1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея


-С.Сейфуллин өлеңдері мен «Көкшетау» поэмасы



бет46/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   92
Байланысты:
1. деби теориялы ым. Та ырып пен идея

41-С.Сейфуллин өлеңдері мен «Көкшетау» поэмасы.
Сейфуллин Сәкен (Садуақас, 1894-1938) - қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері. Туып-өскен жері - Қарағанды облысының Шет ауданына (бұрынғы Жаңаарқа ауданына) қарасты Ортау кеңшарының Қарашілік қыстағы. Саяси репресияның құрбаны болған. Нілдідегі орыс-қазақ және Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде (1905-1908), үш класстық қалалық училищеде (1908-1913), Омбыдағы мұғалімдер семинариясында (1913-1916) оқыған. Омбыда қазақ жастарының Бірлік қауымын, Ақмолада Жас қазақ ұйымын ашып, Тіршілік газетін шығаруды ұйымдастырған.
Сәкеннің алғашқы өлеңдер жинағы Өткен күндер деген атпен 1914 жылы жарық көрді. Поэзиялық туындыларының ішінде Сәкеннің шығармашылық ерекшелігі мен идеялық-саяси ұстанымын бедерлі айғақтайтын туындылары – «Кел жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Жұмыскерлерге», «Жолдастар» сияқты саяси лирикалары, сондай-ақ «Советстан», «Көкшетау», «Альбатрос», «Социалистан», «Қызыл ат» поэмалары. Проза саласында «Жер қазғандар», «Айша», «Біздің тұрмыс», «Сол жылдарда», «Жемістер» поветері мен «Тар жол тайғақ кешу» мемуарлық роман жазған. «Бақыт жолында», «Қызыл сұңқарлар» драмалары өз заманының рухын танытатын елеулі шығармалар.
Сәкен шығарған әндер халықтық дәстүрді тұғыр ете отырып, дүниеге өзіндік даралық сипаттармен ерекшеленеді.
Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасын 1925 жылы бастап, 1928 жылы аяқтаған. «Көкшетау» поэмасы біздің мәдени мұрамызға жаңа дәуір тудырған тамаша туындылардың бірі. Поэма 1929 жылы жарық көрді. «Көкшетау» – Сәкен поэмаларының ең көлемдісі. Композициясы күрделі, бірнеше сюжетті желіден тұратын, көркем бейнелі шығарма. Автор табиғаттағы дыбыс пен қимылды, ондағы сұлулықты, Абылай хан заманын, қазақ еліне жан-жақтан жасалған қысым жайында адам мен табиғатты салыстыра жазады. Поэма сюжеті қазақ жеріне басқыншылық саясат жүргізіп, әлсін-әлсін бүйірге найза тіреген, тынышсыз көрші қалмақтармен есеп айырысу кезінде қолға түскен тұтқын қыз төңірегінде өрбиді. Еркіндік аңсаған қыз ақыл мен өр мінезінің арқасында дегеніне жетеді. Ақыл-ой, сезім-қайрат, терең адамгершілік иесі Абылай хан қалмақ қызына бостандық береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет