1.5.3 Биологиялық материалдағы липидтердің жалпы мөлшерін анықтау (зертханалық жұмыс)
Липидтерді бөлу әдістері. Оларды әдетте кептірілген ұлпалардан (тканьдерден) сәйкес органикалық еріткіштермен (спирттер, эфирлер, бензол, толуол, бензол, бензин, ацетон, пиридин, хлороформ, төртхлорлы көміртегі, күкірткөміртегі және т.б.) бөліп шығарады. Липидтердің әр тобын бір-бірінен бөлу үшін олардың әртүрлі еріткіштердегі ерігіштігінің әртүрлі болуын пайдаланады. Мысалы, фосфолипидтер эфирде жақсы, ал ацетонда нашар ериді, холестерол бензолда жақсы ериді, ал спиртте ерімейді және т.с.с. Қорға жиналатын май оңай бөлінеді. Байланысқан липидтерді белокты-липидті комлекстерді бұзғаннан кейін ғана бөліп алуға болады. Липидтерді байланысқан күйден бос күйге гидролиздеуші заттарды қолдану немесе материалды спиртпен қосып қайнату арқылы ауыстырады. Соңғы жағдайда липидтер өзгеріссіз бөлініп шығады.
Липидтердің жалпы мөлшерін анықтау. Биологиялық материалдағы барлық липидтердің қосынды мөлшерін анықтаудың қарапайым әдісі – зерттеу үшін өлшеніп алынған үлгіні ұзақ уақыт хлороформ-метанол қоспасында ұстап, экстракциялау арқылы бөліп алу. Үлгінің экстракцияға дейінгі және одан кейінгі массаларының айырмасы бойынша липидтердің массалық үлесін анықтайды. Липидтерді анықтауды абсолют құрғақ немесе ауада құрғатылған материалдармен жүргізуге болады. Абсолют құрғақ затқа шаққандағы есептеуді жүргізу үшін ауада кептірілген материалдағы липидтерді анықтағанда липидтерді бөлумен қатар су мөлшерін де анықтайды. Сенімді нәтижелер алу үшін екі параллель анықтау жүргізіледі.
Қажетті құрал-жабдық және реактивтер: термостат (105 0С), су моншасы, аналитикалық таразы, дәріханалық таразы, шпатель (ұзындығы 150 мм), 250 мл-лік конустық колба, үгіткіші бар (биіктігі 90 мм) келі (диаметрі 90 мм), 100 мл-лік өлшеуіш цилиндр, кристалдау табақшасы, өлшеуге арналған кішкене стакандар (бюкстер, өлшемі 45х75 мм), эксикатор, тығыз сүзгі қағазы (10х18 см және 20х12 см), күнбағыс, грек жаңғағы, көкнәр және т.б. дәндері, метанол, хлороформ.
Жұмыс барысы: 1,0-1,5 г жаңғақ не көкнәр дәндерін дәріхана таразасында өлшеп, келіде (ступкада) үгітеді, кептірілген (105 0С) және аналитикалық таразыда өлшенген қалташаларға салады (тығыз сүзгі қағазынан 1018 см етіп кесінділер алады да, олардан дәріханадағы сияқты ұнтақ салатын қалташалар жасайды). Материалды қалташасымен аналитикалық таразыда өлшейді және осы масса мен бос қалташа массасы арасындағы айырма үгітілген заттың массасын береді.
Алынатын материал мөлшері құрамындағы май мөлшеріне байланысты. Көкнәр (мак), майкене (клещевина), грек жаңғағы дәндерінің құрамында май мөлшері 50 %-дан жоғары болады, сондықтан олардан 1,0-1,5 г алынады. Егер тұқымдарда май мөлшері 30-50 % болса, олардан 2,0-2,5 г, ал 30 %-дан төмен болса, 3,0-3,5 г алады.
Әрі қарай қалташаны ішіндегі затымен үлкендеу 2-ші бір қалташаға салады (бұл қалташа өлшемі 20х12 см сүзгі қағазынан жасалады) және сыйымдылығы 250 мл конустық колбаға орналастырады, үстінен 35-40 мл метанол және 35-40 мл хлороформ құяды. Колба ішіндегісін араластырады, аузын корка тығынмен жауып, бір аптаға (келесі сабаққа дейін) қараңғы жерге қояды.
Келесі сабақта майсызданған материалы бар пакетті колбадан алып, 2-3 рет хлороформмен шаяды, кең кристаллизаторға салады, еріткішін ауа тартатын шкафқа қойып буландырады. Содан кейін 100-1050 С-ты термостатта 2,5 сағат кептіреді. Қалташаны бюкске орналастырып, эксикаторда 45 минут суытады және өлшейді. Егер кептіргеннен кейін пакетте сары немесе қоңыр жолақтар қалса, бұл толық бөлінбеген майдың тотығуымен түсіндіріледі. Бұл жағдайда еріткіш көлемін және экстракциялау уақытын арттыра отырып, анықтауды қайталайды.
Ауада кептірілген құрғақ биологиялық материалдағы су мөлшерін анықтауды майды бөлумен қатар жүргізеді. Екі параллель анықтау жүргізу үшін тұрақты массаға дейін жеткізіліп, өлшенген құрғақ бюкстерге 0,0002 г дәлдікпен 1 грамнан ұсақталған материалды салады. Содан кейін бюкстерді термостатқа (100-105 0С) қақпақтарын ашып қойып және оларды сол жерде қалдыра отырып, 4-6 сағат кептіреді. Кептіріп болған соң қақпақтарын жауып, бюкстерді эксикаторда 45 минут салқындатады және алдында өлшенген таразыда өлшейді.
Термостатқа тағы 2 сағат қойып кептіреді, салқындатады, өлшейді. Осылай кептіріп, суыту, өлшеу соңғы өлшеу мен алдыңғы өлшеу арасындағы масса айырмасы 0,0002 г-нан артпағанша қайталанады. Судың массалық үлесін келесі формула бойынша есептейді:
С=
Мұндағы: С- судың массалық үлесі (%); а - кептірілгенге дейінгі материал массасы; а1 – кептірілгеннен кейінгі материал массасы. Су мөлшерін анықтау нәтижелерін келесідей кестеге толтырады:
Бос бюкс массасы, г
|
Заты бар бюкс массасы, г
|
Өлшенген зат (үлгі) массасы, г
(формула-дағы а)
|
Бірінші және келесі кептірулерден кейінгі заты бар бюкс массасы, г
|
Соңғы кептіруден кейінгі зат массасы, г
(формула-дағы а1)
|
Су мөлшері, %
|
|
|
|
|
|
|
Липидтердің массалық үлесін есептеуді зерттелуге алынған материал өлшендісінің экстракцияға дейінгі және одан кейінгі массаларының айырмасы арқылы жүргізеді Екі параллель анықтау арасындағы айырмашылық 1,0-1,5 %-дан аспауы керек. Анықтау нәтижелерін келесідей кестеге толтырады:
Ауада кепкен матери-алдың (пакеті-мен) экстрак-цияға дейінгі массасы, г
|
Бос, құрғақ пакет масса-сы, г
|
Ауада кепкен матери-ал масса-сы, г
|
Су мөлше-рі, %
|
Абсолют құрғақ матери-ал массасы, г
|
Экстрак-циядан кейінгі материал массасы (пакетімен), г
|
Экстрак-циядан кейінгі материал массасы (пакетсіз), г
|
Абсолют құрғақ материал өлшенді-сіндегі липидтер мөлшері, г
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Зерттелетін материалдағы липидтердің абсолют құрғақ затқа шаққандағы массалық үлесін табу үшін алдымен ауада кепкен өлшендіні абсолют құрғақ өлшендіге ауыстырады. Мысалы, алынған материалда 4,3 % су, ал ауада кепкен материал массасы 1,25 г болсын. Өлшендідегі судың массасы: () = 0,05 г. Осыдан абсолют құрғақ материал массасы: 1,25 г - 0,05 г = 1,20 г (экстракцияға дейінгі). Экстракциядан кейінгі материал массасы 0,42 г болсын. Липидтер массасы: 1,20 - 0,42 = 0,78 г. Зерттелетін материалдағы липидтердің үлесі:
= 65,0 %
Липидтердің жалпы массасы анықталғаннан кейін оларды ажырату үшін жұқа қабаттағы хроматография әдісін пайдаланады (1.5.5 жұмысын қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |