Оңтайлылық ұстанымы.
Әлеуметтік сұраныстың әрдайым жаңарып отыруына сәйкес бұл ұстаным модуль мазмұнының еркін ӛзгеруін талап етеді.Ең алдымен,
бұл оқыту мазмұнына тән екенін тәжірбие кӛрсетіп отыр.Бұл жағдай, әсіоесе, болашақ мамандарды оқытудың сапасына әсер етеді.Себебі,
ғылыми – техникалық прогрестің жоғары даму қарқыны арнайы, жалпы техникалық білімдердің ескеруіне әкеліп соғады.Кейде,
жалпығылымдық білім саласын қайта қарауды талап етеді.Сондықтан, білім жүйесінің барлық саласында жыл сайын оқу материалы
жаңарып, ӛңделіп, оңтайланып отырғаны жӛн.Оқу материалын әрдайым тез ӛзгертіп, толықтырып, дамытып отыруға оңтайлы.
Бұл жағдай қазақ тілін модульмен оқытуда оңтайлылық ұстанымын қолдануға мүмкіндік туғызады.Аталған ұстанымның жүзеге асуы
келесі әдістемелік қағидалармен сипатталады:
әр бӛлімнің, одан қалды әр модульдің мазмұнын жеңіл ӛзгертуге немесе толықтыруға мүмкіндік бар;
әр түрлі модульдің бӛлімдерін ӛзгерте отырып, жаңа модульдер құрауға болады.
Модульдің әр бӛлімі жеңіл ӛзгеріп, ауысып отыруға оңтайлы болуы тиіс.Мұны ӛрнекпен былай кӛрсетуге болады:
Оқу тілінің ерекшелігін ескеру ұстанымы.
Ана тіліміз ді ӛзге ұлтқа оқытып – үйретуде оқушылардың оқу тілі (бұл жерде орыс тілі) ерекшелігіне сүйенудің ӛзіндік мәні
бар.Оқушылардың оқу тілінің ерекшелігіне сүйену, ең алдымен, сӛйлесу материалын сұрыптау кезінде басталады.Әрине, материал белгілі
бір тақырыптарға, жағдайларға негізделіп сұрыпталатыны белгілі.Оқу үрдісінде дыбысты, сӛзді, сӛз тіркесін, сӛйлемдерді дұрыс айту және
грамматикалық дағдыларды қалыптастыруда да орыс тілі ерекшелігіне сүйенеміз.
Сӛйлеу әрекетінің әр түрі бойынша дағдыларды қалыптастыруда да оқушыларға орыс тілін оқу барысында қалыптасқан дағдыларға
сүйену қажет.
Ана тілімізді оқытып – үйрету барысында оқушыларға ӛздеріңде бұрыннан орыс тілін оқу барысында қалыптасқан білім, білік
дағдыларын қалай қолдану жолын кӛрсеткен жӛн.
Ана тіліміздің графикасы орыс тілі графикасы негізінде жасалғанын ескере отырып, екі тілдегі дыбыстардың дыбысталуындағы
ұқсастық пен ӛзгешелікке оқушылардың назарын аударған дұрыс.
Ана тіліміздің лексикасы мен граммматикасын оқушыларға оқытып – үйретуде тілдік интерференцияны қолдану қажет.
|