2. Ауа-райын болжау әдiстерi және оны ауылшаруашылығында пайдалану Ауылшаруашылығында ауа-райының ағымды (күнделiктi) және күтiлетiн жағдайы туралы ақпараттар агротехникалық шараларды оңтайлы пайдалану, сонымен қатар ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден, ауылшаруашылық өсiмдiктерiн үсiктен өз уақытында сақтау үшiн қажет.
Ауа-райын келесiдей әдiстер арқылы болжауға болады:
1. Синоптикалық: а) қысқа мерзiмдi;
б) ұзақ мерзiмдi;
а) қысқа мерзiмдi ауа-райы синоптикалық картаны талдау негiзiнде тәулiк (3, 5, 7 күндер) алдында, аэрологиялық бақылау мәлiметтерiмен бiрге, әр 3 сағат сайын берiлетiн метеостанциялардың мәлiметтерi бойынша берiледi.
Тәулiк сайын жер шарында 10000 астам метеорологиялық станциялар және 5000 астам сауда және тасымалдау кемелерi жер бетiнiң ауа-райына бақылау жүргiзуде, ал 800 аэрологиялық станциялар радиозонд көмегiмен жер бетiнен 20-30 км биiк қабаттағы атмосфера жағдайын тiркеуде. Метеокөсеткiштермен халықаралық алмасу тәулiгiне 8 рет жүргiзiледi, ал радиозонд бойынша – 2 рет. Бұл әр мемлекет көршi елдерден 1-2 сағатта ақпарат алуға мүмкiндiк туғызады, өйткенi метеорологиялық ақпаратпен алмасу өте қажет, мұны бүкiл әлемдiк метеорологиялық ұйым жүргiзедi.
Метеомәлiметтер синоптикалық картаға түсiрiледi. Синоптикалық карта – метеостанция және метеоэлементтердiң шартты белгiлерi түсiрiлген физико-жағрафиялық карта. Синоптикалық картадағы мәлiметтер оңай оқылу үшiн, ауа-райының әр бiр элементi, станция номерлерi белгiлi орындарда шартты белгiлермен түсiрiледi.
Жер серiктерiнiң арқасында көптеген мәлiметтер алады, мұндай ақпараттарды жердегi барлық станциялар жарты жылда бередi. Жер серiктерiнен алынған ауа-райы болжамы 100% орындалады.
ә) Ұзақ мерзiмдi болжам онкүндiк, ай, кезең, жылға берiледi, бұл үшiн жыл аналогы бойынша циклон және антициклондардың жолдары және қозғалу жылдамдықтары түсiрiлген (аналог архивтен алынады) синоптикалық карта жиынтағы құрастырылады.
3. Халық дәстүрлері және жергілікті белгілер бойынша ауа-райын болжау