1.Делбе ауруы туралы эпизоотологиялық мәліметтер, өту кезеңдері. Жылқының делбесі немесе жұқпалы энцефаломиелит (Encephalomyelitis enzootica equorum, инфекционный энцефаломиелет лошадей) – орталық жүйке жүйесі мен ішек-қарынның зақымдануымен, дененің сарғаюы және жоғары өлім көрсеткішімен сипатталатын, жіті өтетін ауру. Делбенің қоздырушысы тоговирустар тұқымдастығының альфа және флавивирустар туыстастықтарына жататын арбовирустар. Көлемі 8-130 нм, дөңгелек, сопақша, сирегірек таяқша тәрізді болады. Жылқының энцефаломиелитінің қоздырушысы «маса» арбовирустарына жатады, өйткені, осы жәндіктердің куликоидтар тұқымдастығының денесінде өсіп-өніп, сілекей бездерінде шоғырланады. Кептірілген делбе вирусы тоңазытқышта 2-4°С-та 4-12 жыл, 30% глицеринде 14-18°С-та 3-6 ай, қараңғы қорада 10°С-та бір жыл бойы сақталады, Күн сәулесі 4-8 сағат, 65°С-та 10 мин., қайнатқанда бірнеше секундта, кәдімгі дизенфектанттар 10 мин. ішінде вирустың белсенділігін жояды.
Жылқы жасы мен қоңына қарамастан делбеге шалдыға береді. Лабораториялық хайуанаттардан онымен үй қояны, мысық, ақ тышқан т.б. ауырады, бұл ауру қоздырғышының әрбір түрінің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты.
Делбе әдетте ауру жылқы арқылы жұғады.Оның етек алуына түрлі қан жұтқыш жәндіктер (гематофагтар) септігін тигізеді. Делбе сау жылқыға ауру жылқымен жанасқан кезде, сондай-ақ вирус тамған азық, суат, қора-жай және күтім құралдары арқылы жұғады.
Достарыңызбен бөлісу: |