Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап, сөзі жатық, мағнасы қызғылықты ұсақ әңгімелер жазды. Автордың бұл әңгімелерінің балалар үшін, тәрбиелік рөлі ерекше болғандығы күмән туғызбайды.
Қазақ балаларын оқып білім алуға шақырған үндеуін «Кел, балалар, оқылық», «Өнер білім бар жұрттар» деген өлеңдері арқылы жеткізді. Ыбырай Алтынсарин өзінің белгілі шығармасы «Қазақ хрестоматиясында» (Орынбор,1879 жыл) «Сөзбасы» деген атпен бастырды. Демек, бұл өлеңінде қазақ жастарын автор оқып білім алуға үгіттеді, өткір тілмен, майда сөзбен үндеу ретінде жазды. «Балғожа бидің баласына жазған хаты» сол «Қазақ хрестоматиясының» ішінде «Оқудағы балалардың үйіне жазған хаты» бөлімінде басылған өлеңінде балаларға оқудың маңызын ұғындырды.
«Шеше мен бала» деген Ы. Алтынсариннің өлеңнің бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық, психологиялық маңызы өте зор. Бұл өлеңдері жасөспірім балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, өнегелі болуға тәрбиелейді. Орыс классиктерінің де (М.Ю. Лермонтов, Некрасов т.б) шығармаларында да осы сарында жазылған өлеңдер жиі кездесетіндігі жұртшылыққа мәлім. Мәселен, «Бәріміз бір адамның баласымыз», «Аразбол, кедей болсаң ұрлықпенен», «Мақтанба бақыттымын деп бағыңызға», «Жүйрікте болмайды көрік сыналмаған», «Ағайын жат болады алыс болса», «Асылы залымдардың лайланды», «Әй достарым!», «Әй, жігіттер!», «Азған елдің хандары», «Азған елдің қожасы», «Азған елдің молдасы», «Азған елдің билері», «Азған елдің байлары», «Береке кеткен елдерде», «Азған елдің адамына» деген өлеңдері жастарға айтқан өсиеті. Бұл өлеңін Ы. Алтынсарин «Бәріміз бір адамның баласымыз» деп бастағанда, ол қазақ жастарының ынтымақшыл бірлікте болуға шақырғандығын көреміз. Осы өлеңдерінде автор халық әдебиеті мұрасының негізінде ұлттық тәрбие діңгегі ата-бабалардың рухани мұраларының сабақтастығын сақтаудағы тәрбиенің бір жолы қазақтың халық әдебиеті арқылы дамытуды көздегендігі сезіледі.
Жалпы Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері 1876-1879-жылдар арасында жазылып, бірінші рет «Қазақ хрестоматиясында» басылып шыққан болатын-ды. Бұл әңгімелердің кейбіреулері орыс жазушылары мен орыс педагогтерінің шығармалары үлгісінде жазылған. Мысалы, «Бір уыс мақта», «Аурудан аянған күштірек», «Алтын шеттеулік», «Тышқанның өсиеті», «Шеше мен бала», «Бақша ағаштары», «Талаптың пайдасы», «Әке мен бала», «Жаман жолдас», «Қарға мен құрт», «Түлкі мен ешкі» тағы басқалары сол кездегі орыс педагогтерінің (Ушинский,Толстой, Паульсон, Крылов) шығармалары үлгісінде жазылған. Ал, олардың ішінде бірнешеулерінің мағынасы негізінде орыс педагогтерінің шығармаларына ұқсас келеді [1]. Осы әңгімелер бір стильде дидактикалық мақсатта жазылған. Бұл жөнінде «Қазақ хрестоматисына» жазған алғы сөзінде және әркімдерге жазылған хаттарында автордың өзі де ескертеді. Сөз құрылысы жатық, көпшілікке түсінікті, қазақтың сұлу жалпақ тілімен көңілге қонатындай етіп, оқушы балаларға тәлім-тәрбие беруге арналған.
Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала», «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Аурудан аянған күштірек», «Мейірімді бала», «Палкан деген ит», «Қанағат», «Өтіріктің залалы», «Тәкаппаршылық» т.б. бұл әңгімелері жастарды әдептілікке, сабырлылыққа, салмақтылыққа және әділ, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелейді. Оның басқа әңгімелерінің де түйіні жастарға өнегелі тәрбие беру екендігін көреміз.
Ол өзінің «Сәтемір-хан», «Талаптың пайдасы», «Зиректік», «Білгеннің пайдасы», «Әдеп» тағы басқа әңгімелерінде балаларды білім алуға, зирек болуға үгіттеді. Мысалы, «Талаптың пайдасы» деген әңгімесінде, ынтасымен оқудың, зиректіліктің нәтижесінде осы әңгіменің кейіпкері Матвей деген кісі бүкіл Ресейге белгілі суретші болып шығады. Басқа әңгімелерде де автор білімді дәріптеді. Бірсыпыра әңгімелерінде жастарды еңбек сүйгіш болуға, ұқыптылыққа дағдылануға шақырады. Бұл тақырыпқа арналған әңгімелері: «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш», «Бір уыс мақта», «Дүние қалай етсең табылады» тағы басқа шығармаларынан көруге болады.
Үй салу, егін кәсібімен шұғылдану, т.б. халқымыздың дәстүрлі шаруашылық мәдениетін ұлттық тұрмыс-салтын жастарға дәріптеуниетінде, Ыбырай Алтынсарин бірнеше әңгімелер жазды. Әсіресе, «Қыпшақ Сейітқұл», «Малды пайдаға жарату», «Киіз үй мен ағаш үй» деген әңгімелерінде, автор қазақ жастарына көшпелі өмірден отырықшылық тұрмыспен айналысу, жер кәсібімен шұғылдану заман талабы екендігін сездірдсе, «Бай мен жарлы баласы», «Лұқпан әнін», «Малды пайдаға жарату» деген әңгімелерінде, автор сол кезде қазақ жастарына, тұрмыс тіршілікке бейімделуге шақырған нақты мысалын көреміз.