Алматы «рауан» 1991



Pdf көрінісі
бет48/94
Дата13.11.2022
өлшемі9,37 Mb.
#49747
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   94
сы мен жаман сияқты сын есімдердің лексикалық мағынасында 
түрлі заттардың қасиетін білдіретін мағыналық элемент болғаны- 
мен, денотаттық мағына жок. Бұл жердегі мағына заттардың түрлі 
қасиеттерін салыстыру арқылы анықталып, оған баға беру негі- 
зіндс қалыптасқан. Сондықтан да кейбір сын есімдердің лексика- 
лык. мағынасында индивидуалдылық басым болып, бір заттың өзі 
түрлі адамға түрліше эмоция туғызуы мүмкін. Салыстырыңыз: 
кейбір түстер біреулерде жағымды эмоция оятса, екінші біреулер 
оны жақтырмауы мүмкін. Шындығында да жақсы, жаман, тар, 
кең, ауыр, жеңіл, сараң, мырза, жуас сияқты сын есімдерде дено- 
таттық мағынаға негіз болатын мағыналық элемент, гнесиология- 
лық бейне жоқ. Сондықтан Е. М. Вольф есімдердің барлығында 
экстенсионал мағына жоқ деп қорытынды шығарған (Вольф 78,3).
Эмоцияныц өзі индивидуалдылық сипатқа ие болса да, сөздер- 
дегі эмоционалдық мағына әлеуметтік сигіатқа ие. Мұның себебі 
адамдардың әлеуметтік ортаиың жемісі болғандығында жатыр. 
Екінші сөзбен айтқанымызда, адам белгілі бір қоғамдық ортада 
өмір сүреді, солардың ортасында тәрбиеленіп, балиғатқа жетеді. 
Жеке адамнын қалыптасуында тек биологиялық жағдайдың болуы 
жеткіліксіз, коллектив немесе қоғамдық орта жеке адамның таби- 
ғи дарыны мен тәрбиесі сияқты толып жатқан нәрселерде эсер 
етеді. Осы қоғамдық орта сол қоғам мүшесінің көзқарасының 
қалыптасуьіна, дүниені түсініп өзінше баға беруіне жағдай жасай-
8 — 2 9 2 0
113


ды. Айналасындағы болып жаткан қоғамдық өзгерістерге, түрлі 
қарым-қатынастарға баға бергенде осы қалыптаскан көзқарас 
шешуші қызмет атқарады. Сондықтан да эмоция мен экспрессия 
индивидуалдық сипатқа ие болғанымен эмоциялық мағына сол 
тілде сөйлеушілердің барлығына түсінікті, жалпы болады.
Интенсионал, экстенсионал терминдері логикадан тіл біліміне 
өткен. Н. И. Кондаков интенсионалды мән, мағына (смысл) деп 
көрсетеді де (Кондаков 75, 203) *, экстенсионалды көлем, аумак. 
сөзінің баламасы ретінде түсіндіреді (Кондаков 75, 681). Тіл білі- 
мінде болса, бұны ұғым мен денотаттык мағыналық элементтермен 
салыстырады. Салыстырыңыз: Экстенсионал... тіл элементтерініқ 
номинативтік жағы, тілдік контекстерде сөздердің жеке адамдар- 
ға байланысты болмайтын жағы (Ахманова 66, 524) *. деген тү- 
сінік берілсе, экстенсионал мағынаға «сөйлеу кезінде белгілі бір 
контексте білдірілетін мағына»,— деп О. С. Ахманова аныктама 
береді (Ахманова 66, 164). Интенсионал терминіне «Сөздердің 
не терминдердің мағынасын, сигнификатациясын жасайтын сипат 
пен түрлі белгілер деп аныктама берген (Ахманова 66, 179). Ал 
интенсионал мағына дегеніміз тіл элементі ретіндегі сөздердің 
мағынасы деп анықтама берген (Ахманова 66, 162). Сөздіктерде 
берілген анықтамалардың өздері-ак интенсионал мен экстенсио- 
налдың арасында айырмашылықтың барлығын көрсетеді. Ал тіл 
білімінде тіл материалдары негізінде интенсионал мен экстенсио­
налды зерттеген ғалымдар олардың айырмашылығын сәл басқа- 
шалау түсіндіреді. Мысалы, С. Д. Кацнельсон сөз мағынасыныц 
логикалық мазмұнын интенсионал деп атайды да, белгілі бір 
заттардың тобын (класс предметов) ажыратып алуға негіз бола- 
тын қасиеттері деп есептейді 
(Кацнельсон 72, 136) *. Осыған 
жуық аныктаманы М. В. Никитин де берген. «Лексикалық мағына- 
дағы интенсионал логикадағы ұғым (понятие) түсінігіне өте жа- 
қын. Бұл белгілі бір денотаттардың барлығына сөзсіз қажетті 
болатын семантикалық белгілсрдің жиынтығы» (Никитин 83, 24) *. 
Олар экстенсионал терминіне Н. И. Кондаков берген аныктамамен 
ғана шектелген. Демек интенсионал мен экстенсионал мағыналық 
элементтер сөз мағынасына жат кұбылыс емес. Бір ескеретін жағ- 
дай сол — интенсионал да, экстенсионал да сөз мағынасындағы 
денотаттык мағынаны жоқка шығармайды, керісінше, денотаттык 
және адамдардың интеллектуалдык кызметі негізінде туатын ма- 
ғына элементтерінің толык болуын камтамасыз етеді. Әрнне сөз 
мағынасы айналамыздағы заттарды тек атап кана коймайды, со- 
нымен бірге бір заттыц екінші бір заттан ажыратып тұратын бел- 
гілерін де көрсетеді. Айталык, сүзбе мен қүрт. Сүзбе де, қүрт та 
айраннан жасалынатын тағам атауы. Айырмашылығы сүзбе — 
жұмсак, белгілі бір форма кабылдамаған, айранды калтаға салып, 
сүзу нәтижесінде пайда болғаи коймалжың зат. Ал, қүрт — сүзбені 
белгілі бір формаға келтіріп 
(домалактап кентіру нәтижесінде 
жасалынған тамақ. Бұл айырмашылыктарға косымша — құрт ұзак 
сактауға келетін, бұзылмайтын, суға салса езілетін т. б. каснет- 
терге де ие. Міне осындай заттардыц каснеттері сөз мағынасының
114


интенсионал, экстенсионал мағыналық элементтері арқылы бері- 
леді.
Тіл білімінде де экстенсионал мен интенсионалдың айырмашы- 
лығы барлығын ескереді. Интенсионал мағына түрлі заттардағы 
сәйкес келетін қасиеттері негізінде топтастырылған семантикалық 
топты анықтаса, экстенсионал сол интенсионал арқылы топтасты- 
рылған семантикалық қасиеттердін варианттарын қарайды да 
олардың езара айырмашылықтарын белгілейді. Демек интенсио­
нал белгілі бір топтағы сөздердің мағынасында анықталған жалпы 
қасиеттерді өз ішіне алады, ал экстенсионал жеке сөздердің ма- 
ғынасын есепке алады да олардың негізгі және қосалқы қасиетте- 
рін анықтайды. Екінші айырмашылығы — интенсионал сөздерді 
мағынасына қарай топтастырады, жинақтайды; басқаша қасиетке 
ие болған сөздерді ажыратып тұрады. Экстенсионал болса, кері- 
сінше, ннтенсноналдық топқа енген сөздердің арасындағы мағы- 
налық сыбайластықтарды да, айырмашылықтарды да есепке ала­
ды. С. Д. Кацнельсон экстенсионалды соңғы қасиетін анықтау үшін 
алма сөзінің мағынасына талдау жасайды. Алманың түсі алқызыл 
болғандықтан да оны қызыл заттардың қатарына қосамыз, оның 
жейтін зат екендігін ескеріп тамақ қатарына қосамыз (Кацнель­
сон 72, 139) *. Сондықтан да С. Д. Кацнельсон «Экстенсионал деп 
интенсионал арқылы бөлінген, ойда бейнеленген заттардың тобын 
(класс объектив) айтамыз. Экстенсионалда белгілі бір топ тура- 
лы, оның құрамы мен қасиеттері туралы минимум хабар болады»,— 
деп жазады (Кацнельсон 72, 131).
Сын есімдердің экстенсионал мағынасының бар, жоғына қайта 
ораламыз, бірақ біз түсінгендей интенсионал мен экстенсионалды 
түсінетін болсақ, эмоционалды-экспрессивті сөздерде интенсионал 
да, экстенсионал да бар. Айналадағы дүниеде болып жатқан құ- 
былыстар мен амал-әрекеттерге баға бергенде, салыстырғанда 
олардыц түрлі белгісін анықтау, жалпылау процестері арқылы іске 
асатындықтан берілген баға интенсионал қызметін әр сөздегі 
жеке-жеке қаснеттер экстенсионал қызметін атқарады. Салысты- 
рыңыз: аусар, алаңғасар, дөкір, ожар, есерсоқ, даңғой, әңгүдік, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет