42-М.Әуезов әңгімелері мен «Абай жолы» романы.
Мұхтар Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Әуезовтің шығармашылығында "Абай жолы" романының орны бөлек. Әуезов Абайдай ұлт мақтанышын дүниежүзіне танытқан қаламы қарымды қаламгер. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясы әлемдік деңгейде "ХX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі" (Луи Арагон) деген жоғары бағаға ие болды.
Алайда "Абай жолы" оңай жазыла салған шығарма емес. Әуезов кесек туындыны дүниеге әкелу үшін талай мұрағатты ақтарып, қаншама адаммен сырласып, ұйқысыз түндер өткізді. Роман жарық көргеннен кейін де, қайта-қайта қудаланып, сынға ұшырады. Бірақ жазушы еш мойымады.
Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясын жазуға 30 жыл уақыты кетті. Он тоғыз жасынан Абай туралы жазуды ойға алып, он жеті жыл үздіксіз ізденіп, он екі жыл ішінде жазып шықты. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын "Абай" (1942, 1947), одан кейін мұның жалғасы ретінде "Абай жолы" (бұл да екі кітаптан тұратын, 1952, 1956) романын жазды. Осы төрт томнан тұратын "Абай жолында" қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды.
Өзінің ақындық өнер жолын 20 – жылдардан бастаған Өтебай Тұрманжанов Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданына қарасты Жалғызағаш деген жерде, 1905 жылы кедей шаруаның семьясында туған. 1922 – 1925 жылдары Өтебай Москвадағы Күншығыс еңбекшілері университетін біті ріп, Ташкентке қайта оралады. Өтебай Тұрманжановтың тұңғыш шығармалары 1922 жылдан бастап, Ташкентте шығатын «Жас қайрат» журналында басыла бастады. Өтебайдың балаларға арналған шығармалары да өз алдана бір төбе. 1952 жылы «Қарлығаш», 1959 жылы «Сұңқар түлектер» деген балаларға арналған өлеңдер жинағын шығарды. Мұнда «Қызыл құмның құпиясы», «Қарлығаш, дәуіт, жылан», «Жолбарыс», «Төрт өгіз туралы ертегі», «Жолаушы мен жеті қасқыр», «Аю мен аралар», «Қарлығаш, көкқұтан», «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос құдалар», «Көктем көріністері» тағы басқа толып жатқан ертегілер, поэмалар, мысалдар, өлеңдер бар.
Өтебай Тұрманжановтың балалар әдебиеті саласында көтерген екінші үлкен тақырыбы – балаларды еңбекке баулитын, еңбек зейнетін суреттейтін өлеңдері. Еңбекке деген әркімнің әр қилы көзқарасын және соған тікелей қатысуын Өтебай әр алуан тәсілдермен суреттелетін кішкентай кейіпкерлері арқылы танытады. Балалар әдебиеті ерекшеліктерінің бірі әрқашан белгілі бір оқиға айналасында ақиқатты дәл, нақтылы суреттеу. Сондықтан да Өтебай өлеңдері жас өспірімдерге ерекше жақын әрі түсінікті.
Достарыңызбен бөлісу: |