12 I тарау. Полиграфия және полиграфиялық өнім туралы


Басылым процесінің негіздері



бет63/183
Дата20.02.2023
өлшемі62,04 Mb.
#69576
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   183
8.3. Басылым процесінің негіздері

Басылым — басу бояуларын бейнені тасымалдаушының көмегімен (басылым қалыбы) қағазға немесе басқа да басылым материалына ақпаратты (бейне, графика, мәтін) көп мәрте ұдайы өндіру процесі болып табылады.


Жаңашыл басылым — физика, химия, инженерлік ғылым және информатика саласындағы жаңалықтарды ашу мен өнертапқыштыққа негізделген. Компьютерлік техника мен ақпараттық технологиялар соңғы жылдары полиграфия мен басылым процесіне белсенді ықпал жасауда.
Басылым процесінің негізгі міндеті басылым қалыбындағы бейнелерді (мәтінді, бейнені, кесте, сұлба) дәл, ұдайы өндіру болып табылады.
Баспа өнімдерін шығаруды ақпаратты өңдеу жүйесі деп есептеуге болады, жүйе ішінде ол өзгерістерге ұшырайды да, әр түрлі, яғни, слайд, пленкадағы негатив, сандық (цифровая) файл, суретқалып, басылым қалыбы, баспа-таңба, баспа табағы т.б. сияқты тасымалдаушылар ретінде болады. Тасымалдаушы ақпаратты пайдалану түрі басылым әдісіне тәуелді.
Басылым өнімдерін ұдайы өндіру үшін, әртүрлі басылым әдістері мен түрлері қолданылып, олар бір-бірінен басылым қалыбындағы баспа және ашық элементтерінің орналасуы мен бояу қабатын ұдайы өндіретін бетке тасымалдаумен ажыратылады. Негізгі үш басылым әдістерін қарастырамыз: шығыңқы, жазық, ойыңқы.
Шығыңқы басылымда баспа-таңба алу үшін қалыптың баспа элементіне (1) баспа бояуының жұқа тегіс қабатын (2) жағу керек, қалыпқа қағаз (5) беріледі де, қысым арқылы секундтың бірнеше бөлігінің ішінде үстінен (3) серпімді созылмалы қақпақ — декельдің (4) көмегімен баспа-таңба шығады.
Декель өзінің серпімді деформациясының арқасында машинаның басылым қондырғысындағы, басылым қалыбындағы метрлік дәлсіздіктер мен қағаз бетінің микротегісеместігінің орындарын толтырады. Қағаз бен басылым қалыбының түйісу аумағында күрделі физика-химиялық және физикалық құбылыстар болады. Бояу қағаздың бетін сулап, оған жағылып, қағаз бетінің кедір-бұдырларын толтырып ішінара оның капиллярына енеді. Сонымен қатар, қысым арқылы басылым элементтер арқасында қағаз өзгеріске ұшырап тегістеледі. Қысым тоқталғаннан соң, қалып пен қағаз түйісу аймағынан шығып, баспа-таңба қалыптан ажырайды. Бояу қабаты осы кезде ортасынан бөлінеді. Қалыпта қалған бояу үстіне жаңасы жағылады да, қағаздың бетінде қалған бояуда жабысқақтық қабыршық (адгезия) пайда болып, жұқа пленка (2-3мкм) түрінде бекиді.
Ойыңқы басылымның негізгі ерекшелігі болып басылым қалыбының ашық элементтері бір жазықтықтың бойында орналасады да, ал баспа-таңба беретін элементтері төменде, сонымен қатар, бейненің солғын бөліктерінде баспа элементтерінің деңгейі жоғарылау, ал бояу қалың жұғатын элементтері төмен орналасады. Сондай-ақ, негізгі ерекшелігі басылым машинасының жұмыс істеу жағдайында цилиндр бояуы бар ыдысқа батып тұрады, сондықтан бояулар басылым қалыбының бетіне түгел жағылып, ракельмен ашық элементтерден, ішінара баспа элементтерден алынып тасталады. Басылым қалыбының басылатын материалмен түйісу процесінде бояу жағылады да, бір бөлігі сонда қалады. Бұл жағдайда жабысу күші (адгезия) басылатын материал мен бояу арасындағы молекулаларының (атом, иондар) бір-біріне тартылып, жабысуы (когезия) жоғарырақ болады. Бояу қабатының қалыңдығы бейненің реңдігіне қарай, баспа элементтерінің тереңдіктері әртүрлі басылым қалыптарын қолданғанда 0,2-0,3тен 4,5-5,0ге дейін ауытқып отырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   183




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет