктері бейнеленген. Бұл дәстүрлер Қазақстан пролетариатының революциялық оқиғаларының бастауында, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қаһармандық ерліктерінде қалыптасып, кеңес Армиясының өткендегі ерлігінің барлық жақсы жақтарын дарытқан.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлерінің ең маңызды жауынгерлік дәстүрлері: егемен мемлекет – Қазақстан Республикасы мен оның халқына шексіз берілгендік; агрессорларға өшпенділік; өз күшіне деген нық сенім; Отан қорғауға әрдайым әзірлік; армия мен флотқа деген сүйіспеншілік, әскери антқа әскер бөлімнің Жауынгерлік Туына және әскери парызға адалдық; ұрыстағы жаппай ерлік; берік әскери жолдастық, командирді сыйлау және ұрыста оны қорғау; әскери шеберлікті жетілдіру мен әскери тәртіпті нығайтуға, саяси білімді кемелдендіруге үнемі ұмтылыс; жоғары қырағылық пен жауынгерлік дайындық үшін тынымсыз күрес; ұжымшылдық пен интернационализм, ТМД жауынгерлерімен жауынгерлік достастық сезімі, егемен демократиялық мемлекетті қорғауға әзір болу.
Біздің Қарулы Күштеріміздің ерлік тарихы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктерде толық әрі айқын бейнеленген. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам майданға аттанып, 600 мыңнан астам адам қайта оралмады. Олар ең аяулысы – өмірін біздің болашағымыз үшін, Отан үшін құрбан етті. Қазақстандық жауынгерлердің – Брест қамалын, Мәскеуді, Ленинградты, Сталинградты, Новороссийскіні және Ұлы Отан соғысының алғашқы күндері мен айларында неміс- фашист басқыншыларының жойқын соққыларына ұшыраған басқа да көптеген қалаларды қорғаушылардың мәңгі жасайтын жасайтын ерліктері әскери борышқа адалдықтың, өжеттік пен жаппай қаһармандықтың үлгісі болып табылады. Қазақстандықтар К.Семиченконың, Р.Хабибуллиннің, И.Ледовскихтің, А.Байжігітовтың, Г.Жұматовтың, В.Буровтың теңдессіз табандылығы мекн ерлігі жауынгер достарының естерінде, олар туралы талай шығармалар жазылған, Қазақстанда ондаған дивизиялар, бригадалар, жеке бөлімдер жасақталды. Олар жеңілістің күйініші мен жеңістің қуанышы қатар көре жүріп барлық майдандарда шайқасты. 28 гвардияшы-панфиловшылардың Мәскеу түбіндегі аңызға айналған ерлігі айрықша атап айтарлық. Біздің жастарымыз өз ата-бабаларының жолымен Отанын қорғауға дайын болып, Отанға адалдық рухында тәрбиеленуге тиіс. Қарулы Күштердің жас жауынгерлері неміс басқыншылармен шайқастарда өшпес даңққа бөленгендердің есімдерін құрметтеп, олардың лайықты мұрагерлері болып отыр. Аттары аңызға айналған бұл қаһармандар – мәрте Кеңес одаағының Батырлары: Т.Бигелдинов, Л.Беда, С.Луганский, И.Павлов, Кеңес Одағының Батырлары: Н.Әбдіров, Б.Момышұлы, С.Нұрмағамбетов, Қазір арамызда жүрген майдангерлер Қ.Қайсенов, А.Кулаков, Н.Таипов республиканың ең жоғары «Халық Қаһарманы»атағы мен «Алтын Жұлдыз» белгісін алды.
Ұлы Отан соғысындағы ерлігі үшін 11600 ден астам адам, соның ішінде 497 қазақстандық, олардың арасында 97 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 110 қазақстандық Даңқ орденінің үш дәрежесімен марапатталды.
Жауынгерлік дәстүрлер қазіргі уақытта да одан әрі дамуда. Халқымыздың жанқиярлық, еңбекқорлық, тапсырылған іс үшін барынша жауапкершілік сезімі, өзара көмек секілді дәстүрлері оларға зор ықпал жасап отыр. Өзерінің отан алдындағы жауынгерлік парызын табандылықпен атқара отырып қазақстандық жауынгерлер аға ұрпақтардың жауынгерлік дәстүрлік дәстүрлерін молайтуда.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы, Жалауы, Әнұраны – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендінің ресми рәміздері.
Егемен мемлекет - Қазақстан Республикасы демократиялық құрылыс міндеттерін жүзеге асыра отырып, шиеленісті бәсеңдетуге және соғыс болғызбауға бағытталған бейбітшілік саясатты жүзеге асырып келеді.
Президент бастаған ел басшылығы мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі алдымен тэуелсіз егемен Қазақстан Республикасының құрылуымен байланысты жаңа тарихи жағдайларды ескеретін әскери көзқарасын дамыта отырып және барлық мемлекеттермен бейбіт қатар өмір сүру саясатын жүргізе отырып, мемлекеттің қорғаныс қабілетін қарулы агрессиядан қорғану үшін қажетті жеткіліктілік деңгейінде ұстау үшін мүмкіндік болғанның бәрін жасап отыр.
Тәуелсіздікті баян ету, өркениетті елдермен терезесі тең, иық тіресе отырып өмір сүру үшін қазіргі жастардың бойында ұлттық намыс пен абырой, азаматтық пен имандылық, инабаттылық пен салауаттылық қасиеттерді кеңінен тәрбиелеуіміз қажет. Ол үшін біздің күнделікті оқу-тәрбие жұмыстарымыздың негізі студенттерге сапалы білім беру, яғни болашақ бастапқы әскери дайындық мұғалімдерінің ұлттық сана-сезімдерін, қасиеттерін мінез-құлқын, салт-дәстүрлерін қалыптастыру керек.
Жауынгерлік дәстүрлер - бұл армия мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын қағидалары, салттары мен мінез-құлық нормалары.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлері - белгілі бір қоғамдық құрылыстан туындаған дэстүрлер. Қазақстан Қарулы Күштері жауынгерлерінің маңызды жауынгерлік дәстүрлеріне: өз мемлекеті мен халқына берілгендік, басқыншыларға деген өшпенділік; өз күшіне сенімділік; армия мен флотқа сүйіспеншілік, әскери антқа, әскери бөлімнің жауынгерлік туына және әскери борышқа берілгендік; ұрыста жаппай ерлік көрсету; мықты әскери жолдастық командирді кұрметтеу және оны ұрыста қорғау; әскери шеберлікті жетілдіруге және әскери тәртіпті нығайтуға, жоғары қырағылық пен жауынгерлік әзірлікті сақтауға, саяси білім деңгейін жоғарылатуға үнемі ұмтылу; ТМД жауынгерлерімен жауынгерлік ынтымақтастық, интернационализм және ұжымшылдық сезімі, егемен, демократиялық мемлекетті қорғауға дайындық жатады.
Дәстүрлер бір сағатта және бос орында пайда болған жоқ. Біздің халқымыз үш мың жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық, X ғасырда сақтар (скиф), (б.з.д.) IV ғасырда ғұндар (хундар). Біздің заманымыздағы V-VІ ғасырда түріктер деген атпен енген бүгінгі қазақтар - сақтардың, ғұндардың, түріктердің, қыпшақтардың даңқты әскери - тарихының төл мұрагері.
Бірінші кезеңі - сақтардың (б.з.д.) 529 жылы парсы патшасы Кирді жеңуі (б.з.д.) 512 жылы Дарийдің талқандауы (б.з.д.) 330-328 жылы А.Македонский әскеріне мықтап тойтарыс беруі.
Екінші кезеңі - ғұндар империясы Н.А.Аристовтың айтуы бойынша, ғұндар тайпасына қыпшақ, қаңлы, үйсіндер және Жетісудан ығысқан сақтар жатады екен. Қытай қорғаны ғұндардан қорғану үшін бірнеше жеңілістерден соң (б.з.д.) 207 жылы салына бастағаны тарихтан мәлім. Европаға жеткен ғұндар патшасы Атилланың 451 жылы Римге шабуылынан кейін көп ұзамай Рим империясының құлауы ғұндардың әскери өнердегі қуаттылығын көрсетеді.
Үшінші кезеңі - Түріктер империясы VI - VII ғасыр Күлтегіннің ескерткіші арқылы өздерінің ата-бабасы Бумын Қаған, Истеми Қаған, туралы мағлұматтар береді.
Төртінші кезеңі - Шынгыс хан империясының құрамындағы қазақ тайпа, руларының соғыс өнерлері туралы қытай тарихшысы Юань-Шидің айтуы бойынша : Қолбасы Субедей 1224 жылы Руске жасаған жорықтан қайтқан соң меркіттер, наймандар, керейлер, қаңлылар, қыпшақтардан ерекше корпус кұруды ұсынган. Шыңғыс хан мұны мақұлдаған.
Бесінші кезеңі - Қазақ хандарының XV ғасырда құрылуы Керей, Жәнібектің қазақтың мемлекетін қалыптастыруы, XVI- XVII ғасырдағы қазақ - жоңғар соғысы, жоңғарлармен соғыстағы жеңістерге жеткізген әскери-өнердің жетістіктері.
Қазақтың әскери құрылымы алғашқыда көшпелілердің әскери-ұйымдастыруы аңшылық ұжымдық негізінде, тәжірибе жинақтау арқылы құрылған. Мұны тарихшылар мен зерттеушілер әскери құрылымдар қаумалап, аң аулаудан бастау алып, мәдени шаруашылық топтасу арқылы басшы, аңшы, жинаушы негізінде құрылғанын жазады. Өйткені көшпелілердің аңшылық (орманшы көшпелілер), малшылық (далалық көшпелілер) негізгі асы ет болды. Сондықтан аңшылық ұжымдық қоғамға әлеуметтік-экономикалык қажеттілік арқылы, соның әсерінен көшпелілердің әскери өнерінің қалыптасуына әсер етті. Яғни қаумалап аң аулау көшпелілер қоғамында әскери-әлеуметтік шаруашылық аңшылық институты бола отырып, әскери жүйелер қалыптасты. Сөзіміз дәлелді болу үшін төмендегідей мысалдар келтірейін.
Аңшылыққа көп адам қатысады.
Аңшылықтың қағидасы аймақты қоршап, аңды жібермеу.
Осы екі элемент аңшылық негізден әскери негізге ауысқан. Аңшының мақсаты басып алу, тірі жібермеу, көзін жою. Осы аңшылық ұжымдық - ұйымдастыру формасы XX ғасырдың 20 -жылдарына дейін сақталған. Топтасып ұйымдасу арқылы қаумалап аң аулау арқылы алдын ала басшылық ұйымдастыру шараларымен нәтижеге жетіп отырған. Осы көшпелілер сияқты қазақтар да осы негізде әскери қоғамы мен өнері, әскери құрылымдарының түрлері қалыптасқан: 10000-Түменбасы , 1000-Мыңбасы және 10-Онбасы.
Мұндай әскери құрылымдар көктүріктер заманынан бастау алады. Бұл құрылымды көшпелілердің барлығы қолданды десе де болады. Оған көптеп мысал келтіруге болады. Шыңғыс ханның, Әмір-Темірдің әскерінде, Алтын-Орда, Абылай хан әскерінде құрылымдары да осындай болып келеді. Соғыс ісінің нағыз мамандары қазақ батырлары болган. Батырлық әскери институттың негізгі бағыттаушысы болып табылды. Сондықтан батыр, билердің көзқарастарымен хан санасып отырған. Тәуке ханның оң қолы найманның Садыр руынан шыққан Алдияр батыр болған. Батырлар ханның әскери және саяси кеңесшілерінің міндетін атқарды.
Қазақтың әскери тактикасы. Көшпелілердің әскери тактикасының негізгі қағидасының бірі тұтқиылдан шешімді шабуылға шығу. Бұл шабуылды негізінде түнде немесе таң ата қарсыластың күтпеген уақытында жасаған. «Казахи старались нападать на противника ночью или на рассвете т.е. в такое время когда они не ожидали атаки» (Н.Рязанов, 1924 жыл). Бұл шабуыл сақтар заманында «тұлғама» (айналдыра қоршау, қарату), жоңғарлармен соғыс кезінде «Ай қорған» және «Қоян қашты» деп аталды. Мұндай ұсақ шабуылдар жау әскерлерін үнемі үрейлендіріп отырған және өздері ұстатпай тез арада ұрыс даласынан кетіп қалатын. Г.Семенюк «Возможно по этому казахи -кочевники наиболее эффективно действовали хорошо организованными отрядами. Особенностью казахский военной тактики были быстрота и внезапность атаки, страшительный, короткий бой». Қазақтар ұрысқа шыққанда күндіз, түні өздері арнайы паролдар қолданған, аңның, құстың дыбыстарын салған. Түнде арнайы төбелерге от жағу арқылы жау туралы хабар таратқан. Отты көрген адам ауылға хабарлап, ауыл тез қауіпсіз жерге көшкен, оны қазақтар «ұран от» деп атаған.
Сонымен қатар тактика-психикалық әдістерге айқай, шудан басқа жаудың місін басатын және рухтандыру мақсатында әр батырдың айқалап қолданатын, күш алатын ұраны болған. Мысалы, қыпшақтар «Ойбос» (Қобыланды ұрпагы ) наймандар «Қаптағаш», Абылай хан (Әбілмансұр) Абылай бабасын ұран еткен. Қазақта жау басқанда, қауіп төнген кезде әскерін көтеретін дабылдары болған.Соның ішінде ең көп қолданатыны «Аттан» дабылы.
Қазақ батырлары ұрыс даласында қимыл жасаудың, сарбаздарды алдын-ала жауға тұтқиылдан соққы беру қоршап алып жою сияқты әдістерді қолдануға әзірлеген. Сондай әдістер қатарынан «Екі аша соғысы», «Қаша ұрыс салу», «Үш тоғыс ұрысы» сияқты әдістер болған. Мысалы, топтаса шеру тартып келе жатқан жаудың алдына түсіп сақ жебесі жетпейтін қашықта қашып, дұшпандарды казақ сарбаздары осы әдісімен кең шатқалға, қос қанаты биік кең сайға әкеп қамап быт-шытын шығара талкандаған. Кейде жасырынып тұрып, жауға қас бүйірден тиіп, оларды топ-топка бөле жер қаптырған. Қаумалап, қоршау тәсілін қолданған қазақтар көптеген жеңіске жеткен. Мысалы, 1643 жылы қыста Жәңгір хан 600 сарбазын Жоңғар қанташысы Батураның 50000 әскеріне қарсы бағытталған. Қашып келіп тау ішіне кіргізіп алып, қоршауға түскен жоңғар әскерін шығынға ұшырып, қашып құтылған. Бұл тарихи оқиға «Орбұлақ шайқасы» деген атпен белгілі. Осы шайқастан кейін Жәңгір ханды ел Салқам Жәңгір, яғни өткір деген мағынада атап кеткен. Осындай әскери тактикалық әдісті ¥лы Отан соғысы кезінде Б.Момышұлы батальоны қолданған. Ол Матренино станциясы үшін шайқаста неміс-фашистерінің 400 әскерінен өзінің 120 солдатымен қашып, орманға жасырып, қайта шабуыл жасап жеңіске жеткен.
Қазақ батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай басқарған қалың әскердің күшін, өнерін, табандылығын жетілдіре білген. Сол қолбасшылық кемеңгерлік қазақ даласының тұтастығын қамтамасыз еткен.
Халқымыз кешегі Ұлы Отан соғысында да кабырғасы қайыспай, білегі майыспай тас қайратпен майданның барлық саласында фашистерге қарсы орыс, украйн, беларусь, грузин және басқа да бауырларымен иық тіресе жүріп, ерлік күрес жүргізді. «Сол бір жан беріп жан алысқан шақта айрықша данққа бөленген ержүрек ұлдарымыз бен қыздарымыздың батырлығына әлем сүйсінгенді. Айталық, Мәскеуді қорғау жолында білікті, әскери өнерді жете меңгерген батыр командир Бауыржан Момышұлының ерлігі аңызға айналып, бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрін жаңа белеске көтерген батырлар қатарынан көрінді.
Біздің бабаларымызда касиетті даласына жойқын тобырмен найза, садақ, ауыр шоқпар, қанжар ұстанып келген дұшпандарын жауынгерлік табандылық, батырлық, өжеттік, мықтылық қасиеттерімен жер қаптырып отырған. Бүгінгі қазақ даласы осылай қорғалған. Ерлікпен, өз заманында әскери өнердің жаңа әдістерін ойлап-тауып, оны тапқырлық шеберлігі мен қолдану негізінде жеңіске жетіп отырған.
Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихында бөтеннің жеріне көз алартқан емес. Басқыншылық қасіретімен барып еш жерде ойран салған жоқ. Бірақ тағдырдың игілігімен аз меншігіне айналған кең даласын қорғады, бөлшек-бөлшекке, бөліске ұшыратқан жоқ Бұл халқымыздың мықтылығының, жауынгерлік қасиетінің күштілігін айғақтайды.
Міне, бүгінде тәуелсіздік алған кезеңнен бергі уақыт ішінде, шүкіршілік, көп ұлттар арасында дүрдіараздық сызат берген емес. Мұның өзі ер көңіл, ақ жарқын, сабырлы, бауырмал қазақ халқының мінезіндегі адами қасиеттер көрінісі.
Қазақ халқының жауынгерлік, елді-жерді қорғау қасиеті оянған, бірақ бұл тек бейбітшілік ұстанымен нығайып отырған ояну. Осының өз ел азаматтары бойында патриоттық сезімді қалыптастырады. Ол сезім қоғамның дамуы барысында жаңа ой-санамен толығып, байып, халықтың жауынгерлік дәстүрлерін одан әрі дамыту ұстанымы еліміздің бейбітшілік сүйгіш даңқын өрлете бермек.
Әскери жауынгерлік дәстүр негізінде болашақ бастапқы әскери дайындык мұғалімдерінің елжандылык қасиеттерін қалыптастыру - бұл олардың кәсіби істеріне шеберліктерін арттыру, оларды саяси қырағылыкка, қазіргі кездегі соғыстың және жауынгерлік дәстүрлердің ерекшеліктерін түсіне отырып Отан қорғау ісіндегі жастардың міндеттерін дұрыс түсіне білуге тәрбиелеу; аға ұрпақ өкілдерінің әскери жауынгерлік дәстүрлері мен ерлік істерін насиқаттау, ерлікпен жанқиярлықтың мәнін түсіндіріп, олардан үлгі алып мақтан тұтуға баулу.
Қай халық болса да, ғасырлар бойы ел қорғаны болған батырларын жыр дастанға қосып, ерліктің үлгісін алға тартқан. Халқымыздың мақтан етіп, аңызға, ертегіге айналдырып, асыра дэріптеген батырлары желдің өті, жаудың бетінде жүріп, жері мен елін сыртқы жаудан қорғаған. Олардың жауынгерлік дәстүрлері мен ерлік істерін насихаттау арқылы болашақ бастапқы әскери дайындық мұғалімдерінің бойында Отансүйгіштік, елжандылық, ұлтжандылық, өжеттік, мықтылық, қайсарлық, батырлық қасиеттерін қалыптастыра аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет