Ұрпақтар сабақтастығы тұжырымдамасының мазмұны. Қоғамның идеялық нығаюы Қазақстанның прогресттік жағдайы. Кәсіби білім беру жүйесі қазіргі заман талабына сай кәсіби және рухани адамгершілік қатынаста дайындығы жоғары деңгейдегі мамандарды дайындауы тиіс.
18-24 жастағы жастар өтпелі кезең ұрпағын қамтиды, бұл жас адамдар саяси жүйенің алмасуы, экономиканы реформалауды, қазаматтық қоғамның қайта өрлеуі және ұлттық тәуелсіздіктің нығаюы сияқты орасан зор оқиғалардың куәгері болды.
Жастар – бұл біздің қоғамның болашағы, олардың дамуына Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен біздің қоғам байланысты болады. Бірақ жастардың диагностикалық көрінісі дабыл қаққандай. Бұндай жағдайда жастардың арасындағы жағымсыз құбылыстарға мынадай жалпы адамзаттық құндылықтар қарсы тұрады: патриотизм және ұлттық келісім.
Патриотизм – бұл Отанға, туған жерге, өзің туып - өскен өзіңді жеке тұлға ретінде сезінген жерге деген сүйіспеншілік. Отанға деген сүйіспеншілік мемлекетке деген сүйіспеншіліктен жоғары, тәрбиенің адамгершілік және саяси принципі ретінде дәсүрлі қарастырылады.
Отан, мен тұратын жер деген ұғым балалық шақтан басталады, бірақ патриотизмнің қалыптасу жеке тұлғаның бүкіл өмір бойы қалыптасады, қоғам өміріндегі өз рөліне жауапкершілікті сезінуде, Отанды қорғауда, саяси үдерістерге қатысқан сәттен бастап көрінеді.
Қазақстандық патриотизм жаңа ұғым емес. Қарапайым және ғылыми сөз қолданыста мынадай теминдер ертеден қолданылады: американдық патриотизм, орыс патриотизмі, француздық, япондық және т.б. Біз күні кеше кеңес патриотизмін мақтаныш еттік, егер сондай Отанға деген сүйіспеншілік болмаса, кеңес халқы фашизмді жеңер ме еді?
Қазақстандық патриотизмнің басында қазақ халқының тәуелсіздік пен бостандығын бейнелейтін үш күрделі тарихи оқиға тұр:
1. Отырар халқының ерлігі (Шыңғысхан әскеріне қарсы Отырардағы 6 айға созылған күрес) қазақ халқының жоғары рухани қабілеті туралы бүкіл әлемге паш етті.
Ұлттық мемлекеттілік пен дербестікті сақтау үшін жоңғар басқыншыларына қарсы жарты ғасырлық күрес.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Тоталитарлық жүйеге қарсы қазақ жерінде алғашқы қарлығаштар дүниеге келді және өшпес ұлттық рух жөнінде бүкіл әлемнің есіне түсірді.
Қоғамның үнемі өзгеретін жағдайы ұлттық келісім мен патриоттық тәрбиенің үлгілері мен әдістерін жетілдіруді талап етеді. Ұлттық келісім мен патриоттық тәрбиенің негізгі әдістері мен бағыттары тұрғысынан алғанда мақсаттық және түрлі жоспарлы тәрбие жұмысы жүргізілуде.
Ұлттық келісім мен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру үшін білім беру жүйесінде өте бай тарихи, әдеби, мәдени материал бар. Патриотизм сезімі қазіргі Қазақстанның қоғамдық тұрақты дамуының негізгі факторларының бірі ретінде ұлтаралық келісімге тәрбиелеумен ұштасуы тиіс.
Рухани жоғалту материалдық шығыннан жоғары тұратынын ұмытпау керек, тәрбиелеу үдерісінде ұлттық келісім мен патриоттық тәрбиенің тиімді ұйымдастырылуына кедергі келтіретін мәселелер бар.
Жұмыс қорытындысы патриот жеке тұлғаның үлгісін жасауға әкелді. Ол қандай болу және кімге ұқсауы керек? Оның мықты тұсы неде? Кімге еліктеу керек? Қалай жетілу керек? Студенттер өздері патриот жеке тұлғасының түрлі сапаларын атап көрсетті. Нәтижесінде өз мінездерінің белгілерін және қайсысымен жұмыс істеу керек және қайсысына ұмтылатынын атап көрсетіп, бәрін бойына жинақтаған бейне қалыптасты.
Патриот жеке тұлғаның мінез-құлық үлгісі:
-Отанын сүю, өз халқының адал ұлы;
-ҚР Конститутциясын, оның белгілері мент атрибутикасын біледі;
-жоғары азаматтық ұстаныммен ерекшеленеді, мемлекет өміріндегі өз рөлін түсінеді;
-саяси оқиғаларға және республика өміріне көңіл бөледі;
-Отанды, оның мемлекеттік мүддесін қорғауға әзір болуы;
-салауатты өмір салтын жүргізеді;
-қарым-қатынас және мінез-құлық мәдениетімен ерекшеленеді;
-мемлекеттік тілді және басқа да ұлттардың тілін жетік меңгеруге ұмтылу;
-өз абыройын сақтау, өз ата-анасын қамқорлығымен және жетістіктерімен қуанту;
-өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарау, жерлестерінің жетістіктерін және олардың еңбек ерлігін мақтаныш ету;
-өз оқу орнының қоғамдық өміріне белсене араласу;
-ізкесуші, іздестіру жұмыстарын жүргізеді, мәдени және тарихи ескерткіштерді сақтайды. Патриоттық және интернационалдық мәселені шешу кезінде кәсіби тәрбиелеу жүйесінде қандай азаматты тәрбиелеу керектігі, болашақ маман бойында қандай қасиеттерді қалыптастыру керектігі анықталады.
Біз оқытушылар студенттердің бойына ұлттық келісім мен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыра отырып, адамзаттың ең маңызды рухани және әлеуметтік құндылықтарын сезінуге мүмкіндік береміз, жаңа қазақстандық мемлекеттілік негіздерін нығайтамыз.