Тәуке хан барлық өмірінде белсенді сыртқы саясат жүргізді. Әкесінің кезінде Қашғарияға
елшілікті басқарды, Қазақ және Бұхара хандығының арасындағы соғысқа жол бермеді,
Қазақ хандығының Ресеймен жақындасуына ықпал етті.
1686-1693 ж Тәуке хан Ресейге бес елші жіберді. Тәуке ханның Ресеймен достық қарым
қатынас орнату жөніндегі хаты сақталған. Сонымен бірге, Ресей үкіметінің қазақ
хандығын, немесе оның жекелеген руларын бодандықа айналдыру, ниеттері, қазақ
билеушілерінің есебінде болған жоқ.
“Жеті жарғы”-ны жазуға Төле би – Ұлы жүзден, Орта Жүздің – Қазыбек би, Кіші Жүзден
– Әйтеке би қатысқан, енді бір деректерге қарағанда Тәуке хан Құлтөбеге (Сырдария
облысы) жеті биді шақырып, осы билер Қасым хан мен Есім ханның бұрынғы салт
дәстүрлерін біріктіріп, жаңа дәстүр “Жеті жарғы” пайда болды делінген.
Қылмыстық құқықтық тәртіп төмендегідей қылмыстарды қарастырған: кісі өлтіру, залал
келтіру, мертігу, зорлау, ұрлық, ұрып-соғу, қорлау, т.б. Бұлар үшін жаза – қанды кек
болып белгіленген. Жазадан құтылуға – құн (сатып алу) төлеу. Өлім жазасы: дараға асу
немесе тас лақтырып өлтіру - әйелі күйеуін өлтірсе, немесе әйел некесіз туған баланы
өлтірсе, құнның мөлшері: мысалы, қарапайым еркекті өлтірсе, туыстарына 1000 қой,
әйелге – 500 қой, сұлтан немесе қажы үшін 7 қарапайым адамның құны төленген,
қылмыскердің әлеуметтік жағдайына байланысты және тек қана ол жауапты емес, оның
туыстары да жауап береді. Сонымен бірге ұжымдық жауапкершілік принципі болған.
Басқа да жазалар болған: дүниесін кәмпескелеу, христиандыққа кіргені үшін, ата анасын
қорлағаны үшін – ел алдында масқаралау т.б.
Әуелде жоңғарларға қарсы тұруда жеңіске қол жетіп келді, бірақ кейінірек, Тәуке хан
қайтыс болғаннан кейін масқара күйзеліске әкеліп соққан өзара соғыстар басталып кетті.
Жоңғар шапқыншылығы кезінде туған осынау «Елім-ай» деген зарлы ән халықтың басына
түскен нәубетті кеңінен суреттейді. Мұндай мұңды әннің шығуына негіз мол еді.
Мәселен, Абылай ханның тұжырымдауына «XVIII ғасырдың алғашқы қырық жылында
қазақ халқының үштен екіге қырғынға ұшырады. Біздіңше осынау соғысты қазақ
халқының Ұлы Отан соғысы деп атауға негіз жетіп артылады.»
Достарыңызбен бөлісу: