1 билет Балалар әдебиеті туралы түсінік


-билет 1. XX ғасырдагы қазақ балалар әдебиеті



бет20/30
Дата02.06.2023
өлшемі95,8 Kb.
#98103
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Байланысты:
балалар әдеб экзамен

17-билет
1. XX ғасырдагы қазақ балалар әдебиеті. Қазақ балалар әдебиетінің алғашқы жазба үлгілерін 19 ғ-да Ы. Алтынсарин жасады. Ол балаларды өнер-білімге тәрбиелейтін, еңбекке баулитын, этикалық, эстетикалық тәрбие беретін өлеңдер мен әңгімелер жазды. Сондай-ақ, қазақ фольклорынан балалардың тіліне түсінікті жеңіл шығармаларды іріктеп, орыс балалар әдебиетінен қысқа да қызықты әңгімелер аударып, құрастырды, ана тілінде алғашқы оқулық ("Киргизская хрестоматия", 1879) бастырып шығарды. Сөйтіп, бала тіліне лайықты, ойына қонымды ойнақы өлеңдері мен қызықты әңгімелері арқылы педагог-жазушы Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалады. Қазақ балаларына арналған оқулықтар мен өлеңдер жинақтары 20 ғ-дың басында көбейе бастады. Қазақ балалар әдебиетінің ең қаулап дамыған кезі - 1970-1980 жылдар. Бұл жылдарда балаларға және жастарға арналған шығармаларды жариялайтын "Жалын" баспасы ашылып, баспаның жанынан респ. жабық кәдеби конкурс өткізіліп, балалар әдебиетінің одан әрі өркендеуіне айрықша әсер етті. Осы жылдары жазылған М. Әлімбаев, Қ. Мырза Әлі, Т. Молдағалиев, Е. Өтетілеуов, т.б. өлеңдері нақтылығымен, оқиғалығымен, танымдық мәліметтердің молдылығымен балалар үшін бағалы базарлық болды. Бұл жылдардағы балалар әдебиетінің проблематикалық сипаты да айрықша. Қ. Омаровтың, Р. Әбілқадырованың, Н. Дәутаевтың, Қ. Түменбаевтың, т.б. балаларға арналған туындыларында кейіпкерлер өздеріне етене табиғи ортада танылуымен бірге заманымыздың көкейкесті мәселелеріне араласады, шешудің жолдарын іздейді.
2. С.Торайғыров, С.Сейфуллин, Б.Ш.Иманбаеваның шығармашылығына шолу жасау. Сұлтанмахмұд Торайғыров шығармашылығы Оның шәкірттік кезеңдегі өлеңдері (1907 – 11) көркемдік тұрғыдан кемшін түсіп жатқанымен, жас ақынның қоғамдық құбылыстар мәнін түсінуге деген ұмтылысы мен өлең тілімен сурет салуға бағытталған талабын танытады. Ол қоғамдағы әділетсіздік пен әйелдердің ауыр тағдыры, діни оқудың схоластикалық сипаты жайлы жазды. Байлық пен кедейліктің теке-тіресін бай мен кедей ұлының өмірі арқылы көрсетуге тырысқанымен, бұл талпынысы биік ақындық талант пен саяси көзқарасты таныта алмады. Торайғыров 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. “Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады”, тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді (“Осы да әділдік пе?”, “Бір адамға”, т.б.). Ол өмір шындығын көркем бейнелей келе, қазақ өлеңінің мазмұнын кеңейтті, сырға толы лирикалық жырлар туындатты. Көптеген әңгіме, очерктер, әдеби-сын мақалалар жазды, екі роман (“Қамар сұлу”, “Кім жазықты?”), төрт поэмасын “Таныстыру” (1917 – 18), “Адасқан өмір” (1918), “Кедей” (1919), “Айтыс” жариялады. Торайғыров “Қамар сұлуда” әйел теңсіздігі мәселесін көтере отырып, дәуір шындығын әлеум. тұрғыда талдаса, “Кім жазықты?” романында ауыл өмірінің шындығын жан-жақты суреттей келе, қазақ халқының шаруашылық тұрғыдан дамымағанын, талапсыздық пен шаруаға қырсыздықты, жалқаулықты, алауыздықты сынайды. Сәкен Сейфуллин шығармашылығы Ең алдымен, тарих пен әдебиетінің ара жігін ажыратып, бірі - дәлелдей түсіндірсе, екіншісі - суреттеп кернететіндігін, яғни «Шортанбайдың «Зар заманын» оқысақ, билеуші таптың әкімшілігінен айырылып зарлағанын білесің. Абайдың сезін оқысаң, сары тонға оранып шолтаңдаған бай, байдың малын бағып, жыртық купенің ішінде бүрсеңдеген кедей кез алдыңа елестеп келеді» деген баяндауларда таптық танымның түтінін оңға бұра бастағанын байқаймыз. Абайға арнаған монограф. тараудың «Ақынның балалық шағы» белімін Кәкітай баяндауына негіздей өрбітсе, «Абайдың орыстың және басқа елдің жазушыларымен танысуын» арнайы әңгімелейді. «Кей аудармаларының көркемдігі ана ақындардың түп сездеріне кем болмағандығын» айта келіп, «Абайдың қартайғандағы арманын» - ғылым-білім мен ұрпақ қамына тәуелдейді. «Абайдың елеңі» деген белімде «іші алтын, сырты күміс - сез жақсысын» талап еткенін, жаңа эстетика. норма орнатқандығын айта келіп, Абай «қазақ әдебиетінде ұлы қазына дерлік мұра қалдырды. Осы мұраны Ленинше ұғып, пайдамызға асыру біздің әдебиетіміздің міндеті» деген тұжырымға келеді, «Аттың сыны», «Аңшылық туралы», жылдың төрт мезгіліне арналған елеңдерін оқушы ерсіне лайық баяндай талдап, ақындық шеберлігіне тоқталады. «Тіл ретінен Абайдың шығармалары кеп пайда береді. Қазақ тілінің барлық байлығын, барлық тұлғасын Абай шығармалары толық көрсете алады. Сондықтан да Абай шығармаларының мәні зор. Онан қазақ тілін сұлулап, көркем нақыстап, әдемі кестелеген әсерлі жыр, сұлу, күйлі елең қылып шығару ретінде де Абай үлгі-ернек болатын үздік шебер ақын екендігі белгілі» деп ой түйеді. Абайдың ақындық шеберлігіне шаң жуытпаудың үстіне сол кездегі қызыл көздердің көңілін табу үшін «Ескі тұрмыспен, ескі санамен танысу үстінде Абайдың шығармаларының мәні зор» деп те қояды. Ұлы ақынның үлгі-өнегесінен кез жазбауға шақырып, әрқашан қадір-құрмет тұтуды жас ұрпаққа ұғындырады. Б.Ш.Иманбаева шығармашылығы Ақынның өмірі мен өлеңдері туралы алғашқы зерттеу еңбегін Нәзипа Құлжанова жазды. Ол ақын қайтыс болғанына жеті ай болғанда, 1927 жылдың наурыз айында «Әйел теңдігі» журналына «Ақын Шолпан» деген мақала жариялады. Онда Нәзипа: «Шолпан ақын еді. Көбіне әйел мұңын жырлады. Ойына алған сөзді еркін жазатын түрі бар еді. Тәлім-тәжірибесі аздығы өрісін кеңейттірмей келді. Ол кездері қазақ кітабы тіпті аз. Орыс жазушыларына тілі жетпей, Шолпанның ақындығы арманда кетті», деп өкінішін білдірген. Сара Есова 1927 жылы «Әйел теңдігі» журналының редакторы болып қызмет істеп жүргенде ақынның еңбектерін жинақтап, алғы сөз жазып, Нәзипа Құлжанова екеуі «Таңдамалы өлеңдер» деген атпен Қызылорда қаласында кітап етіп бастырып, жарыққа шығарған. Сол кітапқа Сәкен Сейфуллин «Таныстыру» деп аталатын шағын ғана беташар мақаласында: «Үзілген қызғалдақ, қиылған көк шыбық қалды көміліп топырақ астында, Өзі өлсе де Шолпанның сөзі қалды артында» деп жазыпты. Ақын қыздың кітабы 1950 жылы екінші рет басылады және 1971 «Жазушы» баспасынан қайта басылып шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет