Әміров Әбдібек Жетпісұлы Қазақ терминологиясы


Басқа сөз таптарының бірігуінен жасалған терминдер



бет20/25
Дата10.03.2023
өлшемі212,85 Kb.
#73196
түріМонография
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
treatise64286

Басқа сөз таптарының бірігуінен жасалған терминдер:
Мысалы, алғышарт (предпосылка), әржылдық (ежегодник).
Іс жүзінде инвесторлармен жағдайдың қалай қалыптастырғандығын кесіп айту қиын болғанмен, оң нәтижелерге үміт артуға алғышарттар бар (Е.Қ. 1997, №1, 1 қаңтар, -4 б.).
Сонымен, соңғы кездерде сөздерді біріктіру тәсілімен газет бетінде жарияланған терминдерге шолу осындай жолмен жасалған терминдердің оларды құрастырушы жеке сыңарлар мағынасынан алшақ кетпейтіндігін көрсетеді. Оның себебі – жоғарыда айтқандай ең алдымен аударылып жатқан терминдердің абстрактылық сипатына байланыстылығында дейміз. Бұл жағдайда аударылатын терминге қазақша балама беруде негіз етіп жеке сөздер емес, жеке сөз тіркестері алынатындығында. Бірақ сөз тіркестерін сол күйінде ала бермейміз, оларды терминге қойылатын қағидаттарға сәйкестендіру жүргізіледі. Яғни сөз тіркесінен термин қалыптастыруда олардың мағыналық жағынан тыс формалық жағына да назар аударамыз. Терминдік талапқа қойылатын талаптардың бірі ықшамдық болғандықтан қолданыстағы сөз тіркестерінің біз орын тәртібін сақтай отырып түбір тұлғасын ғана аламыз. Мысалы, өмірбаян, кепілақы, зейнетақы, мүшелтой, пікірсайыс, пікірталас, отбасы т.б. Осы терминдердің тілімізде оттың басы, зейнеттің ақысы, пікірдің сайысы немесе пікірді таластыру, пікірді сайыстыру сияқты тіркестік қолданыстары бары белгілі.
Осындай сөз тіркестерінің алатын мағыналық жүгін терминдік анықтамаға тели отырып тұлғалық жағынан біріздеу жүргізіледі.
Сөздердің қысқаруы арқылы жасалған терминдер.
Қысқарған сөздер арқылы термин жасау әдісі тілімізде негізінен Қазан төңкерісінен кейін, яғни 1920 жылдардан бастап қолданыла бастады.
Қ.Жұбанов қиюлы сөз (қысқарған сөз) жасау амалы қазақ тілінің Қазан төңкерісінен бері тапқан олжасы. Сондықтан бұл сөзжасаудың басқа түрлеріндегідей тегіс жасалып болмаған жаңа нәрсе. Бірақ бұл өзі өте ыңғайлы болғандықтан күннен-күнге көбейіп, қазақ тіліндегі өзінің лайықты орнын тауып келе жатыр деген болатын [5,157].
Н.А.Баскаков та түркі тіліндегі қысқарған сөздердің алғашқы нышандары XX ғасырдың бастапқы кезінен бастап бой көрсете бастады, – дейді [94,29].
Мұндай пікірді К.М.Мусаев та айтады: Появления аббревиатур сокрещенных слов – представляет собой одно из новых явлений в развитии лексики тюркских языков в после октябрьский период. Начало массового образования сокращенных слов в тюркских языках те же, что и в русском поэтому нет надобности описывать их [95,228].
Сондай-ақ ғалымдардың көпшілігі қысқарған сөздер орыс тілінің ықпалы арқылы жасалған тілдік құбылыс деп есептейді.
Айталық А.Ысқақов: «Күрделі атау сөздердің бір алуандарының әрі қысқартылып, әрі біріктіріліп жұмсалу жолы орыс тілінің әсерінен туды, қысқарған сөздер әдеби тілдің жазбаша түрінде күрделі сөздердің белгілі бір түрі болып қалыптасты» [87,131] десе, С.Исаев «Қазақ тіліндегі сөздерді қысқартып қолданылу амалы орыс тілінің тікелей әсерінен туғаны мәлім. Өйткені бұрын қазақ тілінде сөз қысқартудың бұл амалы жеке категория ретінде кездеспейтін» - дейді [96,65].
Ал қазіргі кезде қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуына, қазақ терминологиясының жаңа бағытта қалыптасуына баланысты тіліміздегі қысқарған сөздер «қазақы» түрде жасала бастады және олардың саны мейлінше өсіп келеді.
Академик А.Қайдаров: «Күн сайын туындап, толассыз толығып жатқан термин саласында неше түрлі қысқарған атаулардың саны 3 мыңнан асып барады» - деп жазады [48,30].
Қазіргі мерзімді баспасөз тілі – буындық қысқартудың жаңа үлгілерін жасап, қалыптастыруда елеулі белсенділік танытып отыр. Мәселен, 1990 жылға дейін қазақ әдеби тілінде норма ретінде бағаланып келген колхоз, совхоз терминдерінің соңғы жылдары қазақша баламаларын қалыптастыруға негіз болған – күнделікті газет-журналдардың тілі.
Баспасөз беттерінде мұндай қысқарған сөздердің үлгілерін алғаш рет 1990 жылдардан кейін қолданған «Егемен Қазақстан» газеті болды. Қазіргі уақытта бұл қысқартулар жалпыхалыққа түсінікті болып, әдеби тілдік нормаға айналып отыр.
Кеңшар – кеңестік шаруашылық (совхоз);
Ұжымшар – ұжымдық шаруашылық (колхоз); т.б.
Мысалы, Кеңшар меншігіндегі құнарлы жерді, жарамды техникаларды, семіз жылқыларды, жайлы қораларды бұрынғы кеңшар директорлары жекешелендіріп алған. (Қ.Ә. 1996. №8. 20 ақпан, -7 б.). Сол азамат ұжымшардан зейнет жасындағы әке-шешесінің беделін салып жүріп ауылдан атпен бір сағаттай жол жүріп баратын жерден азғантай жер сұрап алыпты (Қ.Ә. 1997. №13. 1 сәуір, -1 б.).
Қысқарған сөздерді қолдану тәсілі орын үнемдеу және мейлінше мол ақпараттар қамту үшін өте қолайлы, әрі қажет болып табылады. Ал осы үнемдеу заңдылығы (языковая экономия) өз кезегінде тіл-тілдердің барлығына да тән болып келеді. Өйткені бірнеше компоненттерден тұратын күрделі атаудың ықшамдалған баламасын жасау функционалдық стильдердің барлығына да тиімді әдістердің бірі. Сондықтан бүгінгі баспасөз беттерінде қысқарған сөздердің қолданылу аясын кеңейту және олардың ұлт тілінде жасалуына назар аудару қажеттілігін көздеу ұтымды болмақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет