12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет61/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   183
8.2. Басылым бояулары

Бояу жасау процесі физика-химиялық байланыстармен, әртүрлі қосымшаларды қосып бояудың жеке қасиеттерін өзгертуге мүмкіндік береді (жұқалтыр қабыршықтану (пленкообразователь)). Осы жұмыстардың барлығы да арнайы өнеркәсіптерде – қажетті жабдықтары бар бояу зауыттарында жасалынады.


Басылым бояуы, негізінен, мыналардан тұрады:

  • бояғыш заттар (пигменттер және бояғыштар;)

  • байланыстырғыш заттар;

  • қосымша заттар мен көмекші заттар;

  • еріткіштер.

Сонымен бірге, бояуға қосымшалар қосылып, оның қасиеттерін реттейді, мысалға, сиккативтер (бояуға қосылатын құрғатқыш зат) және антиоксиданттар (тотықтырмағыштар) – таңба бетіне бояудың беку жылдамдығын өзгертеді; түстер — бояулардың оптикалық (түстік) түзету үшін заттар т.б. енеді.
Бояғыш заттар былай бөлінеді:
- пигменттер - органикалық және бейнеорганикалық, түрлі-түсті, тасымалдағыш жүйеде ерімейтін молекулярлы түріндегі ақ және қара субстанциялар (түп негізі, негізі);
- бояғыш лактар – суда еритін органикалық бояғыштардың ерімейтін күйге айналуы.
Пигменттер — бұл жоғары дисперсиялық ақ түсті, түрлі түсті немесе қара ұнтақтар, суда және органикалық еріткіштерде ерімейді. Олар бояуға түс және басқа да қасиеттер беретіндіктен қосылады. Басылым бояуын дайындау үшін бейорганикалық және органикалық пигменттері мен бояу лактарын пайдаланады. Бейорганикалық пигменттер - бұлар кейбір металдардың (мырыш тотығы, аллюминий тотығының гидраты) ерімейтін ақ немесе түсті тұздары мен тотықтары. Олардың ассортименті өте аз, олар ақ және кейбір түсті бояуларды даярлау үшін қолданылады.
Негізгі бейорганикалық пигменттер:
- ақ пигменттер (мысалы: титанның кос тотығы);
- металдандырылған пигменттер (алтын немесе күміс түсті қола);
- жылтыр (перламутровый) және сәуле шығаратын пигменттер (күндіз жылтырайтын бояулар үшін).
Бейорганикалық пигменттерге, сонымен бірге, жұқа – дисперсиялық жағдайдағы кейбір металдар мен қоспалар (аллюминий мен қоланың (бронза)), күйе (техникалық көміртегі) жатады, соңғысы қара түсті майда диспериялық пигмент болғандықтан, қара бояуларды даярлау үшін қосады. Қара бояулар барлық шығарылатын баспа бояуларының жартысынан көбін құрайды.
Органикалық пигменттер бензол, толуол, ксенол, нафталин және басқа да заттардан жасалынған жоғарғы дисперсиялық қосындылар болып табылады.
Полиграфиялық өнеркәсіптерде органикалық пигменттер жоғары маңызға ие, олар үштік (триадной печати) бояулардың түс реңін қамтамасыз етеді. Түсті және қара (күл) пигменттерді айыра білу қажет, олар түрлі-түсті бояулар дайындауда қолданылады.
Бояғыштар — ерітіндімен қоршаған молекулалар (сұйық-негіз). Әрбір молекуланың фотондарды (элементар бөлшек) жұту мүмкіндігі бар, бояғыштар түстерінің жоғарғы қанықтылығы және бояуларының анықтығымен ерекшеленеді.
Бояу лактары (пигменттерден ерекшелігі) — бұлар металл тұздарының (немесе басқа заттардың) әсерінен ерімейтін жағдайда келтірілген суда еритін органикалық бояғыштар. Олар, сонымен бірге, түрлі-түсті, сонымен қатар басу бояуларына қарағанда ашықтығы 1,5-3 есе артық күндізгі флюоресценттік бояуларды даярлау үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет