АгрометЕОрОлОгИя Қолданатын негізгі терминдер мен түсініктемелер



бет47/82
Дата06.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#79846
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82
Байланысты:
АгрометЕОрОлОгИя олданатын негізгі терминдер мен т сініктемелер (1)

Ауа райы – негiзгi метеоэлементтердiң беткi қабатын өзара қатынас арқылы дәл осы уақытта қалыптасқан атомосфералық физикалық жағдайы. Немесе – ауа райы дегенiмiз – дәл осы уақытта атмосферадағы метеорологиялық элементтердiң (температура, атмосфералық қысым, ауа ылғалдылығы, жел, бұлт, күн радиациясы, жауын-шашын т.б.) жиынтығын айтамыз. Ауарайы өзгермелi және тұрақсыз, ол ауа массасының ауысуына тiкелей қатысты болады.
Ауа-райында кезеңдi (дұрыс) және кезеңдi емес (дұрыс емес) өзгерiстер болып тұрады. Кезеңдi – күн – түн, қыс-жаз. Күндiзге қарағанда түнде салқындау, түнде жел жылдамдығы бәсеңдейдi, күндiз ауа қысымы түнге қарағанда төмен - өйткенi температура жоғары. Күндiз – ертеңгiсiнен сағат 14-15-ке дейiн атмосфера қысымы төмендейдi де, кешке қарай, жоғарылайды. Осындай ауа-райы өзгерiстерi кезеңдi (дұрыс) өзгерiске жатады. Кезеңдi өзгерiс негiзiнен радиациялық режимге, осыған байланысты темпеператураға байланысты. Кезеңдi емес (дұрыс емес) ауаның өзгеруi ауа массасының ауысуына байланысты. Ауа массасында өзгерiстер болып тұрады, олар көлденең және тiк бағыттарда жылжып отырады.
Кезеңдi және кезеңдi емес ауа-райының өзгерiстерiне бақылау жүргiзу арқылы ауа-райына болжау жасауға болады.
Егер, күнi бойы метеорологиялық элементтердiң өзгеруi (әсiресе атмосфералық қысым) кезеңдi өзгерiске сәйкес болса, онда ауа-райы өзгермейдi, ал басқа ауа массасы келiп осы заңдылықты бұзатын болса – ол кезеңдi емес өзгерiстерге жатады да, нәтижесiнде ауа-райы өзгередi.
Бiзге белгiлi, атмосфералық қысым барлық жерлерде бiрдей емес, бiр жерлерде (облыстарда) төмен, ал бiр жерлерде жоғары. Осы атмосфералық құбылыстар картада изобар сызықтарымен белгiленедi. Изобар- атмосфералық қысымдары бiрдей жерлердi көрсететiн сызықтар. Ол изобар сызықтары жоғарыдан қарағанда дөңгелек сияқты болып көрiнедi. Олардың радиусы 1000 км. айналасында болады.
Бұл жағдайда ең төменгi ауа қысымы циклонның ортасында, ал сыртқа қарай қысым көбейе бастайды. Нашар циклондарда, антициклондарда ортасындағы ауа қысымы сырттағыларға қарағанда аз мөлшерде өзгередi, ал кейбiр циклондарда ортадағы қысым өте төмендеп кетедi (950 мб. дейiн).
Сонымен, ауа қысымы төмен аймақтарда орталық пен шет аумақта қысымның айырмасы пайда болады. Ең төменгi қысым орталықта болған соң ауа массасы шеттен ортаға қарай жылжиды, ортада кездескен ауа массасы тiк жоғары көтерiледi де салқындайды. Осындай үрдiстер әсерiнен атмосферада бұлттар пайда болып, жаңбыр жауады.
Карталарда антициклондар изобар сызықтарымен белгiленедi, циклондардан айырмашылығы-ең жоғары ауа қысымы орталықта, ал сыртқа (шетке) қарай қысмы төмендей бастайды.
Мұндай жағдайда ауа массасы орталықтан жан-жаққа қарай беттеледi, соның әсерiнен ауа жоғарыдан төмен түседi. Сондықтан антициклонда жаңбыр жаумайды, күн ашық және құрғақ болады.
Циклондар және антициклондар тұрақты емес, олар пайда болады және жоқта болып кетедi. Циклондар және антициклондар бiр аймақтан екiншi аймаққа жылжып отырады. Олар батыстан шығысқа қарай 30-40 км/сағ жылдамдықпен жылжып отырады, осы мәлiметтерге сүйене отырып ауа-райын болжауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет