сұлтандарға жылына 1200 сом, тілмаштарға – 800 сом, болыс сұлтандарына – 150 сом.
Жарғы бойынша қазақтарға өз округтерінің ішінде және оның сыртында да тауарларын
шығарып сатуға рұқсат етілді. Жарғының жеке баптары сауат ашу мәселесін қарастырды.
1838-1856 жылдары сібір қазақтарының облысын басқаруды реттеу үшін бірнеше
«Ереже…» қабылданды және отаршыл әкімшіліктің қазақ даласына тереңдеп жылжи
түсуіне мүмкіндік берді. Патша әкімшілігі шенеуніктерінің жергілікті жағдайды дұрыс
білмеуі, әкімшіліктің Орта жүздегі хандық билікті жою үрдісін тездетуге ұмтылуы,
басқарудың жаңа құрылымын енгізуі қазақ қоғамының жікшілдікке ұшырауына және
үкіметке қарсы көңіл-күйдің пайда болуына әкеліп соқты. Ол қазақ халқын өз мүддесін
қорғауға шығарып, Қазақстанның барлық аймақтарында ұлт-азаттық көтерілістер орын
алды.
1824 ж. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен даярлаған «Орынбор қырғыздары туралы»
Жарғы кіші жүзде жүзеге асырылды. Бұл реформа барысында Кіші жүздегі хандық билік
жойылып, оның территориясы: Батыс, Орта және Шығыс болып үшке бөлініп, Орынбор
генерал-губернаторлығына бағынды. Бұл бөліктердің басында аға сұлтандар тұрды.
Бірінші аға сұлтандар: Қаратай Нұралыұлы, Темір Ералыұлы, Жұма Құдаймендеұлы
болды. Аға сұлтандардың жанына Ресейдің «көзі мен құлағы» саналған 200 адамнан
тұратын казак-орыс отрядтары берілді. Сұлтандарға жылына 1200 сом жалақы
төленді.1824 ж. Жарғы бойынша құрамында төраға, төрт кеңесші және төрт ауқатты
қазақтан тұратын шекаралық комиссия құрылды.
1822 ж. Жарғыдан айырмашылығы Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап аға
сұлтандарға дейін сайланбайтын болды, оларды шекаралық комиссияның ұсынысымен
Орынбор генерал-губернаторы тағайындады.1831 ж. дистанциялар мен старшындықтар
ұйымдастырыла бастады. Батыс бөлікте – 8, Ортада – 20, Шығыста – 28 дистанция
құрылды. 1837 ж. 1 сом 50 тиын күміс ақшамен түтін салығы енгізілді. Сұлтандар,
старшындар және молдалар салықтан босатылды.
1844 ж. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қабылданды да, ол бойынша орыс
шенеуніктерінен жергілікті әкімшілікті қадағалайтын «қамқоршылар» қызметі енгізілді.
Қазақтардың ру-тайпалық бөлінісі ескерілмеді, ауылдардың өз бетінше қарекет етуі
мүмкін болмай қалды.
Осылайша, Ресей империясы Қазақстанды өз отарына айналдыру үшін хандық билікті,
яғни, қазақ мемлекеттілігін жойып, орнына орыстың әкімшілік-территориялық басқару
жүйесін енгізді. Алғаш Кіші жүз қазақтары шекаралық комиссия арқылы басқарылды, ал
Орта жүз қазақтары шекаралық басқармаға бағынды. Кейін 1822-1824 жж. Ресей
империясы Орынбор және Сібір ведомстваларының территориясында тұратын Кіші және
Орта жүз қазақтарын басқару туралы Жарғыларды қабылдады.Осы және одан кейін
жалғасқан ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы реформалар патшалық Ресейдің қазақ
жерлерін одан әрі отарлау үшін жағдай жасады. ХІХ ғасырдың 60 жылдарының аяғына
қарай қазақ даласы тұтастай Ресей империясына бағынышты болды және жаңа заңдар
қабылданып, Ресейлік басқару жүйесіне қарай жақындатылды.
Достарыңызбен бөлісу: