Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті м. О.ӘУезов атындағЫ Әдебиет және өнер институты


ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ



бет15/50
Дата01.04.2023
өлшемі1,97 Mb.
#78283
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50
ӘДЕБИ БАЙЛАНЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

Әдебиет теориясының негізгі бір саласы – әдеби байланыстарды сарын, сюжет, еліктеу түсініктері арқылы айқындау болып табылады.


Тәуелсіз кезде қазақ әдебиеті шет елдерге тікелей қазақ тілі арқылы тұңғыш рет аударылды. Бұл істің басы-қасымен әдебиетші, француз тілінің маманы Ғалымжан Мұқанов табылды. Дарынды аудармашы 1980 жылдың ортасында Виктор Гюгоның “Баррикада” өлеңін аударған еді. 1991 жылы Клер Клермонттың (атақты лорд Байронның жұбайы) “Владимир и Зара” поэмасын қазақша сөйлетті. Аталған поэма Парижде 1836 жылы жарық көрген еді. Қазақ әдебиеттануы анықтағандай бұл қазақ тақырыбына арналған тұңғыш көркем туынды болып табылады. Байрон қайтыс болғаннан кейін Клердің Мәскеуде тұрғаны белгілі. Сол кезде қазақ даласына серуенге шығып тұрған екен. Соның нәтижесінде Байрон, Шелли, Пушкин стиліне еліктеген “Владимир и Зара” жазылған. Оқиғалар желісі – Омбыға жер аударылған декабрист бірде аңға шығып қазақтардың қолына түседі. Әділ-Атил ханның нөкерлері Владимирді жылқышы етіп қояды. Қазақтармен етене араласып, олардың ішінде құрмет пен сыйға ие болады. Ханның Зара есімді қызы орыс тұтқынымен тіл табысып, біріне-бірі ғашық болады. Хан қызын өзіне лайықты дәрежелі адамға беруге ниеттенген еді. Қызының орыс тұтқынымен байланысын естіген хан оны өлім жазасына қияды, бірақ жанашырлар табылып, Владимир мен Зараны өлімнен құтқарады. Екі жас қашып шығып Ресей әскеріне жолығып, аман-есен қалады. Бұл мәтін Петербордың кітапханасынан табылған (Салтыков-Шедрин атындағы). Оны белгілі шығыстанушы академик Алексеев тауып, “Жұлдызда” ол туралы Ш.Сәтпаева мақала жазған болатын (1988).
Ғ.Мұқанов Корнельдің “Сид” трагедиясын, Мопассанның бірнеше новелласын аударған. 1995 жылы Ғ.Мұқанов Абайдың “Ғақлиясын” – “Размышление в прозе” деген атпен француз тіліне аударған, 1994 жылы бұл кітап “Рауан” баспасынан жарық көрді. Сол жылы Ғ.Мұқанов Париждегі халықаралық коллоквиумға қатысып, ЮНЕСКО жиынында аталған Абай аудармалары туралы әдебиеттанулық баяндама жасайды.
1997 жылы Ғ.Мұқанов Бургун университетінде “Дала және адам” атты қазақтың көшпелі мәдениеті туралы француз тілінде баяндама жасайды.
М.Әуезовтің 100 жылдығы қарсаңында Ғ.Мұқанов “Қилы заманды” француз тіліне аударған. Бұл кітапқа А.Фишлер пікір жазған. Абайдың өлеңдерінің жинағын француз тілінде шығарды. Бұл кітапқа алғы сөзді Т.Әбдіков жазған.
Махамбеттің мерейтойына қатысты Ғ.Мұқанов Мәдениет министрлігі тапсырмасымен ақынның өлеңдер жинағын француз тілінде Парижде жариялаған. Әдебиетші Ғ.Мұқанов сонымен қатар қазақ-француз әдеби қарым-қатынастарды зерттеуші ғалым. Ги де Мопассан, П.Корнель, Г.Апполинер, П.Верлен шығармаларын қазақ тіліне аударған. Ғ.Мұқанов Абайдың поэмаларын да француз тіліне аударған.
Негізгі еңбектерінің реті: К.Клермонт. “Владимир и Зара” (1988) “Слова назидания”, “Ескендір”, “Масғұт” (1994). “Поэзия – царица слов”.
Ғ.Мұқановтың аудармалары деңгейі туралы былай делінген: “Следует отметить, что проза Абая, то есть его “Слова назидания” получили более широкое распространение за рубежом, чем поэтические произведения. Среди теоретиков и практиков перевода распространено мнение, что, не владея языком оригинала, переводить поэзию с другого перевода возьмется не каждый. Причина этого явления состоит в трудностях перевода поэтического произведения с другого языка. Поэтому факт прямого перевода литературоведом, поэтом, журналистом и переводчиком Галымжаном Мукановым поэм и стихотворений Абая на французский язык столь знаменателен для истории художественного перевода в Казахстане. Кстати, в своем предисловии Альбер Фишлер прекрасно отозвался о качестве перевода, высказав свое мнение: “в конечном счете, мы должны поздравить с успехом переводчика Галымжана Муканова, сумевшего подчеркнуть глубину мысли этого незнакомого нам прежде поэта, философа и отважного моралиста” (Abai Kounanbaiouly. Reflexions en prose, poemes “Iskander” et “Masgoud”. – A.: Raouan, 1994. – Р. 6)
2003 жылы Парижде ЮНЕСКО үйіндегі Махамбет Өтемісовтің 200 жылдығына арналған конференцияда Ғ.Мұқановтың аудармаларының тұсау-кесер рәсімі өтті. Жан Жуэ өзінің аудармасында Ғ.Мұқановтың алғашқы аудармаларын негізге алғанын алға тартты. Осылай Ғ.Мұқанов Абай, М.Әуезов, Махамбетті дүниежүзілік деңгейге тәуелсіздік жылдары шығарған әдебиетші.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет