1.Әдеби теориялық ұғым. Тақырып пен идея



бет77/92
Дата23.09.2022
өлшемі0,76 Mb.
#39995
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   92
Ж.Жабаев 1941 жылдың басында «Кәрілік» атты өлеңінде «Босатып буынымның шегелерін, Сыпырып тұла бойдан күшімді алды» деп кәрілікке мойын бере бастаған ақын 15 республикадан құралған мызғымас Кеңестер Одағына фашистік германия тұтқиылдан шабуыл жасағанда қаламын қолға алып, қайтадан қайраттана, жігерлене түсті. Бұл тұста Жамбыл ақын жауға қаламмен қарсы шығып, «Ата жаумен айқастық», «Өлім мен өмір белдесті», «Ленинградтық өренім!», «Москваға», «Аттан, батыр, ұрпағым», «Кеңес гвардеецтеріне», «Кеңес жауынгерлеріне», «Майданға хат», «Сыйлық», «Тырналар қайтты көріңдер», «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Балама хат», «Воронеж батырларына», «Ленин өреніне», «Қамал бұзған қаһарман», сынды әрбір өлеңін жауға оқ етіп жаудырды. Өмір мен өлім белдескен шақта ақын қуатты жырларымен кеңес жауынгерлеріне жігер берді. Оның жырлары жыл құсындай болып майданға аттанды. Жауынгерлерге Ленинград, Москва, Сталинград сынды ірі қалаларды жау қолына бермеңдер деген ақын жырларында өршілдік рух басым. Кеңес жауынгерлеріне қайратына қайрат, жігеріне жігер қосқан өлеңдерінің ішінен «Ленинградтық өренімді» ерекше атауға болады:
Ленинградтық өренім,
Мақтанышым сен едің.
Нева өзенін сүйкімді,
Бұлағымдай көремін…
Уа, қаһарман, өренім,
Мақтанышым, беделім!..
Қаласындағы Лениннің
Сайып қыран, өренім!
Ұлы Отан соғысы жылдарында патриоттық рухта жазылған толғаулары үшін КСРО Халық Комиссарлар кеңесі 1941 жылы Мемлекеттік сыйлық берді.
Москваға өлеңі- Москва, — жүрек тербеген,
Ойды, мыйды билеген,
Кремльдің сарайын
Бір емес талай көрген ем,
Сол сарайға сан рет,
Тәжім етіп енген ем.
Жаздың келіп келбеті,
Гүлге оранып жер беті,
Шалқытып жанды ел бағы,
Кәрі жырау мендағы —
Москваға өрлеген
Жырды, сөзді арнағам,
Дауыстап шешен пернеден!
Жапырақ түсіп сарғайып,
Шуылдап күзгі желменен,
Күздің көзі қыраулы,
Қара суық гулеген, —
Сауытты құрыш Москвам,
Ұштасып жаумен асқынған,
Қаскүнем аңның тобымен
Айқастың шығып көлденең!
Тастүлектей тобыңмен,
« Қорғасындай оғыңмен, —
Дұшпаныңды талқанда,
Қалмасын жау өлмеген,
Қуатты құрыш Москва,
Неміске қадам бастырма!


Баубек Бұлқышов «Баубек қазір Отан солдаты, майданда жүр. Қолында мылтығы, қалтасында қаламы. Елімізді қорғап, жерімізді лас­тап жүрген неміс-фашистеріне екеуі де тас шоқпардай тиеді» деп еді кезінде атақты жазушымыз Ғабит Мүсірепов. Ол 1916 жылы Қарағанды облысы­ның қазіргі Ұлытау ауданындағы Аманкелді ауылында дүниеге келді. 1935 жылы жазда оқу іздеп Алматыны бетке алды. Баспада, сол кездегі «Лениншіл жас», «Октябрь балалары» газеттерінде жұмыс істеді. 1940 жылы 20 ақпанда армияға алынды, Мәскеуде саперлер даярлайтын училищеде оқыды. Ар жағы белгілі. Соғыс. Оның басқа жауынгерлерден ерекшелігі, майдан даласында жүріп газеттерге жалынды мақалаларын жазды. Ол екі тілде – қазақша, орысша қалам сілтеді. Оның «Өмір мен өлім туралы», «Заман біздікі», «Шығыс ұлына хат», «Менің өмір сүргім келеді», «Тыңда, Кавказ!» және басқа да шығармаларын­да Отанға деген ыстық махаббат, қазақ жігітінің өмірге құштарлығы, асқақ арманы, ізгі мақсаты атойлап тұрды. «Жастар, өзіміздің заман үшін, өзіміздің жер үшін жауға оқ атайық! Заман біздікі», «Мен өмірімнің өзім үшін қымбат екенін де жақсы білемін, дүниеге мен келгелі де көп болған жоқ қой! Бірақ бұл күресте сол өмірімді аямаймын да! Аяуға да хақым жоқ деп білемін. Менде ұран біреу-ақ: ол – не өлім, не жеңіс», «Ме­нің туысқандарым өз тағдырларын ма­ған тапсырды. Ол тағдырға мен жауаптымын. Сол жауапты бере аламын да» деген секілді жігерлі, отты сөздер жауынгерлердің бойына тың күш-қайрат қосты, туған жер мен туған елге деген ықылас-пейілдерін одан са­йын арттырды. Баубек бар болғаны 28 жыл ғана өмір сүрді. 1944 жылдың 3 ақпанында жау қолынан қаза тапты. ...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет