12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы



бет62/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   183
Байланыстырушылар - бұл шайырлардың майдағы немесе органикалық еріткіштердегі ерітінділері. Олар пигментті басылатын бетке бекітіліп, онда бояу қабатын түзеді, сонымен қатар, бояуға басу қалыбын жұқа қабатпен жабу және басылым процесінде қабылдаушы бетке өту қабілетін береді.
Басылым бояуын алу үшін, байланыстырғыштардың әртүрлі физика-химиялық механизмдерді басылатын бетке бекітудің әр түрлі топтарын пайдаланылады, мысалы:
- шектелмеген қышқылдарының күрделі эфирлері, полимерленген құрғақ өсімдік майлары (көбінесе, зығыр майы), синтетикалық алкидтік байланыстырғыштар (көпатомды спирттен алынған дикарбон қыщқылы;
- шайырдан тұратын фирнистер (битум, эфир, канифоль т.б.) ұшпайтын еріткіштегі минералды май (машина, трансформатор) т.б.
- бір немесе екі шайыр ерітіндісі (битумды лак, фенол-формальдегидті шайыр)ұшып кететін органикалық еріткіштер (бензин, толуол, спирт);
- шайырдан, еріткіштен (тунг майы) және сұйылтқыштан (керосин фракциясы) тұратын көпқұрамды лактар.
Байланыстырғыш заттарда пигменттер ұсақталып ұнтақталады. Пигменттің бөлшектерін қоршаған байланыстырғыш заттан құрылған қабат оларды агломераттарға бірігуге және шөгуге алып келетін байланыстардан қорғайды. Байланыстырғыш заттар басылым материалдарында кеуіп, пигменттер бекиді.
Қосымша материалдар. Бояуға қосылатын қосымша материалдар түрлері басылым әдісіне сәйкестеніп алынады. Бояуға қосымша заттар мынандай жағдайларға: оның кебуіне, ағуына, бояудың өшуге беріктігіне байланысты қосылады.
Еріткіштер - жоғары және офсеттік басылымдарда бояуларды сұйылту үшін қосатын ұшатын заттар (мысалға, минералды май), ойыңқы басылым бояуы үшін толуол қажет.
Басу бояулары ыдыстан басылым материалына басылым тәсілімен анықталған әдіспен «тасымалдануы» керек. Бояудың тасымалдануы былайша жүргізіледі:
- бояу біліктерімен, басылым қалыбы мен резіңке төсем аралығында (офсеттік және шығыңқы басылымда) баспа-таңба алу жолында бояудың бөлінуі;
- бояу қабатын тікелей тасымалдаушыдан басылым материалына (ыстық өрнек, термотасымал) көшіру;
- бояуды тордағы тесіктер арқылы қысу (трафареттік басылым);
- бояуды басылым материалына бүрку (үздіксіз басу) арқылы іске асырылады.
Басылым бояуларының басты қасиеттерін негізгі төрт топқа бөліп қарастырамыз: .
- оптикалық қасиеті;
- басу-техникалық қасиеті;
- басудың баспа-таңбада бекуі;
- баспа-таңбада бояудың өшуге төзімділігі.
Басылым тәсілдеріне карай зауыттар ақ, қара және түрлі-түсті бояуларды шығаруға мамандандырылған.
Торжок полиграфия бояулар шығаратын зауыттар кең құрамда мынадай: шығыңқы, офсеттік, ойыңқы, трафареттік, флексографиялық т.б. басылым әдістері үшін бояулар шығарады. Газеттік бояулар жоғары басылым үшін, түрлі-түсті сериялар мен қара бояулар жылдамдығы 30мың айн/сағ құрайтын рулондық ротациялық машиналарда өте жоғары жылдамдықта басылатын кез-келегн газет басылымдары үшін қолданылады.
Газеттік бояулардың негізгі сипаттары:
- қағазға сіңіру арқылы жылдам бекуі;
- жоғарғы жиілігі;
- басу кезінде шаңнің болмауы;
- парақтың арғы жағына өтіп кетпеуі.
Газет бояуларының пигменттенуі өте жоғары (30%). Олар еріткіштің ұшып кетуіне байланысты тез кебеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет