Қазақ антропонимдерінің әр кезеңдерде өзгерістерге түсуінің ерекшеліктері


 Антропонимдердің лингвомәдени құрылымы



Pdf көрінісі
бет5/11
Дата03.02.2023
өлшемі220,16 Kb.
#65101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
1.2. Антропонимдердің лингвомәдени құрылымы 
Қазіргі таңда тіл мен мәдениет сабақтастығын зерделеген, адам мен адам
факторына бағытталған лингвистикалық зерттеулердің арқасында гендерлік 
зерттеулерге айтарлықтай мән берілуде. А. В. Кирилинаның пікірінше, 
«гендер» терминінің лингвистикаға келуінің ӛзіндік айрықша тәсілі бар: 
«...английский термин «gender», обозначающий грамматическую категорию 
рода, был изъят из лингвистического контекста и перенесен в 
исследовательское поле других наук. Термин «гендер» был призван 
подчеркнуть не природную, а социокультурную причину межполовых 
различий » [3,18]. 
Кӛптеген халықтарда әркімнің дене, мінез, жасы, қоғамдағы статусы 
ерекшеліктеріне қарай лақап аттар беріп отырғандығы аян. Қолда бар 
материалдардан байқағанымыз: қазақтарда жағымсыз мағынадағы, әсіресе 
дене кемістігіне байланысты қойылатын лақап есімдер ерлерге байланысты 
жиі кездеседі. Қыздар мен әйелдерге байланысты ондай аттардың сирек 
қолданылуы қазақ халқының қызды «қонақ», ал әйелді «ана» деп ерекше 
қадірлегендігінің айғағы болса керек.
Гендерлік зерттеулердің басты назарға алатын мәселелері – қоғамдағы 
ерлер мен әйелдерге деген қарым- қатынасын айқындайтын мәдени және 
әлеуметтік факторларды анықтау, индивидтердің белгілі бір жынысқа 
жатуына байланысты мінез- құлық ерекшеліктерін, олардың еркекке және 
әйелге тән негізгі қасиеттерінің стереотиптік сипаттарын ашу. 
И.А.Гусейнова мен М.В.Томская «Гендерные стереотипы представляющие 
собой стандартные, часто упрощенные и обобщенные мнения о 


представителях обоих полов, складываются и закрепляются в обществе 
посредством институализации и ритуализации пола» деп атап кӛрсетеді 
[4,81]. 
Сонымен 
бірге туыстық қатынасты анықтайтын халқымыздың 
тұрмысымен байланысып жатқан ғұрыптың бірі- «жанама ат қою», «ат 
тергеу» салты. Сӛзге тиым салу, астарлап, жасырын сӛйлеу дәстүрі кісі 
аттарына да әсерін тигізбей қалмаған. Бұрынғы кезде әйелдер ерінің, ата- 
ене, қайнаға, қайын, қайын сіңлілерінің атын атамаған. Мұны «ат тергеу» 
ғұрыпы деп атаған. Ауылға түскен келіннің жасы кіші қыздар мен 
балаларды еркелетіп «бикеш», «бӛпежан», «аппақ», «шырайлым», «тентек 
қайным» деп қойған аттары артынан шын атына айналып кететін кездері де 
болған. Әйелі күйеуінің атын атамай «әлгі біздің үйдегі», «отағасы», 
«Асанның кӛкесі» т.б. атаса, кей кездері күйеуінің мамандығына байланысты 
да ат қойып отырған. Мәселен, «емші», «жылқышы», «мұғалім», «ел ағасы» 
т.б. Қазіргі күні мұндай дәстүр біздің ӛңірімізде ішінара ғана кездеседі.
Қазақ антропонимдерінің бірқатары ұлт болмысын білдіре отырып, 
халықтың діни дүниетанымы мен түрлі наным- сенімдер, әдет- ғұрыптар мен 
салт- дәстүрлерінен лингвомәдени ақпарат береді. Ырымшыл келетін 
халқымыз перзенттеріне ат қоярда ұлтымызда қалыптасқан түрлі сенімдерді 
басшылыққа алған. Оған біздің ӛңірімізде кӛп кездесетін мына 
антропонимдерді қою уәжділіктері дәлел бола алады. Дене, бітім 
ерекшеліктерін білдіретін антропонимдер: Қаракӛз, Аққыз, Ақбала, 
Шалабай, т.б. Жаңа туған сәбидің денесінде түрлі мең, нышандардың 
кездесуіне байланысты: Аққал, Қалдыгүл, Меңдіқыз, Меңдібай, Қалыбек, 
Нышангүл, есімдер қойылады. Туылу кезі мен мезгіліне байланысты: 
Дүйсенгүл- Дүйсенбі, Сейсенгүл- Сейсенбек, Жұмагүл- Жұмабай, 
Наурызбай, Майгүл, т.б. 


Кез- келген халықтың антропонимдері құрамы мен құрылымы жағынан 
алуан түрлі болып келеді, олар адамзат қоғамында қалыптасқан саяси, 
әлеуметтік қарым- қатынастармен тығыз байланысты.
Ӛмірде адамдардың азан шақырып қойған есімдерімен бірге оның жүріс- 
тұрысына, мінез- құлқына, сыртқы кескін- келбетіне, істейтін кәсібіне 
байланысты жалған атаумен ат қою кӛп халықта бар екендігі белгілі. 
Т.Жанұзақов лақап есімдердің алғашқы қоғамның ӛзінде-ақ адамдардың 
дене бітімі мен сыртқы тұлғасына сай таңдалып қолданылғандығын айта 
келіп, мәдениет пен қоғамның дамып, жазудың пайда болып, қалыптасуынан 
кейін, әсіресе фамилиялардың шығуынан соң олардың сирегендігін айтады 
[5,77]. 
Ӛзге түгіл ӛзіне де сын кӛзбен қараған халқымыз адамның сыртқы түр- 
тұлғасы мен ішкі жан дүниесіндегі ерекшеліктерді дӛп басып танып, не 
нәрсенің де асылы мен жасығын асқан талғампаздықпен айыра білген. Сол 
себепті де дәл қойылған лақап аттар халық тарапынан қолдау тауып, кей- 
кездерде адамның шын есімі ұмытылып, ол дүниеден ӛткенінше лақап аты
шын есімі қызметінде қолданылуы мүмкін. Әділдігімен, шешендігімен
ақылгӛйлігімен, даналығымен, ерекше қадір- қасиетімен жаққан адамдарды 
халық мойындап, оларға жағымды коннотациядағы жанама ат беруі де кӛп 
ұшырасатын жағдай. Мысалы: Жиренше шешен, Қаз дауысты Қазыбек, әз 
Жәнібек, Ақан сері, т.б.
Қолда бар материалдардан байқағанымыз: жағымсыз мағынадағы, 
әсіресе дене кемістігіне байланысты қойылатын лақап есімдер ерлерге 
байланысты жиі кездесетін болған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет