218
мен ашытқыдан сынама алып, зертхана қызметкерлері сапасының
талаптарға сай екендігіне талдау жүргізеді.
Шикізаттарды өндіріске дайындау. Ұнның
жеке партияла-
рын алып керегінше араластырады. Ұнды араластыру арнайы
қондырылған араластырғышта жасалып, содан кейін бақылау та-
разысына, магниттен өткізуге жіберіледі.
Дайын болған ұнды нан
дайындауға қажетті мөлшерде өндірістік шанақтарға салып қояды.
Су қамыр дайындауға керекті температураны сақтап тұратын
салқын жəне жылы болып жеке бөшкелерден мөлшерлегішке
жіберіліп тұрады.
Тұз алдын ала ерітіліп, сүзіліп, белгілі
концентрацияда қамыр
дайындауға жіберіледі.
Престелген ашытқыны алдын ала ұсақтап, сумен араластырғыш
арқылы ерітінді жасайды.
Май майеріткіште ерітіліп, сүзіледі.
Сұйық шикізаттар құбырларға
насостар арқылы сорылып, тұрақ-
ты деңгейде бөшкелерде тұрғызылып, мөлшерлегішке жіберіледі.
Достарыңызбен бөлісу: