АгрометЕОрОлОгИя Қолданатын негізгі терминдер мен түсініктемелер



бет48/82
Дата06.04.2023
өлшемі0,56 Mb.
#79846
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82
Байланысты:
АгрометЕОрОлОгИя олданатын негізгі терминдер мен т сініктемелер (1)

Ауа массалары

Атмосфера циркуляциясы. Атмосфера циркуляциясы – жер бетiндегi климатты қалыптастырушы негiзгi факторлардың бiрi. Жылдың суық кезiнде Қазақстан климатына Азия антициклонының батыс тармағы күштi ықпал етедi. Қазақстан климатының қалыптасуына негiзiнен арктикалық, қоңыржай, тропиктiк ауа массалары әсер етедi.

Арктикалық ауа массасы республика жерiнде Солтүстiк Мұзды мұхиттан құрғақ, суық ауа әкеледi. Соның әсерiнен көктем айында қар жауып, күзде жер бетi тоңазиды. Сөйтiп шаруашылыққа көп зиянын тигiзедi.

Қоңыржай ауа массасы. Атлант мұхиты жағалауынан баяу жететiн бұл ауа массасы ылғалының көбiн жолшыбай жоғалтқанмен республика батысына бiршама жауын-шашын әкеледi. Қыста ауа температурасының көтерiлiп, жазда төмендеуi осы қоңыржай ауа массасының келуiне байланысты.

Тропиктiк ауа массасы. Орта Азия мен Иранның үстiнде қалыптасатын бұл ауа массасы көбiне республикамыздың оңтүстiк аймағын қамтиды. Континенттi тропиктiк осы ауа массасының әсерi Қазақстанның оңтүстiк бөлiгi ауасының температурасын көтередi. Бұл өз кезегiнде жердi құрғатып, шаңды үйiредi.

Атмосфералық фронттар
Ауа массалары үнемi қозғалып, қасиеттерiн өзгертiп отырады. Әр түрлi ауа массаларының араларында бiрнеше шақырымға жететiн өтпелi аймақтар болады. Ондай өтпелi аймақтарды атмосфералық фронт немесе фронттар деп атайды. Егер жылы ауа салқын ауа жағына қарай ауысса, күн жылынады да, мұндай фронтты жылы фронт дейдi. Жылы фронттар өткенде оның үстiнде жүздеген шақырымға жететiн жауын бұлты пайда болып, жауын-шашын жауады. Салқын ауа массасы жылы ауаны ығыстырып, iлгерiлегенде, фронт өтетiн жердiң ауа райы салқындайды. Сондықтан оны салқын фронт деп атайды. Салқын фронт Қазақстан жерiне жеткенде салқын ауа ығыстырған жылы ауа жоғары көтерiлiп, жел соғып, найзағай жарқылдайды. Солтүстiк Мұзды мұхит үстiнде қалыптасатын арктикалық фронт оңтүстiкке қарай ауыса отырып, оңтүстiктегi биiк тауларға жетiп тоқтайды.
Салқын және жылы ауа әр түрлi жылдамдықтармен бiр орыннан екiншi орынға жылжып отырады. Салқын ауа жылы ауаға қарағанда жылдам жылжыйды да жылы ауаны қуып жетiп араласады. Сол екi ауаның араласуының нәтижесiнде циклондар және антициклондар пайда болады, олардың диаметрi 1000 км, одан да көп болуы мүмкiн.
Негiзi циклондар атмосфера қысымы төмен облыстарда екi фронттардың аралығында (шекарасында), ал антициклондар атмосфера қысымы жоғары облыстарда су буы аз ауа массаларында пайда болады. Циклондар мен антициклондарды ауа-райы фабрикасы деп атайды.


Циклондар – ауа массасының жоғары, тiк көтерiлуiне байланысты бұлтты, жаңбырлы ауа-райын алып келедi. Бiрақ жауын-шашын барлық жерлерде бола бермейдi, тек фронттарда мiндеттi түрде болады.

Антициклон – ашық жаңбырсыз ауа-райын, қыста аяз, көктем мен күзде үсiк, ал жазда қуаңшылық алып келедi.
Циклондар мен антициклондар бiр жерде тұрақты орналаспайды. Олар сағатына 30-40 км жылдамдықпен жылжып отырады. Циклондар мен антициклондардың жылжу жылдамдығы белгiлi болған соң олардың қай уақытта қай жерде болатынын есептеп, ауа-райына болжау жасауға болады. Мысалы, бiздiң есебiмiз бойынша циклон Алматыға екi күннен соң келедi, ондай жағдайда, Алматыда екi күннен соң жауын-шашын болады деген болжам жасай аламыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет