40. Мәделі Жүсіпқожаұлы шығармаларының тақырып аясы, көркемдік шеберлігі. «Мәделінің елімен қоштасқаны», «Еш нәрсе бұл дуниеге болмас тұтқа», «Бәйтерек Байзақ едің мақтап жүрген», «Іліп алма» деген өлең-жырларында өз кезінің алуан шындығы


Көкбай Жанатайұлының Абылай хан, оның қайсар ұрпағы хақында жазған " Сабалақ" жырының заңды жалғасы - " " Наурызбай-Фатима" - ғашықтық дастан. Сондықтан да



бет4/16
Дата06.02.2023
өлшемі0,51 Mb.
#65455
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Көкбай Жанатайұлының Абылай хан, оның қайсар ұрпағы хақында жазған " Сабалақ" жырының заңды жалғасы - " " Наурызбай-Фатима" - ғашықтық дастан. Сондықтан да онда махаббат, ерлік, ел арасындағы татулық басты орын алған. Фатиманың Науанға деген сүйіспеншілігі де осы идеяға бағынған. Жеке жыр ретінде тануға болатын "Наурызбай - Фатима" ғашықтық дастаны " Сабалақ" жырының көрнекті де, көлемді бөлігі. К.Жанатайұлы осы жырды:
Сабалақ деген атпен өзін жырлап,
Әулетін өлең қылдым Абылайдың.
Шәкірті-Абай ақын, атым- Көкбай
Еркесі ем Тобықтыда Жанатайдың,- деп аяқтайды.
К.Жанатайұлының "Сабалақ" жырынан өзге де көлемді ауыз толтырып
айтарлықтай мұралары бар екендігін жоғарыда келтірдік. Олардың бірі –
"Құлынды даласы" атты дастан. Бірақ бұл поэма қазіргі таңға дейін табылмай
келеді. Көкбай ақынның тағы да бір көлемді дастаны, өмірінің соңғы шағында
жазған " Қандыжап" атты тарихи шығарма. Онда Абылай ел тыныштығын,
азаттығын ойлап, халқының болашағы үшін уайымдаған, халқының адал перзенті
ретінде суреттеледі. Өмірдегі шындықтан алыс кетпеген К.Жанатайұлы Абай
айтқандай "қазақтың мақтан қылар ерлерінің бірі" Абылайды қолынан келгенше
ірі тұлға ретінде бейнелеуге тырысқан. Оның басындағы кездесетін жекелеген
кемшіліктерін де жасырмайды. Тарихи шындықты негізге алып, Абылайдың ерлік
істерінің бір қырын баяндауды мақсат тұтады.
Дастанның идеялық мазмұндағы бір құндылық - қаншама жылдарға
созылған қазақ-қалмақ соғысының Абылай хан арқасында бітім табуын, осы
жолдағы қазақ хандары мен ерліктерін суреттеу. К. Жанатайұлының рухани нәр
салған алтын бастауларының бірі-шығыс әдебиеті. Оның шығыс мәдениетін
тереңдеп оқып үйренуіне орасан зор ықпал еткен адамның бірі, өзінің ұстазы -
Абай Құнанбайұлы. Шығыстық қисса-дастандардың, оқиғалы әңгімелердің
көпшілігі Абай айтуы бойынша, сол ортада кеңірек таралып, мол өріс жаяды.
Көкбай Жанатайұлы "Мың бір түн" ертегісінің негізінде екі қисса жазады.
Оның алғашқысы "Ғаділ патша қиссасы" болса, екіншісі - "һарун Рашид қиссасың
деп аталады. Екі қиссаны да С.Қарамендин ел ортасынан тауып, 1927 жылы хатқа
түсірген. Олар архив қорларында сақталғанымен күні бүгінге дейін жарық көрген
жоқ. Қиссаларды жазудағы ақынның басты нысанасы - адам баласын
адамшылыққа, адалдыққа, шынайы махаббат пен алғырлыққа, тапқырлық пен
әділеттілікке шақыру. Екі қиссаның да тәрбиелік маңызы аса жоғары.

43. Майлықожа Сұлтанқожаұлы шығармашылық өмірбаяны. «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» толғауларындағы адамгершіл ұғымдағы ғибрат сөздер


Майлықожа Сұлтанқожаұлы – Сырдария өзенінің бойында, бұрынғы Қызылқұм ауданы, қазіргі Отырар ауданына қарасты "Қожатоғай" қаракөл қой совхозында 1835 жылы дүниеге келген. Он төрт жасында ата-анасынан айырылып, өмір тауқыметін ерте көтереді. Күн көріс қамымен қаралы жандарға жоқтау шығарып, ел арасында ән айтып жан бағады, нағашысы Мәделіқожаның тәрбиесінде болады. Майлықожаның бойындағы сөз өнеріне деген бейімділікті байқаған Мәделіқожа оны қасынан тастамай ертіп жүреді. Әкесі көзінің тірісінде баласы Майлықожаның арабша сауатын ашады. Кейін келе шығыс әдебиетін оқиды. Майлықожаның қандай да бір өлеңін оқысақ ескіше араб сөздерін кездестіреміз. Майлықожа шығармалары жұрт назарына ерте ілінеді. Ақын өлеңдері 1917 жылғы революцияға дейін жарық көргені мәлім. Майлықожа Шығыс әдебиетімен танысып қана қоймай, оны қазақ тіліне аударып, діни қиссалар сюжетіне дастан жазумен де айналысқан. «Зарқұм» үлгісінде «Абдолла бала» жырын шығарған. «Тотынаманы» өзінше, қысқаша толғаған. Майлықожаның кейбір толғаулары баспа бетін ерте көрген. Түркістан мұғалімдер семинариятының оқытушысы Я.Я Лютш құрастырып 1883 жылы Ташкент қаласында басылған «Қырғыз хрестомастиясы» атты жинақта, Майлықожаның бірнеше ұзақ толғаулары басылады. Олар: «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» деп аталады. Райымқұлдай мансапқорларды қатты сынаған. «Ноғай мырзалар» деген ұзақ толғауында оны адал болуға, адамгершілікке шақырады. «Қасқыр» атты өлеңінде ақын өзі тойса да, көзі тоймайтын қасқыр мінезді жыртқыштар тобын сынайды. Бұл жинақ Түркістан аймағын мекен еткен қазақ халқының әдеби фольклорлық танымының нұсқасы болып табылады [2, 3].
Майлықожаның әдеби мұрасын жанры мен мазмұны жағынан төрт тақырыпқа бөлуге болады.
1. Ғибрат,нақыл: «Ер көгерер дұғамен», «Жақсы адам қартайса», «Жолдас болса жақсымен».
2. Арнау өлеңдер: «Ахмет төреге», «Тұрлыбекке» т.б.
3.Дастан, мысалдар: «Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу» т.б.
4. Айтыстар: «Құлыншақ»,«Сүйінбай», «Ұлбике», «Мәделі Жүсіпқожаұлы» т.б







  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет