Шығарма кейіпкерлері Қайрош Сарталиев — романның басты кейіпкері. Оның прототипіҚайырғали Смағұлов деген кісі болған. Ол 1941—45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Романда өзінің батырлығымен, ержүректілігімен, қайтпас қайсар мінезімен ерекшеленеді. Ол тек шыншылдықты, әділдік пен адалдықты қалайтын жауынгерлердің бірі. Ол туған жері есіне түскен сайын қанаттанып, көкке жүзгендей болады. Алайда соғыс оның өмірінде үлкен із қалдырады. Содан бері ол Қайрош Сарталиев алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей жан болып қалады.
Шеген — дене бітімі сымбатты келген Қайроштың алғаш қалаға келгендегі достарының бірі.
Бораш — өнерге жаны жақын, әсемдік атаулыға құштарлығы жоғары Қайроштың достарының бірі.
Володя Толстов, Самед Абдуллаев, Зонин, Гришин — Кеңес елінің ұлт өкілдерінен құралған армия жауынгерлері.
Самед Абдоллаев — әзілқой жауынгер.
Семен Зонин — алып тұлғасымен ерекшеленетін жауынгерлердің бірі.
90.ХХ ғасырдың 60-90жылдардағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері.Балалар жазушылар қаламынан туған шығармалар тақырыптарының әр алуандығы: Біріншіні 91 ден аласыңдар!!! а) бала табиғатына тән мінездердің көрініс беруі (Б.Соқпақбаев) Балаларға тәрбие берудің негізгі бір саласы – дене тәрбиесі, яғни физкультура мен спорт. Ол жас ұрпақты ұйымшылдық, тәртіптілік, табандылық, төзімділік тәрізді ізгі қасиеттерге баулып, дене құрылысымен бірге рухани байлығын өсіреді. Жас буынға спортты насихаттауда көркем әдебиеттің орны ерекше. Әдебиеттің осындай тәрбиелік маңызын ескеруден барып туындаған жазушының тырнақалды туындысы “16 жасар чемпион” повесі 1951 жылы жарық көрді. Ерінбей еңбектенген адамның әрқашанда көздеген мақсатына жететінін, арманына жету үшін қиындыққа бүгілмеу керектігін автор Мұрат бейнесі арқылы көрсетеді.Повестің ең бірінші атап айтуға тұрарлық ерекшелігі – оның тақырыбының қазақ әдебиетінде мүлдем тың, жаңа болуында. Елуінші жылдарға дейін әдебиетімізде спорт тақырыбы жеткілікті түрде сөз болмағандығын ескерсек, жазушының спорт өнері тақырыбына алғашқылардың бірі болып қалам тартып, көлемді шығарма жазуы айрықша атап өтуді қажет етеді. Б.Соқпақбаевтың аталмыш туындысына дейін сол тұстағы спорт тақырыбына жазылған көлемді шығармаға Қ.Әбдіқадыровтың “Қажымұқан” повесін ғана жатқыза аламыз.“16 жасар чемпион” 1957 жылы “Чемпион” болып, 1962 жылы тағы да өңделіп “Жекпе-жек” деген атпен жарық көрді. Шығарманың 1951 жылғы нұсқасының сыртқы құрылымына назар аударсақ, туынды “Аурушаң бала”, “Түсінбеймін”, “Тұңғыш табыс”, “Керісу, келісу” т.б сияқты тақырыпшалары бар 14 тараудан тұрады. Кейінгі нұсқаларында тақырыпшалар алынып, повесть қысқа-қысқа 55 бөлімге бөлінген.Сөйтіп, балалар әдебиетінде елуінші жылдарға дейін көріне қоймаған жаңа сипаттағы оқушы немесе спортшы бала образы Б.Соқпақбаевтың күрделі тартысқа құрылған “Жекпе-жек” туындысында бейнеленді. Жас адамның мінез қалыптастыру процесін, азаматтық жетілу жолын көрсетуге арналған бұл повесте ауыл баласы Мұрат Батырбаевтың жалықпай, қажымай, талмай, табандылықпен жаттығуының нәтижесінде бокстан әлем чемпионы атағын алуы айтылады. Повесть кейіпкері түрлі жағдайлар, қайшылықтар, күрестер үстінде толысып сомдалады.Сондай-ақ, шығармадағы физкультура пәнінің мұғалімі, спортшы, көпшілік мүддесі үшін жан сала қызмет ететін, ізденгіш жастарды әр нәрсеге еліктіргіш Николай Трофимовичтің және педагогика мен спорт дегеннің иісі мұрындарына бармайтын “Қызыл шекарашы” мектебінің директоры Тоқмолданың, ефрейтор Байғұлақтың бейнелері қаламгердің суреткерлік дарынын, өмір ақиқатын дәл, нақты көрсету шеберлігін байқатады. “Суреткер өз шығармасында не жайлы, қандай өмір шындығы жайлы ой толғағанда да, басты шындықты адам образы арқылы ғана ашып береді” (2,156) дейтін болсақ, шығармадағы Тоқмолда образы дәуір шындығынан хабар береді. Соғыстан кейінгі жылдардағы мектептердің мұғалім кадрлары шынында да ойдағыдай емес еді. Педагогикалық білімі мен тәжірибесі мол мұғалімдердің барлығы майданға аттанып, олардың орнын осындай дүмшелер басқаны ақиқат. Тоқмолдадай өте қызықты, тың бейнені сомдай алғаны жазушының сәтті табыстарының қатарында атауымызға болады. Суреткер бұл кейіпкердің мінез диалектикасын жіті талдайды. Педагогикалық істегі жауапсыздық, шәкіртке тәрбие берер ұстаздың жеке басының надандығы, білімсіздігі Тоқмолда, Байғұлақ бейнелері арқылы әшкереленеді.Қаламгердің бұл шығармасы туралы сын пікірлер, рецензия түріндегі мақалалар шығарма жарық көрген жылдардан-ақ республикалық баспасөз бетінде жариялана бастады.Бұл шығарманың кезінде көптеген жасөспірімдердің спортпен, әсіресе, бокспен айналысуына септігін тигізгені анық. Сонымен “Жекпе-жек” – үлкенге де, кішіге де тартымды, қызғылықты шығарма. Қырқыншы-елуінші жылдардағы өмірдің кейбір шындықтары, шыншыл, толыққанды адам бейнелерінің көрсетілуі повестің құндылығын арттырады.