1 билет Балалар әдебиеті туралы түсінік


С.Торайғыров, Оқу-білім тақырыбына жазған өлеңдеріне талдау



бет21/30
Дата02.06.2023
өлшемі95,8 Kb.
#98103
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30
Байланысты:
балалар әдеб экзамен

3. С.Торайғыров, Оқу-білім тақырыбына жазған өлеңдеріне талдау. Оқу Бүгіндегі жастарға оқу міндет, Тек кана оқуменен өнер білмек, Өнер-білім, адалдық, ар-намысты Жоятын надандық қой емсіз індет,- демекші Сұлтанмахмұд Торайғыров атамыздың өлеңдері қараңғы адамның көзін ашу,сауатты болу, бар қиындықты оқу жеңетіндігі туралы және надандықты жеңу туралы болатын. Оқу-білім туралы тағы да «құлағым бітелген жоқ», «жақсылық көрсем өзімнен», «шәкірт ойы», «шығамын тірі болсам адам болам» атты –өлеңдері бар
18-билет
1. С.Дөнентаевтың өмірі.Шығармашылығы. Сәбит Дөнентаев (1894—1933) — қазақ ақыны. Оның поэзиясы терең мазмұнды, ойлы болумен бірге көркемдік қырларымен, өзіндік өзгешеліктерімен де ерекшеленеді. Ең алдымен ақынның көптеген өлеңдерінде нақтылық сипат, тұжырымдылық басым. Оның поэзиясының тілі таза, қарапайым және сонымен бірге бейнелі де көркем. Сәбит поэзиясында сырттай жарқылдақтық, асқақ лептілік жоқ. Ол өмір шындығын боямасыз қалпында, реалистік сарында суреттейді. Ақын ойға жомарт, сөзге сараң болуға кеп көңіл бөледі... Сәбит Дөнентаевтың шығармашылығына Абайдың, Крыловтың, Тоқайдың өлеңдері, мысалдары әсер еттi. 1913 жылы «Айқап» журналында Сәбит Дөнентаевтың «Қиялдарым» өлеңi шығады. Бұл журналда кезінде Сұлтанмахмұт Торайғыров және тағы басқа қазақ ақындарының өлеңдерi шыққан. 1915 жылы Yфi (Уфа) қаласында Сәбит Дөнентаевтың «Уақ-түйек» деген өлеңдер жинағы шығады. Ақын өз халқын қамын ойлап, оның өмірі, тағдыры, халі, тұрмысы туралы өлеңдер жазған, сатира ақыны болып, елін зорлайтын байлар мен патша өкіметіне күледі, әділет туралы ойлайды. Ақынның «Бозторғай», «Көк төбетке», «У жеген қасқырға», «Екі теке» мысалдары бар. Бұл еңбектері Крыловтың шығармашылығының ақынына әсер еткенінен жазылған. «Биік тау», «Заман кімдікі» әділет туралы ойлайтын-толғайтын азаматының мұңдары. «Қазақтан шыққан білгендер» — жастарға үгіт-насихат. «Көркемтай» повесті жетімнің тағдыры туралы.
2. Аң-құстарға негізделген мысалдарын талдау. Мысалдың тақырыбы сан алуан, кеиіпкерлері- аң, құс, балық, өсімдік дүниесі, кеиде оқиғаға адам да қатыстырыла алады. Негізгі сюжетке қоса, нақыл түрінде келетін түйіндемесі де болады. Кеиіпкерлерді сөйлестіру- диалог тәсілі жиі қолданылады. Баяндауы ширақ, жинақы, тілі қарапайым келеді. Жанры жағынан ғибратты уағыздық сарындағы дидактикалық әдебиетке жатады, кеиде мысқыл сықақ үлгісіне ауысады. Жазба әдебиетінде өлеңмен жазылған мысқыл кеңінен орын алды. Түп төркіні хаиунаттар туралы тұспалы мағынасы бар ертегі, қысқа әңгіме нұсқалармен жалғасып жатыр. Уағыздап, нақтылық айту тәсілі жағынан халықтың мақалдарымен, нақыл сөздерімен де ұштасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет