Әміров Әбдібек Жетпісұлы Қазақ терминологиясы


Зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер



бет17/25
Дата10.03.2023
өлшемі212,85 Kb.
#73196
түріМонография
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25
Байланысты:
treatise64286

Зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер:
Зат есім мен зат есімді біріктіру арқылы термин жасау тілімізде өнімді тәсіл екенін байқаймыз.
Мысалы, атамекен (отчизна), ататіл (праязык), асқазан (желудок), әнұран (гимн), бағдаршам (светофор), баспабас (бартер), бейнежазба (видеозапис), гүлшанақ (бутон), дәйеккөз (цитата), елтаңба (герб), емдәм (диета), есекжем (экзема), жәрдемақы (пособие), жемшөп (корм), жыланкөз (свин), зейнетақы (пенсия), көлтабан (лиман), күйтабақ (грамплпастинка), күнтізбе (календарь), қолтаңба (1. автограф, 2 почерк), қолхат (расписка), қылтамыр (капилляр), мекенжай (адрес), мүшелтой (юбилей), отбасы (семья), өмірбаян (биография), пікірсайыс (дискуссия), пікірталас (диспут), сенімхат (доверность), сөзтізбе (словник), сыйақы (вознаграждение), тамырсабақ (корневица), түпнұсқа (оригинал), іріңқалта (гнойник), іссапар (командировка), ішперде (брюшина), төраға (председатель), елбасы (Президент), төлқұжат (паспорт), саяжай (дача), жарқағаз (афиша), жертөле (блиндаж), кепілақы (задаток), балқарағай (кедр), көзқаман (нигилист), ғаламшар (планета), желкөз (форточка), сусабын (шампунь), мөртабан (штемпель), тутұғыр (флагштог) т.б.
Атамекендегі қадамдарымның сәтті болғаны соншалық бірден халықаралық конкурстарға қатыса бастадым (Қ.Ә. 1998. №5. 3 ақпан, -10 б.). Шығыс медицинасында асқазан және он екі елі ішек жарасына, шаншуға, өт жолына, тас байланғанда басқа дәрілік өсімдіктер құрамында дәріге қосып отырған (А.Т. 1998. №2, қаңтардың 14-і, -15б).
Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өзіне ғана тән Әнұраны, Туы, Елтаңбасы, Мемлекеттік тілі бар екендігі баршаға белгілі, ал енді сол елдің әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, киім киіс ерекшеліктері сәулет өнері бірінші болып көзге түседі (А.Т 1998. № 37, қарашаның 11-і, -2 б.) Біздің үйдегі қос томдық шығармалар жинағыңыздың алғашқы кітабына осыдан жыл бұрын қалдырған қолтаңбаңызды осы күні қастерлеп ұстайтын бір мүлкіме айналдырдым (Қ.Ә. 1995. №27. 24 қазан, -3 б.) Түгел таратамын, мал-мүлкімді жаратамын, өзімдікі жетпесе, баламдікін саламын деп қолхат берді. (Е.Қ. 1999. №25. 5 ақпан, -8 б.). Жемшөп тапшылығы орын алған мал фермаларына ауданның өз ішкі мүмкіндіктері есебінен жәрдем крсетілді (Е.Қ. 1994. №47. 5 сәуір, -1б.). Депутаттар маусымның 9-ындағы кешкі мәжілісте Жоғарғы Кеңес қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету жөніндегі қаулы жобасының төңірегіндегі пікірсайысты тағы да жалғастырды (Е.Қ. 1994. №160, 16 тамыз, -2 б.).
Мысалда көрсетілген асқазан сөзіне Ә.Нұрмағамбетов өзінің «Бес жүз бес сөз» деген еңбегінде төмендегідей талдау жасайды. «Екі түбірден тұратын» бұл сөздің алғашқысы баршаға мәлім, «ас» (тамақтың синонимі). Соңғы түбір – қазан. Мұндай біріккен сөздің басқа (өзбек пен ұйғыр тілін қоспағанда, өзбекше – ашқозан, ұйғырша – ашқазан) – хакас, якут, қырғыз, түркімен сияқты түркі тілдерінде кездеспеуі, өзгеше бір болжамға жетектейді. Аталған тілдерде біздегі «асқазан» мағынасын бөтен тұлғалы сөздер береді. Әрине, екінші сөзді кәдімгі өзімізге аян тамақ пісіретін қазанға ұқсатудан пайда болған деу оп – оңай. Бұлай қарау негізсіз, үстірт болар еді.
Қарастыра келгенде мынадай тіл деректері біздің жорамалымызға жол бергендей: араб тілінде: һадзем-тамақ қорыту (Араб.-рус. Сл., 1970 ); иранша: һәзм-тамақ қорыту (Пер. -рус.сл., 1959). Осы сөздер кейбір түркі тілдеріне (қазақ, ұйғыр, өзбек) ауысқанда тұлғасын өзгерте отырса да, мағынасын сақтап «ас» сөзімен тіркесе түсіп, кейін бірігіп кеткен деу орынды көрінеді [72].
Медицина терминінде қолданылатын «асқазан» сөзі баспасөз беттерінде адам мен жан-жануардың ас қорытатын мүшесі мағынасында жұмсалған. Демек, бұрынғы мағынасы сақталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет